5В072800 – «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»



бет2/5
Дата28.06.2016
өлшемі0.77 Mb.
#163404
1   2   3   4   5

Қысқаша мазмұны: Астық түйірдің сипаттамасы кептіру объертісі ретінде; астық түйірді кептірудің қазіргі тәсілдері; кептіру үрдісінің заңдылығы; ішкі және сыртқы жылу- және ылғал алмасу; жылу және ылғал тасымалдағыш күштің қозғалысы; ішкі ылғал тасымалдау әдісін қарқындату; кептіру алдында астық түйірді алдын-ала қыздыру; астық түйірді кептірудің технологиялық сызбанұсқасы; тікелей және рециркуляциялық кептіру; кептіру кезінде астық түйірдің физика-химиялық және биологиялық өзгерісі; астық түйірдің жылуға төзімділігі; кептіру тәртібін негіздеу; әртүрлі дәнді дақылдарды кептірудің ерекшеліктері; астық түйірді кептіру қондырғысының қазіргі кездегі конструкциясы; кептіру үрдісін бақылау және қалыптау; кептіру кезінде энергия шығынын болдырмау іс-шаралары; астық түйірді кептірудің экологиялық мәселелері; жұмысты ұйымдастыру; кептіру қондырғыларын сынақтан өткізу және қолдану; кептіру қондырғыларының жылу есебінің негізі.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім:кептіру процессін, астықтың физика-химиялық және биологиялық өзгерістерін, кептіру режимдерінің негіздемесін біледі.

Іскерлік: кептіру процессін реттеу мен бақылауды біледі.

Дағды: астық кептіру процессі кезіндегі жұмыстарын ұйымдастыру.

Құзіреттілігі: астық кептіргіштер сынау мен эксплуатациялауға арналған жылу есебін реттеу кезінде базалық білімін қолданады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.

5

FVKZZK 0205

Астық түйір және дақылдардың сапасына әсер ететін факторлар

Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – Тамақтанудың физиология, гигиена және санитария негіздері, Астық және дәнді дақылдарды сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы.

Оқыту мақсаты: студенттерді астық түйір және дақылдардың сапасына әсер ететін негізгі физикалық және химиялық факторлармен, технологиялық процесстер мен операциялардың параметрімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Дәннің сапасына әсер ететін негізгі физикалық және химиялық факторлар. Дәннің химиялық құрамы мен физика-механикалық қасиеттері. Дәннің қасиеттері, олардың сапасын анықтау әдісі. Дәннің сапасына әсер ететін технологиялық процестердің және операциялардың параметрлері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: Дәннің сапасына, сонымен қатар егін сапасына әсер ететін негізгі физикалық және химиялық факторлар. Астық және дәнді дақылдардың зақымдауыштарымен білінуін. Астық және дәнді дақылдардың сапасына әсер ететін технологиялық процесстер мен операциялардың параметрлерін біледі.

Іскерлік: негізгі және анықтамалық әдебиеттерді, теориялық материалдарды қолдануды; астық пен дәнді дақылдардың сапасын зертханалық әдістермен анықтай алады.

Дағды: астық пен дәнді дақылдарды сақтау, өңдеу технологиясында қолдануға дағдыланған.

Құзіреттілігі: өңдеу өндірісі технологиясы аумағында

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент - Қажыбаева Г.Т.

ІІ Білім беру траекториясы – Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы

6

VTPP 0206

Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы мамандығына кіріспе

Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы, Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау, Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 1,2.

Оқыту мақсаты: студенттерге тамақ өнімдерінің негізгі технологиясының теориялық және сараптамалық білімін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Тамақ технологиясының химиялық, физика-химиялық, биологиялық, микробиологиялық және коллоидты үрдістері, және олардың рөлі мен тамақ өнімдерінің сапасына әсері; нан, нан-тоқаш, макарон өнімдері, тамақ концентраттары және т.б. ұзақ мерзімде сақталатын өнімдердің негіздері. Нан зауыттарының, макарон және тамақ концентраттары кәсіпорындарының технологиясы мен жабдықтарының негізгі мәліметтері; кондитер өнімдерінің, қант, крахмал және крахмал өнімдерінің, алкогольсіз сыра өнімдерінің, шарап жасау, май, жеміс және көкөніс консервілерінің негізгі технологиясы.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: тамақ өндірісінің құрамдық бөліктері, химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығы, тамақ өнімдерін сақтау кезінде өтетін үрдістер, жасау технологиясы, шикізаттарға қойылатын талаптар туралы жалпы мәліметтер.

Іскерлік: тамақ өнімдерінің физика-химиялық, органолептикалық көрсеткіштерін анықтау; тамақ өндірісі саласының арнайы және кезендік әдебиеттерін қолдану; тамақ өнімдерін сақтау кезіндегі тәжірибелік есептерді шығару.

Дағды: сапаны бағалау, тамақ өнімдерін жасау технологиясы, шикізаттар түрі және ассортименті.

Құзіреттілігі: өнімдер сапасын анықтау үшін үлгі алу тәсілдерін білу.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы - Қасымов С.Қ.

7

THKMI 0207

Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы

Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: нан, кондитер және макарон өнімдері өндірістерін ұйымдастыру мен технологиясында теориялық және сараптамалық білімді игерту.

Қысқаша мазмұны: Макарон, кондитер және нан пісіру технологиясы жайлы теориялық білім; жаңа технологияларды талдау және олардың нәтижелігіне баға беру; химиялық құрамы; шикізаттың органолептикалық және физико-химиялық қасиеттерін және піскен нан сапасы; шикізат қасиеттерін, дайын өнім мен жартылай фабрикаттардың сапасын, өнімнің тағамдық құндылығы мен сапасын арттыру тәсілдерін, нан және макарон өнімдерініңассорименті және олардың құндылықтарын бағалаудың қазіргі заманғы әдістері; әртүрлі кондитер өнімдерін дайындау технологиялық процестерінің ерекшеліктері; қаптау материялдарының және шикізаттың шығындарын есептеу және талдау;

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: нан, кондитер және макарон өнімдері өндірістеріне арналған шикізаттарға қойылатын негізгі талаптарды, нан, кондитер және макарон өнімдері өндірістерінің технологиялық процесстерін, өнімнің жеке түрлерінің ерекшеліктерін біледі.

Іскерлік: нан, кондитер және макарон өнімдерінің сапасына кешенді бағалау жүргізе алады, дайын өнімнің шығымы, негізгі шикізаттың шығыны мен мөлшеріне технологиялық есептеу жүргізе алады.

Дағды: нан, кондитер және макарон өнімдері өндірістерінің технологиясы бойынша сараптамалық машықтанған.

Құзіреттілігі: нан, кондитер және макарон өнімдері өндірістерінде базалық білімін көрсете алады, өңдеу өндірістерінде тиімді технологияны әсерлі қолданады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент м.а. – Смольникова Ф.Х.

8

STHHMKI 0208

Нан, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің арнайы технологиясы 1, 2.

Оқыту мақсаты: нан, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы аумағындағы теориялық материалдарды меңгеру, нан, макарон және кондитерлік өнімдер технологиясы өндірісін ұйымдастыруда сараптамалық білімін қлыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Нан, макарон және кондитер өнімдерін сақтау мерзімін ұзартудың қазіргі тәсілдері. Нан, макарон және кондитер өнімдерін ұзақ мерзімде сақтауда қолданылатын қазіргі буып-түю материалдары. Кептіру тәсілдері арқылы нан, макарон және кондитер өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту. Тағамдық қоспалар: стабилизаторлар, антитотықтырғыштар, консерванттар арқылы нан, макарон және кондитер өнімдерін сақтау мерзімін ұзарту.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: Нан, макарон және кондитер өнімдерін сақтаудың негізгі әдістерін, сақтау кезінде өнім сапасына әсер ететін факторларды, нан, макарон және кондитер өнімдерін сақтаудың заманауи әдістерін, тағамдық қоспаларды, тұрақтандырғыштарды, антитотықтырғыштарды қолдану арқылы тамақ өнімдерінің сақталу қабілеттілігін көтеру әдістерін біледі.

Іскерлік: нан-тоқаш, макарон және кондитер өнімдерінің сапасын кешенді бағалау жүргізе алады, астықты сақтауға үшін қажетті технологиялық жабдықтарды таңдау бойынша сараптамалық есептеулер жүргізе алады, нан, макарон және кондитерлік өнімдердің шығу нормасы бойынша сараптамалық есептер жүргізе алады.

Дағды: нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтауға дағдыланған.

Құзіреттілігі: нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтауда өз білімдерін көрсете алады, білімін сараптамада қолданады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент м.а. - Смольникова Ф.Х.

9

IFPP 0209

Тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы

Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: тамақ кәсіпорындарына түсетін тамақ өнімдерінің фальсификациясы мен идентификациясын табу әдістерін үйрену.

Қысқаша мазмұны: Өнімдердің фальсификациясының қысқаша тарихы: ұннан жасалған тамақ өнімдерінің идентификация және фальсификация аймағындағы негізгі терминдері мен анықтамалары; нан, макарон және кондитер өнімдерінің идентификациясының әдістері, тәсілдері және түрлері; азық-түлік өнімдеріне (нан, макарон және кондитер өнімдері) идентификация жүргізу тәртібі; фальсификация қорытындысы және түрлері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы жөнінде мәліметтерді, негізгі терминдер мен анықтамаларды, идентификация жүргізу реттілігін, идентификация, фальсификация, ақаулар түрлерін, тағайындалуын, фальсификация орындарын табу әдістерін біледі.

Іскерлік: тамақ өнімдерінің фальсификациясын табу әдістерін, тамақ өнімдерінің сынамаларын алуды, тамақ өнімдеріне талдау жүргізуді, тамақ өнімдерінің сапасын анықтауды, стандартпен жұмыс жүргізе алады.

Дағды: тамақ өндірістерінде алған білімдерін сараптамалық қолдануға дағдыланған.

Құзіреттілігі: тамақ өнімдерінің идентификациясы мен фальсификациясы аумағында білімін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы – Нұрғазезова А.Н.

10

BPP 0210

Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – Метрология, стандарттау, сертификаттау негіздері.

Оқыту мақсаты: азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен тамақ технологиясы аумағындағы кәсіптік сұрақтарды шешуде ғылыми-әдістемелік шешім қабылдауға қажетті білімді үйрету.

Қысқаша мазмұны: Азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің негізгі ғылыми-практикалық ережелері. Азық-түлік өнімдері қауіпсіздігін мемлекеттік тұрғыда заңды және нормативтік аспектілер арқылы бақылау. Тамақтану өнімдерінің және шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігі. Қазақстанның азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тамақтану өнімдерінің нарығын мемлекеттік тұрғыда дамыту. Қазақстан Республикасының азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігінің аспектілері. Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігінің халықаралық аспектілері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен тұтыну қасиеті және тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен энергетикалық құндығылы туралы жалпы түсініктері бар.

Іскерлік: заманауи әдістерді қолдана отырып өнімдердің физика-химиялық қасиетін, тағамдық және биологиялық құндылығын анықтай алады.

Дағды: тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін анықтау әдістерін, тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері мен тіректі құрамын біледі.

Құзіреттілігі: тамақ технологиясы мен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі аумағында базалық білімдерін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. - Асенова Б.Қ.

І және ІІ білім беру траекториясы бойынша жалпы базалық пәндер

11

Ele 0211

Электротехника

Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – физика 1,2.

Оқыту мақсаты: студенттерге электромагнит өрісін және осы өрістің нәтижесінде автоматтандыру және басқару жүйелерінде қолданылатын электрондық және электрік кондырғылар мен аспаптарда пайда болатын кұбылыстарды теориялық тұрғыдан түсіндіру.

Қысқаша мазмұны: «Электротехника» курсы жалпы техникалық пәндер арасында негізгі орынды алады. Курсты оқуды зерттеуді электромагниттік құбылыстар мен олардың электр энергиясын беру мен басқаруды кұру үшін және электотехника, электротехнология, информацияны беру мен орналастыру электроника, автоматика, телетехника, акпаратық-өлшегіш және есептеуіш техникалардың аспаптарын қолдануын қамтиды.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: студенттер «Электротехника» курсын окып үйрену нәтижесінде электр тізбектеріне катысты негізгі ұғымдар мен түсініктемелерді, негізгі зандар мен принциптерді, касиеттер мен сипаттамаларды білулері, тұрақты ток тізбектерінің, бір фазалы және үш фазалы синусоидалы ток тізбектерін, синусоидалы емес ток тізбектерінің жағдайларын сипаттайтын теңдеулерді кұрастыруды, оларды есептеу мен талдау тәсілдерін білулері тиіс.

Іскерлік: материяның бір түрі болатын электромагниттік өрістің техниканың әр түрлі кұрлысында пайда болуын оқу; элекктромагнитік процестерді модельдеу, жаңа әдістерді меңгеру, электр және магниттік өрістерді, анализ және синтез әдістерімен электр тізбектерді есептеу.

Дағды: электротехника есептерін шешіп, электр кұралдармен тәжрибе жасауды практикада дағдыланған.

Құзіреттілігі: қазіргі кездегі электротехника жетістіктерін және оларды сараптамада қолдана біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы - Русинова Н.А.

12

OFGSP 0212

Тамақтанудың физиология, гигиена және санитария негіздері

Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер - Метрология, стандарттау, сертификаттау негіздері.

Оқыту мақсаты: студентті тамақ технологиясы аумағындағы кәсіптік сұрақтарды шешуде ғылыми-әдістемелік шешім қабылдауға қажетті білімді үйрету.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Санитарлы-эпидемиологиялық қызметі туралы жалпы түсініктер. Стандарттау және сертификаттау мүшелерімен өзара байланыс. Тамақ өнімдеріне қойылатын СанЕжН талаптары мен ережелері. Зертхана бөлмелеріне, сауда, өндіріс объектілеріне қойылатын талаптар. Өндірістік санитария, жеке басының гигиенасы.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: гигиенаның негізгі мәселелері мен тапсырмаларын, адамның дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері мен санитарлық бақылау негіздерін біледі.

Іскерлік: жасы, мінезі, жынысы, физикалық жүктелу сипаты және басқа да факторлар есебімен энергия мен тамақтық заттардың адам ағзасына қажеттілігі туралы қазіргі кездің білімі негізінде адамның ас қорыту жүйесінің құрамы мен құрылысына жалпы дұрыс түсінік қалыптасқан.

Дағды: теңескен тамақтануға арналған тамақ рационын жоспарлауға дағдыланған, тамақ өнімдерінің зиянсыздығын анықтау әдістерін, тамақ өнімдерін сақтау ерекшеліктері мен тіректі құрамын біледі.

Құзіреттілігі: тамақтанудың физиологиясы мен гигиенасы аумағында білімін көрсете алады, СҒЗЖ бойынша есеп берулерді дұрыс рәсімдеуді, жеке пәндік картотекаларды жүргізу мен ақпараттық көздерді қарауда дұрыс есеп жүргізе алады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. - Асенова Б.Қ.

13

FMOPP 0213

Тамақ өнімдерін өндеудің физикалық әдісі

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 31 несие.

Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерін сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы, Астық түйірдің тауартануы және оның өнімдерін өңдеу.

Оқыту мақсаты: студенттерге тамақ өнімдерінің физикалық әдістері – электростатикалық өріс, ультра дыбыс, инфра қызыл сәулелендіру, жоғары және өте жоғары жиіліктегі ауыспалы тоқтар, электр- мен магнитимпульсі, пульсациялық техника, сонымен қатар, инженерлік физика-химиялық механика (инженерлік реология) жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Пәннің функциясы мен мақсаты. Шикізатты сүзудің, біртекті емес жүйелерді бөлу, сорттау, қысыммен ұнтақтау, араластырудың физикалық әдістері. Тамақ өнімдерін өңдеудегі электрофизикалық әдістер: әдістер сипаттамасы, инфрақызыл сәулемен тамақ өнімдерін өңдеу, тамақ өнімдерін өңдеудегі жоғары жиілікті әдістер, тамақ өнімдерін өңдеудегі электроконтактілі әдістер, электростатикалық өрісте өңдеу, электрофлотация. Өңдеудің жылулық физикалық әдістері: жылулық өңдеудің негізгі және қосымша тәсілдері. тамақ өнімдерін өңдеудегі акустикалық әдістер: ультрадауысты өңдеу, өңдеудің импульсті және пульсационды әдістері. Өнімдерді жылулық өңдеу кезінде биологиялық құндылығын және физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруі.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: өндеу өндірістерінің технологиясында прогресивті физикалық тәсілдерді және инженерлік реология әдістерді қолдану; техникалық шешімдер және оларды есептеудің негізгі әдістерін дәлелдейтін теориялық және экономикалық сипатты мәліметтер, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.

Іскерлік: тамақ өнімдерінің электрофизмкалық, құрылымдық-механикалық, оптикалық, акустикалық сипаттамаларды анықтау және олардың арасындағы сапалық және сандық байланыс құру; үрдістер және жұмысшы органдар инженерлік есептеу және аппаратура тандау.

Дағды: өнімдер қасиеттерін сапалық бағалау, бұл әдістерді өндірісте қолдануға жол ашатын технологиялық және биохимиялық зерттеулер, бұл бағыттын болашағы.

Құзіреттілігі: компоненттік құрамды және шикізатты тиімді қолдануды теорялық және тәжірибелік негіздеме негізінде тамақ өнімдерінін технологиясын және өндеу әдістерін жетілдіру.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а - Қасымов С.Қ.

14

HTTPP 0214

Тамақ өнімдерінің тоңазытқыш техникасы және технологиясы

Несие саны – 3 (1+1+1), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – Процесстер мен аппараттар, Ет және балық өнімдерінің технологиясы мамандығына кіріспе, Тамақтанудың физиология, гигиена және санитария негіздері.

Оқыту мақсаты: студенттері тоңазытқыш техникасымен, шикізат және дайын өнімді суыту мен мұздату әдістерімен, тамақ өнімдерінің технологиясымен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Тоңазытқыш технолгиясының даму болашағы, техникалық дәрежесі және күйі. Кәсіпорын жұмысынына технико-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуда шикізат пен өнімді тоңазытып өңдеудің рөлі. Дайын өнімнің, жартылай фабрикаттардың, тоңазыған шикізатты сақтаудың, тоңазытудың және салқындатудың технологиясы. Суықтың термодинамикалық негіздері. Шикізат және дайын өнімнің сақтау мерзімін ұзарту мақсатында салқындату және тоңазыту әдістерін толығымен жетілдіру. Қазіргі заманғы тоңазыту техникасының түрлері қоғамдық тамақтану мен тамақ өндірісінің кәсіп орындарындағы тоңазыту камераларының салқындату жүйесі. Тоңазытқыш машиналар мен суық тасымалдағыштар.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: шикізат пен өнімді жібіту, мұздатылған шикізат, жартылай фабрикат және дайын өнімді суыту, мұздату және сақтау технологиясын біледі. Қоғамдық тамақтану мен тамақ өндірісінің тоңазытқыш камераларының жабдықтары мен суыту жүйелері, тоңазытқыш техникасының қазіргі кездегі түрлерін біледі.

Іскерлік: негізгі және анықтамалық әдебиеттерді қолдануды; тамақ өнімдерінің сапасын зерттеуді зертханада анықтауды; тамақ өнімдерін тиімді сақтауды ұйымдастыруды игереді.

Дағды: қазіргі заманғы тоңазыту техникасының түрлері қоғамдық тамақтану мен тамақ өндірісінің кәсіп орындарындағы тоңазыту камераларының салқындату жүйесі, тоңазытқыш машиналар мен суық тасымалдағыштарды пайдалану.

Құзіреттілігі: тамақ өнімдерінің тоңазытқыш техникасы мен технологиясы аумағында.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Смольникова Ф.Х.

15

NOTHPZ 0215

Астықты өңдеу мен сақтау технологиясының ғылыми негіздері

Несие саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.



Пререквизиттер – 65 несие.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: астықты өңдеу мен сақтау технологиясының теориялық негізін меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Біртекті емес жүйелердің бөлінуі, жылулық процесі, масса алмасу процесі. Астық өңдеу кезіндегі негізгі химиялық процестер. Дисперсиялық және колидтік жүйе. Химиялық, физико-химиялық, биохимиялық, колоидті, микробиологиялық қасиеттері және өңдеу технологиясының процесі, олардың өнім сапасынана әсер ету рөлі. Құрама ұн комбинаты мен ірі өндіріс орындарындағы технологиялық ағынның теорисын құру. Жаңа технология жасау, өңдеу және азық-түлік өнімдерін сақтау. Астық өнімдерінен жасалған жоғары сапалы тамақ өнімдерінің технологиялық процестерінің негізгі кезеңдері.

Оқытудағы күтілетін нәтиже:

Білім: термодинамиканың негізгі заңдарын, астықты өңдеу мен сақтау кезінде болатын жылу және зат алмасу процесстерін, өқңдеу өндірістерінің негізгі процесстердің жіктелуін біледі.

Іскерлік: астық кептіру технологиясында жылу баланстарын есептеуді, астықты өңдеу мен технологиялық процесстерді кешенді бағалауды біледі.

Дағды: астықты өңдеу мен сақтауға байланысты жұмыстарға орындауға дағдыланған.

Құзіреттілігі: астықты сақтау аумағында білімдерін сараптамалық қолдана алады.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.


16

PBADPPP 0216


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет