5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» мамандық студенттеріне арналған «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары»



бет2/6
Дата13.06.2016
өлшемі1.36 Mb.
#133829
1   2   3   4   5   6

1-тақырып. Әлеуметтік технология, мәні, классификациясы, «әлеуметтік технология» түсінігі. Әлеуметтік технология қоғамдық құбылыс ретінде. Әлеуметтік технология: типі, түрі. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік технология түрі ретінде. Мақсаты мен міндеттері. Әлеуметтік технологияның көп қырлығы; оның көп қырлығының анықтамасы, факторлары. әлеуметтік технологияны дифференциялау. Негізгі дифференциялау –іс-әрекетін негізіне, пән мен объектісіне байланысты болады. әлеуметтік технологияны классификациялау. Әлеуметтік жұмыс технологиясы оқу пәні ретінде. әлеуметтік жұмыстын технологиялары және оларды топтастыру. әлеуметтік жұмыстың технологиялары мен әлеуметтік жұмыс әдістерінің өзара байланысы.


Әлеуметтік технология."Әлеуметтік технология" ұғымы 20-ғ.70-80. ж.ж. Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың күрделенуіне байланысты, қоғамдық даму мәселесін шешуде сапалы әдістердің жаңа түрлерін жасау қажеттілігіне байланысты пайда болды. Осы кезеңде әлеуметтік технологияны әртүрлі аспектіде талдау мен қолдануды қарастырған шетел зерттеулеріне қызығушылық өсті. Болгар зерттеушісі. Н.Г. Стефанов : "Әлеуметтік процестер қаншалықты күрделі болса да, олардың әрқайсысы технологизациялық ықпалдарға түседі.

Мұндағы мәселенің мәні әлеуметтік процестерді технологизациялау емес, оны қалай жасау мәселесінде."

"Адамзат қызметі неғұрлым күрделенген сайын, соғұрлым оны сәйкес кезеңдер мен операцияларға жіктеу көбейеді. Әрекет технология деген атауға ие болу үшін, ол белгілі бір жүзеге асатын саналы және жоспарлы түрде элементтерге бөлшектеуі керек. Әрбір әрекеттің өзіндік ішкі даму логикпсы мен қалыптасуы болғандықтан осы операцияларды орналасу тәртібі мен бірізділігі қалай болса солай қалыптаспайды " дейді.

Осы уақытта берілген мәселеге байланысты алғашқы Отандық зерттеулер пайда болды . Оған көп көңіл бөлгендер Н.С.Данакин , Л.Я.Дятченко, А.К.Зайцев, Л.Г.Ионин .

Бастапқы кезеңдерде мамандар әлеуметтік технология ұғымына және оның қоғамдағы орнына әртүрлі көзқарастарда болды.

В.С.Дудчкенко әртүрлі авторлардың жұмыстарын талдай келіп, берілген ұғымды келесі түрде бөледі:

-Әлеуметтік технология-бұл қоғамдық маңызды мақсатқа қол жеткізуде адамзат қызметін жүзеге асырудың белгілі бір әдісі.

-Әлеуметтік технологияның мәні ондағы әрекеттің (немесе процестің) әдістерге және операцияларға үйлесімді түрде бөлшектенуінде.

-Әлеуметтік технологияның бөлшектенуі шамаланып саналы және жоспарлы түрде жүзеге асады.

-Әлеуметтік технологияның бөлшектенуі ғылыми білімдерді қолданумен және алдынғы тәжірбиелерге сүйеніліп жасанылады.

-Әлеуметтік технология әрекет жүзеге асатын саланың ерекшелігі есебімен құрылады.

-Әлеуметтік технология екі түрде көрінеді: әрекеттің құралдары мен әдістерін қайтадан жасауға бағытталған құрамында тәсілдер мен операциялар бар бағдарлама ретінде және осы бағдарламаға сәйкес құрылған әрекеттің өзі ретінде сол сияқты "жанды" (тіршілік ететін) технология.

-Әлеуметтік технология әрекеттің технологияландырылған мазмұны мен сипатына маңызды түрде әсер ететін бағдарламалар ерекшелігін сипаттайды немесе көрсетеді.

-Әлеуметтік технология адамзат мәдениетінің элементі (транеляция түрі) де (жетіледі) немесе оның заңдылығы бойынша бойынша жасанды пайда болады, құрылады.

Әлеуметтік технология түсінігін белгілі бір мақсатқа құрылған нақтылы қызмет ететін әлеуметтік жүйе және кейбірде арнайы құрылған немесе белгілі бір міндет түрін оңай шешу тәжібиесі , әдістеменің дайын түрі әрекеттің даму алгаритмі деп ұғамыз, мысалы қолданған басқару шешімдерін бақылау жүйесін орындау яғни, әлеуметтік технология адамзат әрекетінің кристаллдандырылған түрі немесе оның (үзіндісі) ізі (фрагмент сөзінен), Ал, Ю.М. Резниктің анықтамасы бойынша әлеуметтік технология бұл әлеуметтік объектілердің басқаруымен олардың диогностикасы проектісімен реттеушісі әрекет шегіндегі типтік міндеттер мен стандартты шешімдерге бағытталған арнайы құрылған және эмперикалық дәлелденген құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Әлеуметтік технологияның мәнісін түсіну үшін келесі үш түсінікті бөліп қарастыуға болады:

-әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы шешу бойынша (шешімдерді басқару) белгілі бір әрекеттер бағдарламасы .

-әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы шешуге бағытталған белгілі бір арнайы дайындалған және бірінен кейін бірі орындалған әрекет;

-әлеуметтік технология-бұл әлеуметтік проблеманы зерттеуге арнайы жасалған бағдарлама.

Қазіргі әлемдік практика көрсетіп отырғандай, әлеуметтік технология көмегімен қоғамдағы әр түрлі мәселелерді, (саяси, басқару, ақпараттық және тагы басқа) мәні мен сипатының көлеміне қарай шешуге болады. Әлеуметтік өзгеруінің объектісі мен субъектісінің қиындығы, әлеуметтік жүмыс проблемасының кешенділігі оның технологизациясын қажет етуде. Әлеуметтік жүмыстың технологизациясы жекелеген операциялармен, процедура түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан келе әлеуметтік мәселлер өзінің ішінде бірнеше мәні жагынан төмен мәселелерге бөлінеді, мүның әр қайсысын өзіндік стандартты әдістермен шешуге болады.

Қазіргі азаматтың технологизация қызметі қогамда әлеуметтік технология мәнін анықтаудың қажеттілігі туындайды. Технология -бүл объектінің сапалы өзгерісі мен өнделудің әдісі мен қүралына негізделген білімдер жүйесі, сонымен қоса оны практикада қолданудың тиімді әдісі. Бүл түсінік материалдың өндіріс саласында нақты орныққан. Ал "Әлеуметтік технология" жаңа пайда болған термин. Бірақ бүл әлеуметтік технологиямен айналыспаган деп айтуга болмады. Оның теориялық негіздері пайда болмастан бұрын, оның практикада пайдалануы кең таралған . Осыған мысал ретінде көптеген уақыт мезгілінде адамдар қоғамдық жүмыстармен айналысты, жинақталған білімдер мен ақпараттарды ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Арнайы дайындалмаған, әлеумтеттік байланыстарды қажет етпеген технология: интуитивті, эмперикалың негізде алынды. Әлеуметтік прогресс өткен тәртіптер, дәстүрлер яғни дәстүрлі процедура және операцияларға мақсатты түрде дайындалмаған, бірақ практикалық қызметте пайдаланды. Отандық және шетел теориясы мен тәжірбиесінде "технология"термині кәзіргі уақытта кеңінен тараған инжинерлік техника сферасында пайда болып осы күні екі мағынада қолданылады:

1)Өндіріс процесін жүзеге асыру үшін қажетті әдістер жиынтығы .

2)Белгілі бір өндірістің әдістерінің ғылыми сипаты.

Бұл термин екі грек сөзінен шығады (өнер шеберлік , істей алу) және (ғылым, білім) шеберлік туралы ғылым практикалық әрекеттің өнері .

"Технология " термині білімнің басқа да салаларында және кәсіби қызметте соның қатарында социология педагогикада қолданыла бастады.

Технологияның үш белгісі бар:

-процестің өзара байланысты кезеңдерге бөлінуі;

-іздеген нәтижеге қол жеткізуде шешуші және міндетті шартты болып табылатын әдістер мен операциялардың рет-ретімен орындалуы.



Әлеуметтік технология ."Әлеуметтік технология" ұғымы 20-ғ.

70-80ж.ж. Ресейдегі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың күрделенуіне байланысты, қоғамдық даму мәселесін шешуде сапалы әдістердің жаңа түрлерін жасау қажеттілігіне байланысты пайда болды. Осы кезеңде әлеуметтік технологияны әртүрлі аспектіде талдау мен қолдануды қарастырған шетел зерттеулеріне қызығушылық өсті. Болгар зерттеушісі. Н.Г. Стефанов : "Әлеуметтік процестер қаншалықты күрделі болса да, олардың әрқайсысы технологизациялық ықпалдарға түседі.

Мұндағы мәселенің мәні әлеуметтік процестерді технологизациялау емес, оны қалай жасау мәселесінде."

"Адамзат қызметі неғұрлым күрделенген сайын, соғұрлым оны сәйкес кезеңдер мен операцияларға жіктеу көбейеді. Әрекет технология деген атауға ие болу үшін , ол белгілі бір жүзеге асатын саналы және жоспарлы түрде элементтерге бөлшектеуі керек. Әрбір әрекеттің өзіндік ішкі даму логикпсы мен қалыптасуы болғандықтан осы операцияларды орналасу тәртібі мен бірізділігі қалай болса солай қалыптаспайды " дейді.

Осы уақытта берілген мәселеге байланысты алғашқы Отандық зерттеулер пайда болды. Оған көп көңіл бөлгендер Н.С.Данакин, Л.Я.Дятченко, А.К.Зайцев, Л.Г.Ионин .

Адамзат дамуына байланысты бүл әлеуметтік байланыстар күрделене түсіп, әлеуметтік басқарудың жаңадан құруын қажет етті. Бірақ ХХ-ғасырдың 70 жылдар ортасында әлеуметтік технологизациялауға күмәндану туындай бастады. Бүл кезеңде ғалымдардың назары әлеуметтік технологияны енгізу және зерттеу мәселесі басты орында болды. Осы мәселенің әртүрлі аспектіде қарастыратын жаңа ғылыми зерттеулер еңбек ретінде Н.Стефанованың "Қоғамдық ғылымдар және әлеуметтік технология" монологиясы болды (1976ж).

Мұнда әлеуметтік процестердің технологизациясы адам қызметінің қүрылымына ягни әлеуметтік технология мәні білімнің жаңадан қүрылуымен адамның әлеуметтік қатынас және процесс жүйесіндегі практикалық әрекетінің тәжербиесі деп түсіндірді.

Әлеуметтік технологияның мазмұны мен мәнін ашып


көрсетуде зерттеушілерді біржақты көзқарас қалыптаспақан. В.Г. Афанасев әлеуметтік технологияға "ғылымның абстрактілі тілінің аудару құралы және басқару механизімінің элементі яғни ... нақты бір тіл... қойылган мақсатқа жету" деп анықтама береді. А.Зайцев -"белгілі бір мақсатқа жетуге негізделген әрекет, әлеуметтік процестің ұйымдастыру құрамымен әдісінің, білімінің жиынтығы" дейді.

В.И Курбатов "әлеуметік технологияга нақтылы сәйкес келетін анықтама" береді. Әлеуметтік технология бүл әлеуметтік объектіге кәсіби әсер ету әдісінің жиынтығы яғни оның әсер ету жүйесін үйлесімді әрекет етуін қамтамасыз етуге, оны қайта жақсартуына мүмкіндігі болады.

Осы барлық анықтама көрсетіп отырғандай әлеуметтік технология мағынасын ашу мақсатпен адамзаттың әрекет етуінің мәні өзара сәйкестілікке негізделген әлеуметтік жүйенің потенциялын пайдалану және зерттеу әдістер, процедура, операциялар басқару субъектісі ретінде және толық әлеуметтік институт ретіндегі жиынтық ретінде қарастыруга болады. Осыдан келе әлеуметтік технология бірізділік операциялардың жиынтығын айқындап, тиімді әлеуметтік нәтижеге жетуге багытталған мақсатты әсер ету процедурасын айтады. Әлеуметтік үрдістердің технологизациясы мынаны көрсетеді:

- процестердің ішкі өзара байланысты кезеңдерге,

операцияларға бөлінуі, бөлшектенуі;

- зерттеу нәтижесіне жетуге багытталған қызметтің


кезеңдік координациясын;

- технологияға енгізілген процедуралар мен операцияларды мағыналы орындау.

Технологизация объектіге әсер етудің әдісі мен тәсілдердің жиынтығын нақты қолдану мен өңдеу ретінде технологияларда, ал әлеуметтік технологизация-әлеуметтік технологияларда базаланады. Әлеуметтік технологияны зерттеу біріншіден, практикалық міндеттерді шешуде белгілі бір ғылымның теориялың нәтижесін қолдану тәсілі ретінде қарастырып екіншіден, әлеуметтік технология белгілі бір әлеуметтік проблемаларды шешуге қолдануга әсер ету әдісі, тәсілі болады.

Әлеуметтік технологияны зерттей келе, оның бірнеше ерекшеліктерін ескерген жөн.

Әлеуметтік технология-бүл технологиялық процестің объекті мен субъектінің қарым-қатынасы типі яғни қарым-қатынас "субъект субъект" негізінде қүрылады. Кәсіби көмек көрсетуге қатысушылардың әрекетінсіз, индивидтің , топтың келісімінсіз әлеуметтік технологияны қолданудың себебі болған жагдайда өзгертуге болмайды.

Әлеуметтік технология- бүл қоғамдық мақсатқа жетудің белгілі бір жолы. Осыган орай әлеуметтік қызметкерлер теориялық білімнен ғана емес, клиентке әсер ету қабілетімен қасиетін білу керек.


Ұсынылған әдебиеттер


  1. Агафонов А.Н., Егоров В.В., Менлибаев К.Н., Нурмагамбетов С.Б. Основы социальной работы. – Караганда, 2002.

  2. Теория социальной работы: Уч. пособие/ М.В. Ромм, Е.В.Андриенко и др. - Новосибирск. – 2000.

  3. Технологии социальной работы / Под ред. Е.И.Холостовой. – М., 2001.

  4. Черная Г.Г. Технологии социальной работы. – Караганда, 2003.

  5. Справочное пособие по социальной работе / Под ред Панова А.И. – М., 1997.


2-тақырып Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшеліктері.

Қазіргі кезендегі әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері; әлеуметтік проблемалар ерекшеліктері. «әлеуметтік жұмыс технологизация» түсінігі

Әлеуметтік жұмыс технологизацияның фуекциясы. Әлеуметтік жұмыс технологиясының негізгі мақсаттары: мәні, приницпы, фуекциясы, мазмұны, кезендері. Әлеуметтік жұмыста әдістерді қолданудың ерекшеліктері.

3-тақырып Әлеуметтік жұмыс моделдерінің технологиялық ерекшеліктері.

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік ұйымдастырушылық-нұсқаулық әдістері. Жүйелік теория: әлеуметтік жұмыс таңдауындағы технологиясы мен ұйымдастырудағы жүйелік байланысы. Әлеуметтік жұмыс практикасындағы экологиялық теориясының « Өмір моделі». Әлеуметтік жұмыс технологиясындағы психологиялық әдістер, оларға сипаттама. Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық әдістерді қолданудағы өзіндік ерекшеліктері. (психодинамикалық модель, экзистенциалдық модель). Әлеуметтік жұмыс практикасын ұйымдастырудағы кешенді модель.


Тұлғаның гуманитарлық үлгілеріне бағытталған технологиялар.

2. Әлеуметтік жұмыстағы психоаналитикалық және психодинамикалық моделі.


Мақсаттар мен өмірлік жоспарлар бала кезден қалыптасады: бала басқалардың нақты мәдениет аясында жеткен жетістіктеріне теңескісі келіп оларға саналы немесе санасыз түрде қарайды. Осы негізде тұлғаның көзқарасы, қызығушылығы, ықыласы оянады. А. Адлердің пікіріне сәйкес тұлғаның басымдылыққа (өмір бойы жинақталған) ұмтылуынан басқа жалпылама сезімі де болады. (туа біткен). Осылайша А. Адлер тұлғаны санасыздықтың қара күштеріне тәуелділіктен құтқаруға тырысты.

Жаңа психодинамикалық тәсіл жалпы адамның тамыры балалық шағында жатқан өткен тәжірибесіне назар аудартады. Осыған байланысты адамның даму барысында балалық шағынан бастап туындап, оның есейген шағында да жалғасып келе жатқан «қақтығыс» - санасыз сәттер, орталық түсінік болады. Мұндай қақтығыстар – мінез-құлық ерекшелігі сезімнің, ойдың және қылықтың индикаторы секілді. Өткендегі тәжірибенің негізінде мінез-құлықтың ерекше жүйесі қалыптасады (сезім, ой және үлгі жиынтығы) Егер бұл неадекватный жағдайлардағы әсерлерде байқалса, онда бұл жағдайларды өткен тәжірибеден қарастыра отырып, бұл «ұйымдық жүйені» тұлғаның алдағы тәжірибесіне ыңғайлана отырып, өзгертуге болады. Адамды үрей мен сенімсіздіктен саналы түрде әрекет ететін, психологиялық қорғаныс деп аталатын өзіндік механизм құтқарады.

А. Фрейд психикадағы саналы және санасыз құбылыстардың кейбір функциялары З. Фрейд түсінгеннен басқаша деген тұжырымға келді. Бірінші кезекте бұл Идтің (Оно) Эгомен (Я) ара қатынасына әсерін тигізді. А. Фрейд З. Фрейд айтқандай Эгоның Идтен толық шықпағанын байқады, сондықтан Я қызметі неғұрлым маңыздырақ және әсерлі. Эго-психология психоанализдің классикалық теориясы секілді қорғау механизмдеріне де үлкен роль атқарады. Психикалық жағдайлар мен қынжылушылық туындауының кілті бола тұрса да, санасыздықтың қатаң басымдығы, не постулируется. Дәстүрлі психоанализге қарағанда, Эго-психологиядағы психикалық көзқарас адамның сеніміне кіріп, оның күші елеулі дәрежеде оны гуманистік бағытқа жақындатады.

Психодинамикалық бағыттағы мұраттарды және Эго-психологияны пайдалану әлеуметтік-психологиялық жұмыста көбінесе түсіністікпен және тұлғаның қорғану механизмдерін есепке ала отырып қамтамасыз етілген.

Қорғану мен қарсылық – адамның ыңғайсыздық пен еске алудан құтқаратын, оларды санасынан шығарып, қатер мен жүйкенің ширығуын санасыз түрде босататын ерекше қабілеттері. Психологиялық қорғану – тұлғаның өзгеруін («қарсылық») тудыратын механизмдердің бірі. Жаңа психодинамикалық тәсілде неғұрлым кең тараған қорғану механизмдері қолданылады: ығыстыру, қарсылық, әсерлестіктің қалыптасуы, ауысу, кері сезім, жабырқаңқылық, шабуылдаушыға ұқсау, аскетизм, интеллектуализация, регрессия, сублимация, ажырау, проекция, экрандау, тас түйін болу т.б. Мұның бәрі Онымен Жоғары Меннің арасындағы балансты сақтауға бағытталған. Қорғаныс механизмінің әрқайсысының өз жетістіктері мен кемшіліктері бар.

Мысалы, ығыстырудың артықшылығы - жағымсыз көңіл-күй жеке тұлғаның санасынан оның тыныштығы үшін ығысып шығады. Бірақ адамнан көп энергиялық шығынды қажет ететін бұл механизм жағдайды түзетпейді де, негізсіз болып шығады.

Психодинамикалық тәсілдің басқадай жаңа тәсілі – «Мен» психологиясы 50 жылдардың соңында пайда болған. Оның негізін салушылардың бірі Х. Кохуттың адамгершілік тенденциялары неғұрлым үлкен дәрежеде ерекшеленетін, жаңа психодинамикалық теорияға тән. «Мен» психологиясының негізгі мәні – Мен-ді өзіндік тойтарыс пен өзіндік қатынас қызметтерін орындайтын рефлексті құрылым ретінде қарастыру.

Мен психологиясының теориясы психоанализді экзистенциональды және гуманистік психологиямен біріктіреді. Кәзіргі уақытта классикалық психоанализ теорияларының альтернативі ретінде қаралады: сезімге, (эмпатияға), жеке тұлғаның субъективті тәжірибесі мен өмір салтына көп көңіл бөлінеді.

Тұлғаға жаңа, өзіндік көзқарастың дамуына ықпал етіп, оның өзара тұлғалық қатынасқа қосылуы - трансактілі талдау (ТТ) - психодинамикалық тәсілдің қарапайым мысалы. Адам ТТ-ға сәйкес өмір бойы өзінің өмірін анықтайтын санасыз құрылым сценарийінің негізінде құрылған санадан тыс жоспарланған ойындарды ойнайды. «Бақыттылар», «жүгірінді балалар» т.б. сценарийлері бар.

ТТ негізін салушы Э. Берн адамдардың мінез-құлқының түрлі құбылыстары (қалпы, дауысы, көзқарасы, сөздік қоры т.б.) уақыт өте келе айтарлықтай өзгеретінін байқады. Мінез-құлықтағы өзгеріс әдетте сезім арқылы байқалады. Мінез-құлықтағы айырмашылық пен өзгеріс адамдағы түрлі жағдайдан хабар береді. Мен құрылымдық талдаудың негізі болып табылады: 1) Ата-аналар бейнесіне ұқсас Мен жағдайы, 2) шындықтың объективті бағасына жеке бағытталған Мен жағдайы (Ересек); 3) бала кезден бері қалмай келе жатқан Мен жағдайы (Бала). Құрылымдық талдау «мен кіммін, неге басқадай емес, осылай жасадым, мұндай жетістікке қалай жеттім?» деген сұрақтарға жауап берудің жалғыз тәсілі.

Құрылымдық талдау теориясына сәйкес адам әлеуметтік топта әр сәт сайын Мен-Ата-ана, Ересек немесе Бала жағдайын ұшыратады. Әр түрлі даярлықтағы адамдар бір жағдайдан екінші жағдайға ауыса алады. Э. Берн мынадай тоқтамға келеді: әрбір адам өз бойында ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) Мен жағдайының жиынтығын сақтайды (олардан жеке қабылдаған). Бұл жағдайлар кей сәттерде белсенділік жасай бастайды, яғни «әркімнің бойында ата-анасының қылықтары жүреді». Барлық адамдар (балаларды қоспағанда) өздерінің бойындағы Менге сәйкес ақпараттарды, яғни «әр адамның бойында ересек адам бар», шынайы түрде қайта қорытады. Қандай адам болмасын нақты бір жағдайларда белсенділік танытатын өткен жылдардағы әсерлерін есте сақтайды, яғни «әркімнің бойында кішкентай ұл немесе қыз жүреді». Адам миы психикалық тіршілікті ұйымдастырады, ал оның қызметінің өнімдері Мен жағдайында реттеліп, сақталады.

Бала – түйсіктің, шығарманың, талаптанудың, шаттықтың көзі. Ересек адам Ата-ана мен Баланың әрекеттерін бақылайды. Ата-ана екі негізгі міндетті жүзеге асырады: адам ұрпағының өмір сүруін қамтамасыз етеді және уақыт пен қуатты сақтауға көмектеседі. Бұл Ересекті көптеген мақсатсыз шешімдерге келуден сақтайды, адам күнделікті мәселелерді Ата-ананың үлесіне қалдырып, неғұрлым маңызды өмірлік шешімдер жасайды.

Сонымен бірге, тұлғаның үш аспектісі де оның әрекет етуі мен өмір сүруі үшін өте маңызды. Оларды өз араларындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана өзгертуге болады. Қарапайым жағдайда олардың әрқайсысы – Ата-ана, Ересек және Бала бірдей құрметке лайық, әр жағдай адам өмірін өзінше толыққанды және жемісті етеді. Бұл үш Мен әр түрлі жағдайда көріне отырып, адамға өмір бойы ілесіп жүреді. Бұл сәйкестіктер бұзылған жағдайда психологиялық проблемалар басталады. Тұлғаға оны шешуге көмектесу – оның ойынын бұзу болып табылады. Э. Берн өз жұмыстарында «ойынды бұзуды» түрлі тәсілдерін ұсынады.

Меннің әр түрлі жағдайлары ойында жүзеге асады. Ойын – үнемі қайталанатын, стереотипке айналатын, сенімсіздік жағдайларын тудыратын ымыралардың айтуға келмейтін қарапайым үлгісі. Психологиялық ойын – сыртқы парасатты дәлелі бар, трансакцияның жиі қайталанатын жасырын әрекетінің бір ізділігі. Ойындар адамдар арасындағы адал, ашық қатынастарға кедергі жасайды. Адамға көмектесу үшін бұл ойынды бұзып, басқа мінез-құлық құрастыру керек. ТТ отбасылық қатынастарға кеңес беруге ыңғайлы.

М.А. Розин Э. Бернмен салыстырғанда былай деп санайды, сценарий - әуел бастағы өзгермейтін құрылым емес, адам өмір бойына «өзін ойлап шығарады» және басынан өткен жағдайларды өзгерте отырып, сюжеттерді мақсатты түрде жасап, өз сценарийін құрастырады. М. Розин сценарийді адамға өмір сүруге кедергі келтіретін, оны құлдықта ұстайтын, санасыз, механикалық құрылым деп есептеген Э. Бернге керісінше, өз сценарийін құру – адам өмірін ойластыру тәсілі, оның шығармашылығының бастауы деп есептейді. Құрылымдық талдау теориясына сәйкес адам сценарийді бұзғанда ғана бостандық ала алады, алайда М. Розиннің пікірінше, адам сценарийін өзі құрастырғанда ғана өзін еркін, бақытты сезінеді.

Клиенттің жеке мәселелері онымен ұзақ қатынас жасау қажеттігін шамалайды. Бірақ клиенттің басындағы жағдайды тез арада өзгертуді қажет ететін сәттер де болуы мүмкін. Клиентке шұғыл көмек көрсету үшін, көбіне сезімге берілген сәттерді өзгертуге прагматикалық сипаттағы дағдарыс интервенциясы тәсілі қолданылады. Оның маңызы – клиенттің психикалық әлеміне қысқа мерзімді кризистік араласу (немесе қысқа мерзімді араласу түрлері). Мұндай жағдайда дағдарыстың себебін, оның сипаты мен қалпына келтіру жұмыстарын атқару қажет. Кризистік интервенция дағдарыстың себептерін анықтауға уақыттың тығыздығына орай клиентің өз қоры мен оның әлеуметтік ортасының көмегімен «осында және кәзір» жағдайында шұғыл араласуды қажет етеді.

Дағдарысты жеке адам ғана емес, отбасы, адамдар топтары да бастан кешуі мүмкін. Оларға орындай алмайтындай көрінетін жаңа талаптар ұсынылады. Мұндай жағдайда кризистік интервенция дағдарыста адамның, отбасының, топтардың өмірлік жағдайына еніп, қолда бар қорлар арқылы туындаған мәселені шешуге көмектеседі.

Психодинамикалық ой-санаға негізделген кризистік интервенция үлгісі бақытсыздыққа ұшыраған адамдарға көмек көрсетуде неғұрлым тиімді, ол өмірге қайтадан бейімделуге, бұрынғы тіршілік деңгейін жалғастыруға, қиыншылықты қайтадан күресуге көмектеседі.

Бұл үлгідегі басты назар клиенттің дағдарысқа көңіл-күй реакциясын өзгертуге және күнделікті мәселелерді сабырлылықпен шешуге бөлінген. Клиенттермен жұмыс істеу кезінде психологиялық шарттарға шешуші мән беріледі: өмірлік және жоспарлы мақсаттарды, міндеттерді, оларды уақытша жүзеге асыру аясын, мәселені шешу тәжірибесін көрсетуді нақты анықтау.

Бихевиористік тәсілдің негізгі идеясы адам мінезі оны әсер етудің түрлі жолдары арқылы бақылайтын қоршаған ортаның әсерлері арқылы анықталадындығында. Бихевиоризмнің басты жетістігі қоршаған ортаның адам мінез-құлқына әсерін көрсету болып табылады. Бұл байланыста бихевиоризм психодинамикалық амалға қарағанда адамның өткен өмір тәжірибесіндегі ролін жете бағаламауға бейім. Экзистенциализм мен гуманитарлық теориялар мән берген қабылдау спецификасына, өзіндік талдауға және тұлғаның дүниетанымына да аса мән берілмейді. Бихевиоризм үшін тұлғаның ой-санасы мен қылықтары маңызды.

Психодинамикалық тәсілмен салыстырғанда, бихевиоризм іс жүзінде мінез-құлықтың қандай да болмасын түрлерін сол баяғы қағидалармен түсіндіреді. Бихевиоризм тәсілінде жаман мінез жоқ, сол жағдайға сәйкес келмейтін мінез-құлық түрі бар. Осылайша, мінез түрлері әр түрлі орта мен мәдениетте теңбе-тең болуы мүмкін. Сондықтан да мінезді соншалықты өзгертудің қажеті жоқ. Бихевиоризм үшін жеке адамдар мінез-құлқының жауапты және оперантты келісім постулаттары негіз болады.

Мінез-құлықтың келісім жауабы «стимул-әсер» (С-Ә) сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Мұндайда қандай да болмасын ішкі шамырқану (жағдай, оқиға, тұлға, зат т.б.) себеп бола алады. Әсер етудің нақты жүйесі мінез-құлық реакциясының сәйкес келетін нақты түрлерін де қалыптастыра алады. Қажетті әсер ету жиынтығын құрастыра отырып, қажетті мінезді алуға болады.

Реакция әсер ету әрекетінің салдарынан болса, мінез-құлық алдын-ала келісілген деп саналады. Бұл ерекшелікті И.П. Павлов өзінің кең тараған шартты рефлекстердің пайда болуын зерттеу тәжірибелерінде тамаша суреттеген. Егер әсер ету мен реакциялар арасындағы байланыс тепе-тең болмаса немесе оның қызмет шарттары бұзылса, онда ол шартты реакциялардың толық жоғалуына дейін бұзылады. Бұл процесс «өшу» деген ат алды.

Іс жүзінде психолог жағымсыз мінезді құрту үшін негізгі міндеті қажетсіз шартты байланыстарды құртуға жағдай жасау болып табылатын «нұсқаулы алдын-ала келісу» тәсілін қолданады. Оларды бұзғаннан кейін жауапты алдын-ала келісімде байланыстың жаңа жүйелері - дағды, іскерлік, әдет тағы да басқа автоматтандырылған мінез-құлық түрлері қалыптасады. Әйткенмен де мінездің көптеген түрлері алдын-ала келісілмеген. Келісілмеген ынталандыруларда мінез-құлық реакциялары әдеттегідей дамымайды.

Оперантты алдын-ала келісу белсенділіктің түрлері мен формаларының кең тараған мәндерімен жұмыс атқарады және белгілі бір мінезден туындаған зардаптарда айқындалған. Мінездің бұл зардаптарын бекітілген-негізделген (реакцияны күшейтіп, бекітуші) және негативті (реакцияны әлсіретуші) деп атайды. Оперантты бекітуде жағымды мінезді нығайтып, қаламаған қылықты жоюды бекіту мақсатында көтермелеу және жазалау тәсілдері жиі қолданылады.

Әлеуметтік оқыту – бихевиористтік теорияның психологиялық ұстанымы мыналармен: көптеген адамдар алған әсерлерін қабылдап, ой елегінен өткізу арқылы тәжірибе жинақтауға, басқаларды қайталауға түйісетін үшінші жорамал. Әлеуметтік оқытудың негізін еліктеу үрдісі құрайды. Бұл байланыста көптеген адамдарға өздері қорқатын, немесе талпынатын шынайы мінезді көруге мүмкіндік жасап, мәселелерін шешуге көмектесуге болады.

Практик әлеуметтік салада бихевиоризмнің үш негізгі жорамалын пайдаланады. Оның басты мақсаты – мінездің қажетсіз түрлерін жою, қысқарту және адамдардың қажетті мінезін түрлі бекітулер мен әлеуметтік оқыту арқылы күшейту.

Бихефиоризм идеяларын дамыту негізінде (сондай-ақ қажетінше тәуелсіз) когнитивті психология қалыптасты. Жеке жұмыс тәжірибесінде бұл бағыт 80 жылдары өте мықты позиция ұстады. Когнитивтік бағыт өкілдері адамның өмір туралы ойларын маңызды деп танып, көптеген мүмкіншіліктерден қорытынды шығарып, шешім қабылдайды және шынайылық аясында әрекет етеді.

Когнитивтік психология әрекет пен ойды, білім мен мінезді біріктіруге ұмтылудан туындаған. Бұл бағыт басқа теориялар базасында рәсімделген, бірақ өзінің жеке түзілістерін енгізді. Оның негізін тұлға әлемінің құрылымы мен жіктелуі құрайды. Әрбір адамның өз дүниетанымы, түзілісі, маңайындағы адамдарды суреттеу тәсілі бар. Мінез-құлық стратегиясы мен мақсатты бағытталған шешімді қабылдауды анықтайтын түзілістер талдауы адамның ішкі әлемін түсінуге көмектесетін тілде, тіл құрылысында байқалады.

Әлеуметтік жұмыста когнитивтік үлгіні тиімді пайдалану мінездің үш жағдайында қаралған: моральдық код, немесе әлеуметтік философия; тұлға теориясы; әсер ету әдістері.

Гуманистік психоәлеуметтік технология гуманистік психологияда (К. Роджерс), экзистенциональды тәсілде (В. Франкл) және гештальтдәстүрде дамыған, кейде экзистенциональды-гуманистік бағыт деп аталатын идеяларды пайдаланады. Басты ережелер адам түсінігіне өз ортасымен өзара қатынастағы біртұтас тұлға ретінде негізделген. Адамға дүниені қабылдап, құрастыруға, шешімдер қабылдауға және өмірлік жоспарларды қалыптастыруға, белгілі жағдайларда өзгеруге қабілетті жоғары тіршілік иесі ретінде сену - бұл теорияларды біріктірудің маңызды сәті болып табылады.

Шешім қабылдау сәтінде бақылаушы бөлім болып табылатын тұлғаны хабардар ету - К. Роджерстің гуманистік психологиясының негізгі мәні. Басты назар өмір сүріп, әрекет ететін адамға аударылады. К. Роджерстің терең ойлы пікірі бойынша – адам – құрастырушы болмыс, егер онда таңдау болса, ол әрқашанда дамудың жағымды жолын таңдайды.

Адамның өмірі мен дамуында оның өзі туралы пікірі шешуші роль атқарады – Мен – «өзін бағалау» түсінігі басты түйін болатын тұжырымдама. К. Роджерстің пікірі бойынша, адам өзінің шындығында қандай екендігін нақты анықтай алмайды, ол өзін қиялдаудың көп, не аз мөлшерінде бағалайды. Әйткенмен де әр адамның өз өмірлік тәжірибесі бар және осы тәжірибесін сөз бен (ауызша тәсіл) қимылдың (сөзсіз тәсіл, экспрессия) көмегімен көрсетеді. Өзін бағалаудың оны көрсету тәсілімен сәйкестігі (сөз тілі мен дене тілі) – позитивті жағдайдың, яғни конгруэнттіктің туындауының қажетті шарты.

Осы құрамдардың қиыспауы жағымсыз реакцияларды тудырады. Адам мінез-құлықтың стереотипті негативтік реакцияларын қолдана бастайды. Конгруэнттік не мінез-құлықты өзгерту, немесе өзі туралы ұсынысты модификациялау жолымен белгіленеді. Тұлғаның өзін бағалауды өзгертуі, өзін жеке тұлға ретінде қабылдауы – бұл басқа адамдарды қабылдаудың неғұрлым толық және жеңіл түрі, (және керісінше, топтағы басқа адамдардың тұлғаны қабылдауы әшейінде оның өзіндік бағасын көтереді) ішкі қақтығысты шешуге табиғи ұмтылысты постулаттайды.

К.Роджерстың жеке тұлға теориясының негізгі идеясы мынада, әрбір адам ішкі меншік белсенділігіне, өсуге, дамуға ұмтылуға өзінің ішкі мүмкіншіліктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға ие екендігінде.Оның «жеке өсу » үлгісі осыған негізделген. К.Роджерстың пікірі бойынша жеке өсу үшін үш жағдай жағымды және бұлар тұлғаның өзі арқылы немесе маманның көмегі арқылы жасалады: түпнұсқалық (шынайылық), басқа адамды сөзсіз қабылдау және басқаны эмпатикалық түсіну қабілеті, қоса әсерлену. Ол жеке өсу мүмкіншілігі шексіз деп есептеді және әр адам бұл жағынан жетістікке жетуге талаптана алады.

Осыған ұқсас пікірді А. Маслоу да айтты. Оның концепциясының ең маңызды негізі – тұлғаның өзіндік актуальдылыққа ұмтылуы. Ол жетілген тұлғаға мыналар лайық деп есептеді:



  • өзіндік актуальдылық – жоғары түсінікпен, ықыласпен және мүддемен уайымдау; жеке өсу жолдарын таңдау осы жолдардың қиындығына тәуелді емес;

  • актуализация – потенциалды тұлғаның емес, шынайылықтың белгісі, яғни өз әрекеттеріне жауапкершілік, өзіне «сенім»;

  • өзіндік актуальдану қабілеті – таба білу, өзінің «психологиялық қорғанысын» шешу, өз қабілеттерін дамыту.

А. Маслоу көмек қажет ететін адамдардың көбісі өзіндік актуальдану қажеттілігін жүзеге асыра алмайтындар екенін байқады. Өзіндік актуальданушы тұлға ғана фрустрациядан босайды және өзін тамаша сезінеді, анық, нақты, тиімді әрекеттер жасайды.

Экзитенциональды психология кеңес беру үрдісінде адамдарды жоспарлауға және басқа адамдармен қатынасын дамыту үйретуге мүмкіндік береді. Осы тәсілдерден ішкі жеке жүйелер секілді жүйелер арасындағы әрекет таңдау мен коммуникацияғда маңызды мән беріледі. В. Франклдың теориялық құрылымдары мысал бола алады. В.Франкл тұлғаның маңызды талаптануы оның өзінің күнелтуінің мазмұнын тауып алуында деп санайды. Егер тұлға бұл талаптануды жүзеге асыра алмаса, онда ол фрустрацияны сынайды. Әрбір адам жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, мамандығына, діни сенімдеріне және т.б. қарамастан үйретуге болмайтын, бірақ қашанда ұғынуға болатын өзінің өмірінің бірегей мәнін жүзеге асыруға жауапты. В.Франклдың тұлғасындағы концепцияда адам үшін басынан қандай жағдай өткендігі емес, оның соған деген көзқарасының маңызды екендігі жөніндегі ережесі үстемдік құрады. Адамдармен психологиялық жұмысты автор логотерапия деп атады( ой көмегіндегі терапия).

Логотерапияның негізгі міндеті - адамға күдік пен өкінішті жеңуге, өз әлемін қалай құруды түсінуге көмектесетін өмірдің мәні мен мақсатын табуға көмектесу. Логотерапияны құрастырушылар еркіндік бостандығы өмірдің мәні болып табылады.В.Франкл әзірлеген теория мен әдістер психологиялық кеңес беруде, психотерапияда кеңінен пайдаланылады және әлеуметтік жұмыста, социологияда белсенді қолданыла бастайды.

Гуманистік бағыттағы жаңа психологиялық теорияларға тұлғаның өзіндік түсінігі мен тәжірибесіне негізделген гешталт дәстүрлерді жатқызуға болады. Бұл бағыттың негізін салушы клиенттің сезіміне және оның тәжірибесін тануға үлкен мән берген Ф.Перлс болып есептеледі. Біртұтас тұлға Ф.Перлстың көзқарасы бойынша оны ешкімге ұқсатпайтын және өзінің дамуы бойынша біртұтастығын бұзатын біраз әсерленушілікті бастан кешеді. Ал қоршаған әлемнің күрделілігі оны түсінуге себепші болады. Әлемнің көптүрлілігі тұлғаның бөліктерін одан әрі бөлшектейді және олардың бірлесуіне қарсы тұрады. Гешталтпсихологтар өмірлік жағдайдың гешталт екендігін, сондықтан да тұлғаның жекелеген бөліктерімен фрагменттік жұмыс істеу мағынасыз. Тұлға өзі ғана өз өмірінің жаңа неғұрлым тиімді гешталтын тұрғыза алады. Маңызды орын гештальт құрылымын анықтайтын мақсаттылыққа беріледі. Гештальттеориясының гуманистік бастамасы тұлғаның өзгеруі - біреуге ұқсауға тырысқанда емес, тек тұлға өз өзімен болған жағдайда ғана болатындығы фактісінде. «Бұрынғыдан да жақсы болу » шешімі, басқа адамдардың тілектері, талаптары тұлғаның белсенді ішкі өзгерісіне әкелмейді.

Гештальтдәстүрінің арнасында осы және басқа да тәсілдердің шеңберінде қолдануға болатын көптеген қызықты технологиялар құрылды. Гуманистік бағдарламаның басқа түрлерімен салыстырғанда гештальтпсихология тұлғаның психикасының өзгерістеріне ұрындыратын әлдеқайда күшті технологияларға бай. Қазіргі гуманистік концепциялардың мысалы - үш аспектіден құралатын психотерапияның позитивті жүйесі : позитивті келу, жанжалды мағыналы талдау және психотерапияның бессатылы процесі.

Осыған байланысты әлеуметтік жұмыста қолдануға болатын гуманитарлық теориялар әр түрлі . Осы теориялардың барлығына бірдей жағдай -клиентті, топты, қоғамды, қоршаған ортаны, мәселелерді туғызатын себептерді және олардың көздерін түсінудің алдын - ала қатаң бекітілген схемасының болмауында. Осыған байланысты, клиенттің оқиғасының дамуын болжаудың, специалистің субьективті көзқарасына негізделген және әрқашанда шындыққа келе бермейтін мәселелерді шешу бойынша клиентке кеңес берудің қажеті жоқ.

Әлеуметтік тәжірибеде әлеуметтік – психологиялық теориялардың көптеген түрлері қолданылады. Олардың ішінде көрнекті орынды коммуникация құбылыстарына негізделген теориялар алады. Маңызды теориялар тұлғаның әлеуметтік қызметін; адамдардың әлеуметтік статусына немесе қоғамдағы позициясына байланысты адамдардың тәртібінің спецификалық тәсілі; тұлғаның белсенділігін жанама түрдегі нормаларының жиынтығы.

Әлеуметтік маңыздың анықтамасын алғаш 1936 ж. Р.Линтон, ал одан кейін интракционализм шеңберінде Д.Мидпен дамытылды. Әлеуметтік ролдер белгілі бір әлеуметтік стереотиптерді ұдайы өндіруге негізделген әлеуметтік оқиғалар арақатынасынан пайда болады. Жеке әлеуметтік роль тәртіптің тек жеке бір аспектісін көрсетеді. Адамдардың тұтастай тәртібі әлеуметтік ролдердің көптүрлілігі жиынтығынан құралады. Әлеуметтік орын түсінігімен «мәндік шиеленістер», «мәндік адаптациясы», «мәндік алу» түсініктері байланысты. Әлеуметтік орын әрқашанда жеке адамның тәжірибесіне, оның қоршаған ортаның талаптарына сай болуы тілектеріне жеке сипаттама бере алады.


Әлеуметтік маңызының спецификасы қоғамдық қатынастар жүйесінде тұлғаның орнымен анықталады. Осы көзқарас бойынша профессионалдық, әлеуметтік-демографиялық, басқару орнын айыруға болады. Бұдан да басқа тұлғааралық ролдерді анықтауға болады. Сондай-ақ белсенді және латенттік, институттандырылған, стихиялық, тіркелген және жеке белсенділікпен жететін рольдер бар. Адамның белгілі бір рольді қабылдауы және орындауы – коммуникацияға келістірілетін күрделі процесс.

Әлеуметтік орын мәні түсінігін әртүрлі қарастырғанда бірқатар ортақ сәттері бар:1)орын анықтылықтың көп немесе аз мөлшеріндегі әлеуметтік берілген тәртіптер және ережелер үлгісі ретінде ;

2)орын белгілі бір түрдегі оқиғаны басқаруға бағытталғантәртіптер стратегиясы ретінде;

3) орын белгілі бір статусы бар адамдарға қатынас бойынша күтулер жүйесі ретінде;

4) роль орын сол орынға белгіленген адамның белгілі бір талаптарының орындалуының әрекеті ретінде.

Әлеуметтік тәжірибенің жеке жұмысында рольдік модельді қолдану жеке адамдардың бір-біріне, олар қатынасатын топтарға және өмір сүріп отырған қоғамға бейімделуін жоғарылатуды қарастырады. Бұл модель әр түрлі қақтығыстардың алдын алуда және жоюда, алынған әлеуметтік ақпараттарды түсіндірудің бара-бар еместігі т.б. жағдайларда тиімді. Берілген әлеуметтік рольді әрбір жеке адамның орындау ерекшелігін, оның әлеуметтік-рольдік ойындарға қосылуын есепке алу маңызды. Әлеуметтік рольдер әр түрлі технологиялық тәсілдердің негізі болып табылады: әлеуметтік драма, психодрама, трансактілік анализ, түрлі сюжетті-рольдік ойындар.

Психологияның да, әлеуметтік тәжірибенің де маңызды міндеттерінің бірі – адамдардың мінез-құлқын олардың арасында сөздей және сөзсіз байланыстардың, ақпаратты қабылдау және түсіндірудің болуын болжаған әлеуметтік процесстерге қатысушы ретінде реттейтін механизмдерге сүйену. Коммуникативтік теорияларда қатынас аспектілері мен интеракцияға бірінші дәрежелі мән беріледі. Қандай да болмасын коммуникативтік теория интеракцияның бағытталған мінездемесі таңбалық жүйеге, интеракцияны серіктердің қабылдауына, бір-бірімен қатынасушылардың әсер етуіне негізделген. Бұл коммуникация актісінің қажетті сипаттамасы.

Коммуникативтік теорияның басқа компоненті – ақпаратты белгілі бір таңбалық жүйеге орналастыратын және кодпен жазатын адам немесе топ (коммуникатор) ақпараттың көзі екендігі жөніндегі ереже. Коммуникациялық жүйеге ақпаратты өзінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес жай жазуға айналдыратын ақпаратты алушы да (реципиент) кіреді. Қатынас жасайтындардың қоры мен ақпарат мінезіндегі үлкен айырмашылықтар олардың арасындағы, көбінесе әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы түрлі түсініспеушіліктерге, реніштер пен қақтығыстарға себеп болады. Мұндай жағдайларда олар «әр түрлі тілде» сөйлейтін секілді. Адамдардың ақпаратты қалай қабылдап, түсінуі олардың ара-қатынастары мен бір-бірінің мүмкіншіліктерін бағалауына, мінез-құлықтарына байланысты. Коммуникативтік процесстердің ерекшеліктері адамдар арасындағы симметриялы немесе басымдық қатынастарды белгілегенде көрінеді.

Симметриялы қатынастар қатынаста өзара мүдделі тең серіктерге тән, басымдық қатынасы бір серіктің (немесе топтың) басқаны билеуі, осыдан екінші жақ тәуелділікті немесе төмендетушілікті сезінеді (мысалға «бастық-бағынышты» типтерінің қатынасы).

Коммуникативтік теориялар хабарлау трансляциясының тәсіліне байланысты нақты тенденцияларды да суреттейді. Ауызша коммуникацияда психолингвистиканың айту мәнеріне (экспрессивтік тіл) және оны реципиенттің қабылдауына (импрессивтік тіл) байланысты заңдары (А.А. Леонтьевтің және А.Р. Лурияның еңбектерінде нақты айтылған) әрекет етеді. Жеке әлеуметтік роль мінездің жекелеген аспектісінде ғана көрінеді. Адамдардың толық мінезі көптеген әлеуметтік рольдерде жинақталады. Әлеуметтік роль әлеуметтік табыстармен тығыз байланысты және ұсынылатын рольді (жеке адамның топтың үміттену жүйесі, субъективтік рольді (экспектация, яғни адамдармен өзара қатынастар тәсілін ұсыну); ойналынатын роль (ұсынылатын рольдің мінезін жүзеге асыру). Интеракцияға қатысушы өзінен басқа серіктері не күтетінін білу маңызды. Жекелеген адамдардың әрекеттері өзара бір-бірін «қуалайды», әркім басқалардың ролін қабылдауына, Мен бейнесін қалыптастыруына, өзіне деген ниет пен экспектацияларға бейімделуіне болады. «Рольдік қақтығыстар», «рольдік шиеленісушілік», «рольдік жиынтық», «рольдік адаптация» т.б. әлеуметтік роль түсінігімен байланысты. Тәжірибеге, адамның өзіндігіне, өзінің маңындағылардың үміттеріне сәйкес болуды қалауы т.б. байланысты қашанда әлеуметтік роль жеке бейнеге ие. Әлеуметтік рольдердің диапазоны әлеуметтік топтардың, көпшіліктің, белсенділік түрлерінің көп түрлілігіне бағытталған.

Әлеуметтік рольдің ерекшелігі қоғамдық қатынастар жүйесіндегі жеке адамның орнымен анықталады. Кәсіптік, әлеуметтік-демографиялық, басқарушылық т.б. рольдерді осы тұрғыдан ажыратады. Бұдан басқа, жеке тұлғалар арасындағы рольдер, яғни жекетұлғалық қатынастар жүйесіндегі орындар арқылы анықталатын рольдерді анықтайды. Белсенді және жасырын, институциализденген (арнайы, конвенциональды) және стихиялық, тіркелген және жеке белсенділікке жеткен рольдер бар. Адамның белгілі бір рольді қабылдап, орындауы күрделі процесс.

Әлеуметтік рольдердің мәнін түсінудің түрлі тәсілдерінің бірқатар ортақ сәттері бар: 1) роль мінездің үлгісі мен қойылуы, нақтылықтың әлеуметтік тапсырылған көп не аз дәрежедегі, 2) роль белгілі типтің жағдайын меңгеруге бағытталған мінездің жоспары ретінде; 3) роль нақты статусы бар адамдардың күту жүйесі ретінде; 4) роль сол рольге тағайындалған адамның белгіленген талаптарды орындау әрекеті ретінде.

Рольдік модельді пайдалану жеке жұмыстың әлеуметтік тәжірибесінде жекелеген адамдардың, өздері араласатын топтардың, өздері тұратын қоғамның, бір-біріне бейімделуін жоғарылатуды қарастырады. Бұл модель түрлі қақтығыстардың алдын алуда және жоюда, алынған әлеуметтік ақпараттарды түсіндірудің жетіспеушілігі кезінде тиімді. Берілген әлеуметтік рольді әр адамның орындау ерекшелігін, оның әлеуметтік-рольдік ойынға енуін есептеу маңызды.

Психологияның да, әлеуметтік практиканың да маңызды міндеттерінің бірі – адамдардың мінез-құлқын олардың арасында сөздей және сөзсіз байланыстардың, ақпаратты қабылдау және түсіндірудің болуын болжаған әлеуметтік процесстерге қатысушы ретінде реттейтін механизмдерге сүйену. Коммуникативтік теорияларда қатынас аспектілері мен интеракцияға бірінші дәрежелі мән беріледі. Қандай да болмасын коммуникативтік теория интеракцияның бағытталған мінездемесі таңбалық жүйеге, интеракцияны серіктердің қабылдауына, бір-бірімен қатынасушылардың әсер етуіне негізделген. Бұл коммуникация актісінің қажетті сипаттамасы.

Коммуникативтік теорияның басқа компоненті – ақпаратты белгілі бір таңбалық жүйеге орналастыратын және кодпен жазатын адам немесе топ (коммуникатор) ақпараттың көзі екендігі жөніндегі ереже. Коммуникациялық жүйеге ақпаратты өзінің жеке ерекшеліктеріне сәйкес жай жазуға айналдыратын ақпаратты алушы да (реципиент) кіреді. Қатынас жасайтындардың қоры мен ақпарат мінезіндегі үлкен айырмашылықтар олардың арасындағы, көбінесе әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасындағы түрлі түсініспеушіліктерге, реніштер пен қақтығыстарға себеп болады. Мұндай жағдайларда олар «әр түрлі тілде» сөйлейтін секілді. Адамдардың ақпаратты қалай қабылдап, түсінуі олардың ара-қатынастары мен бір-бірінің мүмкіншіліктерін бағалауына, мінез-құлықтарына байланысты. Коммуникативтік процесстердің ерекшеліктері адамдар арасындағы симметриялы немесе басымдық қатынастарды белгілегенде көрінеді.

Симметриялы қатынастар қатынаста өзара мүдделі тең серіктерге тән, басымдық қатынасы бір серіктің (немесе топтың) басқаны билеуі, осыдан екінші жақ тәуелділікті немесе төмендетушілікті сезінеді (мысалға «бастық-бағынышты» типтерінің қатынасы).

Коммуникативтік теориялар хабарлау трансляциясының тәсіліне байланысты нақты тенденцияларды да суреттейді. Ауызша коммуникацияда психолингвистиканың айту мәнеріне (экспрессивтік тіл) және оны реципиенттің қабылдауына (импрессивтік тіл) байланысты заңдар. Сөзсіз коммуникация ымның, қимыл мен ымның, ишараттың, дене тұрысының, жүрістің, бұлшық еттер тартылысының және барлық «экспрессия» түсінігіне кіретін атрибуттарда жүзеге асады. Сөзсіз коммуникация сөзді коммуникацияға ілесе алады, немесе коммуникацияның жекелеген тәсілі де бола алады. Сөзсіз коммуникация санасыз, ішкі әсерлерден пайда болатындықтан, жаңа психология оны сөздік коммуникациямен салыстырғанда неғұрлым шынайы деп бағалайды.

Коммуникация процесін қарастыратын қандай да болмасын теория адам іс жүзінде үнемі қатынас жағдайында Тіпті үнсіздіктің өзі әркімнің оны әр түрлі бағалауына орай коммуникация процесіне жатады. Коммуникацияның бірнеше түрлері бар: ішкіжекелік (адам оңашада не істеу керек екенін ойланады, жоспарлар құрады, жетістіктерін немесе кемшіліктерін сараптайды); тұлғааралық (екі немесе одан да көп адамдармен арадағы қатынас); топтық тұлғааралық (әлеуметтік топтағы қатынас); топаралық (түрлі әлеуметтік топтардың өзара әсері). Қатынастың барлық түрі олардың әрқайсысына тән ерекшелік заңдарына сәйкес қалыптасады.

Әлеуметтік тәжірибе үшін әлеуметтік-психологиялық теориялардың мәнін бағалау қиын, өйткені адамдарда туындайтын барлық процестер қатынас процестерін бұзумен шектеледі. Психологиялық коммуникативтік теориялар әлеуметтік сала аймағындағы қызметтерді, қатынас процестерін түзетуде түрлі теориялар мен технологияларды қалыптастырудың жақсы базасы бола алады.

Д. Гриндердің, Р. Бендлердің, В. Сатирдің, М. Эриксонның жұмыстарында қаралған нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) – адамдарға әсер етудің өзіндік теориясы мен технологиясы. НЛБ тақырыбы болып нейрондық байланыс деңгейінде берілген ішкі бағдарламаның айнасындай өзара қатынаста пайдаланылған тілдер болып табылады. НЛБ-ның орталық түсініктерінің бірі – репрезентативті-ақпараттық жүйе, яғни психиканың модальдығына байланысты тәжірибелерді ұсыну жүйесі. Олардың біреуі неғұрлым дамыған және нақты тұлғаға жиі пайдаланылады. Адам оның көмегімен ақпаратты іздеуді жүзеге асыратын репрезентативті жүйе негізгі тәсілді қалыптастырады. («визуалдар», «аудиалдар», «кинестетиктер»). Жеке адамның жетекші ақпараттар мен қосымша жүйелерді пайдалануы, мінез-құлық паттерндері мен ішкі жоспарлардың қалыптасуы сөзді және сөзсіз тілде көрінеді.

Өзін ұсыну, немесе өзін таныстыру коммуникацияның ерекше аспектісі секілді, адамдармен жеке жұмыс атқарудың тиімділігінің маңызды шарты. Маман әлеуметтік өзара қатынастың қандай да болмасын саласында өзін дұрыс көрсете білуі және серігінің өзін көрсету бет пердесіне жасырынған шынайы әсерлерін оқи білуі керек.

Адам өз мінезінің ауызша және сөзсіз аспектілерін бақылайды және міндеттерге сәйкес айлалы әрекеттерге бара алады. Алайда, айла жасағаннан гөрі, адамның мінезінің ыңғайын табу тиімдірек.

Жаңа әдебиетте өзін ұсыну сансыз мінез-құлық стратегиясының көмегімен өзі туралы пікірін басқару, өзі туралы басқа адамдардың ұсыныстарын есепке алу ретінде қаралады. Өзін ұсыну түзетілуі, арнайы әдістермен дамытылуы мүмкін. Теңбе-тең әдістерді таңдау -өз-өзін бағалаудың қандай аспектісінің бұзылуына байланысты - не жекелеген конструкцияларының деңгейінің(жоғарғы мазасыздығы, Мен-концепциясының тұрақсыздығы, өзін көрсетуде шексіз себептердің болуы), не әлеуметтік ептілік деңгейінің бұзылуы. Бірінші жағдайда тренингтық топтардың ұтымды-эмотивтік тренингі тәсілі қолданылады. Екінші жағдайда топтық және тұлғалық тәсілдерді үйлестіретін әлеуметтік шеберлік тренингін арнайы оқу көмегімен жетістікке жетуге болады. Өзін-өзі тиімді көрсете білуде маңызды орынды сезімталдық бейне (партнер жөніндегі алғашқы пікірде қалыптасады), сыртқы кейпі, қоршаған ортаcы және уақытша араласу ортасы алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет