Қысқаша мазмұны: Технологиялық процестердің ағымдарының жалпы заңдылықтары. Тамақ өндірістерінің процестерінің жіктелуі. Процестер мен аппараттарды моделдеу. Ұқсастықтың негізгі теориялары. Гидромеханикалық процестері. Жылу процестері. Масса алмасу процестері. Тамақ өндірістерінің дәстүрлі емес процестері мен аппараттары.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Тамақ өнімдері мен шикізаттарының негізгі қасиеттерін сипаттайтын, тамақ технологиясының негізгі процестерінің кинетикалық заңдылықтарын, аппараттарды есептеудің жалпы принциптерін және оларға қойылатын талаптарды, моделдеу процестерін біледі.
Іскерлік: Процестерді есептеу мен талдауды, олардың тіректі параметрлерін анықтай алады.
Дағды: Жұмыс жүргізу үшін аппаратураны есептеу мен ойлап табуға дағдыланған.
Құзіреттілігі: Аппараттар мен процестер теориясы аумағында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент – Кабулов Б.Б.
28
|
Bio 0228
|
Өңдеу өндірістерінің биохимиясы
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Бейорганикалық химия/Органикалық химия.
Постреквизиттер – Микробиология.
Оқыту мақсаты: Биохимия адам қажеттілігімен тығыз байланысты. Пән ағза мен тамақ өнімдерінің химиялық құрамына және олардың арасындағы байланысқа түсінік береді.
Қысқаша мазмұны: курс тапсырмалары мен міндеті, ақуыздар, нуклеин қышқылдары, ферменттер, фотосинтез, көмірсуларды ферментативтік айналдыру, липидтер, дәрумендер, диссимиляция процестері, өсімдіктердің азотпен алмасу, ағзадағы заттардың алмасуының өзара процестері, тамақ өндірісінің өнімдері мен шикізаттарын өңдеу және сақтау кезіндегі биохимиялық процестердің ролі, зат алмасу мен тірі ағзалардың химиялық құрамы. Ферментативтік катализ механизмі, липидтер мен көмірсуларды ағза тіршілігінің процестеріне айналдыру, тамақ өнімдерінде тағам компоненттерінің маңызы. Тамақ өнімдері өндірісі технологиясында биологиялық белсенді заттарды қолдану.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Ағзаның, тамақ өнімдерінің химиялық құрамы мен өзара байланысын біледі.
Іскерлік: Тамақ өнімдері өндірісінде технологияларды басқару мен жандандыру жұмысын жүргізе алады.
Дағды: Білімін кәсіптік іскерлікте көрсете алады.
Құзіреттілігі: Өңдеу өнеркәсіптері аумағында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., профессор м.а. - Асенова Б.К.
|
29
|
Mik 0229
|
Микробиология
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Тамақтанудың физиология, гигиена және санитария негіздері, Өңдеу өндірістерінің биохимиясы.
Постреквизиттер – Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірістеріндегі технохимиялық бақылау, Тамақ өнімдерін өндірудің ғылыми негіздері.
Оқыту мақсаты: Шикізат, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді бактериологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.
Қысқаша мазмұны: Сала өнеркәсіптеріндегі санитарлық-гигиеналық бақылау мен сала өндірістерінде қолданатын, табиғаттағы микроағзалар әлемі, морфологиясы, құрылысы, прокариотты микроағзалардың (бактериялардың) жіктелуі мен көбеюі, зукариотты микроағзалардың (мицеллиальды саңырауқұлақтары мен дрожжалар) көбеюі, вирустар және олардың адам ағзасындағы мәні, микроағзалардың өсуі мен культивирлеуі, экологиялық факторлардың микроағзаларға әсері, микроағза заттарының алмасуы, микроағзалардың өзгеруі мен тұқым қуалаушылығы.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Тамақ өнімдерінің санитарлық-бактериологиялық көрсеткіштерін, сыртқы орта нысандарын санитарлық-микробиологиялық зерттеу тапсырмалары мен негізгі принциптерін біледі.
Іскерлік: Технологиялық операцияларды микробиологиялық бақылау жүргізуді біледі.
Дағды: Тамақ өнеркәсіптерінің санитарлық-көрсеткішті нормаларын және оларды тәжірибелік тұрғыда қолдана біледі.
Құзіреттілігі: Білімдерін жалпы микробиология бойынша білім жүйесі мен тамақ өнеркәсіптерінде микробиологиялық бақылау жүргізу аумағында көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент – Тугамбаева С.М.
|
30
|
Tep 0230
|
Жылутехника
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 31 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялық және практикалық тұрғыда, жылуды алу, құрау, беру дәрежесінде дайындау тәсілдерін үйрету, олар қажет болған жағдайда жылу техникалық жабдықтарды тасымалдай және таңдай алады, халық шаруашылығы саласында жылу ЖЭҚ және материалдарды жоғары мөлшерде үнемдейді, екіншілік энергия қорларын қолдану мен таңдаудың технологиялық процестерінің интенсификациясын және тиімділігін ажырата біледі.
Қысқаша мазмұны: Қайтымды және қайтымсыз процестер. Жылу сыйымдылық. Термодинамиканың бірінші және екінші заңдылығы. Газ бен будағы термодинамикалық процестер. Жылу беру түрлері. Жанармай, жану негіздері. Өндірістік котелді қондырғылар.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Жылу техникалық терминдерді, энергияны алу және қайта түзу заңдарын, жылуды қолдану тиімділігін сараптау тәсілдерін, әрекет ету принциптерін біледі.
Іскерлік: Жылу энергетикалық қондырғылар сипаттамасын тәжірибе жүзінде анықтай алады.
Дағды: Инженерлік іс-шаралар бейінімен байланысты негізгі жылу техникалық көрсеткіштерге өлшеу жүргізуге дағдыланған.
Құзіреттілігі: Жылу техникасы саласында білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. – Степанова О.А.
|
31
|
IG 0231
|
Инженерлік графика
Несие саны – 3 (1+2+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 31 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Студенттерді компьютерлік графикалық бағдарламардың теориялық негіздерімен таныстыру, AutoCAD графикалық пакетінде тәжірибелік жұмыстар нәтижесін алу, сонымен қатар сызу құрастыру құжаттарын толтыру ережелерін үйрету.
Қысқаша мазмұны: Жобалау тәсілдері, нүктенің, түзу және жазықтардың кешенді сызбасы. Позициялық, метрикалық тапсырмалар. Проекция салу тәсілдері. Қисық сызықтар. Көп қырлылар. Беткі сызықтар. Жанама сызықтар. Аксионометриялық проекциялар. Құрылымдық құжаттама. Сызбаларды рәсімдеу. Геометриялық бөлшектер элементі. Бөлшек элементтерін кескіндеу және белгілеу. Жинақтау сызбасы.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Сызба-құрылымдық құжаттамаларды орындау ережелерін біледі.
Іскерлік: Болашақ кәсіптік іс-шараларда компьютерлік графиканы қолдана алады.
Дағды: AutoCAD графикалық пакетінде негізгі бағдарламаларды қолдануға дағдыланған.
Құзыреттілігі: Инженерлік және компьютерлік графиканың қазіргі ғылыми жетістіктері және оларды тәжірибе жүзінде қолдана біледі.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент – Уйсембаева Ш.А.
|
32
|
ТРМ 0232
|
Теоретикалық және қолданбалы механика (курстық жұмыс)
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Инженерлік графика.
Постреквизиттер – Өңдеу өндірістерінің процестері және аппараттары, Өндеу өндірістерінің машиналары мен жабдықтары.
Оқыту мақсаты: Студенттерге арнайы инженерлік пәндер және оларды инженер-технолог ретінде өндірісте дағды мен білімдерін көрсете білуде көмек беру.
Қысқаша мазмұны: Статика. Кіріс күшінің жүйесі. Бу күшінің теориясы. Жазықтықта еркін орналасқан күш жүйесі. Еркін күш жүйесі. Параллельді күш орталығы. Қатты дененің нүкте кинетикасы. Қатты дене мен нүктенің күрделі қозғалысы. Динамика. Нүкте динамикасы мен механикалық жүйе. Динамиканың жалпы теоремалары. Аналитикалық механика элементтері. Механизмдер құрылысы. Механизмдердің кинематикалық сипаттамасы. Қатты түйінді агрегаттар қозғалысын зерттеу. Механизмдердің күш есебі. Механизмдерді теңестіру. Механизмдер мен машиналардағы үйкелу. Төмен булы механизмдердің кинематикалық сызбасының синтезі. Тісті берілістер. Көп түйінді тісті механизмдер. Жұдырықты механизмдер. Машина автоматтарды басқару және синтездеу. Курстық жұмыс.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Жобалау мен құрастырудың ортақ принциптерін, жұмысқа қабілеттіліктің басты критерияларын ескере отырып, машина жасаудың типтік бұйымдарының алгоритмдерінің есебі мен үлгілерін құрастыра біледі, сала жабдықтарын тасымалдау және модернизациялау немесе жаңадан құрай алады.
Іскерлік: Құрылымдық материалдарды таңдай алады.
Дағды: Механизмдерді жобалауды жетілдіруді қамтамасыз етеді, машина бөлшектерінің төзімділік, қаттылық, беріктіліктерінің есебін орындай алады.
Құзіреттілігі: Қолданбалы механика саласында және оны тәжірибе жүзінде қолдануда білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. – Токаев С.Д.
|
Кәсіптік пәндер – 27 несие
|
І Білім беру траекториясы - Астықты өңдеу және сақтау технологиясы
|
33
|
TPOZEP 0333
|
Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясы
Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясының теориялық білімін меңгерту, астықты жинақтағаннан кейін өңдеу технологиясы бойынша сараптамалық білімді қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Өңдеу өндірісіндегі астықты жинағаннан кейінгі өңдеу технологиясы. Астық өңдеудің әдістері мен тәсілдері. Астық мәдениетіндегі және астықты жинаудан кейінгі өтетін процестер; астық өңдеудің технологиялық режимдерін теорилық түрде құру; астық сақтайтын жерлердің жіктелінуі және оларға қойылатын талаптар; астықпен жүргізілетін тех-нологиялық операциялар; астықты жинаудан кейінгі өңдеу және астықты сақтау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: астықты тазартудың негізгі әдістері жөнінде жалпы мәліметтерді; астықты сепарирлеу, желдету, кептіру, сақтау жөнінде теориялық білімді; астық құрылымы, олардың физикалық, химиялық қасиеттерін, астықты жинақтағаннан кейін өңдеу кезінде болатын физика-химиялық және биохимиялық процесстердің маңыздылығын біледі.
Іскерлік: дән мен тұқымдарға органолептикалық бағалау жүргізе алады, дән мен тұқымның физика-химиялық көрсеткіштерін анықтай алады.
Дағды: өңдеу өндірістерінде қолдану үшін тәжірибелік және сараптамалық дағдыланған.
Құзіреттілігі: астықты жинақтағаннан кейін өңдеу аумағында көрсете алады, астықты жинақтағаннан кейін өңдеудің қазіргі әдістерін қолдану бойынша тәжірибеде білімін қолдануға қабілетті.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент м.а. – Смольникова Ф.Х.
|
34
|
TZPP 0334
|
Астық түйірдің тауартануы және оның өнімдерін өңдеу
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: астық түйірдің тауартануы және оның өнімдерін өңдеу бойынша теориялық материалдарды үйрену, астық түйірдің тауартануы және оның өнімдерін өңдеудің тұтынушылық қасиетін анықтауға арналған білімін сараптамада көрсету.
Қысқаша мазмұны: Жасыл өсімдіктер мен дала дақылдарының адам өміріндегі маңызы; Дақылдарды өсіру негізі. Астық түйір, дәнді дақылдар және дәнді бұршақ дақылдарының морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктері. Астық түйірдің жалпы сипаттамасы. Астық түйір үлгілерін талдауға дайындау. Астық түйірдің жас екенін анықтау. Астық түйірдің ылғалдылығы. Астық түйірдегі бөгде заттар. Астық түйірдің нормативтік сапасы. Астық түйірдің химиялық құрамы. Дәнді дақылдардың және қарақұмықтың тауартануы.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: астықтың химиялық құрамын, астық пен оның өнімдерінің сапасына қойылатын талаптарды, МЕСТ бойынша астық пен оның өнімдерінің сапасының негізгі көрсеткіштерін, дәнді дақылдар мен астық ұны тауарларын сақтауды біледі.
Іскерлік: астық пен астық ұнының тауарлық сипатын анықтай алады, астық пен астық ұндарыны тауарларының сапасын кешенді бағалауды біледі.
Дағды: дәнді дақылдар мен астық ұндары өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға дағдыланған.
Құзіреттілігі: тауартану аумағында білімдері мен дағдыларын және оларды өңдеу өндірісінде сараптамалық көрсету.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
35
|
PPMKP 0335
|
Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісін жобалау (курстық жоба)
Несие саны – 4 (1+3+0), ECTS бойынша несие саны – 7.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру, Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісіндегі есеп және есеп беру.
Оқыту мақсаты: ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісін жобалаудың теориялық негізін үйрену, жобалауды сараптамалық игеру.
Қысқаша мазмұны: Астықты сақтау, өндеу, қайта өңдеу және қабылдап алудың технологиялық процестерінің схемасын жасау; астық сақтайтын орын түрлерін таңдау және олардың сыйымдылығын есептеу; бас жоспарды жобалау; астықты өңдеуге арналған тиеп-қабылдау құрылғыларында орналасқан жабдықтарды есептеу, ұйымның конструктивті және көлемді жоспарлы шешімдері; Жарма заводтарының және ұн тарту кәсіпорындарының өндірістік қуатын есептеу; технологиялық схемаларды жобалау, жабдықтарды іріктеп алу және есептеу, жабдықтарды құрастыру, астық өңдегіш кәсіпорындардың жүйелік автоматтандырылуын жобалау, цех ішіндегі тасымалдағыш көліктерді жобалау; ауаны желдету және аспирациялау, жобаланған және құрастырылған кәсіпорындардың технико-экономикалық көрсеткіштері; қоршаған ортаны қорғау және өрт-жарылыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Іскерлік: ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісінің компоновкасын құруды, технологиялық жабдықтар есебі мен таңдау жүргізуді, қойма ауданының есебін, ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісіне арналған негізгі және көмекші шикізаттар мен материалдар есебін, өнеркәсіптің бас жоспарын құра біледі.
Дағды: ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісі цехтарын жобалауға машықтанған.
Құзіреттілігі: ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісі аумағында базалық білімін көрсете алады, өңдеу өндірістеріндегі тәжірибеде білімін қолдануға қабілетті.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
ІІ Білім беру траекториясы – Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы
|
30
|
TKHMKI 0336
|
Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы
Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: құрама нан, макарон және кондитер өнімдері өндірістерін ұйымдастыру мен технологиясында теориялық және сараптамалық білімін меңгерту.
Қысқаша мазмұны: Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің түрлері. Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерін өсімдік қоспалармен өндіру технологиясы. Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісінде әртүрлі тағамдық қоспалар мен биологиялық белсенді препараттарды қолдаудың ерекшеліктері. Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің өндірісінде әртүрлі компоненттер, консерванттар, бояғыштар қолдану.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: құрама нан, макарон және кондитер өнімдері өндірістерінің технологиясы мен рецептурасын біледі. Құрама өнімдер өндірісінде қолданылатын қоспалардың негізгі түрлері, қоспаларды енгізу нормалары мен әдістері, өнімді сақтау мен сапасына тағамдық қоспалардың әсерін біледі.
Іскерлік: құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің сапасын кешенді бағалай алады.
Дағды: құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің рецептура есебі бойынша, құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің тағамдық, биологиялық құндылығын анықтау бойынша дағдыланған.
Құзіреттілігі: құрама нан, макарон және кондитер өнімдері өндірістерінде тәжірибе жүзінде базалық білімдерін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент м.а. – Смольникова Ф.Х.
|
37
|
THMKI 0337
|
Нан, макарон және кондитер өнімдерінің тауартануы
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: нан, макарон және кондитерлік өнімдер тауартануы бойынша теориялық негізге және сараптамалық білімін қолдануға негіздеу.
Қысқаша мазмұны: Тамақ өнімдерінің тауартануы туралы жалпы ұғым. Ұн өнімдерінің негізгі топтарының жіктелуі. Кондитерлік, макарарон және нан өнімдерінің химиялық қасиеті және құрамы. Сапаға қойылатын талаптар. Сақтау режимдері, шарттары және оларды орындау. Қаптауға және таңбалауға қойылатын талаптар.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: нан, макарон және кондитер өнімдерінің тұтынушылық қасиетін жіне тауарлық сипатын біледі.
Іскерлік: астық ұны тауарларының сапасын кешенді зерттеу жүргізе алады.
Дағды: астық және астық ұндары тауарларының сапасын анықтауға арналған жұмыстарды атқара алады, нан, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісімен байланысты нормативтік құжаттамаларды жұмыс кезінде толтыра алады.
Құзіреттілігі: нан, макарон және кондитер өнімдерінің тауартану аумағында, өңдеу өндірістерінде білімдерін қолдана алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
38
|
PPHMKP 0338
|
Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарын жобалау (курстық жоба)
Несие саны – 4 (1+3+0), ECTS бойынша несие саны – 7.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру, Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісіндегі есеп және есеп беру.
Оқыту мақсаты: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарын жобалаудың теориялық негіздерін үйрену, астық өңдеу өнеркәсіптерін жобалауда сараптамалық білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Өндірістік ғимараттар мен кәсіпорындарды жобалаудың негіздері. Негізгі жобалық құжаттама, технологиялық жобаның құрылымдары мен нормалары. Әртүрлі цехтар мен макарон, кондитер фабрикаларын, наубайхана және нан зауыттарын жобалау. Технологиялық ағындар схемалары. Микро-ЭВМ және микропроцессорлы техниканы қолдана отырып нан пісіру, макарон және кондитер өндірісінде технологиялық процеспен басқарылатын жүйені жасау. Есептегіш комплекстің құрамында техникалық құжаттаманы өңдеу процесін автоматтандыру. Қазіргі заманғы ақпарат өлшегіш комплекстерді қолдана отырып наубайханаларда, кондитер және макарон өндірістерінде технохимиялық бақылауды ұйымдастыру.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарының құрамын, өңдеу өндірістерін жобалаудағы негізгі нормаларын, наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарын жобалауда қажетті негізгі технологиялық жабдықтарды, ғимараттың қималары туралы түсінікті, жел бағыты, кәсіпорынның бас жоспары, наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарын жобалауда құрылыстық, санитарлық нормаларды біледі.
Іскерлік: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындардың компановкасын құруды, технологиялық жабдықтар есебі мен таңдауын, қойма ауданын есептеуді, наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарына қажетті негізгі және қосымша шикізаттар мен материалдар есебін жүргізе алады.
Дағды: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындар цехын жобалауға машықтанған.
Құзіреттілігі: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарында базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
І және ІІ білім беру траекториясы бойынша жалпы кәсіптік пәндер
|
39
|
TMKK 0339
|
Ұн, жарма және құрама жем технологиясы
Несие саны – 3 (2+0+1), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – 65 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: ұн, жарма және құрама жем технологиясының теориялық негізгін меңгерту, астық ұны мен құрама жем өндірістерін ұйымдастыруда сараптамалық білімін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Ұн технологиясы. Дайын өнім сапасынақойылатын талаптар және ассортименті, астық сапасының нормалары, оның жекелей кезеңдері және өндірісті құрылымдық схемасы. Ұн өндірісіндегі технологиялық схемаларды құрудың жалпы прициптері. Ұн өндірісіндегі поцестердің функциялануына және құрылымына, ұйымның өзіне жүйелік түрде жақындау. Астықты ұн қылып тартуға дайындау, астықты басқада қоспалардан тазарту, қара бидай ұнын, макарон өндіру алдында астықты дайындау кезінде технологияның ерекшеліктері, қиын тазаланатын зияны заттардан тазарту. Ұн тарту түрлері. Шағын кәсіпорындарда ұн өніру, дәстүрлі емес шикізаттардан жасалған ұн. Ұн өндірісіндегі технологилық процестерді басқару және бақылау. Жарма технологиясы. Жарма өнімдерін өңдеуге дайындау. Әртүрлі мәдениеттердегі астық өңдеу ерекшеліктері. Дайын өнім шығару және оның сапасы. Жылдам даярланатын тамақ өнімдерін, балалар және диетикалық тағамдарды өңдеу. Материалдық баланс. Технологиялық процестерді басқару және бақылау; олардың нәтижелігін бағалау. Жем технологиясы. Азықтық қоспалар және шикзаттардың жіктелінуі, жем рецептерін ықшамдау. Жемнің және шикізаттың технологиялық қасиеттері және оларды сақтау. Жем өндіруге шикізатты дайындауда технологиялық линиялар. Жем, ақуыз–витаминді қоспалар, премикстер,карбамид концентраттарының өндірісіндегі технологиялық схемалар. Технологиялық процестердің нәтижелігін бағалау және сапаны бақылау әдістері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |