Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: ұн, жарма және құрама жем технологиясының негізгі процесстерін, астық ұны шикізаттарын өңдеу әдістері, астық ұны өнімдері өндірісінің инновациялық әдістерін біледі.
Іскерлік: ұн, жарма және құрама жем өндірісінің технологиялық ағымын құруды, ұн, жарма және құрама, жем сапасын, технологиясын кешенді бағалауды, материалдық баланс бойынша технологиялық есептер жүргізуе алады.
Дағды: ұн, жарма және құрама жем өндірісі кезінде материалдық тепе-теңдік жүргізуді, ұнтақтау партиясын құрастыруды, құрама жем рецептурасын құрастыруды, ұн, жарма және құрама жем өндірісін ұйымдастыруға машықтанған.
Құзіреттілігі: ұн, жарма және құрама жем өндірісі технологиясында базалық білімін көрсете алады, агроөнеркәсіп кешендерінде астықты өңдеу бойынша білімін қолдануға қабілетті.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент м.а. – Смольникова Ф.Х.
40
|
MPPO 0340
|
Тамақ саласының шағын кәсіпорындары (курстық жоба)
Несие саны – 4 (1+3+0), ECTS бойынша несие саны – 7.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру, Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісіндегі есеп және есеп беру.
Оқыту мақсаты: тамақ саласының шағын-өнеркәсіптерін ұйымдастыру негізін, технологиялық есептеу әдістерін жоспарлы және архитектуралық- құрылысты шешемдер табуды принциптерін меңгерту.
Қысқаша мазмұны: Өңдеу өндірісінің шағын кәсіпорындарының жіктелінуі, өндірістік қуаттары, шығарылатын өнім ассортименті, шағын кәсіпорындардың технологиялық жабдықтары (механикалық, жылулық, қосымша), қосымша шаруашылық пен негізгі өндірістің құрамы, шикізатты өңдеудегі және өнімді өндірудегі негізгі технологиялық схемалар, жабдықтарды іріктеу және есептеу.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: шағын кәсіпорындарды ұйымдастыруды, шағын өнеркәсіптер өндірістерінде қолданатын негізгі технологиялық жабдықтарды, тамақ өнімдерінің шағын кәсіпорындарында тахнологиялық ағымдарды біледі.
Іскерлік: тамақ өнімдерінің шағын кәсіпорындарын компановкаларын құруды, бас жоспарды жобалау; астықты өңдеуге арналған тиеп-қабылдау құрылғыларында орналасқан жабдықтарды есептеу, ұйымның конструктивті және көлемді жоспарлы шешімдері; тамақ өнімдерінің шағын кәсіпорындарының өндірістік қуатын есептеу; технологиялық сұлбаларды жобалау, жабдықтарды іріктеп алу және есептеу, жабдықтарды құрастыра біледі.
Дағды: ұн және жарма өнеркәсіптерінің цехтарын жобалауға машықтанған.
Құзіреттілігі: тамақ өнімдерінің шағын кәсіпорындарын жобалау мен өндірісті ұйымдастыруда базалық білімін көрсете алады. Тамақ өнеркәсіптеріндегі тәжірибеде білімін қолдана алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Нұрымхан Г.Н.
|
41
|
EOPO 0341
|
Сала өндірісін ұйымдастыру және экономикасы (курстық жұмыс)
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: студенттерді кәсіпорында бар қорларды тиімді пайдалану, оларға баға беру және ұйымдастыру дағдыларына үйрету, өндірістік кәсіпорынның нарық жағдайларындағы экономикалық қызметін зерттеу негізінде студенттерде экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: «Сала өндірісін ұйымдастыру және экономикасы» курсының зерттеу заты ретінде, міне, осы айтылған өндіріс және кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметінің сипаттамасы болады. Өндірістік процестердің заңдылықтарын түсіну негізінде тәжірибедегі өндірістік мақсаттарды іске асырудың шаруашылық әдістерін құрастыруға мүмкіндік туады. Кез келген кәсіпорын өздігінен өмір сүре алмайды, бір жағынан ол жалпы экономикамен байланысса, екінші жағынан, өткізу нарықтарымен қызмет етеді, сондықтан да кәсіпорын экономикасы, ұйыдастыру және жоспарлау пәні жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық бірліктермен, нарықпен қарым-қатынасын зерттейді. Өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру курсының негізгі зерттеу объектілері ретінде келесі болады: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіптік өндірістің түрлері, өндірістік циклды ұйымдастыру, әртүрлі салалардағы ерекшеліктері; кәсіпорынды басқару процесін ұйымдастыру; шаруашылық стратегияны таңдау, өнімді өңдіру және өткізу жоспарын құрастыру; капиталдың қалыптасуы, пайдаланылуы және кәсіпорындағы пайданың жинақталуы; өндірістің материалдық-техникалық қамтамасыздығы, шикізат, материалдар қорларының жеткізілуі, қорлардың қалыптасуы және тиімді қолданылуы; өндіріс шығындарының қалыптасуы, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы, кәсіпорынның баға саясаты; кәсіпорынның инновациялық қызметі, өнім сапасы, кәсіпорынның инвестициялық саясаты, экологиялық мәселелер; өндірістік процесті ұйымдастыру, ұйымдастырудың қағидалары мен әдістері, өндірістік цикл ұзақтығын есептеу; еңбекті ұйымдастыру, кадрларды таңдау, еңбекті төлеу жүйелері, еңбек өнімділігін жоғарлатуды ынталандыру; кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: түсініктер мен терминдерді білу керек; кәсіпорынның мәнін және мағынасын, оның ұлттық экономикадағы алатын орнын және атқаратын рөлін; өндірістің негізгі факторларын; кәсіпорынның қор базасын және әртүрлі қорларды пайдалану тиімділігін; кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеу әдістемесін, ҒТП негізгі бағыттарын, күрделі салымдардың нәтижелігін анықтау әдістемесін; өндірістік қорларды пайдалану ерекшеліктерін, еңбек өнімділігінің және рентабельділігінің өсіру мүмкіндіктерін; еңбек процестері мен операцияларды ұйымдастыру әдістемесін; персоналды басқарудың негізгі әдістерін; жұмыскерлерді еңбекке уәждеу теориясын.
Іскерлік: кәсіпорын қорларын пайдалануды жетілдіру бойынша шараларды құрастыруға; өндірісті дұрыс және құзырлы ұйымдастыруға; нарық талаптарын дұрыс анықтауға; әртүрлі шаруашылық міндеттерді шешу қызметін шығармашылық тұрғыдан жасауға; кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдап, экономика дамуындағы сапалық өзгерістерді дұрыс бағалауға; шығындарды азайту мүмкіндіктерін анықтауға; бизнес жоспар құруға.
Дағды: кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеу дағдылары; өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар деңгейін дәл анықтау; кәсіпкерлік есептеулер үшін, аналитикалық болжамдар мен есептер үшін әртүрлі сандық әдістерді қолдану дағдысы; өндіріс нәтижелігін сипаттайтын жалпылама және жеке көрсеткіштерді есептеу әдістемесін қолдану дағдысы; кәсіпорында дербес өздігінен экономикалық қызмет атқару, іс жүзіндегі ақпаратты және есептелінген экономикалық көрсеткіштерді тез және дұрыс талдау дағдысы.
Құзіреттілігі: Болашақ маман экономикалық талдау, кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін есептеу, инвестициялық шешімдерге техникалы-экономикалық дәлелдеме жасау өндірісті ұйымдастыру, нормалау, сондай-ақ, персоналды басқару облысында құзырлы болу керек.
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы - Ахтаева С.М.
|
42
|
OPMO 0342
|
Өндірісті ұйымдастыру және сала менеджменті
Несие саны – 1 (1+0+0), ECTS бойынша несие саны – 2
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін, өндірісті жоспарлау, ұйымдастыру және басқару сұрақтарын зерттеу негізінде студенттерде экономикалық ойлау қасиетін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Экономика бұл адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызмет ету өрісі және барлық экономикалық пәндердің зерттеу нысанасы болып табылады. Экономикалық өмірдің соңғы табиғи мақсаты тұтыну болса да, экономиканың ең маңызды бөлігі ретінде өндіріс қарастырылады. Оны дамытпай, нарық та болмайды, өйткені ол тауарлық массаның негізі болып табылады. «Өндірісті ұйымдастыру және сала менеджмент» курсының зерттеу заты ретінде, міне, осы айтылған өндіріс және кәсіпорынның бүкіл шаруашылық қызметінің сипаттамасы болады. Өндірістік процестердің заңдылықтарын түсіну негізінде тәжірибедегі өндірістік мақсаттарды іске асырудың шаруашылық әдістерін құрастыруға мүмкіндік туады. Кез келген кәсіпорын өздігінен өмір сүре алмайды, бір жағынан ол жалпы экономикамен байланысса, екінші жағынан, өткізу нарықтарымен қызмет етеді, сондықтан да кәсіпорын экономикасы, ұйыдастыру және жоспарлау пәні жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық бірліктермен, нарықпен қарым-қатынасын зерттейді.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: түсініктер мен терминдерді білу керек; өндірістік процестерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың қағидаларын және әдістерін; өндірістің негізгі факторларын: еңбекті төлеудің түрлерін және жүйелерін; еңбек процестерін және жұмыс уақытын нормалау негіздері; жұмыс орнын және оған қызмет көрсетуді ұйымжастыру әдістемесін; персоналды басқарудың негізгі әдістерін; жұмыскерлерді еңбекке уәждеу теориясын.
Іскерлік: кәсіпорының барлық бар қорларын пайдалану тиімділігін өсіруге бағытталған шараларды құрастыру; фирма қызметін қысқа, орташа және ұзақ мерзімдік уақытқа жоспарлау; шығындарды азайту бойынша мүмкіндіктерді анықтау; өндірістегі ағымдағы экономикалық жағдайды талдау; бизнес жоспар құрастыру; кәсіпорында еңбекке тиімді басқару жүргізу механизмдерін көрсете білу.
Дағды: кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді есептеу дағдылары; өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындар деңгейін дәл анықтау; өндірістік процестер мен еңбек операцияларының құрамдас бөліктерін зерттеу дағдылары; жұмыскерлер еңбегін төлеудің деңгейін дұрыс анықтау дағдысы.
Құзіреттілігі: Болашақ маман өндірісті және еңбекті жоспарлау, ұйымдастыру, нормалау, сондай-ақ, персоналды басқару облысында құзырлы болу керек.
Бағдарлама жетекшісі: оқытушы - Ахтаева С.М.
|
43
|
UOPHMKP 0343
|
Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы есеп және есеп беру
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: студенттерге наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы ішкі бақылау мен өнеркәсіп есептеріне байланысты өндіріс тіршілігі жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорындардағы біріншілік есеп, рапорттар мазмұны, цехтық және өндірістік есептеу нәтижелері, қосымша құжаттама, инвентаризация және оны жүргізу тәртібі, құжаттарды әзірлеу.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: инвентаризация жүргізу, бухгалтерлік есеп тізу, негізгі заттар есебі, материалдар есебі, калькуляция, өнімнің өзіндік ұны, бухгалтерлік есептеуді біледі.
Іскерлік: құжаттамаларды рәсімдеуді, рапотр құруды, айлық, жылдық есептерді құрастыру, тіркеуден шығару, қабылдау-жіберу актілерін жазуды, өзіндік құн калькуляциясын жасай алады.
Дағды: наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарындағы сараптамалық білімін ары қарай жетілдіріп, көрсетуге машықтанған.
Құзіреттілігі: - наубайхана, макарон және кондитер кәсіпорындарының материалдық құндылығын есептеуде білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы – Нұрғазезова А.Н.
|
44
|
UOPMKP 0344
|
Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісіндегі есеп және есеп беру
Несие саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – 101 несие.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: студенттерге ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісінің кәсіпорындарындағы ішкі бақылау мен өнеркәсіп есептеріне байланысты өндіріс тіршілігі жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Кәсіпорындардағы біріншілік есеп, рапарттар мазмұны, цехтық және өндірістік есептеу нәтижелері, қосымша периодикалық құжаттама, тауар бойынша есеп берулерді құрастыру, Сақтау орындарындағы шикізатты және өнімді есептеу, өндірістегі шикізатты және дайын өнімді есептеу. өнім қалдықтарының нормалары. Құжаттарды дайындау.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: инвентаризация жүргізу, бухгалтерлік есеп тізу, негізгі заттар есебі, ма-териалдар есебі, калькуляция, өнімнің өзіндік ұны, бух-лік есептеуді біледі.
Іскерлік: құжаттамаларды рәсімдеуді, рапотр құруды, айлық, жылдық есептерді құрастыру, тіркеуден шығару, қабылдау-жіберу актілерін жазуды, өзіндік құн калькуляциясын жасай алады.
Дағды: ұн тарту мен жарма өндірісінің кәсіпорындарындағы сараптамалық білімін ары қарай жетілдіріп, көрсетуге машықтанған.
Құзіреттілігі: ұн тарту мен жарма кәсіпорындарының материалдық құндылығын есептеуде білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы – Нұрғазезова А.Н.
|
45
|
TMОPP 0345
|
Өңдеу өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары (курстық жоба)
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Өңдеу өндірістерінің процестері және аппараттары, Инженерлік графика, Теориялық және қолданбалы механика.
Постреквизиттер – Наубайхана, макарон және кондитер өндірісінің кәсіпорындарын жобалау, Ұн тарту мен жарма кәсіпорындары өндірісін жобалау.
Оқыту мақсаты: Студенттерді өңдеу өндірісінің жабдықтарын, пайдалануға байланысты өндірістік-техникалық, жобалық және зерттеу жұмыстарына дайындау, технологиялық жабдықтарға байланысты инженерлік мәселелерді шешуге арналған жалпы техникалық және жалпы ғылыми пәндер бойынша іргелі дайындық нәтижесінен алынған білімін пайдалана білуге үйрету.
Қысқаша мазмұны: Жабдықтар жіктемесі. Өңдеу өндірісіне арналған техниканың даму бағыты мен қазіргі жағдайы. Өңдеу өндірісі технологиясының негізгі және көмекші процестеріне арналған жабдықтар. Жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар және пайдаланудың жалпы мәселелері. Өнімнің экологиялық тазалығын қамтамасыз ететін жаңа әсер ету принципінің жоғары тиімділік техникасы. Технологиялық жабдықтардың негізгі топтары: элеваторлар, диірмендер, жарма зауыттары, құрамажем зауыты, нан зауыты, кондитер және макарон фабрикалары, қант және крахмал жасау зауыттары. Жабдықтар (машиналар мен аппараттар) шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды механикалық және жылумен өңдеуге арналған. Бұйымдарды қалыптауға арналған машиналар мен агрегаттар. Өңдеу өндірісінің тасымалдау технологиялық жабдықтары.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Машиналар мен аппараттардың жұмысының негізгі теориясын және олардың негізгі технологиялық параметрлері, өңдеу өндірісінің технологиялық жабдықтарын пайдаланудың прогрессивті тәсілдерін біледі.
Іскерлік: Есептеу техникасының көмегімен экспериментті жоспарлаудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдана отырып, технологиялық жабдықтар аясында теориялық және экспериментті зерттеулер жүргізе алады.
Дағды: Машиналардың техникалық жағдайын тәжірибе жүзінде бағалауға, негізгі есептеулерді орындауға және қажетті техникалық құжаттамаларды жасауға, технологиялық жабдықтарды құрастыру мен жоспарлауға дағдыланған.
Құзіреттілігі: - Технологиялық жабдықтар аясында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент – Кабулов Б.Б.
|
46
|
OTPP 0346
|
Өндеу өндірістерінің жалпы технологиясы
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Астықты өңдеу және сақтау технологиясы мамандығына кіріспе, Нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы мамандығына кіріспе, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу және сақтау.
Постреквизиттер – Өндеу өндірістерінің арнайы технологиясы (1,2), Нан, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Астық және дәнді дақылдарды сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы, Астықты сақтау және өңдеу технологиясы.
Оқыту мақсаты: Студенттерді әртүрлі сала технологиясының теориялық және тәжірибелік негіздерін меңгеруге дайындау.
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының өңдеу өндірістерінің астық түйір және шикізат базасы нарығының дамуындағы негізгі артықшылықтар.Өнімнің экологиялық тазалығын қамтамасыз ету. Өнімді алмастыру туралы мемлекеттік саясат. Тамақтану туралы ғылым негіздері. Адам ағзасы үшін тамақтың жеке компоненттерінің (ақуыздар, липидтер, көмірсулар, витаминдер, макро-, микроэлементтер) физиологиялық мәні. Астық түйір массасын өңдеу, сақтау тәртібінің жалпы сипаттамасы. Астық түйірді жетілу және сақтау кезінде өтетін физиологиялық процестер. Астық түйірді ұнға, жармаға, құрама жемге өңдеу негіздері. Ақ және қара бидай ұны, жармалар, құрама жем сапасына қойылатын талаптар. Уытты өнеркәсіптік өндіру. Уыт сапасына қойылатын талаптар. Уыттық және ферменттік препараттар сипаттамасы. Тамақтық май мен май, сүт өнімдері өндірісінің негіздері. Нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдар өндірісінде олардың сапасына қойылатын талаптар. Қамыр қопсытқыштары. Престелген ашытқы өндірісі. Құрғақ ашытқы, ашытқы сүті, химиялық копсытқыштар сипаттамасы. Қант, крахмал және сірне. Химиялық құрамы. Түрлері. Тамақ өнеркәсібіне арналған қосымша шикізаттардың басқа да түрлері (жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, жеміс және жидек шикізаттары, органикалық қышқылдар, дәмдеуіштер, тамақтық бояғыштар, қант алмастырғыштар, жаңғақтар, желе заттары). Картоп: құрылымы мен химиялық құрамы. Жүзім сипаттамасы. Хмель: хмель заттарының химиялық құрамы. Олардың сапасына қойылатын стандарт талаптары мен сипаттамасы.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Тамақ және өңдеу өндірістерінің негізгі технологиясын, шикізат пен дайын өнімнің сапасын ажырата біледі.
Іскерлік: Өңдеу өндірістері өнімдерінің сапасына кешенді бақылау жүргізе алады.
Дағды: Тамақ өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігі мен сақтау жағдайына сараптамалық дағдыланған.
Құзіреттілігі: Шикізат пен дайын өнімде болатын физикалық, физика-химиялық, биохимиялық және микробиологиялық процестер барысында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Смольникова Ф.Х.
|
47
|
TOPP 0347
|
Өңдеу өнідірістерінің теориялық негіздері
Несие саны – 3 (2+1+0), ECTS бойынша несие саны – 5.
Пререквизиттер – Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндеу және сақтау, Өндеу өндірістерінің тезхнологиясы.
Постреквизиттер – Өндеу өндірістерінің арнайы технологиясы (1,2), Нан, макарон және кондитерлік өнімдерді сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Астық және дәнді дақылдарды сақтаудың қазіргі кездегі технологиясы, Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы, Астықты сақтау және өңдеу технологиясы.
Оқыту мақсаты: Студенттерді дәнді өңдеу, наубайханалық, макарон, кондитерлік, қант, крахмал және ашытқы курстарының технологиялық процестерін белсенді меңгеруге дайындау.
Қысқаша мазмұны: Өңдеу өндірісінің химиялық және физика-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық және коллоидты процестері, олардың дайын өнім сапасына әсері мен ролі. Элеватор, құрамажем, ұн, жарма, крахмал өнеркәсібі, шарап жасау өндірісіндегі ашыту кәсіпорындарындағы технологиялық ағындарды құру теориясы. Дәнді дақылдар мен оларды өңдеу өнімдерінің энергетикалық құндылығы және биологиялық, химиялық құрамы: ұн, жарма және құрамажем, нан, макарон, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар және ашыту өндірісіндегі кәсіпорындардың өнімдері. Астық түйірлерінің сақтау кезіндегі физика-химиялық және басқа қасиеттерінің өзгеруі. Спиртті және сүт қышқылды ашудың теориялық негіздері, қамырдың реологиялық өзгерістерінің сипаттамасы. Нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді пісіру кезінде өтетін жылу физикалық және масса алмасу процестері. Кептіру процесінде макарон өнімдері мен макарон қамыры тығыздау мен өңдеу кезінде өтетін құрылым-механикалық сипатының өзгеруі. Какао-бұршақты қуыру және ферментациялау кезінде өтетін физикалық және химиялық өзгерістер. Шоколад массаларын өңдеу кезінде өтетін физикалық және химиялық өзгерістер. Шоколад бұйымдарын майлық және қанттық толықтыру. Сүтті және басқа да конфет түрлері өндірісінде өтетін процестер. Қант өндірісінде дефекация, сатурация, сульфитикация кезінде өтетін химиялық процестер.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: ұн, жарма және құрамажем, нан, макарон, ұннан жасалған кондитерлік бұйымдар және ашыту өндірісіндегі кәсіпорындардың өнімдерінің технологиялық қасиеттерін біледі.
Іскерлік: Шикізат сапасын сараптауды, өңдеу өндірісіндегі негізгі технологиялық тәсілдер мен процестердің тиімділігін бағалауды біледі.
Дағды: Өңдеу өндірісінде физикалық, коллоидты, биохимиялық, микробиологиялық және реологиялық процестерді орындауға дағдыланған.
Құзіреттілігі: Өңдеу өндірісі саласында білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. - Смольникова Ф.Х.
|
48
|
STPP 0348 (1,2)
|
Өндеу өндірістерінің арнайы технологиясы (1,2) (курстық жұмыс)
Несие саны – 5 (3+0+2), ECTS бойынша несие саны – 7.
Пререквизиттер – Өндеу өндірістерінің жалпы технологиясы, Өңдеу өнідірістерінің теориялық негіздері, Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы, Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясы.
Постреквизиттер – Астық түйірді кептіру, Нан, кондитер және макарон өнімдерінің технологиясы.
Оқыту мақсаты: Студенттерді дәнді дақылдар, ұн, жарма, құрамажем, нан, макарон және кондитерлік бұйымдар, қант пен қантты заттар, спирт, шарап, және ликер өндірісіндегі технологияларды сараптамалық меңгеруге дайындау.
Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Өңдеу өндірісінің технологиясының даму перспективасы мен жағдайы. Өңдеу өндірісінің инновациялық шаралары және ғылыми қамтамасыз ету. Өңдеу өндірісі өнімдерінің ассортименті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау, мемлекетаралық стандарты талаптары бойынша өнімнің сапасы. Ұн, жарма және құрамажемді сақтау мен өңдеудің қазіргі заманға технологиясы. Ұн, жарма және қрамажем сұрыптары және түрлері. Өнімнің экологиялық тазалығын қамтамасыз ететін жоғары тиімді технологиялар. Тұқымдық астық түйір, жарма, ұн, құрамажем сапасының класын арттыру. Нан-тоқаш және макарон өнімдерінің технологиясы. Нан-тоқаш өнімдерінің белсенді технологиясы. Балаларға және емдік-сауықтыруға арналған өнімдер. Ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдердің қазіргі заманғы технологиясы. Өнімнің каллориялығын төмендететін тамақтық талшықтар және басқа да компоненттер, қант алмастырғышты қолдана отырып, арнайы бағыттағы кондитерлік өнімдер өндірісі және тиімді технологиялар. Қант және крахмал өнімдері өндірісінің технологиясы. Қантты заттар, крахмал және шикізаттың жаңа түрлерінің өнеркәсіптік желілері. Ашыту өндірісінің технологиясы. Ашыту өндірісі өнімдерінің жаңа түрлерінің өнеркәсіптік желілері.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Жеке кезеңдер бойынша, сондай-ақ тұтас өндірісте технологиялық жабдықтарды таңдау және есептеуді, негізгі технологиялық процестер тәртібін, өңдеу өндірісіндегі негізгі технологиялық операциялар мен процестерді өздігінен орындауды біледі.
Іскерлік: Өңдеу өндірістеріндегі технологиялық сызбаларға белгілі бір түзетулер енгізуді және жетілдіруді біледі.
Дағды: Өңдеу өндірістері өнімдерінің арнайы технологиялары мен процестерін жүргізуге бейімделген.
Құзіреттілігі: - элеваторлар, ұн, жарма, құрамажем зауыттар, нан зауыттары, макарон және кондитерлік фабрикалар, ашыту және крахмал-сірне өндірісінің қант зауыттарының технологиялық сызбаларын жасай алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. – Нүрымхан Г.Н.
|
49
|
TK PPОМК 0349
|
Сапа менеджменті негізіндегі өңдеу өндірістеріндегі технохимиялық бақылау
Несие саны – 2 (1+0+1), ECTS бойынша несие саны – 3.
Пререквизиттер – Өңдеу өндірістерінің жалпы технологиясы, Өңдеу өнідірістерінің теориялық негіздері, Құрама нан, макарон және кондитер өнімдерінің технологиясы, Элеватор өндірісі және астықты жинақтағаннан кейінгі өңдеу технологиясы.
Постреквизиттер – жоқ.
Оқыту мақсаты: Өндірістік технологиялық зертханаларда, өңдеу өндірісі кәсіпорындарында техно-химиялық бақылау жүргізу және ұйымдастыру мәселелері бойынша студенттерге қажетті білім беру.
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен халықаралық, мемлекетаралық стандарттарына сай өнім сапасы мен тәсілдерін зерттеуге қойылатын талаптар. Өңдеу өндірісі саласында дайын өнім мен жартылай фабрикаттарды, шикізаттарды зерттеу тәсілдері мен сапа сараптамасы. Элеваторларда, ұн, жарма және құрамажем зауыттарында техно-химиялық бақылау функциялары мен сапа менеджменті. Нан зауыттарындағы, макарон және кондитерлік фабрикалардағы техно-химиялық бақылау. Қант және крахмал-сірне өндірісіндегі техно-химиялық бақылау. Ашыту өндірісі кәсіпорындарындағы техно-химиялық бақылау. Өнім сапасын басқару. Сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) қолдану аясы және мақсаттары мен міндеттері. Сапа инжинирингі мен менеджментіне бейімделу эволюциясы. Нарық жағдайында өнімнің бәсекелестігі мен сапа мәселелері. Жалпы сапа менеджменті (TQM) принциптері мен МСИСО 9000:2000 бойынша сапа менеджменті.
Оқытудағы күтілетін нәтиже:
Білім: Шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау негіздерін, технологиялық процестердің барлық кезеңдерінде технологиялық операциялардың дұрыс орындалуын сақталуды біледі.
Іскерлік: Жұмысты дұрыс ұйымдастыруды, шикізат пен дайын өнімнің сандық-сапалық есебі бойынша құжаттарды дұрыс жүргізуді біледі.
Дағды: Есептік құжаттамаларды жүргізу барысында тәжірибелік дағдыланған.
Құзіреттілігі: Өңдеу өндірісі кәсіпорындарында техно-химиялық бақылауды жүргізу, сонымен қатар шикізатты сақтау және оның өнімдерін сақтау бойынша қажетті сараптама түрлерін жасай алады.
Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент м.а. – Касымов С.К.
|
Шәкәрім атындағы СМУ Ғылыми Кенесі отырысында бекітілген
Хаттама № __ «__» ________ 20_ жыл
Шәкәрім атындағы СМУ ОӘС отырысында бекітілген
Хаттама № __ «__» ________ 20_ жыл
|
Келісілген:
|
Декан ________ А.Л. Касенов
(қолы) (Ф.И.О.)
|
АМД директоры ________ М.Б. Смирнов
(қолы) (Ф.И.О.)
|
Каф. меңгерушісі______ Б.Қ. Асенова
(колы) (Ф.И.О.)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |