5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандық студенттеріне арналған «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133829
1   2   3   4   5   6

Қолданылған әдебиеттер


  1. Сорвина А.С. Социальная работа как феномен цивилизованного общества. – М., 1994.

  2. Теория и методика социальной работы / Под ред. И.Г.Зайнышева. – М., 1994.

  3. Технологии социальной работы в различных сферах жизнедеятельности. / Под общей ред. П.Д.Павленка. – М., 2004.


10-тақырып Әлеуметтік –экономикалық әдістері әлеуметтік міндеттерді шешудегі материалдық негізі экономика болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізггі принциптері. әлеуметтік жұмыс әдісінедегі әлеуметтік-экономикалық сипат. әлеуметтік –экономикалық кепілдеме беру жүйесі кірістерді санау әлеуметтік жұмыстағы маткматикалық, статистикалық әдіс.

11-тақырып Әлеуметтік қауымдар және топтармен әлеуметтік жұмыс жүргізу. Топ : топтардың негізгі типі. Топтармен әлеуметтік жұмыс әдістерді реттеу, теориясы (әлеуметтік жүйе теориясы, әлеуметтік ауыстыру теориясы). Топар әдісіне сипаттама ( анкета жүргізу, социометрия, референтометрия, топтық дискуссиясы, іс-ойыны, әлеуметтік-психологиялық тренинг) әлеуметтік топа жұмыстарына қажеттілік туғызатын және қиындық туғызатын факторлар.

Әлеуметтік қауымдық; әлеуметтік жұмыс қауымдығының әдістері.(микроәлеуметтік орта)



12-тақырып Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы әлеуметтік зерттеу. Әлеуметтік жұмыстың жалпы технологиясы, функциясы. әлеуметтік зерттеудің мәні мен ерекшеліктері. Зерттеу процесінің кезендері. әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік зерттеу әдістері, оларға сипаттамасы (құжаттарды талдау, анкета жүргізу, сандық реттеу)

13- тақырып әлеуметтік жұмыстағы бейімділік процестері және оларды реттеу әдістері.

Әлеуметтік жұмыстағы бейімделу оның орны. Әлеуметтік бейімделудің ерекшелігі. Әлеуметтік бейімделу процесінің үш сатысы ( макроорта, микроорта, ішкітұлғалық бейімделу) Әр түрлі топтағы тұрғындардың бейімделу процестерін реттеудегі әлеуметтік жұмыс технологиясы.



14- тақырып Әлеуметтік қалпына келтіру (реабилитация). Әлеуметтік қалпына келтіру(реабилитация) процесс ретінде. әлеуметтік қалпына келтірудің принциптері, түрлері. Әлеуметтік – қалпын келтіру негізгі бағыттары(мүгедектерді әлеуметтік қалпына келтіру, мүмкіндігі шектеулі балалар; бостандықтан айыру орындарда жазасын өтеген тұлғалар т.б.)Қалпына келтіру орталықтардың іс-әрекеті.

15- тақырып Әлеуметтік терапия және оны жүзеге асырудың әдістері. әлеуметтік терапияның мәні, оның әр түрлілігі. Қазіргі кезендегі психотерапияның негізгі бағыттары. әлеуметтік терапия әдістері.

16- тақырып Кенес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық.

Кенес беру әлеуметтік көмек әдісі ретінде. Қенес беру принциптері, түрлері. Топтық және жеке қенес беру. Нақты және бағдарламалық қенес беру. Қенес беру процесі әлеуметтік қызметкердің қенес беру процесс кезіндегі қолданатын әдістері мен тәсілдері. әлеуметтік делдалдық әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Делдақтың формалары. Делдалдық іс-әрекеттің маңызды тәсілдерімен негізгі ұйымдастырудағы сатылары.



17-тақырып Әлеуметтік жұмыстың технологиясындағы әлеуметтік алдын-алу шаралары. әлеуметтік алдын-алу шаралары ұғымы, мазмұны, ерекшеліктері. Адамның барлық өмір іс-әрекетінің саласындағы алдың алу; шаралардың маңызы( салауатты өмір салтының алдын алу; девианттық мінез-құлықтың алдын алу) Әлеуметтік алдың ала ықпал етудің объектілері. Әр түрлі топтарымен жүргізетін әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі қолданылатын негізгі алдын алу әдістері. Алдын алу қызметінің сипаттамасы. Әлеуметтік алдын алуды кешенді жоспарлау.

18 тақырып Әлеуметтік сараптау технологиясы. Әлеуметтік сараптама түсінігі, оның қызметі. Әлеуметтік сараптамаға тапсырыс берудің тәртібі. Сараптамалық жұмыстың бағыттары: басқару шешімдердің сараптау, әлеуметтік­психологиялық сараптама. Соттық ­ психиатриялық сараптама және т.б. Әлеуметтік сараптаманың әдістері және оны топтастыру. Әлеуметтік сараптаманың нәтижелік жағдайы.

19 тақырып Әлеуметтік болжаулардың технологиялары Әлеуметтік болжау және оны топтастыру. Әлеуметтік болжаудың қызметі. Әлеуметті болжауды жүргізудің технологиясы мен сатылары. Топтастрыру әдісі. Әлеуметтік болжау технологиясындағы акпараттық аспект. Жеке ғылыми әдістер және оны топтастыру. Әлеуметтік болжаудағы моделдік болжау әдісі.

20 тақырып Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу. Әлеуметтік қамқорлық және қамқорлыққа алу әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Әлеуметтік қамқорлық формалары, мүгедек және қарт адамдар. Әлеуметтік қамқорлық және және қамқорлыққа алу балаларға қатысты патронаттық әрекет. Әлеуметтік қамқорлық пен қамқаорлыққа алумен байланысты мәселелер. Әлеуметтік қамқорлыққа алуды құжаттанндыру технологиясы.

21тақырып Отбасындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары Отбасы әлеуметтендіру институты ретінде. Отбасындағы қауіп бар қатерлі жағдайы әлеуметтік жұмыстағы қорғау технологиялары. Отбасылық мәселелердің сипаттамасы. Отбасына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлері мен формалары. Отбасына көрсетілетін шұғыл көмектің түрлері .

Отбасындағы қысым көрсету жағдайындағы қолданылатың технологиялары. Тәрбиесі қиын балалары бар отбасымен жұмыс технологиясы. Нашақорлық пен ішімділікке салынған отбасылармен жұмыс. Қарама­ қайшылықтағы, қақтығыстағы отбасымен әлеуметтік жұмыс.



22 тақырып Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс. Қарт адамдар әлеуметтік қауым ретінде. әлеуметтік қартаю теориясы. Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайы. Қарт адамдарды әлеуметтік ­ медициналық реабилитациялау. Қарттармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиясы. Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету және қамту. Қарт адамдарды әлеуметтік қамқорлыққа алу.

1. Қарт адамдар, олардың психологиялық ерекшеліктері және әлеуметтік бейімделуі.

2. Қарттық шақтың тудыратын әлеуметтік проблемаларының ғылыми зерттеулердегідегі талдаулары.
Қарт адамдар - жасы келген, өздеріне ғана тән өмір тәжірибесі мен салты бар ұрпақ. Қарт адамдар өзіне әркашан ықылас пен қамқорлық тілейтін елеулі әлеуметтік топтардың бірі. Атап айтқанда "үшінші ұрпақ" адамдарының мәселелері көпке ортақ. Жасы 60-тан асқандардың бәріне қоғам тапарынан да, қамқорлық қажет. Ал, біздің елімізде соңғы жылдары ғана қалыптасып келе жатқан әлеуметтік кызметкер үшін қарттарға деген қамқорлық кәсіби міндет болып табылады. Әлеуметтік қызметкер қарттардың күнделікті тіршілігіне өмектесіп қана коймай, оларды өмірдің осынау бір күрделі кезеңінен қайыспай өтуге үйретуге тиіс.

Үшінші үрпак адамдары үшін дәрі-дәрмек, зейнетақы мөлшері, т.с.с. маңызды мәселе болғанымен, олардың өмірі әлдеқайда күрделірек. Қарттар қалған өмірін қызықты және алаңсыз өткізгісі келеді. Қарттыққа байланысты проблемалар өзара түсіністік, біріне - бірі қамқорлық жағдайында және ғылым тәжірибенің жетістіктерін кең колдана отырып кана дүрыс шешіледі.

Сондыктан әлеуметтік қызметкер қарт адамдармен тиімді жүмыс істеу үшін, ол ең алдымен олардың психологиялық ерекшеліктерін жақсы білу қажет.

XX ғасырда орасан зор демографиялық өзгерістер болды. Ғасырдың басында әлемдегі адамдардың саны 1 млрд.630 млн. адам болса, қазір бүл көрсеткіш кемінде 3,5 есе өсіп отыр. Онын алдындағы үш ғасырда (1600-1900) халық саны небәрі үш есе өскен болса, жоғарыда айтқанымыздай, XX ғасырдың II жартысында халықтың өсімі үдеп кетті. Соғыстан кейінгі

жылдары басқа демографиялық шамаларға қарағанда, халықтың еңбекке жарамды бөлігін, яғни елдің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілу жағдайын көрсету.

Б¥¥ есебі бойлынша 1950 жылы әлемде 60 жастан асқан 214 млн. адам болса, болжау бойынша келесі жылы олардың саны 590 млн-ға, ал 2025 жылы 1100 млн. адамға жетпек, немесе осы жылдардың ішінде қарт адамдардың саны бес есе өседі. Ал, сол кезеңде жер бетіндегі халықтың саны бар болғаны үш есе ғана көбеймек. Осыған байланысты қоғамның "қартаюы" туралы соңғы кезде көп айтылып жүр.

Қазақстанның демографиялық жағдайына келетін болсақ, бізде де халықтың қартаюы байқалады. Егер, 1990 жылы 60-тан асқандар Қазакстан халқының 10 процентінен аспаса, 1985 жылы 10 процент болды, 2000 17 проценттен асып, 2050 жылы елдің халқының 26 проценті болмак.

Зерттеушілер арасында қарттык және кәрілік деп қай жастарды есептеу керектігі жөнінде кесімді пікір жоқ. Адам өмірін кезеңге бөлуде қашан да субъективті көзқарастар басым болды. Өйткені, нақты тарихи жағдайлар, белгілі бір дәуіріндегі адам өмірінің орташа ұзақтығы түрлі пайымдауларға бастады.

Әйгілі ойшыл әрі дәрігер Әбу Әли Ибн Сина, мысалы, 50-60 жасты кәріліктің басы деп есептеді. Гиппократ адамның жасын туғаннан бастап әрқайсысы жеті жылдан бастап 10 кезеңге бөледі. Қазіргі ағылшын физиологтары адам өмірін бес кезеңге бөліп карастырады: балдырған балалық 7 жаска дейін, балалык - 14 жасқа дейін, жастык шағы - 25 жасқа дейін, бүдан кейінгі ширек ғасыр бойы адам кемелдену кезеңінде, ал 50-ден кейін кәрілік басталады.

Дүниежүзілік Денсаулык Үйымының жіктеуі бойынша 60-74 жас аралығындағылар қарттар , 75-89 жастағылар кәрі, 90-нан асқандар үзақ өмір сүрушілер екен. Бүған коса ересек адамдарды ішінара төрт топқа бөлетін

халықаралық тағы бір жіктеу бар. Ол бойынша: жасамыстар (55-64), карттар (65-74), кәрілер (75-84) және өте кәрілер (85-тен асқандар).

Әдетте, қарттар катарына зейнеткерлікке шыққандарды айтады. Бірақ, бұлайша пайымдау дұрыс бола коймайды, өйткені әр елдің зейнетакыға шығу жасы әртүрлі

Мұндай әртүрлі пікірлердің болатын жөні бар. Өйткені, қарттық өмірдің едәуір ұзақ жасынан өткендіктің белгісі.

Әлемдік психология адамның қартаю проблемасына, оның осы шақтағы өміріне XX - ғасырдың соңында қызығушылық таныта бастады. Шетел психологтары олардың проблемасымен айналыса бастағанда, ең алдымен қарттардың қандай әлеуметтік - психологиялық атмосферада өмір сүргендігін, коғамның оларға деген қарым-катынасын, соңында картаюдың қандай стереотиптері тарағанын зерттей бастады. Осындай зерттеудің нәтижелерінен қарт адамдар дәрменсіз, өз бетінше шешім қабылдай алмайтын қоғамдық функцияларды орындай алмайтын, қоғамға пайда келтірмейтін жандар деген түсінікпен қатар, олар мейірімді, қарым-қатынасқа тез түседі, тәжірибесі мол деген екі түрлі көз карасты көруге болады. Әрине, карттык кезең туралы әртүрлі стереотиптер мен бүрмаланған түсініктер бар. Қарттык шакка - белгілі бір соматикалық, интеллектуалдық және психологиялык проблемалар тән.[42. 86-99 б.]

Қарттық шақтың өзі бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Денсаулығы жақсы, белсенді, жаңа ғана зейнеткерлік демалысқа шыққандар 60 жасқа келгендер, 70 жастағылар бүрынғыдай отбасы, достарымен тығыз байланысты, бірақ кейбіреулері кірістің төмендеуі, жақындарын жоғалту сияқты жағдайлармен кездеседі. 70 жастан кейін әлеуметтік қарым-қатынастары қысқарып, аурулар түрлері көбейе бастайды, 80 немесе 90 жастан кейін адамдар қоршаған ортадан түңіліп, тез шөгіп, созылмалы аурулармен ауыра бастайды. Терісінің солуы, келбетінің өзгеруі, бүлшық еттерінің иілгіштігін жоғалту және қаңқасының ықшамдалуы сияқты мороро-функционалдық өзгерістер көріне бастайды. Адамның сенсорлық қызметі, әсіресе есту қабілеті мен

көзінің көруі төмендейді. Бірақ бұлардың барлығы қартаюдың міндетті

атрибуттары болып табылмайды, олар әртүрлі ауру салдарының, өмірдің келеңсіз жағдайларының немесе коршаған ортаның әсерінің нәтижесінен болуы мүмкін. Кейбір өзгерістерді физикалық жаттығулармен дүрыс тамақтану және жаксы күтіммен тоқатуға немесе жоюға болады. Осындай профилактикалык және денсаулыкты жақсартатын шаралар жүйесі қарттардың өздерінің денсаулығын күту, жүмыска қабілеттігін үзарту, физикалық белсендігін сақтау, өз-өзіне қызмет ету және әлеуметтік қүндылығын сезіну үшін жасалады.

Бүндай шараларды жүргізу үшін медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетудің жаңа түрлері мен әдістерін өңдеп, көптеген шет елдерде бар әртүрлі гериатриялық стационарлық қызмет көрсету, амбулатория -поликлиникалық көмек көрсететін орталықтарды ашу қажет. Көптеген батыс перонтологтары қарттар үшін ең қолайлысы, оларға көрсететін көмекті үйде ұйымдастыру. Өйткені , қартаю және өлімді күту - бүл өте қиын фаза. Сондықтан қарттар мен олардың отбасы мүшелерінің арасында осы кезеңде пайда болатын түсініксіздікті, қыиншылықтарды жету үшін әлеуметтік қызметтердің атқаратын рөлі зор.

Қарттық шақ психологиялық маңызды мәселе екені белгілі. Демографиялық қартаю өскен сайын бүл проблеманың көкейкестілігі арта бастайды.

Барлық өмірлік преспективаның өзгеруіне байлансыты қарт адамдар жалғыздыкты, қандай да бір психологиялық дикомфорттың дәрежесін сезінеді, депрессияға түседі. Ал жағымсыз эмоциялар қартаю процесін жылдамдатады. Сондықтан қоғамда 60-жастан жоғарыдан кейін өлімді күту кезеңі ғана емес , сонымен қатар өмірдің күнды кезеңі деген түсінік қалыптастыру қажет .

Қарттардың өзі сүйіп айналысатын іс-әрекеті немесе әлеуметтік белсенділігі неғүрлым жоғары болса, соғүрлым денсаулығының экономикалық жағдайының өмірге деген қанағаттану деңгейінің жоғары

болатындығын көптеген геронтологтардың зерттеулерінен байқауға болады.

Осылардың барлығын ескере отырып карттық шақтың психологиясы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады.

Қарттық шақ, өмірдің алдыңғы сатыларында көрінген статустардың өзгерістерінен тұрады, бұл - қартаю, зейнеткерлікке шығу, жесірлік.

Бұл сатының алдыңғы сатыларынан айырмашылығы қоршаған ортасы, физикалық не әлеуметтік болсын кеңеймейді, ал керісінше тарылады. Қарттық шақтың, өзінің өмірін ұйымдастыруына байланысты дәрменсіздігі және проблемалары қарт адамдарға психологиялық ауыртпашылық болып тиеді.

Олар бұрынғы дербестігін жоғалтқандықтан және күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырудың өзі басқаларға тәуелді болғандықтан мен - концепциясын өзгертеді. Біреулер мұндай жағдайда тех бейімделсе, екіншілері бейімделе алмайды. Олар өткен өмірін еске алып, артына не қалдырғанын ойлаумен көп уақыт өткізеді.

Адамдардың карттыка карай бет алуы адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгертеді, дүниеге деген көзқарас, өмірдің мақсаты мен мәні, игілік пен бақыт туралы түсініктер басқаша сипат алады, бір сөзбен айтқанда адамдардың өмір салты өзгере бастайды. Бұрын олар қоғаммен өндірілген тікелей байланыста болды, қоғамдық қызметтерге араласты. Ал зейнеткерлікке шыкқаннан кейін көбінесе өндірістен қол үзеді. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде қоғам өмірінің әртүрлі салаларынан тыс қалмайды.

Қарт адамдардың әлеуметтік проблемалары зейнеткерлікке шығуына байланысты және карттықа бет алған жағдайда белгілі бір дәрежеде өзінше әлеуметтік-демографиялық топтың проблемалары болып табылады. Атап айтқанда, олар негізінен мынадай: өмір салтының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе бастауы, қарттықтың бүлжымас табиғи күбылыс екенін сезінуі, денсаулығы кемуіне байланысты тіршілік қызметінің шектеле бастауы. Жүмыс істемеуі (әдетте, қарттардың көбі жүмыс істемейді немесе өз істейді), материалдық жағдайы (зейнетақысы бүрын алып жүрген жалақыдан аз, емделуі қымбат) , мінез-күлқының өзгеруі( психикасыньщ бүзылып, шамщыл бола бастауы. Халықтың бүл категориясының коғамға қажеттілігі немесе қажетсіздігі де күрделі мәселе туғызады. Зейнеткерлерде қоғамға бүрынғыдай пайда келтірмейтін сиякты сезім орнығады. Олардың бүрынғы білімі,ш еберлігі, қабілет - қасиеті керек болмай қалады.

Жасы үлғайған сайын белсенді еңбектен шеттетіле беретін қарттардың өмір салты ғана емесе, отбасылық және әлеуметтік жағдайы да өзгереді. Ер жетіп, дербес түрмыс қүрып кеткен балаларынан алшақтап калуы мүмкін. коғамнан, жақындары мен таныстарынан аулактап, жалғыздық көруі қарттардың мінез-қүлқына кері әсерін тигізеді.

Әрине, мұның бәрі әлеуметтік жағдайларға, жеке адамдарға және оның

жақындарына байланысты. Қарттардың жас ерекшеліктеріне байланысты кінәмшіл, талапшыл болатындығын ескере отырып, әлеуметтік қызметкер оларды қолдауға, қажет кезінде психологиялық көңіл-күйін көтеруге тиіс. Қарт адамдармен жүмысты дұрыс ұйымдастыра білу үшін олардың бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайларын талап-тілектерін жете біліп, тиісті ғылыми, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да бағыттағы зерттеулердің нәтижелерін пайдалана білу қажет.

Осы орайда, мына мағлұматтарды еске алған жөн. Дүниежүзілік Денсаулык сақтау үйымының мәліметтеріне карағанда, 61-70 жас аралығындағы адамдардың түтынатын тағамдарының қуаты 20-30 жас арасындағылардың түтынатынының 79 проценті деңгейінде болуға тиіс. Еңбекке жарамды жастағы адамдардың тәуліктік азық қуаты 2800-3200кал. деп есептеледі. Зейнеткер жасындағы жүмыс істейтін адамға тәулігіне 2450 кал. керек болса, жүмыс істемейтіндер үшін бүл көрсеткіш 2200 кал. дейін азаяды.

Мамандардың есебі бойынша үкыпты пайдаланғанда зейнеткердің киімі мен аяк киіміне еңбек жасындағыларға қарағанда шығын 29,5 процент аз кетеді екен. Және де әйелдер үшін бүл көрсеткіш 31,1 процентке, ал ерлерге шакканда 26 процентке кеміген. Бүл арада жүмыс істейтін әйелдердің киіміне ерлерге карағанда шығынның 40 процент артық болатындығын ескере кетейік.

Қарттардың жеке басына материалдық шығындар аз жүмсалса да, оларға тиісті игіліктер мен қызметтер көбейеді. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда қарт адамдарға 31 түрлі (сақал-шашын алу, моншаға апару т.с.с. қосып алғанда) қызмет қажет екен. Ал іс жүзінде оларға 2-4 түрлі ғана қызмет көрсетіледі. Мысалы, 24 проценті ыстық тамақ әкеліп беруді тілесе, олардың 1-2 процентіне ғана әкеліп беріледі, түратын бөлмесін жуып-шаюды 88 процент қажет етсе мүның 28 процентіне ғана қызмет көрсетіледі.

Ағылшын окымыстысы О.Стивенсонның пікірі бойынша қарттардың басқаға тәуелдігі екі жақты екен. Біреулері - дербестіктен тартынып, камқоршының қолына карайды, оған күнделікті күту жұмыстарын тапсырып қойғысы келсе, екіншілері жалғыздыққа көніп, өзіне-өзі демеу болуға бекінеді.

Қарттар әдетте өмірдің қиын-қыстау кезеңдерінен өтіп, бейнетті көп көргендер. Демек, олар жасы келген шакта өздеріне аз да болса қамкорлық жасалуын тілейді, тіпті талап етеді. Олардың мінез-күлқы денсаулығы сол талаптардың калай орындалатындығына байланысты. Демек, әлеуметтік қызметкерлер қарт және кәрі адамдарға ерекше ықыласпен,мейірімді қарап, олардың талап-тілектерін орындауға ұқыпты болғаны жөн.

Міне, осылайша карттармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер жасы асқан адамдардың әлеуметтік және психологиялык ерекшеліктерін сергек танып, олардың еңбекке араласу мүмкіндігін, денсаулығын, әлеуметтік түрмыстың жағдайларын біліп отыруы кажет.

Ғылым мен техника жөніндегі Европа комиссиясы аясындағы күрылған арнайы үйым (СО8Т А8) қарттар мәселесімен тікелей айналысып, олардың жаңа жетістіктерді пайдалуына камкорлык жасайды.

Әдетте, бүрын өзінің кабілетімен еңбекте жоғары бағаланған ауыр жағдайды бастан кешіреді. Еңбектен кол үзген қарттардың бірқатарының денсаулығы төмендеп, бойы әлжуаз тартады, мінез-қүлқы өзгереді. Өйткені, олар үшін еңбек өмірдің мәні, денсаулыкты сақтаудың бір шарты болған. Бүл жағдай көптен мәлім.

XVIII ғасырдың өзінде неміс ғалымы Христофор Вильгельм Гуфеланд жазған екен: бізде бір жалқау көп жасамаған, ал көп жасағандардың барлығы қашанда қүштарлықпен еңбек еткен, өмірде белсенді болған.

Қарт адамдардың толык мәнді өмірін катамасыз ету үшін оларды қоғамдық өмірге қатыстырудың маңызы зор. 70-ші жылдары біздің елімізде жасамыс адамдардан ерікті тәрбиешілер жасау тәжірибесі болған. Олар балалар отрядтарын, спорт секцияларын, аула командаларын баскарды,

милицияның балалар бөлмелері мен мектептердегі ата-аналар комитетіне

көмектесті. Зейнеткерлер қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын, өндірісте еңбек жағдайы мен қауіпсіздік ережелерін сактауды тексеретін, коғамдык бақылаушылар ретінде сауда ұйымдарының жұмысын қадағалайтын, қалалар мен ауылдарды көркейтуге және көгалдандыруға көмек көрсететін. Бұлардың барлығы қазір жоқ. Қарттарға (тек оларға ғана емес) қамқорлық жасау мақсатында сол бір игі тәжірибені жаңартып, қазір кайта колдануға әбден болады.

Қарт адамдардың өмір салты олардың бос уақытын қалай өткізетініне, ол үшін қоғамның кандай мүмкіндіктер жасайтынына байланысты. Осы тұрғыдан алып карағанда аға ұрпактың өкілдерін түрлі қоғамдық жүмыстарға кездесулерге тартып, карттар үшін арнайы радио және телевизия хабарларын үйымдастыру т.б. шаралар жасау өте қажет.


Ұсынылған әдебиеттер


  1. Актуальные проблемы теории и практики социальной защиты населения в условиях трансформируемого общества. Мат-лы Республиканской н/практической конференции - Кар-да, 2003.

  2. Закон РК «О государственных социальных пособиях по инвалидности, по случаю потери кормильца и по возрасту в Республике Казахстан».

  3. Закон РК «О специальном государственном пособии в Республике Казахстан».

  4. Холостова Е.И., Дементьева Н.Ф. Социальная реабилитация: Учебное пособие – М., 2002.

  5. Храпылина Л.П. Основы реабилитации инвалидов. – М., 1996.

  6. Ярская-Смирнова Е.Р. Социальное конструирование инвалидности. – М., 1999.

23 тақырып Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс технологиясы. Қазіргі жағдайдағы мүгедектерді әлеуметтік қамқорлыққа алу түсінігі. Мүгедектердің және олардың отбасыларының мәселелері. . Әлеуметтік реабилитациялық және технологиялық бағдарлама, оны іске асыру. Әр түрлі топтағы мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау технологиялары. Мүмкіндігі шектеулі балаларды реабилитациялау технологиялары. Мүгедектерге әлеуметтік қызмет ету мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру.

.Мүгедектерді әлеуметтік қорғау.

2.Мгедектер мәселесі.
Әлеуметтік саясат өзінің тар мағынасында әлеуметтік басқару және институттандыруға қатысты әрі әлеуметтік мемлекет халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім беру салалары негізінде қарастырады. Кең мағынасында әлеуметтік саясат механизмдер мен тәсілдердің бірігуіне атқарушы үкімет, орталық және аймақтық үкімет, сол сияқты жергіліктіүкімет әлеуметтік тұрақтылық пен тепе- теңдік арқылы мүмкіндік туғызуға ұмтылады. Әлеуметтік мықты мемлекет адамды экономикалық саясатқа емес, экономиканы адамға байланыстыра дамытады. Әлеуметтік саясаттың басым бағыты- адам, оның еңбектегі мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін дамуы, лайықты дәрежесі.

Өркениетті қоғамның айнымас қызметі болып әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы және әр бағыттылығы мен тиімділігін өркендету болып табылады, негізгі мақсаты- өмірде қиындылық жағдайға тап болған жеке адамға жан- жақты көмек көрсету, өзін- өзі толық игере алатын жағдайға жеткізу.

Соңғы жылдары Қазақстанда қазіргі әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы негізгі білгір субъектілерін әлеуметтік- кәсіби топтар қалыптастыруда. Осы тұрғыдағы кәсіби нарық енді қалыптасып келеді. Іс жүзінде адамдар өздері де, мейірімді шенеуніктер де шеше алмайтын мәселелермен жиі кездеседі. Осы үшін ерекше мамандық адамдары- әлеуметтік қызметкерлер қажет.

1997 жылы 16 маусымда қабылданған Қазакстан Республикасы Президентінің "¥лы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңы [38, 3-бет].

Бұл заңның III тарауының 11 бабында соғысқа қатысушылар мен мүгедектерін берілетін мынадай жеңілдіктер мен кепілдіктер көрсетілген:


    • егер Қазақстан Республикасының түрғын үй заңына сәйкес

түрғын жағдайын жақсатруға мүқтаж деп танылса және бүрын бірінші

кезекті пәтер алу күқығын пайдаланбаған болса, жергілікті аткарушы

органдар, меншік нысанына карамастан үйымдар, оларды бірінші

кезекте түрғын үймен камтамасыз етеді.



кіру қүқығын иеленеді

    • түрғын үй салу үшін бірінші кезекте жер учаскелерін және төлем

қабілетін ескере отырып, жинак несие-жинак

шоттарында бастапкы коры болмаса да 30 жылға бес проценттік

жеңілдікті кредитпен несие алу күқын иеленеді.

Соғысқа қатысушылар баска түрғын үй берілмейінше қызмет бабындағы

түрғын үйден шығарылмайды.


    • бау үйлерін сатып алуға және салуға, бау учаскісін көркейтуге

жеңілдікті шарттар негізінде несие алу қүқығын иеленеді.

    • байланыс қызметтерінің барлық түрін кезектен тыс пайдалануға қүқылы.

    • амбулаториялық - емхана мекемелерінің қызметін

артықшылықпен пайдаланады және ауруханаға кезектен

тыс жатқызылады.



    • протездермен және протез - ортпедия бұйымдарымен тегін камтамасыз етіледі.

    • тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суык және ыстык сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету)отынға жұмсалатын, телефонды пайдалану, дәрі - дәрмекпен, оптикалық көзгілдірікпен қамтамасыз ету, жалпы жұрт пайдаланатын көліктің барлық түрілген (таксиден басқа) жүру жөніндегі шығындарды төлеу үшін, жергілікті мерзімді баспасөзге жазылу кезінде олардың біреуіне жазылуға арнайы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

    • моншаларға, шаштараздарға осындай қызмет көрсететін кәсіпорындар мен мекемелердің есебінен белгіленген тәртіппен бірінші кезекте және тегін барады. интернат үйлерге бірінші кезекте және тегін орналастырылып, әлеуметтік кызметтің аумақтық орталықтары мен бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі.

    • соғысқа катысқан жалғыздықты адам қайтыс болғанда оны түрғын үй коммуналдык шаруашылық қызметі салт - шаралар рәсімін қолдана отырып көрсетіледі.

    • салық салу жеңілдіктері қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргізіледі.

Бүл аталған заңмен соғысқа қатысқандар оларға теңестірілген азаматтардың қүқығы корғалып, көмек көрсетіледі. Ал бүл адамдардың көбі мүгедектер екені белгілі. Зерттеулерде және әлеуметтік талдауларда мүгедектік және оның түрлері оларға көрсетілетін көмек туралы біздің Республикамыздағы әлеуметтік процестерге сәйкес 1997 жылы 12 маусымда

қабылданған "Қазакстан Республикасында мүгедектігі бойынша

асыраушысынан айырылу жағдайы" бойынша жоғарыда айтылған Заң қабылданды.

Сол Заңға сәйкес қазір Республикамызда әлеуметтік қызмет көрсету жүмысының бірнеше жаңа түрлері енгізіледі.

1. үйде әлеуметтік қызмет көрсету.

2. жартылай әлеуметтік қызмет көрсету.

3. интернат - үйлерде, пансионаттарда қызмет көрсету.

4. жедел әлеуметтік қызмет көрсету

5. әлеуметтік - консультативтік көмек.

6. жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік көмек.

7. отбасындағы қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек.

8. жартылай төлеу деңгейіндегі әлеуметтік кызмет.

9. толық төлеу деңгейіндегі әлеуметтік қызмет

Қазақстан республикасында кейінгі кезде мүгедектер мен қарттарға талдаудың негізгі бағыты оларға дәрігерлік көмек мәселесі де ерекше қолға алынып отыр. Ол жоғарыда айтылған заңда толык көрсетілген. Демек,дәрігерлік - әлеуметтік бағыт комплексті іс-әрекетті қажетсінеді. Оның мәнісі әрбір мүгедектер мен қарттардың қүқықтық, педагогикалык, психологиялық, әлеуметті сипаттағы мәселелерін тек қана дәрігерлік сараптамалар өздерінің қатаң бақылауымен орындалатындығынан.

Заңда көрсетілген және өзінің тиянақты түсінігін алған негізгі мәселе мүгедектер мен қарттарды әлеуметтік қамсыздандыруды басқару аспектісі. Мүның мәнісі, мүгедектер мен карттар еңбекке жарамсыз үш топтағы дәрігерлік-экспертизалық күжаттары бар қоғам мүшелері міндетті түрде леуметтік көмекті алады, оны сол жердегі басқару органы іске асырады.

Мүгедектермен жүмыс барысында және оларға камкорлық жасау әрбір мемлекеттің заң актілерінде декларация көрсетілген төмендегі принциптерді негізге алады:



  1. мүгедектерге әлеуметтік кызмет көрсету олардың азаматтық, мүгедектік, мүдделеріне сәйкес келуі тиісті.

  2. әлеуметтік кызмет көрсету барысында мемлекеттік гарант шеңберінде мүмкіндік туғызуға тиіс.

  3. мүгедектерге көмек және тең жүргізілуі тиіс.

  4. әлеуметтік қызмет көрсету және камқорлық жасау үнемі сабақтастық жүйеде карастырылуы тиіс.

  5. мүгедектерге әлеуметтік көмек пен кызмет барысында мемлекеттік үкімет органдарының барлық басқарушылары мейлінше жауапкершілікте және заң алдында бақылауда.

Әлеуметтік жүмыс барысында мүгедек-карттармен жүмыс жүргізгенде декларацияда жазылған олардың жынысы, ұлты, нәсілі, тегі, кызметтік орны, байлығы, туған орны, дінге катынасы, есепке алынбайды, яғни әлеуметтік қызмет көрсету мемлекеттік органдардың функионалдық міндеті болып табылады және оны іске асыру формалары мүгедектер тарапынан төлемсіз іске асырылады. Міне, осы нормативтік-күқыктық актілерді еске ала отырып Қазакстан Республикасына байланысты берілетін жәрдем ақылар туралы заңында көрсетілген.

Мүгедектік дегенде оның организмдегі функионалдық кемшіліктерімен қатар іс-әрекеттену кабілетінің жіктеулілігімен және өзіне-өзі қызмет ету мүмкіншілігінің аздығын және түлға ретінде қалыптасу кемшілігін еңбек процесіне араласу мүмкіншілігінің жоқтығын түсінеміз. Демек, әлеуметтік салада мүгедектікті анатомо-физиологиялык процесс ретінде карастыра отырып дене дамуының кемшіліктерін есепке алып жүмыс істеу деген сөз. Мүгедектермен әлеуметтік жүмысты үйымдастыру, оларды басқару, оларға кызмет көрсету мен көмек беру, әсіресе мобильді іс-әрекеттерге толық мүмкіндігі жоқ мүгедектерді мемлекет камқорлықпен қамтиды. Мүгедектермен әлеуметтік жүмыс барысында, олардың мүң-мүддесін, қажеттігімен, кызығушылығын қамтитын іс-әрекеттерді мемлекеттік штаттағы арнайы әлеуметтік қызметкер іске асырады. Мүгедектердің тұрмысы мен оларға әлеуметтік қамқорлық көрсету ең алдымен әлеуметтік қызметкердін оларға катысы бар құқықтык негіздерді, ведомстволық кұжаттарды, мүгедектің статусын айқындайтын материалды тиянакты білуді талап етеді. Өйткені БҮҮ жанындағы комитет мүгедектер кұкығын қорғайтын "О правах инвалидов" атты декларацияда соны әлеуметтік қызметкерден талап етеді. Мүгедектермен карттардың леуметтік қажетін өтеуде дүниежүзілік өркенитетті елдер тәжірибесіне сүйенуінде, яғни егер мемлекеттік басқару органдары, олардың комиссиялық бөлімдері, секторлары тікелей қаржының индексациядан өтуіне байланысты оған төленетін төлемнің есептелуін қатаң түрде бақыланып отырса мемлекеттен тыс ведомстволық басқару органдары өз мүгедектігіне карай әлеуметтік мәселелерді қайырымдылык ниетпен шешіп отырады. Заңда көрсетілгендец мүгедектер мен карттарға қамқорлык және кызмет көрсету көп басқышты басқару жүйесі болып табылады. Өйткені әлеуметтік қызмет көрсету қүқықтық спецификалық міндет болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет