Диагностика қорытындысы бойынша
Хаттама №
«Ауылдағы серуен» социометриялық әдістемесі
Мақсаты: Зерттелініп отырған класс ұжымы ішіндегі әлеуметтік баспалдақты анықтау, сондай-ақ, лидерлікке бейімділік қабілеттерін анықтау, топтағы жағымды және жағымсыз оқушыларды, оқшауланған оқушыларды анықтау.
Жүргізілген уақыты: 3.10.2023ж
Класы:3 А
Қатысқан білім алушы: 17
Нұсқау: Зерттелініп отырған сынып оқушыларын жеке тұрғызып,сол оқушының достары тұру сұралады.Нәтижесінде неше досы бар екенін өзі айтады.
Тексеру нәтижесі:
Топ басшысы: (3-оқушы) Қуандық Аян,Қанат Айбар,Қырықбай Айнұрлым.
Топқа қабылданған: (12-оқушы) Алматов Алмат , Аманжол Айша , Дәулетжан Әділ,Жадырасынұлы Сағыныш, Жұбандық Айгерім,Жұмабеков Әлихан,Жалғасова Айзере, Ибрагим Алинұр, Ибрагим Айзере, Қазтай Самғат, Қуанышбай Әмина,Хадимжан Әлибар.
Топтан шыққан, қарым-қатынаста белсенді емес: (3-оқушы) Аманқосов Жантөре,Матаева Гаухар,Өмірзақ Береке
Қорытынды:
Баланың тұлғааралық қарым-қатынас жүйесіндегі орнын көрсетіп, топ мүшелерімен танылу дәрежесіндегі топтың даму деңгейі жоғары болған сайын ондағы тұлғааралық қатынастар топ лидерінің іс-әрекетінің жемістілігіне әсер етеді. Топта төмен статус көп болса – көпшілік мүшелерінің қолайсыз әлеуметтік сенімде және белсенді қарым-қатынас жетістіктерінен шалғайда екенін көрсетеді.
Ұсыныс:
Оқушыға: ортада ойыңызды қысылмай, еркін, сенімді айтуға дағдыланыңыз, өз бойыңыздағы жақсы қасиеттерге мән беріңіз, топта қарым – қатынаста ашық әрі сыйластық байланыста болыңыз.
Ата – анаға: балаңызды белсенді болуға, өзгелермен жақсы қарым – қатынас жасауға, өз ойын еркін айта білуге баулыңыз, жақсы қасиеттеріне назар аударып, жиі мадақтаңыз, еркін сөйлесуге дағдыландырыңыз.
Сынып жетекшіге: класс ішіндегі өзара қатынасты жақсарту мақсатында оқушының жағдайына, әсіресе, елеусіз қалатындар мен аулақтанғандарға олардың жеке қасиеттерін өзгелердің көре білуіне көңіл аудару, шеттеп оқшау қалғандарды жиі мадақтап, топтың бұларға деген қатынасын өзгерту және олардың өздерінің мінез – құлқын түзеуіне педагогикалық ықпалдар жасау (тәрбие сағаттары, қоғамдық жұмыстар т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |