6 шығарылым «Ұңғыма бұрғылау»


Орта кәсіптік білім талап етіледі



бет5/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131271
1   2   3   4   5   6   7

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
12. Жуу агрегатының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Тракторда немесе автомобиль шассиінде жабдықталған жуу және қышқылды агрегаттарға қызмет көрсету. Жуу аппаратын объектідегі жұмысқа дайындау, агрегатты технологиялық сызба бойынша ұңғыма сағасымен байламдау (қосу). Жоғары және төмен қысым желілерін монтаждау және демонтаждау, байламдау және пресстемелеу. Ұңғыма забойын жуу, престемелеу және дренаждау жөніндегі механизмдерге қызмет көрсету. Ұңғыманы өңдеуге қолданылатын химиялық реагенттерді, қышқылдар мен сілтілерді айдау. Ұңғыманың забой жанындағы аумағын химиялық өңдеу және тампонаж жүргізу жөніндегі технологиялық процеске қатысу. Бұрғы ерітіндісінің, химиялық реагенттердің шығысы мен агрегат механизмдерінің жұмысын қадағалау. Автомобильді немесе тракторды басқару. Автомобильге немесе тракторға май құю. Жуу агрегатын, автомобильді немесе тракторды ағымдық жөндеуді жүргізу.

Білуге тиіс: автомобилдің немесе трактордың, жуу насосының, арматура мен ұңғыма жабдығының құрылымы мен пайдалану ережесін; ұңғыманы жуудың, престемелеудің және химиялық реагенттерді (қышқылдар мен сілтілерді ұңғымаға) айдаудың технологиялық процесін; бұрғы ерітіндісінің, химиялық реагенттердің, қышқылдар мен сілтілердің физикалық-химиялық қасиеттерін, олармен жұмыс істеу ережесін; слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.

Жұмыс қысымы қоса алғанда 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

жұмыс қысымы қоса алғанда 10-нан 35 МПа (100-350 кгс/см2) дейінгі жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

жұмыс қысымы қоса алғанда 35 МПа (350 кгс/см2) жоғары жуу және қышқылды агрегаттарда жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
13. Сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғы операторы
Жұмыс сипаттамасы. Қондырғылардың технологиялық регламентіне сәйкес жеңіл көмірқышқылдардың кең фракциясын іріктей отырып мұнайды сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру процесін жүргізу. Технологиялық параметрлерді: технологиялық аппараттардағы температураны, қысымды, шығыстарды, фазааралық деңгейлерді реттеу және бақылау. Деэмульгаторлар мен сілті ерітінділерін дайындау, тұщы суды дозалау. Тұрақсыз бензинді сілтілендіру. Тұрақсыз бензинді тұтынушыға тапсыру. Дайындалған мұнайдың, тұрақсыз бензин санының және химиялық реагенттер шығысының есебін жүргізу. Насостар мен технологиялық жабдыққа қызмет көрсету, сақтандыру құрылғыларының жұмысын тексеру, мұнай пеш-қыздырмаларына қызмет көрсету. Технологиялық аппараттарды жөндеуге дайындау, аппараттарды жөндеуге және жөндеуден қабылдап алуға қатысу.

Білуге тиіс: мұнайдың, газдың, химиялық реагенттердің, бензиннің физикалық-химиялық қасиеттерін; сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғының, аппаратураның, жабдықтың және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, техникалық сипаттамасын және пайдалану ережесін; су мен тұздың мұнайды одан әрі өңдеуге әсерін; зертханалық бақылау әдістерін; эмульсияны бұзудың негізгі әдістерін; қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану ережесін; қондырғыдағы ықтимал апаттарды жою ережесін; слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.

Біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысында жұмыс істеу кезінде - 3-разряд;

біліктілігі анағұрлым жоғары сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысы операторының басшылығымен сусыздандырушы және тұзсыздандырушы қондырғысында немесе электрмен тұзсыздандырушы және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

электрмен тұзсыздандырушы және орнықтыру қондырғыларында жұмыс істеу кезінде - 5-разряд.


14. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператордың басшылығымен гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу. 70 Мпа (700 кгс/см2) дейінгі қысым кезінде жабдықты гидравликалық үзуді жүргізуге дайындау. Жоғары қысым желілерін құрастыру және бөлшектеу. Айдалатын сұйық көлемін өлшеуді жүргізу. Сұйық пен құмның агрегат насосына берілуін реттеу. Аспаптарды ұңғыма сағасына орнату, оларды сағалық арматурамен қосу, қабатты гидро үзу кезінде аспаптардың жұмысын қадағалау, аспаптар мен жабдықтарға қызмет көрсету және оларды алдын ала жөндеу. Жабдықты гидроқұм ағынды перфорациялауға дайындау.

Білуге тиіс: ұңғыманың, жоғары қысыммен жұмыс істейтін сағалық жабдықтың, қолданылатын механизмдердің, құрал мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымын, пайдалану ережесін; қабатты гидро үзудің технологиялық процесін, қабаттың физикалық қасиеттерін; мұнай мен газдың ұңғыма забойларына қарай жылжуы туралы негізгі деректерді; мұнай және газ кен орындары режимін; қабатқа әсер ету әдістерін; ұңғыма сағасының байламын; гидро үзу сұйықтарын дайындауды.
15. Қабаттарды гидравликалық үзу жөніндегі оператор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. 70 Мпа (700 кгс/см2) жоғары қысым кезінде гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялау процесін жүргізу. Картограмманы орнату және тіркеуші электронды шығыстарды өлшеуіш пен манометрдің көрсеткіштерін қадағалау. Ұңғыма сағасының байламына қызмет көрсету және оны жөндеу.

Білуге тиіс: гидравликалық үзу және гидроқұм ағынды перфорациялаудың әртүрлі технологиялық сызбалары кезінде жабдықтың және ұңғыма сағасы байламының сызбасын; айдалатын сұйықтар мен құм жеткізгіштердің құрамын және дайындау тәсілдерін; сұйық пен құмның қажетті көлемін есептеуді; гидравликалық үзу кезінде қолданылатын жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын:
16. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымалардың, газды кешенді дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, газды жерасты сақтау стансаларының берілген жұмыс режимін ұстауға және жүзеге асыруға және түрлі пайдалану тәсілдерімен мұнай, газ, газ конденсатын өндіру технологиясымен байланысты басқа да жұмыстарға қатысу. Мұнай кәсіпшілігі жабдығына, қондырғылар мен труба құбырларына қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарына қатысу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алу. Талдау жасау үшін сынама іріктеу. ДНС, ГЗУ есеп тораптары арқылы мұнай мен суды өлшеуге қатысу.

Білуге тиіс: мұнай мен газ ұңғымаларының құрылымын; ұңғыманың жердегі жабдығының, қолданылатын құралдың, айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оған қызмет көрсету ережесін; мұнай, газ, газ конденсатын өндіру, жинау және тасымалдау, газды іріктеу мен айдау технологиялық процесі туралы негізгі деректерді; қолданылатын реагенттердің негізгі химиялық қасиеттерін; жеке қорғану құралдарының жұмыс принципін.
17. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі технологиялық процесті жүргізу, жабдыққа қызмет көрсету, монтаждау және демонтаждау. Ұңғыманың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, газды және газ конденсатын жер астында сақтау стансалары мен мұнай, газ, газ конденсатын өндірумен және газды жер астында сақтау технологиясымен байланысты басқа да объектілердің берілген жұмыс режимін қолдау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Қарапайым мұнай кәсіпшілігі жабдығының жекелеген тораптары мен механизмдері мен арматураны бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Ұңғымадағы насос-компрессор трубаларды механикалық және автоматты қырғылармен және реагенттерді, еріткіштерді, ыстық мұнай мен буды қолдана отырып парафин мен шайырдан тазарту. Ұңғыманың жерасты және жер бетіндегі жабдықтары мен шықпа желілерді жоғары қысымды бумен өңдеу. Ұңғыма дебитін автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысында өлшеу. Бақылау және автоматика аспаптарының көрсеткіштерін шешу. Ұңғыма мен басқа да мұнай кәсіпшілігі жабдығының жұмысындағы барлық ақаулар туралы жұмыс басшысы мен операторға ақпарат ұсыну. Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператордың басшылығымен газ лифт коммуникацияларына (газ манифольдарға, газ сепараторларына, жылуды ауыстырғыштарға)техникалық қызмет көрсету. Газ құбыры жұмысының параметрлерін өлшейтін аспаптардың көрсеткіштерін жазып алу, газ бен сұйық шығысын есептеу, УКПГ, цех жұмысының режимдік парақтарын жүргізу.

Білуге тиіс: мұнай, газ кен орындары туралы негізгі деректерді; ұңғыманың жердегі жабдығы мен қондырғыларына, қолданылатын құрал мен айлабұйымдарға, бақылау-өлшеу аспаптарына қызмет көрсету және оларды пайдалану ережесін; мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің, жинаудың, тасымалдаудың, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін; қызмет көрсететін учаскедегі мұнайды, газ, газ конденсатын жинаудың, тасымалдау сызбасын; қызмет көрсететін бақылау-өлшеу аспаптарының, аппаратураның, автоматика және телемеханика құралдарының құрылымын.
18. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Ұңғымаларды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарына қатысу. Труба құбырларын, технологиялық жабдықты престемелеуге қатысу. Жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникацияларды монтаждау, демонтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Гидрат құрылымдардың, парафин, шайыр, тұз шөгінділерінің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу және осы жұмыстарды жүргізу үшін реагенттерді есептеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен әртүрлі технологиялық параметрлердің шамасын өлшеу. Ұңғыма жұмысының параметрлерін алу және беру, автоматика мен телемеханика құралдарының жұмысын бақылау. Ұңғымаларды зерттеу жұмыстарына қатысу. Газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету. Насос жабдығына ағымдық қызмет көрсету.

Білуге тиіс: мұнай, газ кен орындары, шөгінді режимі туралы негізгі деректерді; мұнайдың, газдың, газ конденсатының физикалық-химиялық қасиеттерін; қызмет көрсететін ұңғыманың технологиялық режимін; кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының, жердегі кәсіпшілік жабдықтарын, қондырғыларды, механизмдер мен коммуникациялардың, автоматика мен телемеханика құралдарының құрылымы мен жұмыс принципін; мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу, мұнай және газ кен орындарын дайындау, ұңғымаларды жер асты (ағымдық) және күрделі жөндеу әдістері туралы негізгі деректерді; кәсіпшілік электр жабдығын пайдалану және электротехникалық қондырғыларда жұмыс істеу ережесін.
19. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың режимін қолдау және жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру. Ұңғымаларды, өнімділігі тәулігіне 500 м3/ дейінгі электр тиеу ортадан тепкіш насостарды игеру, оларды берілген режимге шығару жұмыстарын жүзеге асыру. Факел жүйелерінің құрылғыларын баптау, кешенді газ дайындау, газды тазарту және кептіру кешенді қондырғыларына, жұмыс қысымы 15 Мпа (150 кгс/см2) дейінгі тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету. Қарапайым және күрделілігі орташа мұнай кәсіпшілігі жабдығын, қондырғыларын, механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен коммуникацияларды монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету. Ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеуге дайындау және оларды жөндеуден кейін қабылдап алу жұмыстарына қатысу. Ұңғымаларды зерттеуге, игеруге және пайдалануға қосуға дайындау. Жер бетіндегі және астындағы жабдық ақауларының сипатын анықтау. Жер бетіндегі және астындағы жабдықтағы, автоматика және телемеханика құралдары жұмысындағы ақаулардың сипатын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегімен анықтау. Жергілікті автоматиканың жарамсыз блоктарын ауыстыру, ұсақ жөндеу жұмыстарын жүргізу. Күштік және жарық беру желісіндегі, қосуды реттеу аппаратурасы мен электр қозғағыштарындағы ақаулардың себебін анықтау және қарапайым зақымдарды жою. Газлифті ұңғымаларының коммуникацияларына (газ манифольдарына, газ сепараторларына, жылу ауыстырғыштарға) техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысу және басшылық ету. Біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

Білуге тиіс: мұнай мен газ, газ конденсатын өндірудің, газды іріктеу мен айдаудың технологиялық процесін; жер бетіндегі және астындағы жабдықтардың құрылымын, техникалық сипаттамасын; ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін; мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың құрылымын және оларды пайдалану ережесін; монтаждау және принципті сызбаларды, қызмет көрсететін жабдықты, автоматика мен телемеханика аппаратураларын пайдалану ережесін; радиотехника, электротехника, автоматика және телемеханика негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
20. Мұнай мен газ өндіру жөніндегі оператор

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мұнай, газ, газ конденсатын өндірудің барлық тәсілдері кезіндегі газды іріктеу және айдау технологиялық процесін жүргізу және ұңғымалардың, кешенді газ дайындау қондырғыларының, топтық өлшеу қондырғыларының, насос және компрессор стансаларының, жерасты газ сақтау стансалары мен басқа да мұнай кәсіпшілігі қондырғылары мен жабдығының үздіксіз жұмыс істеуін бақылауды және ұңғымалардың жұмыс режимін қолдау мен жақсарту жөніндегі геологиялық-техникалық іс-шараларды жүзеге асыру. Мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың берілген коэффициентін қамтамасыз ету. Өнімділігі тәулігіне 500 м3/ жоғары электр тиеу ортадан тепкіш насостарды, редукциялау тораптарына метанолды беруге арналған дозалаушы насостарды, газлифті мен бірнеше рет түсірілетін және басқару стансасының көмегімен ажыратылатын штангалы насостармен әрі өзінің режиміне сәйкес ұңғыма өнімі алынғанға дейін айдап шығарылатын сұйықтың параметрлерін бақылауды жүргізумен жабдықталған ұңғымаларды берілген режимге шығару. Қысымы 15 Мпа (150 кгс/см2) жоғары газды айдай отырып, қабат қыс ымын ұстап тұру әдісін пайдалану кезінде тығыздаушы ұңғымаларға қызмет көрсету. Күрделі технологиялық жабдықты, электрмен тиеу ортадан тепкіш қондырғыларды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету. Нысандарды жерасты (ағымдық) және күрделі жөндеуге дайындау жұмыстарына қатысу. Нысандарды жөндеуден қабылдау, оларды жөндеуден кейін баптауға және іске қосуға қатысу. Іске қосылатын электр жабдығын, басқару стансаларын, автоматика және телемеханика блоктарын монтаждауға қатысу, автоматика және телемеханика жүйелерінде бақылау-өлшеу және баптау жұмыстарын орындау. Бригадалық мұнай есебі тораптарының жұмысын бақылау. Технологиялық мұнай құбырларын, алаң ішіндегі газ құбырларын, газоманифольдарды үлеу алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру. Ұңғыма лифтінің герметикалылығын сынау, ұңғыма камераларын газбен үрлеу жұмыстарына қатысу. Газоманифольдарын жоспарлы-алдын ала жөндеу (диафрагмаларды, ершіктерді, шар клапандарын ауыстыру және т.б.) жұмыстарына қатысу. Учаскеге қызмет көрсету жөніндегі вахталық құжаттаманы жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен газ және мұнай өндіру операторына басшылық жасау.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; жердің бетіндегі және астындағы жабдықтардың техникалық сипаттамасын; ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеудің түрлерін; мұнай, газ өндіруді интенсивтендіру, ұңғымаларды зерттеу әдістерін; кәсіпшіліктерді кешенді автоматтандыру кезінде қолданылатын автоматика, телемеханика және бағдарламалық құрылғылардың құрылымын, пайдалану ережесін; автоматика және телемеханика негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

21. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғыма тереңдігін, сұйықтың және су бөлімінің деңгейін терең шығырдың көмегімен өлшеу, ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау. Забойдың тереңдігін, сұйықтың деңгейін, дебит өлшемін дебитомермен өлшеу. Мұнай мен газ дебитін дебитомермен өлшеуге, ұңғымаларды динамометрлеуге, ұңғымаларды тереңдік аспаптарымен зерттеуге қатысу; зерттеу аспаптары мен тереңдік шығырларын алдын ала қарау. Дайындық-қортынды операцияларын жүргізу.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; ұңғымаларды пайдалану тәсілдері мен оларды зерттеу әдістерін; ұңғыманың. шығырлардың, динамографтардың, қашықтықтан тіркейтін аспаптардың сағалық жабдығының нысанын, құрылымын және пайдалану ережесін; өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желісіне қосу ережесін.
22. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды забойды шыңдай отырып шаблондау, пайдалану және тығыздау ұңғымаларындағы забойлы және қабаттық қысымды өлшеу. Ұңғымадағы сұйықтың деңгейін эхолот пен волномердің көмегімен өлшеу, сұйық деңгейінің қалпына келуін (түсуін) қадағалау. . Мұнай мен газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау. Қашықтықтан өлшеу аспаптарымен (дебитомер, расходомер, термометр, влагомер, манометр, газоанализатор) зерттеулер жүргізуге қатысу. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін анықтау. Автомобильді немесе тракторды басқару. Аппаратура мен жабдықты ағымдық жөндеу.

Білуге тиіс: мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін, ұңғымаларды зерттеу әдістерін; ұңғыманың жер бетіндегі жабдығының және қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасы мен нысанын; тереңдік аспаптарын, мұнай-газ дебитін өлшеу және газ факторын анықтау аспаптарын пайдалану ережесін; өлшеу аспаптарын күштік және жарық беру желілеріне қосу ережесін.
23. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды тереңдік, қашықтықтан және тіркеуші аспаптармен зерттеу түрлерін жүзеге асыру. Индикаторлық қисық пен қысымды қалпына келтіру қисықтарын түсіріп алу. Насос-компрессор трубаларын шаблондау, забойды және ұңғымалардағы сұйықтың деңгейін майыстырылған оқпанмен шыңдау. Газ факторын өлшеу, жоғары қысымды фонтан және компрессор ұңғымаларын арнаулы лубрикаторлар мен трап-сепараторлар арқылы, сұйықтың, газдың және газ конденсаты қоспаларының сынамасын ала отырып өлшеу. Қабаттарды гидротыңдау жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сынама алғышпен мұнай мен судың терең сынамаларын алу. Зерттеу материалдары бойынша алдын ала қорытындылар дайындау. Ұңғымаларды зерттеу материалдарын өңдеу. Автомобильді немесе тракторды басқару. Зерттеу аппараттарын, аспаптар мен тереңдік шығырын ағымдық жөндеу.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын; мұнайдың, судың және газдың физикалық-химиялық қасиеттерін; қабат қысымын ұстап тұру әдістерін; ұңғыманың жердің бетіндегі және астындағы жабдығы мен зерттеу аппаратурасының нысаны мен техникалық сипаттамасын; зерттеу материалдарын өңдеу әдістемесін; қисықтар мен графиктерді жасау техникасын; ұңғымалардың өнімділік коэффициентін анықтау әдісін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
24. Ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары біліктілікті талап ететін күрделі зерттеу жабдығын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына басшылық ету. Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстармен жұмыс істеу. Нысандарды жөндеуден қабылдап алу және оларды жөндеуден кейін баптауға және қосуға қатысу. Микропроцессорлі блоктармен жабдықталған жабдықтарда зерттеу жұмыстарын жүргізу және ПЭВМ-ді пайдалана отырып зерттеу нәтижелерін өңдеу. Қабаттардағы жол берілетін шекті депрессияларды анықтау үшін арнаулы зерттеулер жүргізу. Түрлі күрделі қиындықтармен жұмыс істейтін ұңғыма жұмысының оңтайлы технологиялық режимін таңдау. Мұнай, газ және газ конденсаты кен орындарын бақылау жөніндегі оперативтік картталарды жасау.

Білуге тиіс: жұмысталатын кен орнының сипаттамасын, забой жанындағы аумақ қабатын интенсивтендірудің негізгі әдістерін, кен жұмыстау жобасының негізгі ережелерін; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін; информатика және есептеу техникасы негіздерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
25. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымалары жөндеуге дайындау. Таль жүйесін жарақтау және жарақсыздандыру жұмыстарын орындау, таль блогын, ілмені ілу және босату. Тарта таспаларды, кронблок таспаларын, тартқыларды ауыстыру. Трубаларды ластан және парафиннен тазарту және жуу, забой жаны аумағын өңдеу процесіне дайындау жұмыстарын орындау. Еденді, көпіршелер мен марш баспалдақтарын жөндеу. Трубалар мен штангаларды сұрыптау, муфталарды, сақиналар мен ниппельдерді бұрау және бұрап алу. Трубалар мен штангаларды төсеу. Қажетті реагенттерді, ерітінділерді, сұйықтарды жасауға қатысу. Ұңғымаларды жөндеуге дайындау жөніндегі такелаж, ағаш ұстасы, слесарлық және топырақ жұмыстарын орындау. Жылжымалы көтеру құрылғылары (мұнараларды, мачталарды) мен агрегаттардың орнын ауыстыруға, орнатуға, ұңғымаларды тексеруге және орталандыруға, ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында тұншықтыруға қатысу.

Білуге тиіс: ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың, материалдардың, құралдар мен реагенттердің нысаны мен түрлерін, таль жүйесінің жарақтары түрлерін; көтеру құрылғыларын (мұнараларды, мачталарды) және оларды бекіту ережесін; такелаж, ағаш ұстасы, слесарлық және топырақ жұмыстарын негізгі түрлерін; тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қолданылатын негізгі айлабұйымдарды; ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу түрлерін.

Біліктілігі анағұрлым жоғары ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператордың басшылығымен жұмыс кезінде - 2-разряд.


26. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттарды орнату, тексеру және орталандыру. Штангаларды ілуге арналған жабдықты және балансир ұшын бұруға арналған айлабұйымдарды тексеру және монтаждау, ақауларын жою. Ұңғымаларды өшіруге арналған түрлі ерітінділерді жасау. Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау процесіне қатысу, жөндеуден кейінгі қорытынды жұмыстар.

Білуге тиіс: ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу технологиясын; жер астында және күрделі жөндеу кезінде қолданылатын жабдықтың, агрегаттардың нысанын, түрлері мен техникалық сипаттамасын; Ұңғыма сағасындағы көтеру құрылғыларын орнату және орталандыру ережесін; мұнара монтаждау жұмыстарын жүргізу ережесін.
27. Ұңғымалары жер астындағы және күрделі жөндеуге дайындау жөніндегі оператор

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы құрылғылар (мұнаралар, мачталар) мен агрегаттардың орнын ауыстыру, олардың ұңғымаға орнатылуы мен орталандырылуын бақылау. Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу алдында өшіру және разрядтау, жөндеуден кейін жуу. Күштік және жел тартылымдарының орналасуын анықтау және орнату. Жабдықты, жылжымалы құрылғылар мен агрегаттарды ұңғыманы жөндеудің берілген технологиялық процесіне орай орнату және монтаждау. Біліктілігі анағұрлым төмен операторларға басшылық жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет