.
Технология және әдіс түсінігі; құрамдас бөлігі ретінде. әдіс іс-әрекетттің танымдық тәсілі ретінде. Классификация деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі. (субъективті деңгей, функциональдық денгей).
Әдістері; құрылымы; тәсілі Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.
1.Әлеуметтік технологиядағы қайырымдылық сипаты.
Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет ретінде, мамандық деңгейі (дәрігер, педагог т.б.) ұқсас болатын, оны өзгелерден айыратын бірқатар өзге ерекшеліктері бар. Басқа да көмек көрсету кәсіптеріне тән субьектілік, обьектілік рөлдерінің айырмасына байланысты, әлеуметтік жұмыстың да сенімдік сипаты бар және де нәтижесінде клиент мүлкі мен шешім қабылдаудағы құқығын сақтап қалатын обьективтік және субьективтік байланысты қамтиды. Әлеуметтік мекемелерге көмек сұрап келген клиенттердің дені, халықтың әлсіз әлеуметтік категориясына жатады. Бұл дегеніміз, яғни әлеуметтік жұмыс аса белгілі емес, сонымен қатар кәсіби мамандарға әлеуметтік қызметкеллерге жоғарғы табыс әкелмейді. Сондықтан әлеуметтік жұмысқа жоғары білім міндетті емес, әлеуметтік тұрмыстық қызмет көрсетумен айналысатын адамдар көбірек шұғылданады. Клиенттің жеке проблемаларын соционом немесе консультант, психолог, педагог ретінде әлеуметтік жұмыс мамандығының кәсіби қызметі теориялық және тәжірибелік базалық дайындықты қажет етеді.
Кәсіптік қызмет ретінде, әлеуметтік жұмысты жалпы түрде үш аясы бар, ол кең үш сфераны қамтиды:
-
Индивидтің әлеуметтік жағдайға бейімделуі мен ақталуы (адаптация мен реабилитация) жеке индивид және отбасылық деңгейдегі мақсатта және қоршаған орта жағдайында даулы жағдайлады шешуге әлеуметтік терапия.
-
Топпен әлеуметтік жұмыс. Топтың жас бойынша (балалық , жасөспірім, қартайған азаматтар), жыныс бойынша (жалғыз басты ана, жалғыз басты әке, бұрынға нашақорлардың тобы) болып жіктеледі.
-
Адамдар өмір сүретін жақсы әлеуметтік – психологиялық климатты құру, әлеуметтік қызмет жүйесін кеңейтуге бағытталған тұрғылықты жері, қауымдық бойынша әлеуметтік жұмыс.
Мамандандырылған әлеуметтік жұмыс, білім, құқық қорғау жүйелерінде қызмет ету мен еңбек аясында қолданылады. Әлеуметтік жұмыс көптеген елдерде әлеуметтік қамқорлық институттары деп аталатын әлеуметтік мекемелер мен әлеуметтік қызмет арқылы жүзеге асады. Бұл инситуттың негізгі мақсаты – бұл адамның өмір сүруінің оптимистік, қоғамдық әлеуметтік тұрақтылығын қолдау. Әлеуметтік сфераның қызметін жүйелеу арқылы мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүргізу болып табылады. Бұл әлеуметтік институтқа: мемлекеттік мекемелер, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғай жүйесін құрайтын қоғамдық және жеке меншік ұйымдар, мамандарды даярлайтын арнайы орта және жоғарғы білімді оқу орындары, әлеуметтік даму мәселесімен айналысатын ғылыми зерттеу мекемелері кіреді.
Әлеуметтік жұмыс тек қана «әлсіз» әлеуметтік топқа ғана әлеуметтік қолдау көрсетпейді, сонымен қоса барлық халықтың әлеуметтік қамсыздануын реттейді. Ақыр аяғында ол адамның өмірінде қажеттіліктерді қолдау мен керекті шарттарды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тарихи әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қызметтің көп түрі ретінде қиындыққа дұшар болған адамдарға көмек көрсетуге бағытталған. Осындай әлеуметтік қызметтің түрі адам қоғамы сияқты ежелгі болып келеді. Индивидтер әлсіздерге әр түрлі көмек көрсетпесе өмір сүре алмайтын. Осындай қызмет діни көзқарастарда орын тауып, әр уақытта өз әсерін тигізіп отырған. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста тарату, бөлу қарым-қатынасының орнына қайырымдылық, мейірім, әлсіздерге, кедейлерге қамқор болу келеді.
Көмек берушілер мен көмек алушылар арасындағы табиғи органикалық байланыс заң түрінде емес, салт-*дәстүр аясында құрылған. Кімге көмек көрсетілсе, сол адам көмек көрсеткен адамға бағынышты болған. Олар көмек берушілерге ризашылық сезімде болған. әлеуметтік жұмыстың пайда болуы бірте-бірте қоғамның салт-дәстүрлік ұстанымын бір жаққа ысырды. Мысалы, жалпыға бірдей болын тоқтатып, алайда ол жойылып кетпей, басқа әлеуметтік институттар арасынан өз орнын тапты. Индивидтіктің өзіндік революциясы пайда болды: егер бұрын адам дәстүрлі қоғамда өмір сүру, қызмет ету тек өзінің қоғамдағы орнына байланысты көмек алатын болса, ол уақыт өте келе одан арылып, индивид болып қалыптаса бастады. Ол енді ата-бабасымен жоғарғы атағына сүйенбей өзінің күшіне сенуге талпынады. Осыны білген әлеуметтік көмектің бүкіл идеологиясы жеңілділік пен жеңілдікті пайдалану концепциясына сүйенеді. Жеңілдікті пайдалануға адамдардың барлығы құқылы емес, тек бір қатарларына ғана артықшылық беріледі.
XVIII-XX ғасырлардан бастап туғаннан соң ешкімде артықшылық жоқ, барлық адам өмірге келгенде, тең құқылы деген гуманитарлық, демократиялық көзқарастар болған. Бұл түсінік тек қана өмірге байланысты емес, адам құрбандықтарына, құқықсыздыққа қарсы күресте пайдаланыла бастады. Нәтижесінде бұл күрес тек адам құқығын белгілеп қоймай, белгілі халықаралық құқықтар құжаттарының негізіне айналды. Бұл жалпы адам құқығы деклорациясында (1448ж), адамның азаматтық және саяси құқығы туралы халықаралық фактісінде және адамнң экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқылары туралы халықаралық фактісінде көрсетілген. Бұл құқықтар еңбекке, әлеуметтік қамсыздандыруға, әрбір отбасында көмек пен күзетке дене және психологиялық денсаулық құқығына, білімге бағытталған. Күзет пен көмек шаралары, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер үшін өте қажет. Осы құқықтар индивидтің қоғамда дұрыс қалыпты өмір сүру үшін қолданылады. Алайда, осы құқықтарды әрбір индивид пайдалана бермейді. Яғни жақсы заңдандырылған база керек (мысалы, білім беру саласында), бірақ тәжірибе жүзінде көптеген балалар мектепке бармайды. Ассоциялды тәртібі - әлеуметтік жұмыс осындай мәселелердің шығу жолдарын іздейді. Әлеуметтік қызметкер өмірлік қиын жағдайды анықтап, адамдарға, отбасыларға әр түрлі көмек келіп түсетін әлеуметтік ресурстарға (мысалы, әлеуметтік көмек және еңбек бөлімі) арқылы көмек көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәні индивидтерге, отбасыларға, топтарға олардың құқықтарын іске асыруда, физикалық, психикалық, әлеуметтік және өзге де әлеуметтік қалыптасуына кедергі келтіретін кемшіліктерді өтеуде көмек көрсетеді. Бұл қызмет кәсіптік, еріктілік және қоғамдық болуы мүмкін. Алайда мекеме ерекшелігі, әлеуметтік жұмыс институттарының дамуына байланысты кәсіби қызмет кеңейе түседі.
Әлеуметтік жұмыс жартылай қызмет сипатында болғандықтан, әлеуметтік қызметкердің қызметі әр алуан: диагностикалық, профилактикалық, құқық қорғаушылық, әлеуметтік медициналық, әлеуметтік-терапевтік, психологиялық, әлеуметтік тұрмыстық болып ерекшеленеді. Әлеуметтік қызметкер түсінігі әлеуметтік жұмыс аясындағы маман боып негізделеді. Әлеуметтік жұмыстың обьектісі өзіндегі қиындықты шешуге дәрмені жоқ, басқалардың көмегіне зәру адам, ол әлеуметтік қызметкерлердің қызметі, оның көмегіне зәру адамдарға көмек көрсету болып табылады.
Әлеуметтік қызметкер көмек көрсетуде міндетті түрде клиенттің еркіне сүйенеді. Сонымен қатар олар ұсынылған көмекті қабылдамауға да құқықтары бар. Олар ұсынған көмектің нұсқаларынан өзіне керегін таңдап алады. Индивидтің жеке өміріне араласу (отбасындағы баланың қиын көру қорғаушылығынан басқа) оның келісімімен ғана жүзеге асырылуы тиіс және де клиент бұл көмектен бас тартты деп қалдырып кетуге болмайды.
Әлеуметтік жұмыстың практикасының тиімділігі ең алдымен мамандықтың қиындылығына байланысты. Әлеуметтік қызметкердің қызметі көп қырлы: ол әр түрлі әлеуметтік деңгейдегі және қоғамдағы өмір сүру аясындағы жоспарлы мәселелерді шешеді. Бұл мамандар отбасылармен индивидтермен, екіншілері кішігірім топтармен, келесісі тұтас қауым және ұжымдармен қажырлы жұмыс жасайды. Біреулері жеңілдік ретінде балармен жұмыс жасаса, біреулері қартайған адамдармен айналысады. Ал екіншілері кеңес беруші немесе психотерпевт реінде медициналық мекемелерде жүрсе, екіншісі әлеуметтік жоспарлау аясында, үшіншісі әкімшілік жұмыспен, төртіншісі әлеуметтік бағдарлама мен жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын іздеумен айналысады. Осыда маманға ең басты талап, ол қызметін өзінің бағытына сай игеріп, оның тәжірибеде салдарларының тиімді болуы.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Алерин, Сяпенко «Социальное управление», Москва, 1995
-
Козлов А.А., Иванова Т.Б. Практикум социального работника . – Р/н/Д., 2001
-
Основы социальной работы. / Отв. ред. П.Д. Павленок-М., 1998
-
Социальная работа: теория и практика. Учебное пособие./ Отв. Ред. Е.И.Холостова, А.С. Сорвина-М,. 2001
-
Социальная энциклопедия./ Гл. редактор А.П. Горкин-М., 2000
-
Теория и методика социальной работы: проблемы, прогнозы, технологии. – М., 1992
-
Теория социальной работы. / Под ред. Е.И.Холостовой-М., 1998
-
Фирсов М.В., Шапиро Г.Ю. Психология социальной работы. Содержание и методы психосоциальной практики.-М., 2002
-
Фирсов М.В., Студенова Е.Г. Теория социальной работы.-М., 2001.
3-тақырып Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері
Әлеуметтік жұмыс міндеттерінің маңыздысы клиентпен жұмыс жүргізудегі әлеуметтік проблемалары шешуде әдістерді орынды қолдана білу. Әлеуметтік жұмыс әдістерінің классификациясы әлеуметтік жұмыс практикасы мен теориясыындағы өзекті және күрделі проблема ретінде.
Әлеуметтік жұмыс әдісі ғылыми-зерттеу әдістері, оған сипаттама№ практикалық іс-әрекеттегі әдістерді топтастыру-әлеуметтік жұмыс формалары мен бағыттарына қарай бөлу (арнайы бөлімдерді қолдану, әлеуметтік жұмыс басқаруындағы органдары)
Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде. Әлеуметтік жұмысты басқарудағы қатынас. Басқару мәдениеті. Басқару жүйесі. Басқару әдісіндегі топтастыру әдісі (ұйымдастыру-бөлу, ұйымдастыру-координациялау, ұйымдастыру технологиясы) Ұйымдастыру –бөлу әдісі; оның классификациясы. Басқару функциясындағы калссификациясы.
Әлеуметтік жұмыстың көп қырлылығы қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде көрініс табуда. Сондықтан мамандар тек нақты клиентке ғана емес, қоғамға толығымен қажет. Әлеуметтік жұмыс жиырмасыншы жүзжылдықтың көптеген дүниеге келген қиыншылықтарын шешуде. Седен (Seden 1999) айтуынша әлеуметтік қызметкердің қызметі алты негізгі талапқа негізделеді: қызметте жақсы қатынас орнату, қолдау және белсеңділік таныту, зерттеу, жоспарлау, қызмет көрсету және әсер ету, ұжымдарда жұмыс істеу, кәсіптілікті жоғарлату.
Әлеуметтік көмекке зәру адамдарға көмек көрсетуді алдына мақсат етіп қойған адам өзінің кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Клиентпен жұмыс істей алмайтын, кәсіптік әдепті бұзатын әлеуметтік қызметкерлер заңға келтірілуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс істеу барысында әрдайым бақылау қызметін атқару керек. Әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыста біреуі екіншісіне ерікті болмайды. Осындай жұмыс келісім шартпен әлеуметтік қызметкердің кәсібіне негізделген ережелерге сәйкес келмейді. Көптеген шетел мамандарының пайымдауынша бұл кәсіптің барабарлығын жоққа шығаруға әкеледі. әлеуметтік қызметкердің жаңа ұрпағының маңызды мәселесі болып қала береді.
Әлеуметтік қызметкердің жұмысы бағдарламасында әлеуметтік саясатқа негізделген идеология үлкен ықпал етеді. Мысалы, дүне жүзінің көптеген елдерінде әлеуметтік бағдарламаның қалдықты принципі бойынша қалыптасады. Осы идеология аясында жеке әлеуметтік проблемалардың профилактикалық жоғарлату ескерілмейді, көптеген елдерде әсіресе Скандинавияда әлеуметтік идеология яғни біліммен, кәсіппен, медициналық қамсыздандырумен байланысты әлеуметтік бағдарлама қоғамда бірінші орында тұруы тиіс. Осы идеолгия аясында адам қолдау алу үшін өз жағдайын айтып, ел алдында дәлелдемей ие болады. Ережеге сәйкес клиент пен әлеуметтік қызметкер уақытша қатынаста әлеуметтік қызмет аясында болады. Әлеуметтік қызмет-халыққа әлеуметтік көмек пен қызмет, жеке адамға, әлеуметтік топқа, өмірдің қиын жағдайында көмек көрсететін мемелекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жиынтығы. Әлеуметтік қызмет - әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырылған бір түрі. Әлеуметтік қызмет жүйесіне әлеуметтік баспаналар, жасөспірімдер мен балаларға арналған дағдарысты орталық, психологиялық, педагогикалық көмек орталығы, отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсететін аймақтық орталықтар, мектептердегі әлеуметтік көмек және т.б. кіреді.
Қызметтің осы құрылған жүйесінде отбасына қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру қызмет көрсету, әлеуметтік құқықтық қызмет, әлеуметтік педагогикалық қызмет, балаларға, жасөспірімдерге, әйелдерге мамандандырылған қызмет көмегі сияқты әлеуметтік қамсыздандырудың әр түрлі бағыты дамып жетіліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын (арнайы интернат үйлер, қарттар үйі) әр түрлі әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік баспаналардың сенім телефондарының, психологиялық көмек орталықтарының қарқынды өсуі байқалады. Дәстүрлі әлеуметтік қызметкерлер бөлімдерінен басқа тағы мынадай бөлімдер бар: педагогикалық анимация, әлеуметтік түзетулер мен айықтырушы, мүмкіндіктері шектеулі баларға көмек көрсету.
Көптеген шетел мемлекеттерінде мемлекеттік коммерциялық емес (қайырымдылық, еріктілік) және коммерциялық (жеке меншіктік) әлеуметтік қызмет жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметтің көптеген түрлерінде әр түрлі мамандар, яғни оның ішінде әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және т.б. қызмет атқарады. Еуропалық елдерде әлеуметтік қызметте негізгі күшті мемелекеттік қызмет (үйге әлеуметтік қамсыздандыру, мектепке дейінгі әлеуметтік мекемелер, мүгедектер мен қартайған адамдарға арналған мекемелер) көмек көрсетеді. АҚШ-та мемлекеттік қызмет негізінен қаржылай көмек көрсетеді, ол әлеуметтік қызметінің негізін ерікті және қоғамдық ұйымдар, сонымен қатар онда әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқаратын жеке меншік қызметтері бар. Әлеуметтік қызметтің басты факторы болып, жергілікті басқару мен әлеуметтік қызметтің қатынасы жатады. Әлеуметтік көмекке зәру адамдарға материалдық көмек, әлеуметтік қамсыздандыру, сонымен қатар психологиялық қызмет көрсету басты қызмет болып саналады. Кейбір елде ауқатты адамдардың өзінің әлеуметтік көмек көрсететін орталықтары мен қорлары бар. Ол тек қазір Скандинавия елдеріне тән.
Әлеуметтік жұмыстың практикалық тиімділігін анықтайтын сыртқы факторларының біріне қоғамды қорғаушы элементтер де кіреді. Әлеуметтік қызметкер клиенттің жағдайын талдауға, өзі көмек көрсететін адамның өміріне не ықпал ететінің білу қажет. Өзімізге белгілі клиент дұшар болған жағдай көп қырлы сипат алады және әлеуметтік мәселе ретіндегі пайда болған оқиға мен жағдайға көп көңіл бөлу керек. Ең басты өмірлік фактор қоғамның әлеуметтік деңгейіндегі жеке бас пен адамның қатынасы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі – оның мақсаты әлеуметтік қорғау мен адамдарға көмек көрсету болып келетін мемлекеттің ішкі саясатына ықпал етеді. Әлеуметтік жұмыс ұлттық дәстүрге әсер етеді. Бірқатар әлеуметтік мәселелер жалпы ұлттық, сонымен қатар халықаралық сипатта болады, кейбіреулері жеке негізде құрылады. Сондықтан әлеуметтік қызметкер өз еліндегі әлеуметтік ұстанымдарын оның әлеуметтік қызметтерінің ерекшеліктерін, құндылықтарын жақсы білу қажет.
4-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер. әлеуметтік жұмыстағы социологиялық білімнің рөлі. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеу. Социологиялық әдістер, оларға сипаттама. Социологиялық сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-монгиторинг технология ерекшеліктері. Әлеуметтік мониторинг технология еркшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.
. Қазіргі қоғамдағы жастар мәселесі. Жастармен әлеуметтік жұмыстың тапшылығымен және интегративті моделі. Жастармен әлеуметтік қызмет ету сипаттамасы, құрылымы, жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Жастар қоғамдастығы және оның әлеуметтік қызығушылықтары іске асырудағы ролі. Жастардың кіші мәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіндігі. әлеуметтік қызметкер жастардың субмәдени жағдайындағы әлеміндегі бағыттылығының қажеттілігі.
Жастардың жат қылықтарының профилактикасымен күресу
жолдары.
2 Жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарына профилактикалық
көмек көрсету.
Қиын балалар мәселесі психологиялық-педагогикалық проблемалардың ең бастысы. Егерде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қиындықтар кездеспесе, онда қоғамның жас ерекшелік және педагогикалық психологияға жеке әдістемелерге деген қажеттіліктері болмас еді.
Еліміздің ауыр экономикалық жағдайы, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы бәрі біздің қоғамымызды күрделі қиындықтарға және ішкі қайшылықтарға әкеледі. Әсіресе, осы кезең өскелең буынға ауыр болды. Жастардың арасында, дөрекілік, үлкенді тыңдамау, жауапсыздық, қаталдық пайда бола бастады. Қылмыс күрт өсті. Әрине, құқық бұзушылық үлкендердің арасынанда кездесті. Бірақ, қылмыстың 70 пайызын 30-ға дейінгілер жасаған. Олардың арасынан жасөспірімдерді бөліп көрсетуге болады. Жастар түрлі саяси экстремистік ұйымдардың мүшесі болып, рэкет және мафиямен байланыс жасап, жезөкшелікпен айналысып, сонымен бірге экономикалық қылмыстар жасады. Осындай түрлі жағдайларға байланысты бүгінгі балалар психолог пен педагогтың көмегін қажет етеді.
Сонымен қатар, қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жандандыру, психологиялық дамуын жетілдіру, психологиялық, әлеуметтік көмек беру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістерін қолға алу тәртібі қиын.Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.
Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Тәрбиесі қиын балалар бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай қиын тәрбиелі балаларды тудыратын себептердің бірі-үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімділікті, яғни қатыгездікті, өзімшілдікті туғызады.
Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.
Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерінің, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата-аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қаиғыларын, ойларын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, кітаптарды бірлесе отырып талдайды. Мұндай отбасы балаларын халқының тамаша рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді. Осылардың бәрі баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік тағы басқа тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, бала білімнен құлықтық сенімге, сенімнен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, отбасы жеке адамның тәртібі мен мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.
Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәртібі қиын балалар сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата-аналарын мектепке шақыру, олардың ата-аналары істейтін жеріне хабарлау, т.б. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәртібі қиын балаларды жан-жақты білу мүмкін емес. Оларды жете білу үшін тәртібі қиын балалардың диагноздық белгілерін анықтау қажет.
Ғылыми деректерге қарағанда ондай балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, аномальды қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, т.б.); екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейрімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік, т.б.); үшіншіден, ата-аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары; төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәртібі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:
а) тәртібі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;
ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;
б) мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.
Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген өнегесін озат мектептердің іс-тәжірибесінен болады.
Біріншіден, педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.
Екіншіден, мектептегі тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырады. Бұл күнделіктер сыныптан-сыныпқа беріліп, ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістері мен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.
Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы балаларды әртүрлі жұмыстарға, жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге өздігімен іс-әрекетіне белсенділікпен қатыстырады.
Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.
Сонымен, әртүрлі жұмыстар тәрбиесі қиын балалардың бірігіп, топтасуына және тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара қатынастың жақсаруына мүмкіндік туғызады.Қазіргі педагогика ілімінің ең күрделі мәселелерінің бірі – жеткіншектер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаушылық.
Қоғамға жат осындай қылықтар кейінгі 20-25 жыл аралығында психологтар мен тәрбиеші-педагогтардың зерттеулерінің негізгі объектісі болып отыр. Мысалы, американдық психолог Сирил Берд «Жасы толмаған заң бұзушы» атты монографиясында тәртіп бұзушыларды үш топқа бөлді:
-
Кемістер (дефективные);
-
Ақыл-есі кемістер, жарым естілер;
-
Әлеуметтік тәрбиеден тыс, өз бетімен кеткендер.
Американдық заңгер А.Бэндура барлық жас заң бұзушыларды негізгі екі түрге жатқызады:
1) Әлеуметтік ортаға бағынбайтын, қастандық жасауға бейім жеке жүретін жасөспірімдер.
2) Топтасып қылмыс жасауға бейім тұратындар.
Қазіргі «тәрбиесі қиын» балаларды зерттеуші АҚШ, Англия, Германия педагогтары «қылмыскер балалардың келешегіне тұтқа болатын факторлар, алдымен психобиалогиялық қалып, ал әлеуметтік жағдай екінші орында» деген тоқтамға келіп отыр.
Сондай-ақ, оқушыларға адамгершілік құндылықтарды игеру арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптасу компоненттерін қамтитын белсенді прцесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттер барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалы мен көрініс табатын жағымсыз, яғни девианттық мінез-құлықтан арылуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды да талап етеді. Педагогикалық, социалогиялық сөздіктерде бұл ұғымды былай түсіндіреді. Девианттық мінез-құлық – бұл «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеліп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы.
Демек, жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни девянттық) мінез-құлық нышандарынан арылту арқылы, олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылықтың бағдарларды, соның ішінде, әсіресе ең алдымен, ұлтжандылықты, азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен силастықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептердегі оқу-тәрбие процесстерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.
Себебі, қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтыпотырған әлеуметтік дағдарыс (күн көріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік), жастар бойында (оның ішінде мектеп оқушылары да бар) маральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналып барады.
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақогрлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда.
Жасаөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтуынан іс-әрекеттін, ақпарат құралдардан (теледидар, түрлі-түсті би ресми журналдар, т.б.) көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтанда лас ақпарат көздерінен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолг Э.Дюргеймнің сөзімен айтқанда, «тобырлық тұрпайылылыққа» айналдыруда.
Сонымен қатар, қазіргі таңда қару-жарақ саудасы мен наркобизнеспен айналысу – нағыз заңсыз ақша табудың көзіне айналып баражатқандығы ешкімге құпия сыр емес. Ең өкініштісі, қазіргі таңда Қазақстанның оң түстігінде апин шегушілер мен қолданушылардың өз істеріне мектеп жасындағы балаларды тартуы, пайдалануы жиі көрініс беруі. Бұзақылық жасап, жауапқа тартылған көптеген жастардың күнделікті өмірде мағыналы, нақтылы бағыттары жоқ. Олардың ішінде өздері күнде бейне филімдерді көріп жүрген батыстың «сұлу өміріне» еліктеушілер көп сондықтан да, бұлар олардың өмірге деген құштарлықтары осы залалды әдет арқылы қалыптасуда. Әрі көше сомдаған «сәнді өмірден» қалмауға тырысып бағуда. Сондай-ақ, оқушы жастар тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің ішкі түрткілік механизм анықтау мақсатында арнайы сауалнамалық зерттеу жүргізілді. Сауалнама сұрақтары жасөспірімдер көп жүретін дискотека, клубтар, кафе-барларда таратылады. Сауалнама сұрақтарына жауап бергендерінің 39%-ті кез келген қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21%-ті ондай қылықтардан бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35%-ті қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады.
Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан байқап отырғанымыздай көбінесе ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір табан болсада жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан келесі бір маңызды фактор-олардың өз құрбы-құрдастары арасында зорлық-зомбылық жасауға әзір тұратындықтары. Сауалнама сұрақтарына жауап бергендерінің 33 %-нің пікіріне қарағанда қазіргі кезде күш көрсетпей еш нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 14%-ті адамгершілік жасауды әлсіздік белгісі деп санайды.
Жасаған қылмыстарына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері төмендегңдей болып келеді: 14жастағылар-11%, 15жастағылар-7%, 16-17аралығындағылар 42%, көбіне көп 14 жасар балаларқылмыстық істерді топтасып жасайды. Жалпы 2-3 балалардан құралған топтар қалаларда - 33%-ті құраса, 4баладан құралған топтар - 12%, басқа топтар 6 немесе бданда көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушалардың ең төменгі жасы 14-15 жаса аралығын құрап отыр. Топтасып жасалған қылмыстардың басым көпшілігін ер балалар құүраса, қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық қылықтар жалпы қылмыстың 5%-тін құрайды.
Алынған мәліметтер жасөспірімдер арасында кеңінен таралған қылмыстық істерді, жасалған, ұрлықтың, зорлық-зомбылықтың, бұзақылықтың күш көрсетулердің, жезөкшеліктің, тағы сол сияқты пайда болуы мен дамуы себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер жасөспірімдер тәлім-тәрбиесі мен олардың қоршаған ортадағы тәртібі, бүгінгі қоғам өміріндегі әлеуметтік, педагогикалық өзекті мәселе екендігін айқындай түседі. Бұл мәселенің өзектілігі, оны шешудің бағдарламалық нысандары, 1997 жылғы ел басымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «жастар, соның ішінде әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі оларды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Сондықтан, халық арасында, оқу және тәрбие орындарында салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс-шаралар жүргізілуі тиіс» деп нақтыланған және бұл іс-шаралардың: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкагольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.
Бұл мәселелер, Қазақстанның әр аймағындағы мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез-құлықтарды ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс-шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай, ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды жасөспірім бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамассыз ететін дәрежеде болуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |