5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандық студенттеріне арналған «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133829
1   2   3   4   5   6

Ұсынылған әдебиеттер


  1. Актуальные проблемы теории и практики социальной защиты населения в условиях трансформируемого общества. Мат-лы Республиканской н/практической конференции - Кар-да, 2003.

  2. Закон РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан».

  3. Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан».

  4. Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002.

  5. Храпылина Л.П. Основы реабилитации инвалидов. – М., 1996.

  6. Ярская-Смирнова Е.Р. Социальное конструирование инвалидности. – М., 1999.

24 тақырып Жастармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Қазіргі қоғамдағы жастар мәселесі. Жастармен әлеуметтік жұмыстың тапшылығымен және интегративті моделі. Жастармен әлеуметтік қызмет ету сипаттамасы, құрылымы, жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Жастар қоғамдастығы және оның әлеуметтік қызығушылықтары іске асырудағы ролі. Жастардың кіші мәдениеті және әлеуметтік жұмыстың мүмкіндігі. әлеуметтік қызметкер жастардың субмәдени жағдайындағы әлеміндегі бағыттылығының қажеттілігі.

Жастардың жат қылықтарының профилактикасымен күресу

жолдары.

2 Жасөспірімдердің жағымсыз қылықтарына профилактикалық

көмек көрсету.
Қиын балалар мәселесі психологиялық-педагогикалық проблемалардың ең бастысы. Егерде өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қиындықтар кездеспесе, онда қоғамның жас ерекшелік және педагогикалық психологияға жеке әдістемелерге деген қажеттіліктері болмас еді.

Еліміздің ауыр экономикалық жағдайы, жұмыссыздық, өндірістің құлдырауы бәрі біздің қоғамымызды күрделі қиындықтарға және ішкі қайшылықтарға әкеледі. Әсіресе, осы кезең өскелең буынға ауыр болды. Жастардың арасында, дөрекілік, үлкенді тыңдамау, жауапсыздық, қаталдық пайда бола бастады. Қылмыс күрт өсті. Әрине, құқық бұзушылық үлкендердің арасынанда кездесті. Бірақ, қылмыстың 70 пайызын 30-ға дейінгілер жасаған. Олардың арасынан жасөспірімдерді бөліп көрсетуге болады. Жастар түрлі саяси экстремистік ұйымдардың мүшесі болып, рэкет және мафиямен байланыс жасап, жезөкшелікпен айналысып, сонымен бірге экономикалық қылмыстар жасады. Осындай түрлі жағдайларға байланысты бүгінгі балалар психолог пен педагогтың көмегін қажет етеді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жандандыру, психологиялық дамуын жетілдіру, психологиялық, әлеуметтік көмек беру, оқушылардың тәртіп бұзушылығын болдырмаудың алдын алудың формалары мен әдістерін қолға алу тәртібі қиын.Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Өйткені педагогтар мен ата-аналар тарапынан баланың дамуында адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберіледі.

Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Тәрбиесі қиын балалар бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай қиын тәрбиелі балаларды тудыратын себептердің бірі-үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейрімділікті, яғни қатыгездікті, өзімшілдікті туғызады.

Екінші себеп – бұл отбасындағы сәтсіздік-маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке бұзу.

Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерінің, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Тату отбасында ата-аналар балалардың күнделікті өмірі мен іс-әрекеттеріне басшылық жасайды. Балалардың өздерінің қуанышын, қаиғыларын, ойларын бөлісуге үйретеді, саяси мәселелерді, кітаптарды бірлесе отырып талдайды. Мұндай отбасы балаларын халқының тамаша рухани және еңбек дәстүрлері рухында тәрбиелейді. Осылардың бәрі баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына игі әсер етеді.

Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік тағы басқа тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда, бала білімнен құлықтық сенімге, сенімнен әрекет етуге ұзақ, күрделі жолдан өтеді. Демек, отбасы жеке адамның тәртібі мен мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.

Төртінші себеп – бұл сынып жетекшілерінің тәрбие жұмысындағы олқылықтары мен кемшіліктері. Тәртібі қиын балалар сынып жетекшілерінің іс-әрекеті көпшілік жағдайда кейбір жұмыстармен ғана шектеледі. Олар әңгіме, сынып және оқушылар жиналыстарында талқылау, оқушылардың ата-аналарын мектепке шақыру, олардың ата-аналары істейтін жеріне хабарлау, т.б. Мұндай жалпы және қарапайым жұмыстар бойынша тәртібі қиын балаларды жан-жақты білу мүмкін емес. Оларды жете білу үшін тәртібі қиын балалардың диагноздық белгілерін анықтау қажет.

Ғылыми деректерге қарағанда ондай балаларда байқалатын белгілер: біріншіден, аномальды қажеттілік (маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, т.б.); екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы (мейрімсіздік, жалақорлық, жалғандық, өзімшілдік, т.б.); үшіншіден, ата-аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары; төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.

Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәртібі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:

а) тәртібі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;

ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық-педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;

б) мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.

Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген өнегесін озат мектептердің іс-тәжірибесінен болады.

Біріншіден, педагогикалық ұжым мен ата-аналар комитеті бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.

Екіншіден, мектептегі тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырады. Бұл күнделіктер сыныптан-сыныпқа беріліп, ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістері мен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.

Үшіншіден, тәрбиесі қиын жеткіншек жастағы балаларды әртүрлі жұмыстарға, жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге өздігімен іс-әрекетіне белсенділікпен қатыстырады.

Төртіншіден, мұғалімдерді педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.

Сонымен, әртүрлі жұмыстар тәрбиесі қиын балалардың бірігіп, топтасуына және тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара қатынастың жақсаруына мүмкіндік туғызады.Қазіргі педагогика ілімінің ең күрделі мәселелерінің бірі – жеткіншектер арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаушылық.

Қоғамға жат осындай қылықтар кейінгі 20-25 жыл аралығында психологтар мен тәрбиеші-педагогтардың зерттеулерінің негізгі объектісі болып отыр. Мысалы, американдық психолог Сирил Берд «Жасы толмаған заң бұзушы» атты монографиясында тәртіп бұзушыларды үш топқа бөлді:



  1. Кемістер (дефективные);

  2. Ақыл-есі кемістер, жарым естілер;

  3. Әлеуметтік тәрбиеден тыс, өз бетімен кеткендер.

Американдық заңгер А.Бэндура барлық жас заң бұзушыларды негізгі екі түрге жатқызады:

1) Әлеуметтік ортаға бағынбайтын, қастандық жасауға бейім жеке жүретін жасөспірімдер.

2) Топтасып қылмыс жасауға бейім тұратындар.

Қазіргі «тәрбиесі қиын» балаларды зерттеуші АҚШ, Англия, Германия педагогтары «қылмыскер балалардың келешегіне тұтқа болатын факторлар, алдымен психобиалогиялық қалып, ал әлеуметтік жағдай екінші орында» деген тоқтамға келіп отыр.

Сондай-ақ, оқушыларға адамгершілік құндылықтарды игеру арқылы сындарлы тәрбие беру психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қалыптасу компоненттерін қамтитын белсенді прцесс. Ол процесс, жеткіншек ұрпақтың бойына сапалы адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруге бағытталған тәрбиелік іс-әрекеттер барысында, олардың бойында қоршаған орта ықпалы мен көрініс табатын жағымсыз, яғни девианттық мінез-құлықтан арылуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды да талап етеді. Педагогикалық, социалогиялық сөздіктерде бұл ұғымды былай түсіндіреді. Девианттық мінез-құлық – бұл «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеліп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы.

Демек, жасөспірімдердің бойын ауытқымалы (яғни девянттық) мінез-құлық нышандарынан арылту арқылы, олардың бойына қоғамымызда қабылданып, орнығып келе жатқан рухани жаңа құндылықтың бағдарларды, соның ішінде, әсіресе ең алдымен, ұлтжандылықты, азаматтылықты, жоғары моральдық және адамгершілік қадір-қасиеттер мен мұраттарды, өзге ұлт өкілдеріне деген құрмет пен силастықты, қоғамдық тәртіп ережелері мен құқықтық нормалардың талаптарын мүлтіксіз орындаушылықты қалыптастыру орта мектептердегі оқу-тәрбие процесстерінің негізгі міндеттерінің бірі саналады.

Себебі, қазіргі өтпелі кезеңде қоғам өмірінің кейбір жақтарын қамтыпотырған әлеуметтік дағдарыс (күн көріс көзінен айырылып, жұмыссыз жүрген сөйтіп кедейленуге ұшыраған бұқара көпшілік), жастар бойында (оның ішінде мектеп оқушылары да бар) маральдық тұрғыдан терең күйзеліс сезімін тудырып, оларды кәдімгідей бүлдіруші күшке айналып барады.

Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар ойындармен әуестенушілік, нашақогрлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда.

Жасаөспірімнің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтуынан іс-әрекеттін, ақпарат құралдардан (теледидар, түрлі-түсті би ресми журналдар, т.б.) көргендерінің бәрін тез қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтанда лас ақпарат көздерінен телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы, жағымсыз мәліметтер жастардың нәзік көңіліне, жан дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын себуде, социолг Э.Дюргеймнің сөзімен айтқанда, «тобырлық тұрпайылылыққа» айналдыруда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қару-жарақ саудасы мен наркобизнеспен айналысу – нағыз заңсыз ақша табудың көзіне айналып баражатқандығы ешкімге құпия сыр емес. Ең өкініштісі, қазіргі таңда Қазақстанның оң түстігінде апин шегушілер мен қолданушылардың өз істеріне мектеп жасындағы балаларды тартуы, пайдалануы жиі көрініс беруі. Бұзақылық жасап, жауапқа тартылған көптеген жастардың күнделікті өмірде мағыналы, нақтылы бағыттары жоқ. Олардың ішінде өздері күнде бейне филімдерді көріп жүрген батыстың «сұлу өміріне» еліктеушілер көп сондықтан да, бұлар олардың өмірге деген құштарлықтары осы залалды әдет арқылы қалыптасуда. Әрі көше сомдаған «сәнді өмірден» қалмауға тырысып бағуда. Сондай-ақ, оқушы жастар тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттердің ішкі түрткілік механизм анықтау мақсатында арнайы сауалнамалық зерттеу жүргізілді. Сауалнама сұрақтары жасөспірімдер көп жүретін дискотека, клубтар, кафе-барларда таратылады. Сауалнама сұрақтарына жауап бергендерінің 39%-ті кез келген қылмыстық істі жасауға дайын екендіктерін білдірсе, 21%-ті ондай қылықтардан бас тарту керек деп есептейді, ал қалған 35%-ті қылмыстық әрекеттерге бармауға тырысады.

Сауалнама сұрақтарына қайтарылған жауаптардан байқап отырғанымыздай көбінесе ішімдік ішуге немесе есірткі шегуге үйір жасөспірімдер қылмыс жасауға бір табан болсада жақын тұрады. Жасөспірімдер арасында орныққан келесі бір маңызды фактор-олардың өз құрбы-құрдастары арасында зорлық-зомбылық жасауға әзір тұратындықтары. Сауалнама сұрақтарына жауап бергендерінің 33 %-нің пікіріне қарағанда қазіргі кезде күш көрсетпей еш нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес болса, сұралғандардың 14%-ті адамгершілік жасауды әлсіздік белгісі деп санайды.

Жасаған қылмыстарына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері төмендегңдей болып келеді: 14жастағылар-11%, 15жастағылар-7%, 16-17аралығындағылар 42%, көбіне көп 14 жасар балаларқылмыстық істерді топтасып жасайды. Жалпы 2-3 балалардан құралған топтар қалаларда - 33%-ті құраса, 4баладан құралған топтар - 12%, басқа топтар 6 немесе бданда көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушалардың ең төменгі жасы 14-15 жаса аралығын құрап отыр. Топтасып жасалған қылмыстардың басым көпшілігін ер балалар құүраса, қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық қылықтар жалпы қылмыстың 5%-тін құрайды.

Алынған мәліметтер жасөспірімдер арасында кеңінен таралған қылмыстық істерді, жасалған, ұрлықтың, зорлық-зомбылықтың, бұзақылықтың күш көрсетулердің, жезөкшеліктің, тағы сол сияқты пайда болуы мен дамуы себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер жасөспірімдер тәлім-тәрбиесі мен олардың қоршаған ортадағы тәртібі, бүгінгі қоғам өміріндегі әлеуметтік, педагогикалық өзекті мәселе екендігін айқындай түседі. Бұл мәселенің өзектілігі, оны шешудің бағдарламалық нысандары, 1997 жылғы ел басымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында: «жастар, соның ішінде әсіресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі оларды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. Сондықтан, халық арасында, оқу және тәрбие орындарында салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс-шаралар жүргізілуі тиіс» деп нақтыланған және бұл іс-шаралардың: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкагольді тұтынуды қысқарту, әйел мен баланың денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.

Бұл мәселелер, Қазақстанның әр аймағындағы мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез-құлықтарды ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс-шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай, ұлттық және жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтарды жасөспірім бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамассыз ететін дәрежеде болуын талап етеді.
Ұсынылған әдебиеттер


  1. Мудрик А.В. Социальная педагогика. – М., 2002.

  2. Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика. – М., 2000.

  3. Малер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. – М., 2002.

25 тақырып Орта бейімсіз балалар мен жас жеткіншіектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әлеуметтік дезадаптация және оның алғашқы белгілері. Балалар мен жас жеткіншектердің ортаға бейімсіздік процесіне ықпал етуші факторлар. Жас өспірімдерді әлеуметтік қорғау технолгиялары. Балалардың назардан тыс қалуын және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу. Ортаға бейімсіз балалр мен жасөспірімдерге арналған арнайы мекемелердің жүйесін құру қоғам алдындағы басты міндет. Жасы кәмелетке толмағанда арналған әлеуметтік қалпына келтіру қызметінің сипаттамасы.

.Интернат үйлерінің түрлері мен мазмұны.

2. Интернат үйіндегі әлеуметтік жұмыс.

Жұмыспен қамту туралы заңдарының сақталуын бақылайтын орталық атқарушы орган және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен олардың қызметтері туралы.

Жеке және заңды тұлғалардың жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылығ туралы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің интернат – үйлері.

Интернат – үйлер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 1997-жылғы 13-тамыздағы №134 бұйрығымен бекітілген интернат – үйлер туралы Ережесінің негізінде ашылады және жұмыс істейді, ҚР 1991 жылғы 21 маусымдағы “Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” заңын, ҚР 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типті интернат-үйі, психикалық-жүйке ауруларының интернаты және дамуы артта қалған балаларға арналған балалар иньернат-үйлері туралы Ережелер 4 бөлімнен тұрады.



  1. Жалпы ережесі

  2. Интернаттың міндеттері мен қызметтері

  3. Интернатқа қабылдау, ұстау және шығару шарттары

  4. Интернатты басқару.

  1. Жалпы ережесі бөлімінде осы мекеме жайлы түсініктемелер берілген:

а) бұл созылмалы психикалық аурулармен азап шегетін, күтуді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет етеьін мүгедектердің тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады.

б) интернаттар ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдерінің шешімдерімен құрылады, қайта құрылады және таратылады.



  1. Интернаттың міндеттері мен қызметтері:

  • мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, олар үшін үйдің өміріне жақын, қолайлы жағдайларды құру;

  • тұратындарды күтуді ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу;

  • мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық және еңбек реабилитациясына бағытталған шараларды жүзеге асыру болып табылады.

  1. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері барлық қалалық және аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде ашылған.

Бөлімдер өз жұмысында 1993 жылғы 17 қарашасындағы “Жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері туралы Ережесін” басшылыққа алады.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері бөтен көмекті қажет ететін қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарға қызмет көрсетумен айналысады. Бөлім 80-нен кем емес адамдарға қызмет көрсетеді.

Үйде қызмет көрсетуге психикалық, онкологиялық және инфекциялық аурулармен ауырмайтын бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты және жалғыз тұратын қарт азаматтар, 1 және2 топтағы мүгедектер, қарт және мүгедектер арасынан ерлі зайыптылар қабылданады.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері және соған қатысушылар, қаза тапқан әскери қызметшілер отбасының мүшелері, интернационалист-жауынгерлер бірінші кезекте қабылданады.

Жалғыз басты және жұмысқа жарамсыз азаматтар деп Заң жүзінде оларды асырауға міндетті жұмысқа жарамды балалары жоқтар есептелінеді.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің негізгі қызметі:


  1. Бөлімнің қызмет көрсету аймағында тұратын және бөтен көмекті қажет ететін жалғыз басты қарттар мен жұмысқа жарамсыз азаматтарды анықтау және есепке алу.

  2. Жалғыз басты қарттарға шефтік көмек көрсету мақсатында соғыс және ардагерлері мен мүгедектердің бұрын жұмыс істеген еңбек ұжымдарымен, Қызыл Крест комитетімен және ардагерлер Кеңесімен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланыс жасау.

  3. Интернат үйлерге орналастыру үшін, қамқорлықты, қорғаншылықты анықтау үшін қажетті құжаттарды жиыстыруда көмек көрсету.

  4. Жалғызбасты және жұмысқа жарамсыз азаматтарға әлеуметтік қызметкерлермен әр түрлі қызмет түрлерін ұсыну.

  5. Үйлеріне түскі тамақтарын, шала фабрикаттарды, азық-түлік, өнеркәсіп тауарларын және дәрі-дәрмектерді жеткізу.

  6. Үй заттары мен киім-кешекті жууға, химиялық тазартуға, жөндеуге апарыптапсыру және оны жеткізу.

  7. Тиісті медициналық көмек көрсетілуіне, тұрақты жерін тазартуда, жөндеу жұмыстарына, пәтер ішіндегі сантехникалық жабдықтарды жөндеуге көмек көрсету.

  8. Туған-туыстарға, жолдастарға хат жазысу, коммуналдық қызметтер ақысын төлеу, бір реттік тапсырмаларды орындау.

Үйде қызмет көрсетуді қажет ететіндер зейнеткердің жеке өтінішінің негізінде, осындай көмектің қажеттігі жөнінде медициналық мекеме қорытындысының және жалғыз тұрып жатқан қарт азаматтың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру мәліметтерінің негізінде облыстық, аудандық (қалалық) еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің меңгерушілерінің шешімдері бойынша тіркеледі.

Ережеде бөлім жұмысын ұйымдастыру мәселелері, іс жүргізудің ережелері, әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа алу ережелері туралы айтылған.

4. Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері.

Кемтар балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері өз жұмысын ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” заңының және бөлімдер туралы Ережесінің негізінде жүргізіледі.

ҚР-ның кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңдары ҚР-ның Конституциясына негізделеді және осы заң мен ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Ереже ҚР-ның 2002 жылғы 11-шілдедегі “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңына сәйкес кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы тәртібін анықтайды және 10 бөлімнен тұрады:



  1. Жалпы ережелер.

  • Басқа адамның күтімі мен көмегін керек ететін кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік қорытындысы бойынша көрсетіледі.

  1. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру.

  2. Негізгі міндеттер.

  3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары.

Бұл бөлімде үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары жөнінде жазылған.

  1. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің құқықтары.

  2. Әлеуметтік қызмет көрсету бөлімдерінің қызмет тәртібі мен шарттары.

  3. Үйде қызмет көрсетуге қабылдау шарттары.

  4. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімін басқару.

  5. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру.

  6. Әлеуметтік көмек бөлімдерін қаржыландыру.

5. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары.

Өз жұмысында ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 16-сәуірдегі “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарын құру туралы” Қаулысын басшылыққа алады. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен “Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының қызметін ұйымдастыру ережесі” бекітілген, ереже 9 бөлімнен тұрады:



  1. Жалпы ережелер. Орталықта тұруға құқылы адамдардың санаттары аталып, қай уақытқа дейін болатындығы көрсетілген.

  2. Орталықтарды құру. Орталықтардың құрылу шарттары /100 мың адамнан астам халқы бар қалалар/. Орталықтар өз жұмыстарын денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарымен тығыз әрекеттестікте құрайды.

  3. Орталықтардың жұмыс істеуінің жағдайы мен тәртібі.

Орталықта тұру барысында санитарлық нормаларды сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, жұмыс режимін және ішкі тәртіп ережесін сақтау.

  1. Орталыққа қабылдаудың және онда ұстаудың шарттары. Орталыққа адамдарды қабылдау еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының жолдамасы бойынша сөтке бойына жүргізіледі. Орталыққа қабылдамау айғақтары. Орталықта тұрып жатқан адамдардың міндеттері.

  2. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері.

  3. Медициналық көмекті ұйымдастыру. Орталықта көрсетілетін медициналық көмектің түрлері.

  4. Еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру. Еңбекпен оңалтудың түрлері.

  5. Орталықтарды қаржыландыру. Орталықтарды қаржыландыру көздері анықталған. Орталықты қаржыландыру жергілікті қаражаттың есебін және ҚР-ның заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінен жүзеге асырылады.

  6. Орталықтың қызметін бақылау. Орталықтың қызметін бақылау үшін облыс әкімдерінің шешімімен әкімшіліктің, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының, қоғамдық, діни және өзге де ұйымдардың өкілдерінен қамқорлық кеңестері құрылады.

Осы ереже белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталықтарының қызметін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді.

Мүгедек балаларды әлеуметтік, творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы.

ҚР-ның 1991 жылғы “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалу туралы” Заңына сәйкес 2003 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды қаласында мүгедек балаларға және олар тәрбиеленетін отбасыларына көмек көрсететін “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының жанында кемтар балаларды әлеуметтік , творчестволық және еңбекпен оңалтудың Орталығы жұмыс істей бастады. Орталық “Лучик-Надежды” қоғамдық қайырымдылық қорының Кеңесімен бекітілген Ереженің негізінде жұмыс істейді.

Орталықтың мақсаты және міндеттері:

-кемтар балалар мен жастардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі және шоғырлануы;

-бейімделмеген балалардың пайдасына оңалту мәселелері бойынша тиімді педагогикалық технологияларды жүзеге асыру;

-мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау көрсетумақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің күштерін біріктіру;

-үздіксіз білім мен тәрбие жүйесін жүзеге асыру;

-ҚР-ның “Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңымен қарастырылған даму және оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеп, меңгеру;

-Орталықта мүгедек балалардың шығармашылық және кәсіптік дамуы және білім жүйесін әзірлеу және енгізу.

Бағдарламалардың мазмұны оңалту Орталыққа баратын кемтар балалардың жеке мүмкіндіктерімен психофизикалық даму ерекшеліктерінен әзірленеді.

Білімдік процесс коррекциялық педагогика саласындағы мамандармен жүзеге асырылады. Білімдік процестің қатысушылары болып педагогика қызметкерлері, мүгедек балалар және олардың ата-аналары табылады.



Ұсынылған әдебиеттер

  1. Е.И. Холостова “Социальная работа: теория и практика” Москва, 2001

  2. П.Д. Павленок “Основы социальной работы” Москва, 1997

  3. Панов А.В. “Социальная работа как наука, вид профессиональная деятельности и специальности в системе высшего оброзования” Россиский журнал социальной работы, 1995 №1.

  4. Энциклопедия социальной работы Т-1,3 Москва, 1993

  5. Колков В.В. “Формирование учебных дисциплин в области теории социальной работы” Россиский журнал социальной работы. Москва, 1997 №1.

  6. Курбатов В.И. “Соцальная работа” Москва 1999.

  7. Фирсов М.В. “Антология социальной работы” Москва, 1994-1996.

  8. Сарсенова Ж.Н. “Әлеуметтікң жұмыс” Алматы, 2004.

  9. Панова А.М., Холостова Е.И. “Справочное пособие по социальной работе” Москва, 1997.

  10. Колков В.В. “Эффективность социальной работы” Москва, 1998.

  11. Фирсов М.В. “Антология социальной работы” Москва, 1994

26 тақырып Тұрмыс жағдайы төмен тұрғындардың өмір сүрү денгейін көтеру жөніндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы. «Қажеттіліктер», «өмір сүру денгей», «қаражаттың төменгі сатысы» «кедейшілік шенбері» ұғымдарының мазмұны. ҚР аз қамтылған азаматтарды қорғаудың нормативтік­құқықтық базасы. Адамадардың өмір сүру денгейін реттеу әдістері. Тұрмыстық жағдайы төмен адамдардың әлеуметтік қолдау көрсетудегі қайырымдылық қорлардың ролі.

27 тақырып Қоныс уадарушылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Қоныс уадару ­ әлеуметтік құбылыс. ҚР көш­қон саясатының басты бағыттары. Көші­қонушылармен әлеуметтік жұмыстың екі түрі: әлеуметтәк жұмыс тәжірибесі ұйымдастыру жұмыстары.

Қоныс уадарушылармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесін негізгі бағыттары| әлеуметтік бағыт, әлеуметтік ақпараттық, әлеуметтік­ психологиялық, әлеуметтік­педагогикалық| қоныс аударушылармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың технологиялары.



28 тақырып Жұмыссыздарымен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Еңбекпен қамту қоғамның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды мәселе ретінде. Еңбекпен қамтылу және жұмыссыздық. Жаңаша жағдайыдағы еңбекпен қамтудың әлеуметтік­экологиялық мәселелері. Жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Жұмыссыздарды қолдаудың түрлері мен формалары. Жұмыссыздарды қорғаудағы әлеуметтік қызмет мамандығынынң ерекшеліктері. Жұмыссыздарды қорғау қызметі жүйесіндегі әлеуметтік­ психологиялық жұмыстың мазмұны.

29 тақырып Әлеуметтік-этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиясы. Этникалық орта ұғымы. Әлеуметтік ­этникалық топтармен өзара қарым­қатынастың сипаттамасы және ерекшеліктері. Этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыстың денгейі. |мемлекеттік, аймақтық, жергілікті| Этникалық ортадағы әлеуметтік жұмыс технологиялары. Ұлттық мәдени орталықтардың сипаттамасы және қызметі; халықаралық қатынастағы мәселелерді шешуде олардың ролі. Әлеуметтік этникалық ортада әлеуметтік қызмет көрсету орындардың қызметі; тұрғындармен төтенше психоәлеуметтік қызметі, психоэтникалық кенес беру т.б.

1. Қазақстан Республикасындағы ұлттардың өзара саяси бірлікте болуы

2 .Қазақстан - көп ұлт өкілдері мекендеген мемлекет
Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм, күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады, олар кімдер, олар туралы білімдер саны.

Бұл келесі міндеттермен байланысты:



  • Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;

  • Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін топтастыру;

  • Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-құқықтық базасын қарастыру;

  • Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.

Бұл саланың саяси және әлеуметтік қызметінің терминалогиясы терең талдауды және нақтылы қолдануды қажет етеді.

Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі дегеніміз кімдер? Бұлар өздерінің титулдық шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан ұлттар тобы.

“Саны жағынан аз бөлігі” ұғымы “халықтық” деген пысықтауышпен сәйкес қолданғанда белгілі бір ұлттың санын көрсетпейді.

“Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі” ұғымын “саны аз халықтар” ұғымымен салыстыруға болмайды.

Егер де халық өзінің дәстүрлі түріндегі шекарасынан алыс орналасса да, олар өзінің статусын жоғалтпайды және сан жағынан аз ұлттар дәрежесіне ауыспайды. Саны жағынан аз халықтармен, сол сияқты саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.

Егер де барлық сан жағынан аз халықтардың олар ұлттық-территориялық құрылымы бар ма, этникааралық ортада орналасқан ба? - деген сұрақтарды ескерсек бұл өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта аталған халықтардың жиынтығы 200 мың адамды құрайды.

Халықтың саны жағынан аз бөлігімен әлеуметтік жұмыс істеу бағытын үш күрделірек мәселе анықтайды: жұмыссыздық, алкоголизм және ауру сырқат деңгейінің жоғарылығы. Мұндай ұжымдармен әлеуметтік жұмысты тиімдірек ету үшін, мақсатты түрде үш диаспор тобын бөлуге болады:


  • Ішкі диаспора - өз республикасынан тыс өмір сүріп жатқан, халықтың бөлігі (коми, карелдер, хакастар, алтайлықтар, чуваштар, осетиндер т.б.);

  • Жақын диаспора – тарихи отаны бұрынғы кеңес республикалары (украиндер, белорустер, казақтар, армяндар, грузиндер т.б.);

  • Алыс диаспора – тарихи отаны қиыр шығыс мемлекеттегі ұлттық топтар (немістер, гректер, поляктар, корейцтар, венгрлар, болгарлар, чехтар және т.б.); ұлттық территориялық білімі жоқ, басқа елде немесе Ресейде мемлекеттігі жоқ ұлттық диаспоралар (сығандар, ассирицтар, курдтар және т.б.). Бұл топтардың ерекшелік белгілерінің болмауымен әлеуметтік жұмыс кез-келген елде қолайлы болуы неғайбыл.

Кейбір диаспоралардың тағдыры драмалық қалыптасуы сирек кездеседі. Біріншіден, әрбір дағдарыстық жағдай, егер ол ішкі саяси немесе мемлекетаралық конфликт не болмаса этникалық, саяси, идеалогиялық негіздегі конфликт болмасын, диаспоралар әрқашанда әлсіз болып келеді. Екіншіден, ата-бабаларымыздың ұзақ уақыт бойына жерден қол үзуінің нәтижесі өзінің этникалық мәдениетпен даралығын жоғалтуына әкеп соғады. Ассимилизация қаупі, қорғансыздық сезімі өзінің тайпаларымен байланысты нығайтуға ұмтылдыруды қалыптастырады. Көбіне байырға халықтар оны ұлттық көрініс ретінде қабылдайды.

Адамзаттың этникалық тарихымен бірге ұлттық диаспоралардың пайда болуы этникалық, оның ішінде мәжбүр етушілік, яғни миграцияның нәтижесінде пайда болады. Бір жағынан миграция мемлекет өмірінде тиімді рөл атқарса, екінші жағынан оның пайда болуы байырғы және байырғы емес тұрғындардың арасында конфликтілік жағдайлардың себебі болып отыр. Миграцияны адамзаттың пайда болу құбылысы ретінде қарастыруға болады. Этникалық аз халықтың проблемалары өзінің даралығын және басқалардан ерекшелігін танытатын ұлттық мемлекет пен этностардың пайда болу кезеңінде туындайды. Тарих жеңіліске ұшырағандарды жеңімпаздардың құрамына еңгізе отырып, халықтарды араластырады. Жаулап алынған көптеген халықтар өзінің этникалық тарихын тоқтатады, бірақ әрқашанда бола бермейді.

Әлемде диаспоралы, байырғы емес тұрғылықты халықтың проблемасын шешуден ада болған ешбір мемлекет жоқ. Бұл жағдайда ұлттық диаспораларға қатысты негізгі халықаралық құжаттарды қарастыру өте маңызды болып табылады.

Әлеуметтік қызметтің мазмұны, сипаты көптеген факторларға байланысты. Бірақ қандай да болмасын жағдайда ұлттық диаспоралармен әлеуметтік жұмыс мынадай негізде, яғни жергілікті жағдайда этникалық қауымдастықты және этнос өкілдерін бейімдеу, жаңа жағдайға оларды орналастыру, оларға жұмыс пен білім алуға мүмкіндік тудыру болып табылады. Бұл жұмыстың екінші бағыттылығы – ұлттық даралықты сақтауға, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, психология және мәдени көрсеткіштерін жоғалтқан жағдайда көмек көрсетеді.

Ұлттық диаспоралармен жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: мемлекеттік, аймақтық және жергілікті.

Мемлекеттік деңгей. Халықтардың қызығушылықтарын құқықтық реттеу. Мемлекет азаматтың жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарамастан құқық және еркіндік теңдігіне кепілдік береді. Әлеуметтік, нәсілдік, аймақтық, тілдік және діндік деңгейлеріне байланысты азаматтардың кез-келген құқықтарын шектеуге тиым салады.

Аймақтық деңгейі. Қандай да бір деклорация, егер әлеуметтік жұмыс нақты субъектіде жүргізілмесе қажетсіз болып қалады. Әрбір субъект экономикалық, географиялық, климаттық, саяси және этникалық ерекшеліктері бар. Оған қоса әрбір субъектіде ҰМА және аймақтық билікпен өзара байланыс қалыптасады.

Аймақтық деңгейде ұлттық диаспоралар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мен меңгеру өте маңызды. Әртүрлі социалогиялық құрал-жабдықтардың көмегімен байырғы тұрғындардың көңіл-күйі, ұлттық диаспораларға қатынасы, байырғы және байырғы емес халықтардың арасындағы мәдени дистанция туралы көрсеткіш анықталады. Бұндай зерттеудің ғылыми, сонымен бірге практикалық маңызы бар.

Ұлттық диаспора мәселелеріне деген қызығушылық осы диаспора өкілдерінің дауыс үшін күресі кезінде саяси бірлестіктер кезеңінде туындайды. Сосын бұл қызығушылық саябырсиды немесе саяси қызметкерлерге немесе жергілікті билікпен байырғы тұрғындарды “бөтендерге” айдап салушылық сияқты құбылыс байқалады. Көбіне осы негізде шынайы қақтығыстар болып отырады.

Жергілікті деңгей. Жұмыс бастылық, бейімделу сұрақтары полиэтникалық мәдениетпен этностардың өзара әрекеті болатын нақты жергілікті деңгейде шешіледі. Тұрғылықты халықтың “бөтендерге” қатынасына көптеген мәселелер туындауы мүмкін.

Қазақстан халқының топтасқандығы көбінесе дұрыс ұлттық саясатта ғылыми тұрғыға негізделген. Республикада бүгінгі таңда ұлтаралық қарым қатынас процессі жан-жақты талданған. Қазіргі жағдайда елдегі ұлт саясатының нақты мақсаттарын, мазмұндарын, олардың күрделілігін, қайшылықтарын жете талдау маңызы ерекше болып отыр. Қоғамдық прогрес пен бірігу әлеуметтік серіктестік саясаты ұлт мүддесін шешумен, ұлт саясатын жоғары көтеру деңгейімен табиғи ұштасып отыр. Елдегі ұлттық қарым-қатынас саясатының дұрыс жүргізілуі бүгінгі таңда көпұлтты халқымыздың жетістігі.

Жалпы алғанда саясат мемлекетіміздің үкіметті ұстап тұру, оны пайдалануда әлеуметтік қатынастар мәселесін шешумен байланысты әрекет саласы болып табылады.

Саясаттағы орталық субъектісі - мемлекет. Кез-келген қоғамдық мәселесінің шешілуі мүддеге мемлекет тарапынан нұсқан келтіруі мүмкін. Қазіргі кезде адамзат тап болған жахандық сынақтардың бірі ұлтаралық қақтығыстар қатері болып табылады. Бүкіл дүниежүзі бойынша біз діни негіздегі өткір қарама қайшылықтарды тереңдете түскен ұлтаралық шиеліністердің өсуін көріп отырмыз. Осыған байланысты бүгінгі күні бір ұлттан мемлекеттердің алдында өз қоғамдарына басқа ұлттық еңбек мигранттарының интеграциялануы процесіне негізгі проблемасына байланысты көптеген мәселелер қосылып отыр.

Ұлттық мәселерді шешпейінше біздің қоғамымыздағы тепе теңдіктер мен тұрақтылық жағдайында ұстау күрделігі елдің тыныштығы мен бейбітшілігін, оның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін еместігі айқындала түсуде. Әрине, бұл үшін ішкі саясатты дұрыс бағыттап, жүргізу қажет. Соның ішінде Қазақстанда тұратын ұлттардың өзара бірлікте болуын қамтамасыз ету өте маңызды мәселе болып отырғаны анық. Қазақстан демократия мен ізгілік пайдасына жасаған өз тандауына адалдығы әлемдік қауымдастық пен беделді халықаралық ұйымдар арасында жоғары бағалаушылық туғызбай қоймайды.

Қазақстанның ұлтаралық ішкі қатыныстары өзара құрметке және мүдделер мен есептеулерге құрылатын тең құқықтық қауымдастық ретіндегі мемлекетаралық бірлестіктерді дұрыс көреді. Саясатта көпарналық принципін негізге алған біздің еліміз өзіміздің шекаралық бойында бір "қауіпсіздік құра отырып, барлық ұлттардың онды және серпінді дамып келе жатқан қатынастар орнатты.

Бізде тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету, түрлі көзқарастар мен оларды талдау, біздің қоғамның негізгі саяси күштерінің бағдарын үйлестіру, үкімет пен саяси партиялардың және қоғамдық кеңестің мақсаттары болып отырғандығы маңызды деп санаймыз. Қоғам мүдделерін естіртудің жаңа тетіктерін қалыптастыру - бұл демократияландыру процесін дамытудағы оң қадам екендігі сөзсіз. Біздің еліміз қоғамда топтық және әлеуметтік мүдделер жеткілікті дәрежеде айқын тұлғаланып, оларды ашық саясат саласына шығару мүмкін болған шенге жетіп отыр. Мемлекеттің ұлтаралық келісімді сақтап, орнатуға бағытталған саясаты Қазақстандық қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл еліміздегі саясаттың көп арналылығының белгісі.

Қазақстандықтардың этносаяси қауымдасуы басынан өткерген тарихи саяси-әлеуметтік сипатына, рухани-адамгершілік тұрпаттағы қатынастарында біріктірушілік ұйымдық көрініс тауып, өзінің өміршенділік іс-әрекетінің жалғастылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқының топтасқандығы мен қоғамдық болмысы этносаяси тұр ретінде көбіне-көп дұрыс ұлттық саясат жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезде ұлттық қарым-қатынас саясаты ғылыми негізделген болуы керек. Қазақстандықтардың ұлт саясатын жүргізуі көп ұлтты халқымыздың күрделі жетістігі, ұлт мәселесін ғылыми шешілуі мен қоғамдық демократияландыру жемісі.

Қазір ұлтттық проблеманың шешімі сондай-ақ оның кемеліне келуінің басты мақсаттары Қазақстанның жаңаруы болып табылатын, түрлі ұлттар өкілдерінің ортақ тату отбасына бірігуіне ықпал жасауымен маңызды. Ұлттық қауымдастықтар қарым-қатынас орнату саясатында көптеген игішараларды іске асыруда.

Барлық ұлт азаматтарының тендігі принципіне негізделген және іс жүзінде ұждан бостандығы жүзеге асырып отырған мемлекет саясаты атқаратын рөл аз емес. Біз барлық ұлттардың қарым-катынасының дұрыстығын қалаймыз.

Жалпы ұлттық қарым-қатынас саясаты қоғамдағы көп ұлтты мемлекеттер үшін әрқашанда маңызды сфера болып табылады. Ұлттық қарым-қатынас көптеген мемлекеттерде мына жағдайларға байланысты бұзылады: олар біріншіден территориялық жағдайларға байланысты. Екіншіден автономия немесе тәуелсіздік үшін күресте.

Қазақстан үшін ұлттық қарым-қатынас саясатының өз спецификасы бар: Біздің елдегі басқа ұлттармен дұрыс қарым- қатынас тек біздің елде ғана емес, ол дүниежүзінің Азия елдерінде де маңызды.

Ұлттық құрамы мен конфессиялық алуан түрлілігі жағынан Қазақстан бұл күндері жер шарындағы сирек кездесетін мемлекеттердің қатарына жатады. Сан алуан саяси оқиғалар мен геосаяси жағдайларға байланысты осындай құрамда тәуелсіз мемлекетіміз өзінің дамуын күннен-күнге дамытып, алға қарай жылжытуда. Қазақстанның басты ұраны мен идеологиясы ұлтаралық бірлестік, ұлтаралык келісім және ұлтаралық татулық болып отыр. Мемлекеттің еңбасты мақсаты ішкі тұрақтылық пен татулықты сақтау.


. Саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Жоспар

  1. Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі

  2. Әлеуметтік жұмыстағы диаспорлар түрлері

  3. Ұлттық диаспора деңгейлері

Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі жалпы қоғамның әлеуметтік құрылымына барлық әлеуметтік қабаттар мен әлеуметтік демографиялық топтарды, сонымен қатар әлеуметтік құбылыстарды (нашақорлық, алкоголизм, күштеу, экстримизм, терроризм және т.б.) кірістіре отырып сипаттайды. Халықтың саны жағынан аз бөлігімен жұмыс істеудің негізгі шарты ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің ерекшеліктері қандай және қалай пайда болады, олар кімдер, олар туралы білімдер саны.

Бұл келесі міндеттермен байланысты:


  • Ұлттардың санының аз бөлігі, диаспора туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;

  • Ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің әртүрлілігін топтастыру;

  • Олармен әлеуметтік жұмыс істеудің саяси-құқықтық базасын қарастыру;

  • Жақын және алыс шетелдегі ұлттардың саны жағынан аз бөлігінің проблемаларын талдау.

Бұл саланың саяси және әлеуметтік қызметінің терминалогиясы терең талдауды және нақтылы қолдануды қажет етеді.

Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі дегеніміз кімдер? Бұлар өздерінің титулдық шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан ұлттар тобы.

“Саны жағынан аз бөлігі” ұғымы “халықтық” деген пысықтауышпен сәйкес қолданғанда белгілі бір ұлттың санын көрсетпейді.

“Ұлттардың саны жағынан аз бөлігі” ұғымын “саны аз халықтар” ұғымымен салыстыруға болмайды.

Ресей федерациясында саны аз аборигендіктер болып өзінің туған-туыстарынан, дәстүрлі территориясынан алшақ тұратындар, өзіндік тұрмыс салтын сақтаған және 50 мың адамнан аспайтын халықтарды есептейді. Оларға Сібірдің және Қиыр Шығыстың, Солтүстік халықтары кіреді: саамдар, ханттар, манси, селькуп, ненцтар, нганастар, кеттер, долгандар, тофалар, эвенкилер, эвендер, негидалықтар, нанайлықтыр, ульчилер, ороктар, орочтар, удэгейліктер, нивхи, алеуттер, ительмендер, коряктар, чукчалар, чувандықтар, эскимостар, юкагирлар, тувиндықтар-тоджиндықтар, шорттықтар, телеуттар, кумандықтар.

Егер де халық өзінің дәстүрлі түріндегі шекарасынан алыс орналасса да, олар өзінің статусын жоғалтпайды және сан жағынан аз ұлттар дәрежесіне ауыспайды. Саны жағынан аз халықтармен, сол сияқты саны жағынан аз ұлттармен әлеуметтік жұмыстың қажеттілігі туындап отыр.

Егер де барлық сан жағынан аз халықтардың олар ұлттық-территориялық құрылымы бар ма, этникааралық ортада орналасқан ба? - деген сұрақтарды ескерсек бұл өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта аталған халықтардың жиынтығы 200 мың адамды құрайды.

Халықтың саны жағынан аз бөлігімен әлеуметтік жұмыс істеу бағытын үш күрделірек мәселе анықтайды: жұмыссыздық, алкоголизм және ауру сырқат деңгейінің жоғарылығы. Мұндай ұжымдармен әлеуметтік жұмысты тиімдірек ету үшін, мақсатты түрде төрт диаспор тобын бөлуге болады:



  • Ішкі диаспора - өз республикасынан тыс өмір сүріп жатқан, халықтың бөлігі (коми, карелдер, хакастар, алтайлықтар, чуваштар, осетиндер т.б.);

  • Жақын диаспора – тарихи отаны бұрынғы кеңес республикалары (украиндер, белорустер, казақтар, армяндар, грузиндер т.б.);

  • Алыс диаспора – тарихи отаны қиыр шығыс мемлекеттегі ұлттық топтар (немістер, гректер, поляктар, корейцтар, венгрлар, болгарлар, чехтар және т.б.); ұлттық территориялық білімі жоқ, басқа елде немесе Ресейде мемлекеттігі жоқ ұлттық диаспоралар (сығандар, ассирицтар, курдтар және т.б.). Бұл топтардың ерекшелік белгілерінің болмауымен әлеуметтік жұмыс кез-келген елде қолайлы болуы неғайбыл.

Кейбір диаспоралардың тағдыры драмалық қалыптасуы сирек кездеседі. Біріншіден, әрбір дағдарыстық жағдай, егер ол ішкі саяси немесе мемлекетаралық конфликт не болмаса этникалық, саяси, идеалогиялық негіздегі конфликт болмасын, диаспоралар әрқашанда әлсіз болып келеді. Екіншіден, ата-бабаларымыздың ұзақ уақыт бойына жерден қол үзуінің нәтижесі өзінің этникалық мәдениетпен даралығын жоғалтуына әкеп соғады. Ассимилизация қаупі, қорғансыздық сезімі өзінің тайпаларымен байланысты нығайтуға ұмтылдыруды қалыптастырады. Көбіне байырға халықтар оны ұлттық көрініс ретінде қабылдайды.

Адамзаттың этникалық тарихымен бірге ұлттық диаспоралардың пайда болуы этникалық, оның ішінде мәжбүр етушілік, яғни миграцияның нәтижесінде пайда болады. Бір жағынан миграция мемлекет өмірінде тиімді рөл атқарса, екінші жағынан оның пайда болуы байырғы және байырғы емес тұрғындардың арасында конфликтілік жағдайлардың себебі болып отыр. Миграцияны адамзаттың пайда болу құбылысы ретінде қарастыруға болады. Этникалық аз халықтың проблемалары өзінің даралығын және басқалардан ерекшелігін танытатын ұлттық мемлекет пен этностардың пайда болу кезеңінде туындайды. Тарих жеңіліске ұшырағандарды жеңімпаздардың құрамына еңгізе отырып, халықтарды араластырады. Жаулап алынған көптеген халықтар өзінің этникалық тарихын тоқтатады, бірақ әрқашанда бола бермейді.

Әлемде диаспоралы, байырғы емес тұрғылықты халықтың проблемасын шешуден ада болған ешбір мемлекет жоқ. Бұл жағдайда ұлттық диаспораларға қатысты негізгі халықаралық құжаттарды қарастыру өте маңызды болып табылады.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 10 желтоқсан 1948жылы қабылданған негізгі құжаты болып адам құқықтарының жалпы деклорациясы табылады. Оның бірінші статьясында былай делінген: «Барлық адамдар құндылық пен құқықтары жағынан еркін және тең болып туылады. Олар ар-ұят пен ақыл-ес қамтылған. Бір-біріне туысқандық қарым-қатынас жасауы керек».

Әлеуметтік қызметтің мазмұны, сипаты көптеген факторларға байланысты. Бірақ қандай да болмасын жағдайда ұлттық диаспоралармен әлеуметтік жұмыс мынадай негізде, яғни жергілікті жағдайда этникалық қауымдастықты және этнос өкілдерін бейімдеу, жаңа жағдайға оларды орналастыру, оларға жұмыс пен білім алуға мүмкіндік тудыру болып табылады. Бұл жұмыстың екінші бағыттылығы – ұлттық даралықты сақтауға, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып, психология және мәдени көрсеткіштерін жоғалтқан жағдайда көмек көрсетеді.

Ұлттық диаспоралармен жұмыс үш деңгейде жүргізіледі: мемлекеттік (федералды), аймақтық және жергілікті.

Мемлекеттік (федералды) деңгей. Ресей халықтарының қызығушылықтарын құқықтық реттеу. Оның ішінде ұлттық диаспораларды да қамтып, Ресей Федерациясының Конститутциясында негізделеді. 19 статьяда былай делінген: мемлекет азаматтың жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарамастан құқық және еркіндік теңдігіне кепілдік береді. Әлеуметтік, нәсілдік, аймақтық, тілдік және діндік деңгейлеріне байланысты азаматтардың кез-келген құқықтарын шектеуге тиым салады.

Ұлттық диаспоралармен заңдылық базаларының жұмысы болып «ұлттық-мәдени автономия туралы» Федеративтік заңды айтуға болады. Ол мемлекеттік думамен 22 мамыр 1996 жылы қабылданып және 5 маусым 1996 жылы Федеративтік Кеңесімен мақұлданған. Заң әкімшілік-территориялық, ұлттық-мемлекеттік білімі жоқ ұлттық диаспораларға кіретін азаматтардың құқықтарын қорғайды. Алғашқы рет көптеген ұлттық қауымдастықтардың дамуына, сақталуына, пайда болуына құқықтық кепілдік береді. Ұлттық-мәдени автономия – құқықтық тұлғасы бар қоғамдық бірлестік. Ол өкілдер еркіндігі, өздігінше және өзіндік басқару, басқа этникалық қауымдастықтардың тілге, мәдениетке, дін мен әдет-ғұрыптарға қатысы бар принцип бойынша әрекет етеді.

Ұлттық-мәдени автономияны құрудың негізгі мақсаты – этникалық қауымдастардың және оның әрбір өкілінің мәдени, рухани, әлеуметтік және этникалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау потенциалын ұйымдастыру.

Бірақ, материалдық базаның жетіспеушілігі өзіндік ұйымдастыру тетігіне, заңды іске асыру тетігіне кедергі келтіреді. Сонымен бірге тиімді болып табылатын факт, біріншіден, ҰМА федералды заңмен қарастырылған, екіншіден, құқық субъектісі болып, ұлттық-мәдени бірлестікке кіретін азамат, ұлттық диаспор өкілі жатады.

Аймақтық деңгейі. Қандай да бір делорация, егер әлеуметтік жұмыс нақты субъектіде жүргізілмесе қажетсіз болып қалады. Әрбір субъект экономикалық, географиялық, климаттық, саяси және этникалық ерекшеліктері бар. Оған қоса әрбір субъектіде ҰМА және аймақтық билікпен өзара байланыс қалыптасады.

Аймақтық деңгейде ұлттық диаспоралар туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мен меңгеру өте маңызды. Әртүрлі социалогиялық құрал-жабдықтардың көмегімен байырғы тұрғындардың көңіл-күйі, ұлттық диаспораларға қатынасы, байырғы және байырғы емес халықтардың арасындағы мәдени дистанция туралы көрсеткіш анықталады. Бұндай зерттеудің ғылыми, сонымен бірге практикалық маңызы бар.

Ұлттық диаспора мәселелеріне деген қызығушылық осы диаспора өкілдерінің дауыс үшін күресі кезінде саяси бірлестіктер кезеңінде туындайды. Сосын бұл қызығушылық саябырсиды немесе саяси қызметкерлерге немесе жергілікті билікпен байырғы тұрғындарды “бөтендерге” айдап салушылық сияқты құбылыс байқалады. Көбіне осы негізде шынайы қақтығыстар болып отырады.

Көмек берушілер мен көмек алушылар арасындағы табиғи органикалық байланыс заң түрінде емес, салт-*дәстүр аясында құрылған. Кімге көмек көрсетілсе, сол адам көмек көрсеткен адамға бағынышты болған. Олар көмек берушілерге ризашылық сезімде болған. әлеуметтік жұмыстың пайда болуы бірте-бірте қоғамның салт-дәстүрлік ұстанымын бір жаққа ысырды. Мысалы, жалпыға бірдей болын тоқтатып, алайда ол жойылып кетпей, басқа әлеуметтік институттар арасынан өз орнын тапты. Индивидтіктің өзіндік революциясы пайда болды: егер бұрын адам дәстүрлі қоғамда өмір сүру, қызмет ету тек өзінің қоғамдағы орнына байланысты көмек алатын болса, ол уақыт өте келе одан арылып, индивид болып қалыптаса бастады. Ол енді ата-бабасымен жоғарғы атағына сүйенбей өзінің күшіне сенуге талпынады. Осыны білген әлеуметтік көмектің бүкіл идеологиясы жеңілділік пен жеңілдікті пайдалану концепциясына сүйенеді. Жеңілдікті пайдалануға адамдардың барлығы құқылы емес, тек бір қатарларына ғана артықшылық беріледі.

Қазіргі әлемдік практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік технология көмегімен қоғамдағы әр түрлі мәселелерді, (саяси, басқару, ақпараттық және тагы басқа) мәні мен сипатының көлеміне қарай шешуге болады. Әлеуметтік өзгеруінің объектісі мен субъектісінің қиындығы, әлеуметтік жүмыс проблемасының кешенділігі оның технологизациясын қажет етуде. Әлеуметтік жүмыстың технологизациясы жекелеген операциялармен, процедура түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан келе әлеуметтік мәселлер өзінің ішінде бірнеше мәні жагынан төмен мәселелерге бөлінеді, мүның әр қайсысын өзіндік стандартты әдістермен шешуге болады.

Жергілікті деңгей. Жұмыс бастылық, бейімделу сұрақтары полиэтникалық мәдениетпен этностардың өзара әрекеті болатын нақты жергілікті деңгейде шешіледі. Тұрғылықты халықтың “бөтендерге” қатынасына көптеген мәселелер туындауы мүмкін.


Ұсынылған әдебиеттер


  1. Технологии социальной работы: учебник/под общ. ред. проф. Е.И.Холостовой. – М., 2003

  2. Социальные аспекты прав человека в документах мирового сообщество. – М., 1996

  3. Булатецкий Ю.Е., Мошняга В.П. Миграционные процессы и миграционная политика. – М., 1993

  4. Витковская Г.С. Вынужденная миграция: проблемы и перспективы. – М., 1993

  5. Лебедева Н.М. Социальная психология этнических миграции. – М., 1993


Ұсынылған әдебиеттер
1.Технологии социальной работы: учебник/под общ. ред. проф. Е.И.Холостовой. – М., 2003

2.Социальные аспекты прав человека в документах мирового сообщество. – М., 1996

3.Булатецкий Ю.Е., Мошняга В.П. Миграционные процессы и миграционная политика. – М., 1993

4.Витковская Г.С. Вынужденная миграция: проблемы и перспективы. – М., 1993

5.Егемен Қазақстан – 2002-22 қазан

6.Егемен Қазақстан – 2003-12 қараша

7.Саясат – 2003-№8

8.Қожакеева А.Т. Қазақ диаспорасының тарихы

9.Лебедева Н.М. Социальная психология этнических миграции. – М., 1993

30 тақырып Әйелдер қауымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы. Әйелдердің әлеуметтік мәселелері, спецификасы. Әйелдерге қатысты ҚР мемлекеттік саясаты. . Әйелдер қауымымен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы. Ауыр өмір жағдайларына түскен әйелдер мен балаларға көмек берудің ерекшеліктері мен ұйымдастыру жұмысы.

31 тақырып Әскері қызметтегі адамдар мен олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Әскері қызмет мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде. Әскерілердің әлеуметтік мәселелрдің ерекшеліктері.

Әскерілермен әлеуметтік жұмыстың бағыттары: құқықтарын қорғаудағы тәрбиелік бейімдеушілік және мәдени рекрационалдық шараларды өткізу. Бос уақыт қызметің ұйымдастыру. Жедел қызметткегі әскері адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы. Жедел қызметтегі әскері адамдармен әлеуметтік жұмыс. әскері адамдарға әлеуметтік педагогикалық көмек. әскері адамдар отбасымен қенестесу және терапия жүйесін жүргізуге, олардың отбасындағы түсінбеушіліктің алдын алу. Әскері отбасындағыларға өзара көмек пен өз ­өзіне көмек көрсету.



Әскери қызметкерлер және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясы
Жоспар

I. Әскери қызметкерлердің әлеуметтік проблемаларының спецификасы.

2. Әскери қызметкерлер әлеуметтік мәселелерге байланысты заңдылықтары.
Әлеуметтік жұмыс-ол өмірдің қиын кезеңдерінде тұрған, өз қиыншылықтарын өз бетінше шеше алмайтын әлеуметтік топтар немесе индивидтерге көмек көрсету болып табылады, олар сондықтан мамандардың көмегін қажетсінеді, бір қарағанда, тұрақты әлеуметтік жағдайы бар әскери қызметкер өз қызметінің сипаты бойынша, жеке қасиеттерінің жинағы бойынша халықтың мұқтаж бөлігіне жатпайды: бұлар әдетте орта жастағы азаматтар, денсаулықтары үнемі кәсіби бақылауда болады, қарулы кұштердің өкілдері құрметті әлеуметтік институттың біріне жатады, жоғары әлеуметтік иеленеді, олардың материалдық жағдайлары тұрақты. Дегенмен әскери қызметпен байланысты кәсіби қызметтің спецификасы әскери қызметкерлерге жағымсыз әсер ететін және олардың функцияларын орындауға жағымсыз әсер ететін қандай да бір обьективті факторларды қамтиды.

Ол әрбір қазіргі қоғамдағы әскери күштерге тән, бірақ Ресей федерациясындағы әскери қызметкердің жағдай ерекшеліктері олардың әлеуметтік ситуацияларының ерекше күнделігін негіздейді.

Әскери қызметпен өткен азамат әскери қызметкер болып табылады, олардың заңмен анықталған құқықтық жағдайлары бар.

Әскери қызмет- РФ қарулы күштеріндегі , басқа әскерилердегі( сыртқы әскер, ішкі әскер, өкіметтік байланс әскерлері, РФ теміржол әскерлері, азаматтық оборондар әскерлері) азаматтардың мемлекетік қызметтің ерекше түрі.

Әскери қызметпен өткендерге әскери қызметкерлердің құрамдарын қалыптастырады: солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар, сол сияқты офицерлер: кіші, үлкен, жоғары, сол құрамға әскери қызметкердің статусы, оның субардинацияларық позициясы, материалдық жағдаы байланысты болады, жанама түрде – денсаулық жағдайымен, отбасылық жағдайымен және тб тығыз байланысты . Сондықтан әскери қызметкердің әлеуметік проблемалары белгілі деңгейде қай құрамға жатуына байланысты топтасады.

Әскери қызмет шақыру бойынша ( солдаттар мен матростар, сержантар мен страшиналар үшін немесе контракт бойынша ( әскери қызметкердің барлық құрамына ) жүзеге асады. РФ – да Қарулы күштердің солдаттық және сержанттық құрамында жалпылай әскери негізде тікелей шақыру бойынша жинақталады, дегенмен соңғы жылдары кәсіби армияның және ұйымның қалыптасуы бойынша белгілі шаралар қолданылады.

Дүниежүзілік кезең бойынша әскери қызметке босатылуға және шақырудан жедел босатылуға құқығы жоқ, 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Шақырылудан келесілер босатылады:


  • денсаулық жағдайына байланысты жарамсыз деп табылғандар;

  • әскери немесе альтернативті қызметтен өткендер;

  • басқа мемлекеттің қарулы күштерінде әскери қызметтен өткендер;

  • ауыр қылмыс жасап сотталғандар;

  • әскери қызмет кезінде қаза тапқан туған ағасы бар азаматтар;

Шақырушылардың кейбір категорияларында шақырылуды тоқтата тұру қалыптасады, яғни жоғары оқу орнында күндізіг бөлімде оқыса және басқа жағдайда ; мұндай босатылулардың мерзімі мен жағдайы федеральді заң шығару органдарымен қалыптасады және өзгертілуі мүмкін.

Шақырылу бойынша әскери қызмет мерзімі арқылы әскери қызметін өтеп жатқандарға заң шығарумен қалыптасады.

Әскери қызметкердің ( не олардың отбасыларының ) проблемалары мемлекетік қарулы қорғау бойынша міндеттемелерге негізделген. Бұл сол сияқты әлеуметтік рөлдік жүйенің ерекшеліктерін анықтайды.

Әскери қызметкердің функционалдық міндеттемелері қатаң бекітілген, ал субардинациялық құрылымдары қатаң иерархиялық болып табылады. Жоғарыдағылардың бұйрықтары талқыланбайды, әскери қызмтекердің тұратын жерін және жұмысты таңдап алуға мүмкіндігі жоқ, әскери қызметті өтеп жатқан адам жағымсыз факторлардың әсеріне жиі ұшырайды: эмоционалыд және физикалық ауыртпалық шудың әсері, вибрациялық, химиялық реагенттер, тұйықталған кеңістік, монотония, сенсорлық депривация, басқа әскери қызметкерлермен үнемі контактіде болуға мәжбүр болу, тұлғаралық қысым,тұлғаралық қақтығыстар.

Ресей қоғамының барлық проблемалары мен дағдарыстары елдің әлеуметтік институтының бірі қарулы күштерде айқындалады. Халықтың денсаулық және интеллект сапасының төмендеуі әскери қызметке соматикалық немесе психикалық аурумен ауратындар кез келеді ( бір жағынан, әскери ауыртпалықтар, сапасыз тамақтанулар түрлі ауруға әкеліп соқтырады), қоғамдағы қылмыстың өршуі, нашақорлық пен алкоголизмнің өсуі әскери қызметкерлер жасаған қылмыстың санының өсуін негіздейді. Әскери қызметкердің өз коллегасының тарапынан қылмыстың құрбаны болу қауіптіліг артады.

Қазіргі Ресейдің қарулы күштерінің өткір мәселелерінің бірі- сол қатардағы бірнеше статустың болуы : өзара қатынстың ресми уставтық жүйесі; “ дедовская” жүйе, яғни ресми емес, ол солдаттар арасында кең тарған ; “ жерлестік “ статустық жүйе , яғни мұнда билік ұлттық немесе аймақтық топтамады кең тараған бірнеше статустық жүйенің болуы жаңаша қоғамға тән аномия бейнесін айқындайды, яғни бұрынғы жүйенің құлдырауы және жалпы әлеуметтік моральді- психикалық дағдарыс симтомы болып табылады. Әскери ұжымды басқарудың төмендеуі , тәртіптің құлдырауы, қарулы күштердіе суицидтің белең алуы сол жағдайдың салдары болып табылады.

Елде болып жатқан әлеуметтік- экономикалық қиыншылықтардың салдарынан әскери қызметкердің еңбек ақылары кешеуілдейді, материалдық – техникалық жабдықтау жүйесі құлдырады, техникалар мен қарулар ескірді, бұрыңғы идеалогиялық жүйенің бұзылуы, айталық, патриотизмнің болмауы, Отанды сыртқы жаулардан қорғау парызының болмауы көптеген әскери қызметкерлердің моральді – психикалық дағдарыстың себебі болп табылады.

Әскери реформа жүйесінің айқын еместігі, офицерлер құрамы жапай жұмыстан шығару, тб мәселере әскери қызметің аяқталуы жіне азаматық өмірге бейімделу кезеңінде проблема туындатады.

Соғысқа және қарулы қақтығыстарға қатысқандардың өмірге бейімделуі қиынға соғады: жаралануына байланысты денсаулық жағдайы, материалдық, тұрғылықты, медициналық және әлеуметтік проблемаларын ьастан өткізед, осы проблемаларды шешуге азаматының да, мемлекеттің де бүгінгі таңда шамасы келмейді.

Әскери қызметкердің отбасылары әр отбасына тән қиыншылықтарды бастан кешіреді, дегенмен олардың өзіндік қиыншылықтары бар ( еңбек ақыға байланысты, әйелінің жұмысқа орналасу мүмкіндігінің болмауы, климаттың баларға жақпауы)

Әскери қызметкердің отбасының тағы бір проблемасы- аз қамтамасыз етілуі, себебі оның еңбек ақысы өмір құнынан қалыс қалады, ол қосымша ақы табу заңда тыйым салған. Әскери қызметкердің әйелдері жоғары білім болса да, жұмыс орындарының шектеуліігне байланысты көбінесе жұмысқа орналаса алмайды, ал жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдемақы саны мардамсыз осының барлығы әскериқызметкердің отбасылары әлеуметтік апат жағдайына ұшырауы мүмкін дегенге саяды.

Әскери қызметкермен және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясы әлеуметтік проблемалар сипатын ерекшеленеді. Әскери қызметкер өз құқығын қорғауда және тәрбиелік – бейімділік және мәдени шараларды жүргізуді қажетсінеді.

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты- әскер қызметкердің физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру, басқалармен қарым – қатынасының реттеу әскери қызметке тән субардинациялық қатынасын әлеуметтік әділеттілігінің элеменнтерін енгізу әскери қызметкерлермен әлеуметтік жұмыс жасау тікелей қарулы күштерде де, қоғамға да жүзеге асады, әлеуметтік қызметкерді әлеуметтік қорғау әскери командирдің орынбасарларымен қатар, психологтар, юристер, әскери медициналық мекемелердің мамандары айналысқан жөн. Алайда әрбір рангтегі командирлер мен басшылар өз қарамағындағыларды әлеуметтік қорғау компетенциясын қамтамасыз ету керек.

Негізгі міндеттемелердің бірі- заңда күші бар барлық жеңілдіктер мен құқықтарды сақтау, әскери қызмет етіп жатқан адамдардың жұмысқа қабілеті мен денсаулығына оң әсер ететін тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ету.

Қарулы күштерде “ дедтық” және “ жерлестік” ( дедовский и земляческий) статустық жүйесін яғни ресми емес қатынастарды жоюға тырысу маңызды роль атқарады.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда осындай құбылыстарды толығымен жою мүмкін емес. Қоғамда моральді- психикалық климатты өзгерту қылмыс деңгейін төмендетуді, Қарулы күштерге сотталғандарды әкелмеуді, сол сияқты психикалық немесе психологиялық ауытқулармен ауырғандарды әкелмеуді, әскери қызметтің оның ішінде офицерлердің әскери беделінің жоғарлауды талап етеді.

Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы заңға сәйкес жеңілдіктерге ие болады, сондықтан әлеуметтік жұмыскерлер осы жеңілдіктердің бар екенін айта отырып, оларды қалай алу керек екендігі жөнінде кеңес бергені жөн. Өкінішке орай, жәрдемақылар үнемі төлене бермейді,осыған байланысты жедел қызметтегі әскери қызметкер отбасына адрестік әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс, сол сияқты ақшалай немесе заттық түрде ( тағамдар, киім, отын) мерзімдік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мұндай отбасы уақытша толық емес отбасы ретінде қарастырылады . Әлеуметтік жұмыскер мұндай жағдайда әскери қызметкердің әйелінің жұмысқа орналасуына, баласының балабақшаға орналасуына жәрдемдескені жөн, сол сияқты психологтар қолдау көрсеткені жөн.

Түрлі құрамға жатаын ( офицер, прапорщик, старшина солдат) әкери қызметкер контрактиктің негізгі әлеуметтік проблемалары келесілер:


  • мұқтаждық

  • баларға білім беру мен тәрбиелеу мәселері

  • әскери қызметкердің әйелінің жұмысы мен әлеуметтік жағдай мәселесі

Әскери қызметкерлер мен отбасыларының проблемаларымен қатар, жалпы отбасылық проблемалары мен қатар, спецификалық факторлардынегізделеді: болашаққа сенімсіздігі, материалдық мұқтаждық , қиын қызмет,

Балалар тағдырына қауіптену және тб әскери қызметтен жедел босатылған, сол сияқты жақында ғана босатылғандар әлеуметтік және психологиялық дағдарысыт бастан кешіреді.Сонымен қатар, көптеген әскери қызметкерлер нарықтық қатынас жағдайлары тез бейімделе алмайды.

Контракт бойынша қызмет ететін әскери қызметкермен әлеуметтік жұмыс жасаудың міндеті- олардың құқықтары мен мүмкіндікеріне байланыстыәлеуметтік және заңдық кеңестер беру, тәрбие мүкістіігн түзеу, тб маңызды роль атқарады.

Қарулы күштердің әлеуметтік жұмыс функциясының бірі- әскери қызметкердің жағымыды әлеуметтік- тұрмыстық және әлеуметтік – экономикалық жағдайын қамтамасыз ету.

Әлеуметтің жұмыстың маңызды функциясының бірі- әлеуметтік коммуникация дамуы “ тұлғалралық қысымның, қақтығыстың ликвидациясы”, әскери ұжымды біріктіру осы мақсатты конфликтологияның процедуралар, әңгімелесу түріндегі топтық терапия, ойындар және тб, қарым- қатынас тренингі және коммуникативтік дағдаға үйрету тб .

Әскери қызметкерлер мен олардың отбасының жағдайының жақсаруына әлеуметтік экономикалық жұмыс ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының қорғанысы- Республиканың егемендігі мен аумақтық тұтастығын және шекараларының қол сұғылмастығын қорғауға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттк шаралар жүйесі.

Халық алдындағы өзінің конституциялық прызын орындау –оның бейбіт, жасампаз, еңбегін сенімді қорғау бөлімдер мен бөлімшелерді ұрыстық дайындығын барынша нығайту Қазақстанның әрбір азаматы үшін абыройлы парыз.

“Жалпыға бірдей әскери міндеттілік делінген 1-бапта Қазақстан Республикасының қарулы агресиядан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеті және Қазақстанның бүкіл халқының ісі болып табылатыны туралы айттым.

Қазақстан Республикасын қорғау ұлты мен әлеуметтік тегіне, тұрғылықты орнына, мүліктік және лауазымдық жағдайына, кәсібінің тегі мен сипатына, саяси және басқадай сенімдеріне қоғамның ұйымдарымен бірлестіктеріне қатыстылығына қарамастан Республиканың әрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады.

Жалпыға бірдей әскери міндеттілік Қарулы күштердің жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында келтірілген.

Ел Президентінің Қазақстан Халқына жолдауында былай делінген “ салауаты әлі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра ламаймы, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді орындай алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадыр-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз.

“Қазақстан-2030” даму стратегиясы шалғай болашақа көз салып, Қазақстан халқына біздің орнататынымыз не және қандай бағытта итермелейтінімізді айқын ұғындыру үшін қажет болды.

Бейбітшілікті нығайту және көршілес елдермен ынтымақтастыққа болу жөніндегі ішкі саяси тұрақтылыққа және қоғамның топтастығына байланысты.



32 тақырып Тұрақты мекен-жай жоқ адамдармен әлеуметтік жұмыстың технологиясы және оны ұйымдастыру. Қанғыбастықтың әлеуметтік шығу негізі мен себептері. Баспанасыз және қаңғыбастық. Балалар баспанасыздығы. Тұрақты мекен­жайы жоқ тұлғалардың сипаттамасы. «ТЖБ»,| тұрақты бас панасы жоқ| тұлғаларымен ұйымдастырушылық­ құқықтық жұмысының негізі. Тұрақты мекені жоқ тұлғалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары. «ТЖБ»тұлғаларына көмек көрсететін әлеуметтік мекемелердің типтері| түнде қону үйлері, әлеуметтік бейімделу орталықтары, әлеуметтік жетімханаларт.б.|. Осы мекемелердегі жұмыстың технологиясы. Тұрақты мекен ­ жайы жоқ тұлғаларға қоғамдық ұйыдардың көрсететін көмектерінің іс­әрекеттері.

4 Практикалық сабақтардың мазмұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет