Ұсынылған әдебиеттер
-
Мудрик А.В. Социальная педагогика. – М., 2002.
-
Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. – М., 2000.
-
Малер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. – М., 2002.
5 - тақырып Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер. Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің рөлі мен мәні. Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы психологиялық қолдану әдісі. Психодинамикалық теория. Әлеуметтік жұмыстағы бихевиористіқ бағыттар. Когнитивті психология. Гуманистік бағыт.
Психологиялық әдістерге сипаттама; әлеуметтік жұмыстағы қолдану ерекшеліктері. Психодиагностика. Психологиялық коррекция. Психологиялық қенес беру. Адамның өзін-өзі дамуындағы психологиялық жұмыс жүргізу әдістері.
6 –тақырып Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс. Әлеуметтік жұмыстағы педагогика мәні мен мазмұны. әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі андрогогика. Әдістер. Сендіру әдісі;сендірудегі үлгерім технологиясы. Іс-әрекетке қозғау туғызу әдісі. әлеуметтік жұмыстыңғ клиентпен қатынас жасаудағы әдісі. Іс-әрекеттегі ынталандыру әдісі(баға беру, мадақтау, жазалау т.б.)
Әлеуметтік қызметкер білім саласында.
Білім саласындағы технология. Дүние жүзінде әлеуметтік жұмыстың көптеген тәжірибелері жинақталған. Бүгінде ол тұрақты әлекметтік даму үшін қажетті гуманитарлық мамандықтарының бірі болып табылады. Әлеуметтік жұмыс - өмірлік қиын жағдайға ұшырағандарға көмек, қолдау, үйлестіру және реабилитация, сол сияқты әлеуметтік қалыптасуда қиындықтарға ұшыраған адам топтарымен қауымдастықтарға, жекелеген индивидтерге тұлғалық және қоғамдық қатынастар арқылы көмек көрсетуге бағыттылған, әлеуметтік қызмет түрі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік жұмыстың халыққа әлеуметтік көмек спекторы өте кең.
Білуімізше, «Әлеуметтік жұмыс» (social work) түсінігін мамандық ретінде тану алғаш рет ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болды. «Әлеуметтік» сөзі адам өмірін қалыптастыратын әлеуметтік күштердің қатысуын көрсетеді. Адамдарға кәсіби көмек көрсетудің инициаторлары, яғни адам өзі шеше алмайтын проблемалар әлеуметтік себептермен байланыстырылады. Қиын жағдайға ұшыраған адамдарға ресми емес түрде қолдау көрсететін дәстүрлі әлеуметтік институттар (отбасы, қайырымдылық бірлестіктері, шіркеу) өмірлік шешімі қиын проблемаларды өз бетінше шеше алмайтын адамдар саны көбейген сайын, олардың барлығына бірдей көмек көрсетуге шамасы келмеді. «Жұмыс» сөзі көптеген филантропиялық, қайырымдылық ұйымдарының түсінігі ретінде: нақтылық, міндеттілік, ұжымдылық салдары жағынан қамқоршылық қызметінің әлсіздігін көрсетеді. Бұл қамқоршылардың өз қызметін толық еңбек қызметі деп санамауымен байланысты. Сондықтан болашақ мамандықтың атауындағы «жұмыс» сөзі тек бұл іспен айналысып, өз ісін кәсіптік деңгейге көтере алатындарға лайық. Мамандықтың негізін салушылардың ойларынша, көмек көрсетудің жауапкершілікті жағы қоғамға пайдалы еңбек ету, адамның қиын сәттерінде өзге өмірге араласуға ұмтылуы болып табылады. Бүгінде бәрі бірдей болмаса да, яғни адамдарға көмек көрсетуде әлеуметтік жұмысты кәсіптік ретінде танығандардың кейбіреулері мамандықтың атауына келіспеушілік білдіруде. Сонда да «әлеуметтік жұмыс» түсінігі дүниежүзінің көптеген елдерінің қоғамдық санасынан өтті. Бұл термин ғылыми білімге сүйенген әлеуметтік көмектің маңыздылығын көрсететін мамандықты сипаттайды. Уақыт өте келе «әлеуметтік жұмыс» атауын қабылдау әлеуметтік жұмысшының қызметінің бір анық бағытын бекітеді. Оның мақсаты, міндеті, қызметі мамандардың осыған деген қызметін негіздеп оның басты көмектесетін мамандықтарының ерекшелігін айқындайды.
Әлеуметтік жұмыс - жан-жақты әлеуметтік қызметтің бір түрі. Әлеуметтік жұмыстың бас категориясы - көмекті түсіну. Әлеуметтік жұмыс тез арада экономикалық, психологиялық қызмет көрсстуге зәру адамдарға қолдау көрсетеді. Сондықтан санада «Әлеуметтік жұмыс» кез-келген көмек (қайырымдылық, көңіл-күй, діни мағлұмат) ретінде бейнеленген. Алайда кез-келген көмек әлеуметтік жұмыспен сипатталмайды. Әлеуметтік жұмыстағы көмек өзіндік мақсатқа жұмсалмайды. Ол индивид, тек қауымға мақсатты бағытталған жұмыс. Әлеуметтік жұмысқа қоғамдағы әлеуметтік проблемалар, қоғамның дамуымен қатар жүретін, оны шешудің тәжірибелік және теориялық әдіс-тәсілдерімен негізделетін қолдаушылық тән. Әлеуметтік жұмыстың аясы қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың масштабы мен сипатының күрделенуімен байланысты кеңейеді.
Мектептегі әлеуметтік педагогикалық жұмысты ұйымдастыру.
ҚР-ң «Білім туралы» заңнамасында білім мекемесіннің шартында тұлғаны оқыту және тәрбиелеу поцесі баяндалады.
Білім мекемесінің шарты тұлғаның әлеуметтік процесіне, оқыту процесіне назар аудару көп жоспарлы сипат амалды қолдайды.Жеке тұлғаны оқыту және тәрбиелеу мүмкіндігін қамтамасыз ету,әлеуметтік және педагогикалық мәселенің шешімін, жеке топтармен,сыныптастармен, мұғалімдермен қарым-қатынасын жағдайын белгілейді.
Отандық мектепте оқушылардың әлеуметтік мәселесін шешу ӘП-тың тәжирибесі зор. Өйткені, Әлеуметтік қызметкерлердің, ӘП-тың функциялары, сынып жетекшілердің іс-әрекеттері ықпал етеді.
Елімізде шарттар жүйесі өзгеріске ұшырады, мұғалімдерге деген қарым-қатынас өзгерді. әлеуметтік мәселенісапалы жаңа деңгейде шешу қажеті кәсіби жаңа шарт көзделді. Мектептерде осы шарттарға байланысты арнайы әлеуметтік қызмет құрылды. Бұл қызмет өзімен қоса нені көрстеді? Әлеуметтік(лат. қоғамдық)қоғамдардағы адамдардың өзара қарым-қатынасы өмірмен байланысты деген мағына береді. Сондықтан бұл қызмет адамның әлеуметтенуіндегі тәрбиесін, оның құқығын қорғау т.б осындай мәселелеріне әлеуметтік қызметтекер хабардар болып шешім қабылдайды.
Мектептегі әлеуметтік қызметтің функциялары.
*мектептегі жеке әлеуметтік проблемаларды табу
*мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету
*оқушылардың өміріндегі мәнді,маңызды проблемаларын әлеуметтік қорғау
*топтарды,сыныпты жеке тұлғалардан қорғау
*мұғалімдерге қушылармен, ата-аналармен жұмыс істеу іс-әрекетіне көмек көрсету
*әр түріл топтағы оқушылармен әлеуметтік педагогикалық шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету
*әлеуметтік қызметте жұмыс іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мектептерге мамандардықтар қажет. Олар диагностикалық міндеттерді жіне іс жүзінде қолданылатын жұмыстарды шешуге қабілетті және әр қайсысы өздерінің іс-әрекеттерін орындайды.
Мектептегі әлеуметтік жұмыс.
Әлеуметтік қорғау құқығы аспектісінде балалардың әлеуметтік проблемаларын қарастырады. «Балалар құқығы туралы»БҰҰ конвенциясы 1992 ж 2-қыркүйекте қабылданды.
Конвенциямен сәйкес Ресей заңнамасындағы баланың негізгі құқығы қарастырылады.
Мектептегі әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі балалардың құқығын қорғау және қамтамасыз ету. Мектеп диреторының орынбасары, әлеуметтік қызметтің іс-әрекеттерінің бағыты жөніңдегі басқарушы әр түлі атауға ие ьлуы мүмкін: «әлеуметтік құқық жөніңдегі орынбасар», «әлеуметтік қорғау жөніңдегіорынбасар», «балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегі орынбасар».
Қазіргі кездегі жалпы білім мектептерінде немесе балалар мекемесінде бұл қызмет балалардың құқықтарын қорғау жөніңдегіинспектордың функцияларын атқарады.
Жалпы әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары мынандай негізгі мәселелерге назар аударады:
*мектептегі әлеуметтік жоспарды және бағдарламаны жүзеге асыру және өңдеу
*әлеуметтік қорғаусыз қалған отбасылар туралы ақпараттар жинау
*мектеп шартындағы балалардың құқықтарын қорғау
*балаларды оқыту,тәрбиелеу және тамақтандыруды қамтамасыз ету
*әлеуметтік қорғау ұйымдарменынтымақиастықты орнату
Сонымен, әлеуметтік құқық сұрақтары бойынша директордың орынбасары тәрбиешілердің іс-әрекеттерін басқарып, сынып жетекшіледің, басқа мамандықтардың, әлеуметтік мәселелрін шешуге міндетті.
Бірақта, әлеуметтік қызметткер мектептегі әлеуметтік жұмыстың іс-әрекеттерінің бағытын жүргізуші маман болады.
Әлеуметтік жұмыскер-бұл мамандық оқушылардың әлеуметтік құқықтарын қорғау функцияларын орындайды және оқушылырдың әулеметтік мәселені шешеді. Сонымен қоса, мұғалімдердің әлеметтік құқтарын қорғайды. Осындай әлеуметтік мәселелер әрбір оқушыларда көп болу мүмкін, сондықтан олар мұнадай жағдайда аңықталады.
-
баланың жеке ерекшелігі мүмкіндіктері, яғни баланың жеке ерекшелігіне сәйкес оқу бағдарламасына талап қою керек. Кейде балада оқу жағынан немесе тәрбие жағынан проблемалар болса онда басқа шарттарға мұқтаж болады. Яғни корекциялық. Реалибилитациялық арнайы оқу білім мекемесінде мамандар көмек көрсетуде. Баланың оқуына байланысты қосымша дайындық кезендер жүргізу керек. Әсіресе, оқушы мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтпстарымен, қарым-қатынасы тәрбие барысында ықпал етеді. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы дау-жанжалдарды қарастырады.
-
Баланың әлеметтік ортасындағы отбасын қарастыру керек. Оның оқу процессіне қарай қандай кедергілер әсер етеді екенін аңықтау. Баланың мұғалімдермен оқушылармен қандай қарым қатыныста екенін хабардар болу қажет. Баламен ата-анасы арасындағы қарым қатынастың бұзылуы әр түрлі себептерге байланысты отбасы.
-
Сыныптағы әлеуметтік психологиялық жағдай.
-
Қарым қатынас барысындағы оқушылардың мұғалімдермен, сыныптастарымен, топтармен түйінді мәселелердің болуы.
-
Сынып, топ арасындағы дау жанжал.
Қолданылған әдебиеттер
-
Сорвина А.С. Социальная работа как феномен цивилизованного общества. – М., 1994.
-
Теория и методика социальной работы / Под ред. И.Г.Зайнышева. – М., 1994.
-
Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. / Под общей ред. П.Д.Павленка. – М., 2004.
7 тақырып Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік зерттеу.
Әлеуметтік жұмыстың жалпы технологиясы, функциясы. әлеуметтік зерттеудің мәні мен ерекшеліктері. Зерттеу процесінің кезендері. әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік зерттеу әдістері, оларға сипаттамасы (құжаттарды талдау, анкета жүргізу, сандық реттеу)
Әлеуметтік жұмыстағы бейімделу оның орны. Әлеуметтік бейімделудің ерекшелігі. Әлеуметтік бейімделу процесінің үш сатысы ( макроорта, микроорта, ішкітұлғалық бейімделу) Әр түрлі топтағы тұрғындардың бейімделу процестерін реттеудегі әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әлеуметтік қалпына келтіру(реабилитация) процесс ретінде. әлеуметтік қалпына келтірудің принциптері, түрлері. Әлеуметтік – қалпын келтіру негізгі бағыттары(мүгедектерді әлеуметтік қалпына келтіру, мүмкіндігі шектеулі балалар; бостандықтан айыру орындарда жазасын өтеген тұлғалар т.б.)Қалпына келтіру орталықтардың іс-әрекеті.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Актуальные проблемы теории и практики социальной защиты населения в условиях трансформируемого общества. Мат-лы Республиканской н/практической конференции - Кар-да, 2003.
-
Закон РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан».
-
Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан».
-
Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002.
-
Храпылина Л.П. Основы реабилитации инвалидов. – М., 1996.
-
Ярская-Смирнова Е.Р. Социальное конструирование инвалидности. – М., 1999.
8- тақырып Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері. әлеуметтік терапияның мәні, оның әр түрлілігі. Қазіргі кезендегі психотерапияның негізгі бағыттары. әлеуметтік терапия әдістері.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Актуальные проблемы теории и практики социальной защиты населения в условиях трансформируемого общества. Мат-лы Республиканской н/практической конференции - Кар-да, 2003.
-
Закон РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан».
-
Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан».
-
Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002.
-
Храпылина Л.П. Основы реабилитации инвалидов. – М., 1996.
-
Ярская-Смирнова Е.Р. Социальное конструирование инвалидности. – М., 1999.
9- тақырып Кенес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық.
Кенес беру әлеуметтік көмек әдісі ретінде. Қенес беру принциптері, түрлері. Топтық және жеке қенес беру. Нақты және бағдарламалық қенес беру. Қенес беру процесі әлеуметтік қызметкердің қенес беру процесс кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері. әлеуметтік делдалдық әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Делдақтың формалары. Делдалдық іс-әрекеттің маңызды тәсілдерімен негізгі ұйымдастырудағы сатылары.
Әлеуметтік сараптама түсінігі, оның қызметі. Әлеуметтік сараптамаға тапсырыс берудің тәртібі. Сараптамалық жұмыстың бағыттары: басқару шешімдердің сараптау, әлеуметтікпсихологиялық сараптама. Соттық психиатриялық сараптама және т.б. Әлеуметтік сараптаманың әдістері және оны топтастыру. Әлеуметтік сараптаманың нәтижелік жағдайы.
10-тақырып Әлеуметтік жұмыстың технологиясындағы әлеуметтік алдын-алу шаралары.
әлеуметтік алдын-алу шаралары ұғымы, мазмұны, ерекшеліктері. Адамның барлық өмір іс-әрекетінің саласындағы алдың алу; шаралардың маңызы( салауатты өмір салтының алдын алу; девианттық мінез-құлықтың алдын алу) Әлеуметтік алдың ала ықпал етудің объектілері. Әр түрлі топтарымен жүргізетін әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі қолданылатын негізгі алдын алу әдістері. Алдын алу қызметінің сипаттамасы. Әлеуметтік алдын алуды кешенді жоспарлау. Әлеуметтік болжау және оны топтастыру. Әлеуметтік болжаудың қызметі. Әлеуметті болжауды жүргізудің технологиясы мен сатылары. Топтастрыру әдісі. Әлеуметтік болжау технологиясындағы акпараттық аспект. Жеке ғылыми әдістер және оны топтастыру. Әлеуметтік болжаудағы моделдік болжау әдісі.
Әлеуметтік-этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиясы. Этникалық орта ұғымы. Әлеуметтік этникалық топтармен өзара қарымқатынастың сипаттамасы және ерекшеліктері. Этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыстың денгейі. |мемлекеттік, аймақтық, жергілікті| Этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиялары. Ұлттық мәдени орталықтардың сипаттамасы және қызметі; халықаралық қатынастағы мәселелерді шешуде олардың ролі. Әлеуметтік этникалық ортада әлеуметтік қызмет көрсету орындардың қызметі; тұрғындармен төтенше психоәлеуметтік қызметі, психоэтникалық кенес беру т.б.
1. Қазақстан Республикасындағы ұлттардың өзара саяси бірлікте болуы
2 .Қазақстан - көп ұлт өкілдері мекендеген мемлекет
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм, күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады, олар кімдер, олар туралы білімдер саны.
Бұл келесі міндеттермен байланысты:
-
Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
-
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін топтастыру;
-
Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-құқықтық базасын қарастыру;
-
Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.
Бұл саланың саяси және әлеуметтік қызметінің терминалогиясы терең талдауды және нақтылы қолдануды қажет етеді.
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі дегеніміз кімдер? Бұлар өздерінің титулдық шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан ұлттар тобы.
“Саны жағынан аз бөлігі” ұғымы “халықтық” деген пысықтауышпен сәйкес қолданғанда белгілі бір ұлттың санын көрсетпейді.
“Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі” ұғымын “саны аз халықтар” ұғымымен салыстыруға болмайды.
Егер де халық өзінің дәстүрлі түріндегі шекарасынан алыс орналасса да, олар өзінің статусын жоғалтпайды және сан жағынан аз ұлттар дәрежесіне ауыспайды. Саны жағынан аз халықтармен, сол сияқты саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.
Егер де барлық сан жағынан аз халықтардың олар ұлттық-территориялық құрылымы бар ма, этникааралық ортада орналасқан ба? - деген сұрақтарды ескерсек бұл өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта аталған халықтардың жиынтығы 200 мың адамды құрайды.
Халықтың саны жағынан аз бөлігімен әлеуметтік жұмыс істеу бағытын үш күрделірек мәселе анықтайды: жұмыссыздық, алкоголизм және ауру сырқат деңгейінің жоғарылығы. Мұндай ұжымдармен әлеуметтік жұмысты тиімдірек ету үшін, мақсатты түрде үш диаспор тобын бөлуге болады:
-
Ішкі диаспора - өз республикасынан тыс өмір сүріп жатқан, халықтың бөлігі (коми, карелдер, хакастар, алтайлықтар, чуваштар, осетиндер т.б.);
-
Жақын диаспора – тарихи отаны бұрынғы кеңес республикалары (украиндер, белорустер, казақтар, армяндар, грузиндер т.б.);
-
Алыс диаспора – тарихи отаны қиыр шығыс мемлекеттегі ұлттық топтар (немістер, гректер, поляктар, корейцтар, венгрлар, болгарлар, чехтар және т.б.); ұлттық территориялық білімі жоқ, басқа елде немесе Ресейде мемлекеттігі жоқ ұлттық диаспоралар (сығандар, ассирицтар, курдтар және т.б.). Бұл топтардың ерекшелік белгілерінің болмауымен әлеуметтік жұмыс кез-келген елде қолайлы болуы неғайбыл.
Кейбір диаспоралардың тағдыры драмалық қалыптасуы сирек кездеседі. Біріншіден, әрбір дағдарыстық жағдай, егер ол ішкі саяси немесе мемлекетаралық конфликт не болмаса этникалық, саяси, идеалогиялық негіздегі конфликт болмасын, диаспоралар әрқашанда әлсіз болып келеді. Екіншіден, ата-бабаларымыздың ұзақ уақыт бойына жерден қол үзуінің нәтижесі өзінің этникалық мәдениетпен даралығын жоғалтуына әкеп соғады. Ассимилизация қаупі, қорғансыздық сезімі өзінің тайпаларымен байланысты нығайтуға ұмтылдыруды қалыптастырады. Көбіне байырға халықтар оны ұлттық көрініс ретінде қабылдайды.
Адамзаттың этникалық тарихымен бірге ұлттық диаспоралардың пайда болуы этникалық, оның ішінде мәжбүр етушілік, яғни миграцияның нәтижесінде пайда болады. Бір жағынан миграция мемлекет өмірінде тиімді рөл атқарса, екінші жағынан оның пайда болуы байырғы және байырғы емес тұрғындардың арасында конфликтілік жағдайлардың себебі болып отыр. Миграцияны адамзаттың пайда болу құбылысы ретінде қарастыруға болады. Этникалық аз халықтың проблемалары өзінің даралығын және басқалардан ерекшелігін танытатын ұлттық мемлекет пен этностардың пайда болу кезеңінде туындайды. Тарих жеңіліске ұшырағандарды жеңімпаздардың құрамына еңгізе отырып, халықтарды араластырады. Жаулап алынған көптеген халықтар өзінің этникалық тарихын тоқтатады, бірақ әрқашанда бола бермейді.
Әлемде диаспоралы, байырғы емес тұрғылықты халықтың проблемасын шешуден ада болған ешбір мемлекет жоқ. Бұл жағдайда ұлттық диаспораларға қатысты негізгі халықаралық құжаттарды қарастыру өте маңызды болып табылады.
Әлеуметтік қызметтің мазмұны, сипаты көптеген факторларға байланысты. Бірақ қандай да болмасын жағдайда ұлттық диаспоралармен әлеуметтік жұмыс мынадай негізде, яғни жергілікті жағдайда этникалық қауымдастықты және этнос өкілдерін бейімдеу, жаңа жағдайға оларды орналастыру, оларға жұмыс пен білім алуға мүмкіндік тудыру болып табылады. Бұл жұмыстың екінші бағыттылығы – ұлттық даралықты сақтауға, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, психология және мәдени көрсеткіштерін жоғалтқан жағдайда көмек көрсетеді.
Ұлттық диаспоралармен жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: мемлекеттік, аймақтық және жергілікті.
Мемлекеттік деңгей. Халықтардың қызығушылықтарын құқықтық реттеу. Мемлекет азаматтың жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарамастан құқық және еркіндік теңдігіне кепілдік береді. Әлеуметтік, нәсілдік, аймақтық, тілдік және діндік деңгейлеріне байланысты азаматтардың кез-келген құқықтарын шектеуге тиым салады.
Аймақтық деңгейі. Қандай да бір деклорация, егер әлеуметтік жұмыс нақты субъектіде жүргізілмесе қажетсіз болып қалады. Әрбір субъект экономикалық, географиялық, климаттық, саяси және этникалық ерекшеліктері бар. Оған қоса әрбір субъектіде ҰМА және аймақтық билікпен өзара байланыс қалыптасады.
Аймақтық деңгейде ұлттық диаспоралар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мен меңгеру өте маңызды. Әртүрлі социалогиялық құрал-жабдықтардың көмегімен байырғы тұрғындардың көңіл-күйі, ұлттық диаспораларға қатынасы, байырғы және байырғы емес халықтардың арасындағы мәдени дистанция туралы көрсеткіш анықталады. Бұндай зерттеудің ғылыми, сонымен бірге практикалық маңызы бар.
Ұлттық диаспора мәселелеріне деген қызығушылық осы диаспора өкілдерінің дауыс үшін күресі кезінде саяси бірлестіктер кезеңінде туындайды. Сосын бұл қызығушылық саябырсиды немесе саяси қызметкерлерге немесе жергілікті билікпен байырғы тұрғындарды “бөтендерге” айдап салушылық сияқты құбылыс байқалады. Көбіне осы негізде шынайы қақтығыстар болып отырады.
Жергілікті деңгей. Жұмыс бастылық, бейімделу сұрақтары полиэтникалық мәдениетпен этностардың өзара әрекеті болатын нақты жергілікті деңгейде шешіледі. Тұрғылықты халықтың “бөтендерге” қатынасына көптеген мәселелер туындауы мүмкін.
Қазақстан халқының топтасқандығы көбінесе дұрыс ұлттық саясатта ғылыми тұрғыға негізделген. Республикада бүгінгі таңда ұлтаралық қарым қатынас процессі жан-жақты талданған. Қазіргі жағдайда елдегі ұлт саясатының нақты мақсаттарын, мазмұндарын, олардың күрделілігін, қайшылықтарын жете талдау маңызы ерекше болып отыр. Қоғамдық прогрес пен бірігу әлеуметтік серіктестік саясаты ұлт мүддесін шешумен, ұлт саясатын жоғары көтеру деңгейімен табиғи ұштасып отыр. Елдегі ұлттық қарым-қатынас саясатының дұрыс жүргізілуі бүгінгі таңда көпұлтты халқымыздың жетістігі.
Жалпы алғанда саясат мемлекетіміздің үкіметті ұстап тұру, оны пайдалануда әлеуметтік қатынастар мәселесін шешумен байланысты әрекет саласы болып табылады.
Саясаттағы орталық субъектісі - мемлекет. Кез-келген қоғамдық мәселесінің шешілуі мүддеге мемлекет тарапынан нұсқан келтіруі мүмкін. Қазіргі кезде адамзат тап болған жахандық сынақтардың бірі ұлтаралық қақтығыстар қатері болып табылады. Бүкіл дүниежүзі бойынша біз діни негіздегі өткір қарама қайшылықтарды тереңдете түскен ұлтаралық шиеліністердің өсуін көріп отырмыз. Осыған байланысты бүгінгі күні бір ұлттан мемлекеттердің алдында өз қоғамдарына басқа ұлттық еңбек мигранттарының интеграциялануы процесіне негізгі проблемасына байланысты көптеген мәселелер қосылып отыр.
Ұлттық мәселерді шешпейінше біздің қоғамымыздағы тепе теңдіктер мен тұрақтылық жағдайында ұстау күрделігі елдің тыныштығы мен бейбітшілігін, оның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі айқындала түсуде. Әрине, бұл үшін ішкі саясатты дұрыс бағыттап, жүргізу қажет. Соның ішінде Қазақстанда тұратын ұлттардың өзара бірлікте болуын қамтамасыз ету өте маңызды мәселе болып отырғаны анық. Қазақстан демократия мен ізгілік пайдасына жасаған өз тандауына адалдығы әлемдік қауымдастық пен беделді халықаралық ұйымдар арасында жоғары бағалаушылық туғызбай қоймайды.
Қазақстанның ұлтаралық ішкі қатыныстары өзара құрметке және мүдделер мен есептеулерге құрылатын тең құқықтық қауымдастық ретіндегі мемлекетаралық бірлестіктерді дұрыс көреді. Саясатта көпарналық принципін негізге алған біздің еліміз өзіміздің шекаралық бойында бір "қауіпсіздік құра отырып, барлық ұлттардың онды және серпінді дамып келе жатқан қатынастар орнатты.
Бізде тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету, түрлі көзқарастар мен оларды талдау, біздің қоғамның негізгі саяси күштерінің бағдарын үйлестіру, үкімет пен саяси партиялардың және қоғамдық кеңестің мақсаттары болып отырғандығы маңызды деп санаймыз. Қоғам мүдделерін естіртудің жаңа тетіктерін қалыптастыру - бұл демократияландыру процесін дамытудағы оң қадам екендігі сөзсіз. Біздің еліміз қоғамда топтық және әлеуметтік мүдделер жеткілікті дәрежеде айқын тұлғаланып, оларды ашық саясат саласына шығару мүмкін болған шенге жетіп отыр. Мемлекеттің ұлтаралық келісімді сақтап, орнатуға бағытталған саясаты Қазақстандық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл еліміздегі саясаттың көп арналылығының белгісі.
Қазақстандықтардың этносаяси қауымдасуы басынан өткерген тарихи саяси-әлеуметтік сипатына, рухани-адамгершілік тұрпаттағы қатынастарында біріктірушілік ұйымдық көрініс тауып, өзінің өміршенділік іс-әрекетінің жалғастылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан халқының топтасқандығы мен қоғамдық болмысы этносаяси тұр ретінде көбіне-көп дұрыс ұлттық саясат жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезде ұлттық қарым-қатынас саясаты ғылыми негізделген болуы керек. Қазақстандықтардың ұлт саясатын жүргізуі көп ұлтты халқымыздың күрделі жетістігі, ұлт мәселесін ғылыми шешілуі мен қоғамдық демократияландыру жемісі.
Қазір ұлтттық проблеманың шешімі сондай-ақ оның кемеліне келуінің басты мақсаттары Қазақстанның жаңаруы болып табылатын, түрлі ұлттар өкілдерінің ортақ тату отбасына бірігуіне ықпал жасауымен маңызды. Ұлттық қауымдастықтар қарым-қатынас орнату саясатында көптеген игішараларды іске асыруда.
Барлық ұлт азаматтарының тендігі принципіне негізделген және іс жүзінде ұждан бостандығы жүзеге асырып отырған мемлекет саясаты атқаратын рөл аз емес. Біз барлық ұлттардың қарым-катынасының дұрыстығын қалаймыз.
Жалпы ұлттық қарым-қатынас саясаты қоғамдағы көп ұлтты мемлекеттер үшін әрқашанда маңызды сфера болып табылады. Ұлттық қарым-қатынас көптеген мемлекеттерде мына жағдайларға байланысты бұзылады: олар біріншіден территориялық жағдайларға байланысты. Екіншіден автономия немесе тәуелсіздік үшін күресте.
Қазақстан үшін ұлттық қарым-қатынас саясатының өз спецификасы бар: Біздің елдегі басқа ұлттармен дұрыс қарым- қатынас тек біздің елде ғана емес, ол дүниежүзінің Азия елдерінде де маңызды.
Ұлттық құрамы мен конфессиялық алуан түрлілігі жағынан Қазақстан бұл күндері жер шарындағы сирек кездесетін мемлекеттердің қатарына жатады. Сан алуан саяси оқиғалар мен геосаяси жағдайларға байланысты осындай құрамда тәуелсіз мемлекетіміз өзінің дамуын күннен-күнге дамытып, алға қарай жылжытуда. Қазақстанның басты ұраны мен идеологиясы ұлтаралық бірлестік, ұлтаралык келісім және ұлтаралық татулық болып отыр. Мемлекеттің еңбасты мақсаты ішкі тұрақтылық пен татулықты сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |