11 тақырып Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу. Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Әлеуметтік қамқорлық формалары, мүгедек және қарт адамдар. Әлеуметтік қамқорлық және және қамқорлыққа алу балаларға қатысты патронаттық әрекет. Әлеуметтік қамқорлық пен қамқаорлыққа алумен байланысты мәселелер. Әлеуметтік қамқорлыққа алуды құжаттанндыру технологиясы.
Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Қазіргі жағдайдағы мүгедектерді әлеуметтік қамқорлыққа алу түсінігі. Мүгедектердің және олардың отбасыларының мәселелері. . Әлеуметтік реабилитациялық және технологиялық бағдарлама, оны іске асыру. Әр түрлі топтағы мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау технологиялары. Мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялау технологиялары. Мүгедектерге әлеуметтік қызмет ету мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру.
.Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.
2.Мгедектер мәселесі.
Әлеуметтік саясат өзінің тар мағынасында әлеуметтік басқару және институттандыруға қатысты әрі әлеуметтік мемлекет халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім беру салалары негізінде қарастырады. Кең мағынасында әлеуметтік саясат механизмдер мен тәсілдердің бірігуіне атқарушы үкімет, орталық және аймақтық үкімет, сол сияқты жергіліктіүкімет әлеуметтік тұрақтылық пен тепе- теңдік арқылы мүмкіндік туғызуға ұмтылады. Әлеуметтік мықты мемлекет адамды экономикалық саясатқа емес, экономиканы адамға байланыстыра дамытады. Әлеуметтік саясаттың басым бағыты- адам, оның еңбектегі мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін дамуы, лайықты дәрежесі.
Өркениетті қоғамның айнымас қызметі болып әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы және әр бағыттылығы мен тиімділігін өркендету болып табылады, негізгі мақсаты- өмірде қиындылық жағдайға тап болған жеке адамға жан- жақты көмек көрсету, өзін- өзі толық игере алатын жағдайға жеткізу.
Соңғы жылдары Қазақстанда қазіргі әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы негізгі білгір субъектілерін әлеуметтік- кәсіби топтар қалыптастыруда. Осы тұрғыдағы кәсіби нарық енді қалыптасып келеді. Іс жүзінде адамдар өздері де, мейірімді шенеуніктер де шеше алмайтын мәселелермен жиі кездеседі. Осы үшін ерекше мамандық адамдары- әлеуметтік қызметкерлер қажет.
1997 жылы 16 маусымда қабылданған Қазакстан Республикасы Президентінің "¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңы [38, 3-бет].
Бұл заңның III тарауының 11 бабында соғысқа қатысушылар мен мүгедектерін берілетін мынадай жеңілдіктер мен кепілдіктер көрсетілген:
егер Қазақстан Республикасының түрғын үй заңына сәйкес түрғын жағдайын жақсатруға мүқтаж деп танылса және бүрын бірінші
кезекті пәтер алу күқығын пайдаланбаған болса, жергілікті аткарушы
органдар, меншік нысанына карамастан үйымдар, оларды бірінші кезекте түрғын үймен камтамасыз етеді.
түрғын үй - қүрылыс және басқа да кооперативтерге бірінші кезекте кіру қүқығын иеленеді
түрғын үй салу үшін бірінші кезекте жер учаскелерін және төлем
қабілетін ескере отырып, жинак несие-жинак шоттарында бастапкы коры болмаса да 30 жылға бес проценттік
жеңілдікті кредитпен несие алу күқын иеленеді.
Соғысқа қатысушылар баска түрғын үй берілмейінше қызмет бабындағы түрғын үйден шығарылмайды.
бау үйлерін сатып алуға және салуға, бау учаскісін көркейтуге жеңілдікті шарттар негізінде несие алу қүқығын иеленеді.
байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалануға қүқылы.
амбулаториялық - емхана мекемелерінің қызметін
артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен тыс атқызылады.
протездермен және протез - ортпедия бұйымдарымен тегін камтамасыз етіледі. тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суык және ыстык сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету)отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі - дәрмекпен, оптикалық көзгілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрілген (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
моншаларға, шаштараздарға осындай қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелердің есебінен белгіленген тәртіппен бірінші кезекте және тегін барады. интернат үйлерге бірінші кезекте және тегін орналастырылып, әлеуметтік кызметтің аумақтық орталықтары мен бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі.
соғысқа катысқан жалғыздықты адам қайтыс болғанда оны түрғын үй коммуналдык шаруашылық қызметі салт - шаралар рәсімін қолдана отырып көрсетіледі.
салық салу жеңілдіктері қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргізіледі.
Бүл аталған заңмен соғысқа қатысқандар оларға теңестірілген азаматтардың қүқығы корғалып, көмек көрсетіледі. Ал бүл адамдардың көбі мүгедектер екені белгілі. Зерттеулерде және әлеуметтік талдауларда мүгедектік және оның түрлері оларға көрсетілетін көмек туралы біздің Республикамыздағы әлеуметтік процестерге сәйкес 1997 жылы 12 маусымда
қабылданған "Қазакстан Республикасында мүгедектігі бойынша
асыраушысынан айырылу жағдайы" бойынша жоғарыда айтылған Заң қабылданды.
Сол Заңға сәйкес қазір Республикамызда әлеуметтік қызмет көрсету жүмысының бірнеше жаңа түрлері енгізіледі.
1. үйде әлеуметтік қызмет көрсету.
2. жартылай әлеуметтік қызмет көрсету.
3. интернат - үйлерде, пансионаттарда қызмет көрсету.
4. жедел әлеуметтік қызмет көрсету
5. әлеуметтік - консультативтік көмек.
6. жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік көмек.
7. отбасындағы қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек.
8. жартылай төлеу деңгейіндегі әлеуметтік кызмет.
9. толық төлеу деңгейіндегі әлеуметтік қызмет
Қазақстан республикасында кейінгі кезде мүгедектер мен қарттарға талдаудың негізгі бағыты оларға дәрігерлік көмек мәселесі де ерекше қолға алынып отыр. Ол жоғарыда айтылған заңда толык көрсетілген. Демек,дәрігерлік - әлеуметтік бағыт комплексті іс-әрекетті қажетсінеді. Оның мәнісі әрбір мүгедектер мен қарттардың қүқықтық, педагогикалык, психологиялық, әлеуметті сипаттағы мәселелерін тек қана дәрігерлік сараптамалар өздерінің қатаң бақылауымен орындалатындығынан.
Заңда көрсетілген және өзінің тиянақты түсінігін алған негізгі мәселе мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қамсыздандыруды басқару аспектісі. Мүның мәнісі, мүгедектер мен карттар еңбекке жарамсыз үш топтағы дәрігерлік-экспертизалық күжаттары бар қоғам мүшелері міндетті түрде леуметтік көмекті алады, оны сол жердегі басқару органы іске асырады.
Мүгедектермен жүмыс барысында және оларға камкорлық жасау әрбір мемлекеттің заң актілерінде декларация көрсетілген төмендегі принциптерді негізге алады:
-
мүгедектерге әлеуметтік кызмет көрсету олардың азаматтық, мүгедектік, мүдделеріне сәйкес келуі тиісті.
-
әлеуметтік кызмет көрсету барысында мемлекеттік гарант шеңберінде мүмкіндік туғызуға тиіс.
-
мүгедектерге көмек және тең жүргізілуі тиіс.
-
әлеуметтік қызмет көрсету және камқорлық жасау үнемі сабақтастық жүйеде карастырылуы тиіс.
-
мүгедектерге әлеуметтік көмек пен кызмет барысында мемлекеттік үкімет органдарының барлық басқарушылары мейлінше жауапкершілікте және заң алдында бақылауда.
Әлеуметтік жүмыс барысында мүгедек-карттармен жүмыс жүргізгенде декларацияда жазылған олардың жынысы, ұлты, нәсілі, тегі, кызметтік орны, байлығы, туған орны, дінге катынасы, есепке алынбайды, яғни әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік органдардың функионалдық міндеті болып табылады және оны іске асыру формалары мүгедектер тарапынан төлемсіз іске асырылады. Міне, осы нормативтік-күқыктық актілерді еске ала отырып Қазакстан Республикасына байланысты берілетін жәрдем ақылар туралы заңында көрсетілген.
Мүгедектік дегенде оның организмдегі функионалдық кемшіліктерімен қатар іс-әрекеттену кабілетінің жіктеулілігімен және өзіне-өзі қызмет ету мүмкіншілігінің аздығын және түлға ретінде қалыптасу кемшілігін еңбек процесіне араласу мүмкіншілігінің жоқтығын түсінеміз. Демек, әлеуметтік салада мүгедектікті анатомо-физиологиялык процесс ретінде карастыра отырып дене дамуының кемшіліктерін есепке алып жүмыс істеу деген сөз. Мүгедектермен әлеуметтік жүмысты үйымдастыру, оларды басқару, оларға кызмет көрсету мен көмек беру, әсіресе мобильді іс-әрекеттерге толық мүмкіндігі жоқ мүгедектерді мемлекет камқорлықпен қамтиды. Мүгедектермен әлеуметтік жүмыс барысында, олардың мүң-мүддесін, қажеттігімен, кызығушылығын қамтитын іс-әрекеттерді мемлекеттік штаттағы арнайы әлеуметтік қызметкер іске асырады. Мүгедектердің тұрмысы мен оларға әлеуметтік қамқорлық көрсету ең алдымен әлеуметтік қызметкердін оларға катысы бар құқықтык негіздерді, ведомстволық кұжаттарды, мүгедектің статусын айқындайтын материалды тиянакты білуді талап етеді. Өйткені БҮҮ жанындағы комитет мүгедектер кұкығын қорғайтын "О правах инвалидов" атты декларацияда соны әлеуметтік қызметкерден талап етеді. Мүгедектермен карттардың леуметтік қажетін өтеуде дүниежүзілік өркенитетті елдер тәжірибесіне сүйенуінде, яғни егер мемлекеттік басқару органдары, олардың комиссиялық бөлімдері, секторлары тікелей қаржының индексациядан өтуіне байланысты оған төленетін төлемнің есептелуін қатаң түрде бақыланып отырса мемлекеттен тыс ведомстволық басқару органдары өз мүгедектігіне карай әлеуметтік мәселелерді қайырымдылык ниетпен шешіп отырады. Заңда көрсетілгендец мүгедектер мен карттарға қамқорлык және кызмет көрсету көп басқышты басқару жүйесі болып табылады. Өйткені әлеуметтік қызмет көрсету қүқықтық спецификалық міндет болып табылады.
12 тақырып Отбасындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары Отбасы әлеуметтендіру институты ретінде. Отбасындағы қауіп бар қатерлі жағдайы әлеуметтік жұмыстағы қорғау технологиялары. Отбасылық мәселелердің сипаттамасы. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері мен формалары. Отбасына көрсетілетін шұғыл көмектің түрлері .
Отбасындағы қысым көрсету жағдайындағы қолданылатың технологиялары. Тәрбиесі қиын балалары бар отбасымен жұмыс технологиясы. Нашақорлық пен ішімділікке салынған отбасылармен жұмыс. Қарама қайшылықтағы, қақтығыстағы отбасымен әлеуметтік жұмыс.
Қарт адамдар әлеуметтік қауым ретінде. әлеуметтік қартаю теориясы. Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайы. Қарт адамдарды әлеуметтік медициналық реабилитациялау. Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамту. Қарт адамдарды әлеуметтік қамқорлыққа алу.
1. Қарт адамдар, олардың психологиялық ерекшеліктері және әлеуметтік бейімделуі.
2. Қарттық шақтың тудыратын әлеуметтік проблемаларының ғылыми зерттеулердегідегі талдаулары.
Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әркашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда "үшінші ұрпақ" адамдарының мәселелері көпке ортақ. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тапарынан да, қамқорлық қажет. Ал, біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік кызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады. Әлеуметтік қызметкер қарттардың күнделікті тіршілігіне өмектесіп қана коймай, оларды өмірдің осынау бір күрделі кезеңінен қайыспай өтуге үйретуге тиіс.
Үшінші үрпак адамдары үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері, т.с.с. маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар қалған өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қарттыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік, біріне - бірі қамқорлық жағдайында және ғылым тәжірибенің жетістіктерін кең колдана отырып кана дүрыс шешіледі.
Сондыктан әлеуметтік қызметкер қарт адамдармен тиімді жүмыс істеу үшін, ол ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
XX ғасырда орасан зор демографиялық өзгерістер болды. Ғасырдың басында әлемдегі адамдардың саны 1 млрд.630 млн. адам болса, қазір бүл көрсеткіш кемінде 3,5 есе өсіп отыр. Онын алдындағы үш ғасырда (1600-1900) халық саны небәрі үш есе өскен болса, жоғарыда айтқанымыздай, XX ғасырдың II жартысында халықтың өсімі үдеп кетті. Соғыстан кейінгі
жылдары басқа демографиялық шамаларға қарағанда, халықтың еңбекке жарамды бөлігін, яғни елдің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын көрсету.
Б¥¥ есебі бойлынша 1950 жылы әлемде 60 жастан асқан 214 млн. адам болса, болжау бойынша келесі жылы олардың саны 590 млн-ға, ал 2025 жылы 1100 млн. адамға жетпек, немесе осы жылдардың ішінде қарт адамдардың саны бес есе өседі. Ал, сол кезеңде жер бетіндегі халықтың саны бар болғаны үш есе ғана көбеймек. Осыған байланысты қоғамның "қартаюы" туралы соңғы кезде көп айтылып жүр.
Қазақстанның демографиялық жағдайына келетін болсақ, бізде де халықтың қартаюы байқалады. Егер, 1990 жылы 60-тан асқандар Қазакстан халқының 10 процентінен аспаса, 1985 жылы 10 процент болды, 2000 17 проценттен асып, 2050 жылы елдің халқының 26 проценті болмак.
Зерттеушілер арасында қарттык және кәрілік деп қай жастарды есептеу керектігі жөнінде кесімді пікір жоқ. Адам өмірін кезеңге бөлуде қашан да субъективті көзқарастар басым болды. Өйткені, нақты тарихи жағдайлар, белгілі бір дәуіріндегі адам өмірінің орташа ұзақтығы түрлі пайымдауларға бастады.
Әйгілі ойшыл әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Сина, мысалы, 50-60 жасты кәріліктің басы деп есептеді. Гиппократ адамның жасын туғаннан бастап әрқайсысы жеті жылдан бастап 10 кезеңге бөледі. Қазіргі ағылшын физиологтары адам өмірін бес кезеңге бөліп карастырады: балдырған балалық 7 жаска дейін, балалык - 14 жасқа дейін, жастык шағы - 25 жасқа дейін, бүдан кейінгі ширек ғасыр бойы адам кемелдену кезеңінде, ал 50-ден кейін кәрілік басталады.
Дүниежүзілік Денсаулык Үйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін
халықаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).
Әдетте, қарттар катарына зейнеткерлікке шыққандарды айтады. Бірақ, бұлайша пайымдау дұрыс бола коймайды, өйткені әр елдің зейнетакыға шығу жасы әртүрлі
Мұндай әртүрлі пікірлердің болатын жөні бар. Өйткені, қарттық өмірдің едәуір ұзақ жасынан өткендіктің белгісі.
Әлемдік психология адамның қартаю проблемасына, оның осы шақтағы өміріне XX - ғасырдың соңында қызығушылық таныта бастады. Шетел психологтары олардың проблемасымен айналыса бастағанда, ең алдымен қарттардың қандай әлеуметтік - психологиялық атмосферада өмір сүргендігін, коғамның оларға деген қарым-катынасын, соңында картаюдың қандай стереотиптері тарағанын зерттей бастады. Осындай зерттеудің нәтижелерінен қарт адамдар дәрменсіз, өз бетінше шешім қабылдай алмайтын қоғамдық функцияларды орындай алмайтын, қоғамға пайда келтірмейтін жандар деген түсінікпен қатар, олар мейірімді, қарым-қатынасқа тез түседі, тәжірибесі мол деген екі түрлі көз карасты көруге болады. Әрине, карттык кезең туралы әртүрлі стереотиптер мен бүрмаланған түсініктер бар. Қарттык шакка - белгілі бір соматикалық, интеллектуалдық және психологиялык проблемалар тән.[42. 86-99 б.]
Қарттық шақтың өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Денсаулығы жақсы, белсенді, жаңа ғана зейнеткерлік демалысқа шыққандар 60 жасқа келгендер, 70 жастағылар бүрынғыдай отбасы, достарымен тығыз байланысты, бірақ кейбіреулері кірістің төмендеуі, жақындарын жоғалту сияқты жағдайлармен кездеседі. 70 жастан кейін әлеуметтік қарым-қатынастары қысқарып, аурулар түрлері көбейе бастайды, 80 немесе 90 жастан кейін адамдар қоршаған ортадан түңіліп, тез шөгіп, созылмалы аурулармен ауыра бастайды. Терісінің солуы, келбетінің өзгеруі, бүлшық еттерінің иілгіштігін жоғалту және қаңқасының ықшамдалуы сияқты мороро-функционалдық өзгерістер көріне бастайды. Адамның сенсорлық қызметі, әсіресе есту қабілеті мен
көзінің көруі төмендейді. Бірақ бұлардың барлығы қартаюдың міндетті
атрибуттары болып табылмайды, олар әртүрлі ауру салдарының, өмірдің келеңсіз жағдайларының немесе коршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болуы мүмкін. Кейбір өзгерістерді физикалық жаттығулармен дүрыс тамақтану және жаксы күтіммен тоқатуға немесе жоюға болады. Осындай профилактикалык және денсаулыкты жақсартатын шаралар жүйесі қарттардың өздерінің денсаулығын күту, жүмыска қабілеттігін үзарту, физикалық белсендігін сақтау, өз-өзіне қызмет ету және әлеуметтік қүндылығын сезіну үшін жасалады.
Бүндай шараларды жүргізу үшін медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін өңдеп, көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық стационарлық қызмет көрсету, амбулатория -поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу қажет. Көптеген батыс перонтологтары қарттар үшін ең қолайлысы, оларға көрсететін көмекті үйде ұйымдастыру. Өйткені , қартаю және өлімді күту - бүл өте қиын фаза. Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында осы кезеңде пайда болатын түсініксіздікті, қыиншылықтарды жету үшін әлеуметтік қызметтердің атқаратын рөлі зор.
Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе екені белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл проблеманың көкейкестілігі арта бастайды.
Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне байлансыты қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал жағымсыз эмоциялар қартаю процесін жылдамдатады. Сондықтан қоғамда 60-жастан жоғарыдан кейін өлімді күту кезеңі ғана емес , сонымен қатар өмірдің күнды кезеңі деген түсінік қалыптастыру қажет .
Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті немесе әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге деген қанағаттану деңгейінің жоғары
болатындығын көптеген геронтологтардың зерттеулерінен байқауға болады.
Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады.
Қарттық шақ, өмірдің алдыңғы сатыларында көрінген статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл - қартаю, зейнеткерлікке шығу, жесірлік.
Бұл сатының алдыңғы сатыларынан айырмашылығы қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын кеңеймейді, ал керісінше тарылады. Қарттық шақтың, өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі және проблемалары қарт адамдарға психологиялық ауыртпашылық болып тиеді.
Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырудың өзі басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тех бейімделсе, екіншілері бейімделе алмайды. Олар өткен өмірін еске алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп уақыт өткізеді.
Адамдардың карттыка карай бет алуы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілік пен бақыт туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен айтқанда адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар қоғаммен өндірілген тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларынан тыс қалмайды.
Қарт адамдардың әлеуметтік проблемалары зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттықа бет алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-демографиялық топтың проблемалары болып табылады. Атап айтқанда, олар негізінен мынадай: өмір салтының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың бүлжымас табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы кемуіне байланысты тіршілік қызметінің шектеле бастауы. Жүмыс істемеуі (әдетте, қарттардың көбі жүмыс істемейді немесе өз істейді), материалдық жағдайы (зейнетақысы бүрын алып жүрген жалақыдан аз, емделуі қымбат) , мінез-күлқының өзгеруі( психикасыньщ бүзылып, шамщыл бола бастауы. Халықтың бүл категориясының коғамға қажеттілігі немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға бүрынғыдай пайда келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы білімі,ш еберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады.
Жасы үлғайған сайын белсенді еңбектен шеттетіле беретін қарттардың өмір салты ғана емесе, отбасылық және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес түрмыс қүрып кеткен балаларынан алшақтап калуы мүмкін. коғамнан, жақындары мен таныстарынан аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына кері әсерін тигізеді.
Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке адамдарға және оның
жақындарына байланысты. Қарттардың жас ерекшеліктеріне байланысты кінәмшіл, талапшыл болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер оларды қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-күйін көтеруге тиіс. Қарт адамдармен жүмысты дұрыс ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп, тиісті ғылыми, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет.
Осы орайда, мына мағлұматтарды еске алған жөн. Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас арасындағылардың түтынатынының 79 проценті деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.
Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40 процент артық болатындығын ескере кетейік.
Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана қызмет көрсетіледі.
Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі бойынша қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен. Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына карайды, оған күнделікті күту жұмыстарын тапсырып қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа көніп, өзіне-өзі демеу болуға бекінеді.
Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен өтіп, бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті талап етеді. Олардың мінез-күлқы денсаулығы сол талаптардың калай орындалатындығына байланысты. Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі адамдарға ерекше ықыласпен,мейірімді қарап, олардың талап-тілектерін орындауға ұқыпты болғаны жөн.
Міне, осылайша карттармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер жасы асқан адамдардың әлеуметтік және психологиялык ерекшеліктерін сергек танып, олардың еңбекке араласу мүмкіндігін, денсаулығын, әлеуметтік түрмыстың жағдайларын біліп отыруы кажет.
Ғылым мен техника жөніндегі Европа комиссиясы аясындағы күрылған арнайы үйым (СО8Т А8) қарттар мәселесімен тікелей айналысып, олардың жаңа жетістіктерді пайдалуына камкорлык жасайды.
Әдетте, бүрын өзінің кабілетімен еңбекте жоғары бағаланған ауыр жағдайды бастан кешіреді. Еңбектен кол үзген қарттардың бірқатарының денсаулығы төмендеп, бойы әлжуаз тартады, мінез-қүлқы өзгереді. Өйткені, олар үшін еңбек өмірдің мәні, денсаулыкты сақтаудың бір шарты болған. Бүл жағдай көптен мәлім.
XVIII ғасырдың өзінде неміс ғалымы Христофор Вильгельм Гуфеланд жазған екен: бізде бір жалқау көп жасамаған, ал көп жасағандардың барлығы қашанда қүштарлықпен еңбек еткен, өмірде белсенді болған.
Қарт адамдардың толык мәнді өмірін катамасыз ету үшін оларды қоғамдық өмірге қатыстырудың маңызы зор. 70-ші жылдары біздің елімізде жасамыс адамдардан ерікті тәрбиешілер жасау тәжірибесі болған. Олар балалар отрядтарын, спорт секцияларын, аула командаларын баскарды,
милицияның балалар бөлмелері мен мектептердегі ата-аналар комитетіне
көмектесті. Зейнеткерлер қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, өндірісте еңбек жағдайы мен қауіпсіздік ережелерін сактауды тексеретін, коғамдык бақылаушылар ретінде сауда ұйымдарының жұмысын қадағалайтын, қалалар мен ауылдарды көркейтуге және көгалдандыруға көмек көрсететін. Бұлардың барлығы қазір жоқ. Қарттарға (тек оларға ғана емес) қамқорлық жасау мақсатында сол бір игі тәжірибені жаңартып, қазір кайта колдануға әбден болады.
Қарт адамдардың өмір салты олардың бос уақытын қалай өткізетініне, ол үшін қоғамның кандай мүмкіндіктер жасайтынына байланысты. Осы тұрғыдан алып карағанда аға ұрпактың өкілдерін түрлі қоғамдық жүмыстарға кездесулерге тартып, карттар үшін арнайы радио және телевизия хабарларын үйымдастыру т.б. шаралар жасау өте қажет.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Актуальные проблемы теории и практики социальной защиты населения в условиях трансформируемого общества. Мат-лы Республиканской н/практической конференции - Кар-да, 2003.
-
Закон РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан».
-
Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан».
-
Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002.
-
Храпылина Л.П. Основы реабилитации инвалидов. – М., 1996.
-
Ярская-Смирнова Е.Р. Социальное конструирование инвалидности. – М., 1999.
13тақырып Тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың өмір сүрү денгейін көтеру жөніндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы. «Қажеттіліктер», «өмір сүру денгей», «қаражаттың төменгі сатысы» «кедейшілік шенбері» ұғымдарының мазмұны. ҚР аз қамтылған азаматтарды қорғаудың нормативтікқұқықтық базасы. Адамадардың өмір сүру денгейін реттеу әдістері. Тұрмыстық жағдайы төмен адамдардың әлеуметтік қолдау көрсетудегі қайырымдылық қорлардың ролі.
Орта бейімсіз балалар мен жас жеткіншіектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әлеуметтік дезадаптация және оның алғашқы белгілері. Балалар мен жас жеткіншектердің ортаға бейімсіздік процесіне ықпал етуші факторлар. Жас өспірімдерді әлеуметтік қорғау технолгиялары. Балалардың назардан тыс қалуын және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу. Ортаға бейімсіз балалр мен жасөспірімдерге арналған арнайы мекемелердің жүйесін құру қоғам алдындағы басты міндет. Жасы кәмелетке толмағанда арналған әлеуметтік қалпына келтіру қызметінің сипаттамасы.
Интернат үйлерінің түрлері мен мазмұны.
Интернат үйіндегі әлеуметтік жұмыс.
Жұмыспен қамту туралы заңдарының сақталуын бақылайтын орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен олардың қызметтері туралы.
Жеке және заңды тұлғалардың жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылығ туралы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат – үйлері.
Интернат – үйлер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997-жылғы 13-тамыздағы №134 бұйрығымен бекітілген интернат – үйлер туралы Ережесінің негізінде ашылады және жұмыс істейді, ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы “Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” заңын, ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типті интернат-үйі, психикалық-жүйке ауруларының интернаты және дамуы артта қалған балаларға арналған балалар иньернат-үйлері туралы Ережелер 4 бөлімнен тұрады.
-
Жалпы ережесі
-
Интернаттың міндеттері мен қызметтері
-
Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару шарттары
-
Интернатты басқару.
-
Жалпы ережесі бөлімінде осы мекеме жайлы түсініктемелер берілген:
а) бұл созылмалы психикалық аурулармен азап шегетін, күтуді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет етеьін мүгедектердің тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.
б) интернаттар ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
-
Интернаттың міндеттері мен қызметтері:
-
мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, олар үшін үйдің өміріне жақын, қолайлы жағдайларды құру;
-
тұратындарды күтуді ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу;
-
мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек реабилитациясына бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады.
-
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері барлық қалалық және аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде ашылған.
Бөлімдер өз жұмысында 1993 жылғы 17 қарашасындағы “Жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері туралы Ережесін” басшылыққа алады.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері бөтен көмекті қажет ететін қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға қызмет көрсетумен айналысады. Бөлім 80-нен кем емес адамдарға қызмет көрсетеді.
Үйде қызмет көрсетуге психикалық, онкологиялық және инфекциялық аурулармен ауырмайтын бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт азаматтар, 1 және2 топтағы мүгедектер, қарт және мүгедектер арасынан ерлі зайыптылар қабылданады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектері және соған қатысушылар, қаза тапқан әскери қызметшілер отбасының мүшелері, интернационалист-жауынгерлер бірінші кезекте қабылданады.
Жалғыз басты және жұмысқа жарамсыз азаматтар деп Заң жүзінде оларды асырауға міндетті жұмысқа жарамды балалары жоқтар есептелінеді.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің негізгі қызметі:
-
Бөлімнің қызмет көрсету аймағында тұратын және бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау және есепке алу.
-
Жалғыз басты қарттарға шефтік көмек көрсету мақсатында соғыс және ардагерлері мен мүгедектердің бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен, Қызыл Крест комитетімен және ардагерлер Кеңесімен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасау.
-
Интернат үйлерге орналастыру үшін, қамқорлықты, қорғаншылықты анықтау үшін қажетті құжаттарды жиыстыруда көмек көрсету.
-
Жалғызбасты және жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қызметкерлермен әр түрлі қызмет түрлерін ұсыну.
-
Үйлеріне түскі тамақтарын, шала фабрикаттарды, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын және дәрі-дәрмектерді жеткізу.
-
Үй заттары мен киім-кешекті жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге апарыптапсыру және оны жеткізу.
-
Тиісті медициналық көмек көрсетілуіне, тұрақты жерін тазартуда, жөндеу жұмыстарына, пәтер ішіндегі сантехникалық жабдықтарды жөндеуге көмек көрсету.
-
Туған-туыстарға, жолдастарға хат жазысу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бір реттік тапсырмаларды орындау.
Үйде қызмет көрсетуді қажет ететіндер зейнеткердің жеке өтінішінің негізінде, осындай көмектің қажеттігі жөнінде медициналық мекеме қорытындысының және жалғыз тұрып жатқан қарт азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру мәліметтерінің негізінде облыстық, аудандық (қалалық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерінің шешімдері бойынша тіркеледі.
Ережеде бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселелері, іс жүргізудің ережелері, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа алу ережелері туралы айтылған.
4. Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері.
Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері өз жұмысын ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” заңының және бөлімдер туралы Ережесінің негізінде жүргізіледі.
ҚР-ның кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Ереже ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңына сәйкес кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін анықтайды және 10 бөлімнен тұрады:
-
Жалпы ережелер.
-
Басқа адамның күтімі мен көмегін керек ететін кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік қорытындысы бойынша көрсетіледі.
-
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру.
-
Негізгі міндеттер.
-
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары.
Бұл бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары жөнінде жазылған.
-
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің құқықтары.
-
Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерінің қызмет тәртібі мен шарттары.
-
Үйде қызмет көрсетуге қабылдау шарттары.
-
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімін басқару.
-
Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.
-
Әлеуметтік көмек бөлімдерін қаржыландыру.
5. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары.
Өз жұмысында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16-сәуірдегі “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру туралы” Қаулысын басшылыққа алады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі” бекітілген, ереже 9 бөлімнен тұрады:
-
Жалпы ережелер. Орталықта тұруға құқылы адамдардың санаттары аталып, қай уақытқа дейін болатындығы көрсетілген.
-
Орталықтарды құру. Орталықтардың құрылу шарттары /100 мың адамнан астам халқы бар қалалар/. Орталықтар өз жұмыстарын денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарымен тығыз әрекеттестікте құрайды.
-
Орталықтардың жұмыс істеуінің жағдайы мен тәртібі.
Орталықта тұру барысында санитарлық нормаларды сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, жұмыс режимін және ішкі тәртіп ережесін сақтау.
-
Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары. Орталыққа адамдарды қабылдау еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша сөтке бойына жүргізіледі. Орталыққа қабылдамау айғақтары. Орталықта тұрып жатқан адамдардың міндеттері.
-
Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері.
-
Медициналық көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін медициналық көмектің түрлері.
-
Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру. Еңбекпен оңалтудың түрлері.
-
Орталықтарды қаржыландыру. Орталықтарды қаржыландыру көздері анықталған. Орталықты қаржыландыру жергілікті қаражаттың есебін және ҚР-ның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінен жүзеге асырылады.
-
Орталықтың қызметін бақылау. Орталықтың қызметін бақылау үшін облыс әкімдерінің шешімімен әкімшіліктің, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының, қоғамдық, діни және өзге де ұйымдардың өкілдерінен қамқорлық кеңестері құрылады.
Осы ереже белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.
Мүгедек балаларды әлеуметтік, творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы.
ҚР-ның 1991 жылғы “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалу туралы” Заңына сәйкес 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды қаласында мүгедек балаларға және олар тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсететін “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының жанында кемтар балаларды әлеуметтік , творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы жұмыс істей бастады. Орталық “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының Кеңесімен бекітілген Ереженің негізінде жұмыс істейді.
Орталықтың мақсаты және міндеттері:
-кемтар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі және шоғырлануы;
-бейімделмеген балалардың пайдасына оңалту мәселелері бойынша тиімді педагогикалық технологияларды жүзеге асыру;
-мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау көрсетумақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің күштерін біріктіру;
-үздіксіз білім мен тәрбие жүйесін жүзеге асыру;
-ҚР-ның “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңымен қарастырылған даму және оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеп, меңгеру;
-Орталықта мүгедек балалардың шығармашылық және кәсіптік дамуы және білім жүйесін әзірлеу және енгізу.
Бағдарламалардың мазмұны оңалту Орталыққа баратын кемтар балалардың жеке мүмкіндіктерімен психофизикалық даму ерекшеліктерінен әзірленеді.
Білімдік процесс коррекциялық педагогика саласындағы мамандармен жүзеге асырылады. Білімдік процестің қатысушылары болып педагогика қызметкерлері, мүгедек балалар және олардың ата-аналары табылады.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Е.И. Холостова “Социальная работа: теория и практика” Москва, 2001
-
П.Д. Павленок “Основы социальной работы” Москва, 1997
-
Панов А.В. “Социальная работа как наука, вид профессиональная деятельности и специальности в системе высшего оброзования” Россиский журнал социальной работы, 1995 №1.
-
Энциклопедия социальной работы Т-1,3 Москва, 1993
-
Колков В.В. “Формирование учебных дисциплин в области теории социальной работы” Россиский журнал социальной работы. Москва, 1997 №1.
-
Курбатов В.И. “Соцальная работа” Москва 1999.
-
Фирсов М.В. “Антология социальной работы” Москва, 1994-1996.
-
Сарсенова Ж.Н. “Әлеуметтікң жұмыс” Алматы, 2004.
-
Панова А.М., Холостова Е.И. “Справочное пособие по социальной работе” Москва, 1997.
-
Колков В.В. “Эффективность социальной работы” Москва, 1998.
-
Фирсов М.В. “Антология социальной работы” Москва, 1994
14 тақырып Жұмыссыздарымен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Еңбекпен қамту қоғамның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды мәселе ретінде. Еңбекпен қамтылу және жұмыссыздық. Жаңаша жағдайыдағы еңбекпен қамтудың әлеуметтікэкологиялық мәселелері. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Жұмыссыздарды қолдаудың түрлері мен формалары. Жұмыссыздарды қорғаудағы әлеуметтік қызмет мамандығынынң ерекшеліктері. Жұмыссыздарды қорғау қызметі жүйесіндегі әлеуметтік психологиялық жұмыстың мазмұны.
. Саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспар
-
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі
-
Әлеуметтік жұмыстағы диаспорлар түрлері
-
Ұлттық диаспора деңгейлері
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм, күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады, олар кімдер, олар туралы білімдер саны.
Бұл келесі міндеттермен байланысты:
-
Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
-
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін топтастыру;
-
Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-құқықтық базасын қарастыру;
-
Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.
Бұл саланың саяси және әлеуметтік қызметінің терминалогиясы терең талдауды және нақтылы қолдануды қажет етеді.
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі дегеніміз кімдер? Бұлар өздерінің титулдық шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан ұлттар тобы.
“Саны жағынан аз бөлігі” ұғымы “халықтық” деген пысықтауышпен сәйкес қолданғанда белгілі бір ұлттың санын көрсетпейді.
“Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі” ұғымын “саны аз халықтар” ұғымымен салыстыруға болмайды.
Ресей федерациясында саны аз аборигендіктер болып өзінің туған-туыстарынан, дәстүрлі территориясынан алшақ тұратындар, өзіндік тұрмыс салтын сақтаған және 50 мың адамнан аспайтын халықтарды есептейді. Оларға Сібірдің және Қиыр Шығыстың, Солтүстік халықтары кіреді: саамдар, ханттар, манси, селькуп, ненцтар, нганастар, кеттер, долгандар, тофалар, эвенкилер, эвендер, негидалықтар, нанайлықтыр, ульчилер, ороктар, орочтар, удэгейліктер, нивхи, алеуттер, ительмендер, коряктар, чукчалар, чувандықтар, эскимостар, юкагирлар, тувиндықтар-тоджиндықтар, шорттықтар, телеуттар, кумандықтар.
Егер де халық өзінің дәстүрлі түріндегі шекарасынан алыс орналасса да, олар өзінің статусын жоғалтпайды және сан жағынан аз ұлттар дәрежесіне ауыспайды. Саны жағынан аз халықтармен, сол сияқты саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.
Егер де барлық сан жағынан аз халықтардың олар ұлттық-территориялық құрылымы бар ма, этникааралық ортада орналасқан ба? - деген сұрақтарды ескерсек бұл өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта аталған халықтардың жиынтығы 200 мың адамды құрайды.
Халықтың саны жағынан аз бөлігімен әлеуметтік жұмыс істеу бағытын үш күрделірек мәселе анықтайды: жұмыссыздық, алкоголизм және ауру сырқат деңгейінің жоғарылығы. Мұндай ұжымдармен әлеуметтік жұмысты тиімдірек ету үшін, мақсатты түрде төрт диаспор тобын бөлуге болады:
-
Ішкі диаспора - өз республикасынан тыс өмір сүріп жатқан, халықтың бөлігі (коми, карелдер, хакастар, алтайлықтар, чуваштар, осетиндер т.б.);
-
Жақын диаспора – тарихи отаны бұрынғы кеңес республикалары (украиндер, белорустер, казақтар, армяндар, грузиндер т.б.);
-
Алыс диаспора – тарихи отаны қиыр шығыс мемлекеттегі ұлттық топтар (немістер, гректер, поляктар, корейцтар, венгрлар, болгарлар, чехтар және т.б.); ұлттық территориялық білімі жоқ, басқа елде немесе Ресейде мемлекеттігі жоқ ұлттық диаспоралар (сығандар, ассирицтар, курдтар және т.б.). Бұл топтардың ерекшелік белгілерінің болмауымен әлеуметтік жұмыс кез-келген елде қолайлы болуы неғайбыл.
Кейбір диаспоралардың тағдыры драмалық қалыптасуы сирек кездеседі. Біріншіден, әрбір дағдарыстық жағдай, егер ол ішкі саяси немесе мемлекетаралық конфликт не болмаса этникалық, саяси, идеалогиялық негіздегі конфликт болмасын, диаспоралар әрқашанда әлсіз болып келеді. Екіншіден, ата-бабаларымыздың ұзақ уақыт бойына жерден қол үзуінің нәтижесі өзінің этникалық мәдениетпен даралығын жоғалтуына әкеп соғады. Ассимилизация қаупі, қорғансыздық сезімі өзінің тайпаларымен байланысты нығайтуға ұмтылдыруды қалыптастырады. Көбіне байырға халықтар оны ұлттық көрініс ретінде қабылдайды.
Адамзаттың этникалық тарихымен бірге ұлттық диаспоралардың пайда болуы этникалық, оның ішінде мәжбүр етушілік, яғни миграцияның нәтижесінде пайда болады. Бір жағынан миграция мемлекет өмірінде тиімді рөл атқарса, екінші жағынан оның пайда болуы байырғы және байырғы емес тұрғындардың арасында конфликтілік жағдайлардың себебі болып отыр. Миграцияны адамзаттың пайда болу құбылысы ретінде қарастыруға болады. Этникалық аз халықтың проблемалары өзінің даралығын және басқалардан ерекшелігін танытатын ұлттық мемлекет пен этностардың пайда болу кезеңінде туындайды. Тарих жеңіліске ұшырағандарды жеңімпаздардың құрамына еңгізе отырып, халықтарды араластырады. Жаулап алынған көптеген халықтар өзінің этникалық тарихын тоқтатады, бірақ әрқашанда бола бермейді.
Әлемде диаспоралы, байырғы емес тұрғылықты халықтың проблемасын шешуден ада болған ешбір мемлекет жоқ. Бұл жағдайда ұлттық диаспораларға қатысты негізгі халықаралық құжаттарды қарастыру өте маңызды болып табылады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 10 желтоқсан 1948жылы қабылданған негізгі құжаты болып адам құқықтарының жалпы деклорациясы табылады. Оның бірінші статьясында былай делінген: «Барлық адамдар құндылық пен құқықтары жағынан еркін және тең болып туылады. Олар ар-ұят пен ақыл-ес қамтылған. Бір-біріне туысқандық қарым-қатынас жасауы керек».
Әлеуметтік қызметтің мазмұны, сипаты көптеген факторларға байланысты. Бірақ қандай да болмасын жағдайда ұлттық диаспоралармен әлеуметтік жұмыс мынадай негізде, яғни жергілікті жағдайда этникалық қауымдастықты және этнос өкілдерін бейімдеу, жаңа жағдайға оларды орналастыру, оларға жұмыс пен білім алуға мүмкіндік тудыру болып табылады. Бұл жұмыстың екінші бағыттылығы – ұлттық даралықты сақтауға, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, психология және мәдени көрсеткіштерін жоғалтқан жағдайда көмек көрсетеді.
Ұлттық диаспоралармен жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: мемлекеттік (федералды), аймақтық және жергілікті.
Мемлекеттік (федералды) деңгей. Ресей халықтарының қызығушылықтарын құқықтық реттеу. Оның ішінде ұлттық диаспораларды да қамтып, Ресей Федерациясының Конститутциясында негізделеді. 19 статьяда былай делінген: мемлекет азаматтың жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарамастан құқық және еркіндік теңдігіне кепілдік береді. Әлеуметтік, нәсілдік, аймақтық, тілдік және діндік деңгейлеріне байланысты азаматтардың кез-келген құқықтарын шектеуге тиым салады.
Ұлттық диаспоралармен заңдылық базаларының жұмысы болып «ұлттық-мәдени автономия туралы» Федеративтік заңды айтуға болады. Ол мемлекеттік думамен 22 мамыр 1996 жылы қабылданып және 5 маусым 1996 жылы Федеративтік Кеңесімен мақұлданған. Заң әкімшілік-территориялық, ұлттық-мемлекеттік білімі жоқ ұлттық диаспораларға кіретін азаматтардың құқықтарын қорғайды. Алғашқы рет көптеген ұлттық қауымдастықтардың дамуына, сақталуына, пайда болуына құқықтық кепілдік береді. Ұлттық-мәдени автономия – құқықтық тұлғасы бар қоғамдық бірлестік. Ол өкілдер еркіндігі, өздігінше және өзіндік басқару, басқа этникалық қауымдастықтардың тілге, мәдениетке, дін мен әдет-ғұрыптарға қатысы бар принцип бойынша әрекет етеді.
Ұлттық-мәдени автономияны құрудың негізгі мақсаты – этникалық қауымдастардың және оның әрбір өкілінің мәдени, рухани, әлеуметтік және этникалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау потенциалын ұйымдастыру.
Бірақ, материалдық базаның жетіспеушілігі өзіндік ұйымдастыру тетігіне, заңды іске асыру тетігіне кедергі келтіреді. Сонымен бірге тиімді болып табылатын факт, біріншіден, ҰМА федералды заңмен қарастырылған, екіншіден, құқық субъектісі болып, ұлттық-мәдени бірлестікке кіретін азамат, ұлттық диаспор өкілі жатады.
Аймақтық деңгейі. Қандай да бір делорация, егер әлеуметтік жұмыс нақты субъектіде жүргізілмесе қажетсіз болып қалады. Әрбір субъект экономикалық, географиялық, климаттық, саяси және этникалық ерекшеліктері бар. Оған қоса әрбір субъектіде ҰМА және аймақтық билікпен өзара байланыс қалыптасады.
Аймақтық деңгейде ұлттық диаспоралар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мен меңгеру өте маңызды. Әртүрлі социалогиялық құрал-жабдықтардың көмегімен байырғы тұрғындардың көңіл-күйі, ұлттық диаспораларға қатынасы, байырғы және байырғы емес халықтардың арасындағы мәдени дистанция туралы көрсеткіш анықталады. Бұндай зерттеудің ғылыми, сонымен бірге практикалық маңызы бар.
Ұлттық диаспора мәселелеріне деген қызығушылық осы диаспора өкілдерінің дауыс үшін күресі кезінде саяси бірлестіктер кезеңінде туындайды. Сосын бұл қызығушылық саябырсиды немесе саяси қызметкерлерге немесе жергілікті билікпен байырғы тұрғындарды “бөтендерге” айдап салушылық сияқты құбылыс байқалады. Көбіне осы негізде шынайы қақтығыстар болып отырады.
Көмек берушілер мен көмек алушылар арасындағы табиғи органикалық байланыс заң түрінде емес, салт-*дәстүр аясында құрылған. Кімге көмек көрсетілсе, сол адам көмек көрсеткен адамға бағынышты болған. Олар көмек берушілерге ризашылық сезімде болған. әлеуметтік жұмыстың пайда болуы бірте-бірте қоғамның салт-дәстүрлік ұстанымын бір жаққа ысырды. Мысалы, жалпыға бірдей болын тоқтатып, алайда ол жойылып кетпей, басқа әлеуметтік институттар арасынан өз орнын тапты. Индивидтіктің өзіндік революциясы пайда болды: егер бұрын адам дәстүрлі қоғамда өмір сүру, қызмет ету тек өзінің қоғамдағы орнына байланысты көмек алатын болса, ол уақыт өте келе одан арылып, индивид болып қалыптаса бастады. Ол енді ата-бабасымен жоғарғы атағына сүйенбей өзінің күшіне сенуге талпынады. Осыны білген әлеуметтік көмектің бүкіл идеологиясы жеңілділік пен жеңілдікті пайдалану концепциясына сүйенеді. Жеңілдікті пайдалануға адамдардың барлығы құқылы емес, тек бір қатарларына ғана артықшылық беріледі.
Қазіргі әлемдік практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік технология көмегімен қоғамдағы әр түрлі мәселелерді, (саяси, басқару, ақпараттық және тагы басқа) мәні мен сипатының көлеміне қарай шешуге болады. Әлеуметтік өзгеруінің объектісі мен субъектісінің қиындығы, әлеуметтік жүмыс проблемасының кешенділігі оның технологизациясын қажет етуде. Әлеуметтік жүмыстың технологизациясы жекелеген операциялармен, процедура түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан келе әлеуметтік мәселлер өзінің ішінде бірнеше мәні жагынан төмен мәселелерге бөлінеді, мүның әр қайсысын өзіндік стандартты әдістермен шешуге болады.
Жергілікті деңгей. Жұмыс бастылық, бейімделу сұрақтары полиэтникалық мәдениетпен этностардың өзара әрекеті болатын нақты жергілікті деңгейде шешіледі. Тұрғылықты халықтың “бөтендерге” қатынасына көптеген мәселелер туындауы мүмкін.
Ұсынылған әдебиеттер
-
Технологии социальной работы: учебник/под общ. ред. проф. Е.И.Холостовой. – М., 2003
-
Социальные аспекты прав человека в документах мирового сообщество. – М., 1996
-
Булатецкий Ю.Е., Мошняга В.П. Миграционные процессы и миграционная политика. – М., 1993
-
Витковская Г.С. Вынужденная миграция: проблемы и перспективы. – М., 1993
-
Лебедева Н.М. Социальная психология этнических миграции. – М., 1993
15 тақырып Тұрақты мекен-жай жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы және оны ұйымдастыру. Қанғыбастықтың әлеуметтік шығу негізі мен себептері. Баспанасыз және қаңғыбастық. Балалар баспанасыздығы. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалардың сипаттамасы. «ТЖБ»,| тұрақты бас панасы жоқ| тұлғаларымен ұйымдастырушылық құқықтық жұмысының негізі. Тұрақты мекені жоқ тұлғалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары. «ТЖБ»тұлғаларына көмек көрсететін әлеуметтік мекемелердің типтері| түнде қону үйлері, әлеуметтік бейімделу орталықтары, әлеуметтік жетімханаларт.б.|. Осы мекемелердегі жұмыстың технологиясы. Тұрақты мекен жайы жоқ тұлғаларға қоғамдық ұйыдардың көрсететін көмектерінің ісәрекеттері.
4 Практикалық сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Әлеуметтік технология, мәні, классификациясы, «әлеуметтік технология» түсінігі. Әлеуметтік технология: типі, түрі. Әлеуметтік технологияның көп қырлығы; оның көп қырлығының анықтамасы, факторлары. әлеуметтік технологияны дифференциялау. Әлеуметтік жұмыс технологиясы оқу пәні ретінде. әлеуметтік жұмыстын технологиялары және оларды топтастыру.
2-тақырып Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы
Классификация деңгейі, технология, әдістің орны мен рөлі. (субъективті деңгей, функциональдық денгей).
Әлеуметтік жұмыс практикасындағы әдіс пен технологияның өзіндік байланысы.
3-тақырып Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру әдістері
Басқару әлеуметтік құбылыс ретінде.
Ұйымдастыру – бөлу әдісі; оның классификациясы.
Басқару функциясындағы классификациясы.
4-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық әдістер. Әлеуметтік жұмыстағы социологиялық зерттеу.
Социологиялық сұрақ жүргізу әдістері мен принциптері. Әлеуметтік-монгиторинг технология ерекшеліктері.
Әлеуметтік мониторинг технология еркшеліктері. Әлеуметтік жұмыстағы жеке адам социологиясы.
5 -тақырып Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістер. Әлеуметтік жұмыстағы психология білімінің рөлі мен мәні.
Әлеуметтік жұмыстағы бихевиористіқ бағыттар.
Когнитивті психология.
Гуманистік бағыт.
6–тақырып Әлеуметтік жұмыстағы педагогикалық әдіс. Әлеуметтік жұмыстағы педагогика мәні мен мазмұны. Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі андрогогика. Әдістер. Сендіру әдісі; сендірудегі үлгерім технологиясы.
7-тақырып Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік зерттеу.
Зерттеу процесінің кезендері. әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік зерттеу әдістері, оларға сипаттамасы (құжаттарды талдау, анкета жүргізу, сандық реттеу)
Әлеуметтік жұмыстағы бейімделу оның орны.
Әлеуметтік бейімделудің ерекшелігі.
Әлеуметтік бейімделу процесінің үш сатысы ( макроорта, микроорта, ішкітұлғалық бейімделу)
8- тақырып Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері.
Әлеуметтік терапияның мәні, оның әр түрлілігі.
Қазіргі кезендегі психотерапияның негізгі бағыттары. әлеуметтік терапия әдістері.
9- тақырып Кенес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық.
Кенес беру әлеуметтік көмек әдісі ретінде.
Топтық және жеке қенес беру.
Нақты және бағдарламалық қенес беру. Қенес беру процесі әлеуметтік қызметкердің қенес беру процесс кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері.
10-тақырып Әлеуметтік жұмыстың технологиясындағы әлеуметтік алдын-алу шаралары.
Адамның барлық өмір іс-әрекетінің саласындағы алдың алу; шаралардың маңызы( салауатты өмір салтының алдын алу; девианттық мінез-құлықтың алдын алу)
Әлеуметтік алдың ала ықпал етудің объектілері.
Әр түрлі топтарымен жүргізетін әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі қолданылатын негізгі алдын алу әдістері.
11 тақырып Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу. Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде.
Әлеуметтік қамқорлық формалары, мүгедек және қарт адамдар.
Әлеуметтік қамқорлық және және қамқорлыққа алу балаларға қатысты патронаттық әрекет.
12 тақырып Отбасындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары
Отбасы әлеуметтендіру институты ретінде.
Отбасындағы қауіп бар қатерлі жағдайы әлеуметтік жұмыстағы қорғау технологиялары.
Отбасылық мәселелердің сипаттамасы.
Отбасындағы қысым көрсету жағдайындағы қолданылатың технологиялары.
Тәрбиесі қиын балалары бар отбасымен жұмыс технологиясы. Нашақорлық пен ішімділікке салынған отбасылармен жұмыс.
13 тақырып Тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың өмір сүрү денгейін көтеру жөніндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.
ҚР аз қамтылған азаматтарды қорғаудың нормативтікқұқықтық базасы.
Адамадардың өмір сүру денгейін реттеу әдістері.
Тұрмыстық жағдайы төмен адамдардың әлеуметтік қолдау көрсетудегі қайырымдылық қорлардың ролі.
14 тақырып Жұмыссыздарымен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Еңбекпен қамтылу және жұмыссыздық.
Жаңаша жағдайыдағы еңбекпен қамтудың әлеуметтікэкологиялық мәселелері.
Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы.
Жұмыссыздарды қолдаудың түрлері мен формалары
15 тақырып Тұрақты мекен-жай жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы және оны ұйымдастыру.
Баспанасыз және қаңғыбастық.
Тұрақты мекені жоқ тұлғалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары. «ТЖБ»тұлғаларына көмек көрсететін әлеуметтік мекемелердің типтері| түнде қону үйлері, әлеуметтік бейімделу орталықтары, әлеуметтік жетімханаларт.б.|.
Осы мекемелердегі жұмыстың технологиясы.
Тұрақты мекен жайы жоқ тұлғаларға қоғамдық ұйыдардың көрсететін көмектерінің ісәрекеттері.
Студенттердің өзіндік зерделеуіне арналған жұмыстың кестесі
1-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы адаптациялық процестер, оларға сипаттама.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыста пайдаланатын адаптациялық жолдарын анықтау және оларды сипаттау.
2-тақырып. әлеуметтік терапия, оның мазмұны.
“Әлеуметтік терапия” ұғымының мәнін ашу, әлеуметтік терапия механизмін түсіну.
3-тақырып. Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиялары
Халықтың әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарымен (балалар, девиантты тәртіпті жасөспірімдер, әйелдер т.б.) әлеуметтік жүргізу ерекшеліктерін анықтау.
№
|
Жұмыс түрі
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бисенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңес
|
Сабақ кестесі бойынша
|
|
|
|
|
н\п
|
2.
|
Семинар сұрақтары бойынша кеңес
|
Сабақ кестесі бойынша
|
|
|
|
|
|
3.
|
СӨЖ бойныша кеңес
|
Сабақ кестесі бойынша
|
|
|
|
|
|
4.
|
Курстық жұмыс бойынша кеңес
|
н\п
|
н\п
|
н\п
|
н\п
|
н\п
|
н\п
|
5.
|
Тест тапсырмалар бойынша кеңес
|
Сабақ кестесі бойынша
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |