6 шығарылым «Ұңғыма бұрғылау»


"Мұнай мен газ өндіру" бөлімі



бет4/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131271
1   2   3   4   5   6   7

"Мұнай мен газ өндіру" бөлімі
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Ұңғыманы күрделі жөндеу бұрғышысы
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды тракторға немесе автомашина шассиіне жабдықталған агрегаттармен және көтергіштермен күрделі жөндеу технологиялық процесін жүргізу. Көтеру агрегатының, жабдықтың, айлабұйымдардың, құралдардың техникалық жай-күйін тексеру және оларды жұмысқа дайындау. Мачтаны көтеру және орталандыру, зәкірлерді сынау. Таль желісін жарақтандыру және оны ұңғыманы жөндеу процесінде қайта жарақтандыру. Әртүрлі пайдалану кезінде ұңғыманың сағалық жабдығын құрастыру және бөлшектеу. Айналма, бұрғылау және насос-компрессор трубалары мен и штангаларды түсіру және көтеру. Бұрғылау және ұстап қалу құралдарын құрастыру және бөлшектеу. Ұңғымаларды сыртқы және конустық мөрлермен және шаблондармен зерттеу. Газ, газ-конденсат және мұнай ұңғымаларының сүзгілерін орнату және жуу. "койл тюбинг" типтес қондырғыларды пайдалана отырып жөндеу жұмыстарын жүргізу; агрессивті және қышқылды газдар ашқан әрі пайдаланушы ұңғымаларды (күкіртті сутегі, көмірқышқылды газ және т.б.) жою; «ескі ұңғымаларды» 2 оқпанмен қалпына келтіру. Цемент көпірлерді орнату және бұрғылау. Ортадан тепкішнасос қондырғысы астында және кондукторлардың бойымен шурфтарды бұрғылау, пайдалану ұстындарын қажетті интервалмен бұрап алу және бұрап тастау. Мұнай, газ және тығыздау ұңғымаларында дайындық-қорытынды, күрделі изоляциялық және ұстап қалу жұмыстарын орындау. Құм тығындарын, тұз шөгінділерін жуу және бұрғылау. Түсіру-көтеру операциялары процесінде ұңғымадағы сұйықтың деңгейін бақылау. Ұңғымадағы апаттар мен қиындықтардың алдын алу жөніндегі шараларды жүзеге асыру. Мыналар: ұңғыма ұстынында жаңа оқпан кесу, ұңғыманың жаңа оқпанын еңісті-бағыттық бұрғылау және кеңейту, пайдалану ұстындарын түсіру, ұңғыма забойын қышқылды және термиялық өңдеу; ұңғыманы тереңдету, ұстынды пайдалану учаскелерін кесу, суды оқшаулау жұмыстары; пакерлер мен тірек зәкірлерді орнату және көтеру, ұңғымада қалдырылған заттарды фрезерлеу және оларды алып шығу, забой жанындағы қабатқа блоктаушы құрамды айдау үшін әртүрлі көп компонентті ерітінділер мен тұйықтау сұйықтарының қажетті параметрлерін дайындау және ұстап тұру; ұңғымадағы тампонаж жұмыстарын дайындау және жүргізу, ұңғымаларды, шығару және тығыздау желілерін ұстынды престемелеуге дайындау, мұнай, газ, тығыздаушы ұңғымаларды сынау, шағын габаритті шықпаға қарсы жабдықты (превенторды), вертлюгтерді, жұмыс трубаларын, жуу насостарын монтаждау және бөлшектеу жөніндегі технологиялық процестерді жүргізу. Жабдық пен құралды ағымдық жөндеуді тікелей ұңғымада жүргізу, жарық беру механизмдерін, аппаратурасын қосу және ажырату, штепсель ажыратуы болса, трубаларды бұрау және бұрап алу. Қабатты гидроүзу және гидроқұм ағынды перфорациялау, пайдалану ұстынының герметиксыздығын түрлі әдістермен жою, ұстынаралық ағындарды жою, сағалық пакерлерді түгендеу және ауыстыру, ұңғымаларды гравийлі забой сүзгілерімен жабдықтау процесін жүргізу. Ұстынның герметикалығын престемелеумен, деңгейін төмендетумен және гидравликалық Паркер көмегімен тексеру. ПЗП-ны сілтілермен, қышқылдармен өңдеу әдісімен ашпалау. Ұңғымаларды азот-бустерлі кешендерді пайдалана отырып игеру. Дайындалған бригада болмаған кезде, көтеру құрылғыларын орнатумен және ұңғыманы жөндеуге дайындаумен байланысты барлық жұмыстарды (қосалқы-көмекші жұмыстар, тұйықтау және т.б.) орындау. Тікелей мұнай, газ,су көрінген кезде ұңғыма сағасын герметизациялау, вахта мүшелерінің «Шықпа» дабылы және МГСК жою бойынша іс-әрекеттерінің дұрыстығы мен шұғылдығы. Шықпаға қарсы жабдықтар мен айлабұйымдарды ұдайы дайындықта ұстау. Қабат ұқсастығын сынама айдау әдісімен айқындау жұмыстарын жүргізу. Геофизикалық жұмыстар жүргізу үшін ұңғыма оқпанын дайындау және жабдық сағасын орнату. Картограмма жасау және тіркеуші шығынды өлшеуіш пен манометр көрсеткіштерін қадағалау. Ұңғыма сағасын байламдау арматурасына қызмет көрсету және жөндеу. Ұңғымаларды әртүрлі пайдалану әдістерімен игеру кезінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ұңғыманы жөндеудің канатты әдістерін жүргізуге қатысу.

Білуге тиіс: ұңғымалардың құрылымын, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының сипаты мен ерекшеліктерін және олардың орындалу тәртібін; ұңғымаларды күрделі жөндеу жұмыстарының технологиясын; ұңғымаларды бұрғылау және игеру, мұнай, газ өндіру процестері технологиясының негіздерін, мұнай өндіруді интенсивтендіру әдістерін; оқшаулау және ұстап қалу жұмыстарын жүргізу ережесін; жұмыс орындары мен еңбектің озық және қауіпсіз жолдарын ұйымдастырудың үлгі жобаларын; көтеру құрылғылары мен механизмдерінің құрылымын, жұмыс принципін, техникалық сипаттамасы мен пайдалану ережесін;негізгі және қосалқы бұрғы жабдығы типтерін, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын, шықпаға қарсы жабдықтың (превенторлардың) шағын механизация элементтерін, ұңғымалардағы мұнай газ шықпаларымен және қиындықтармен күресудің тәсілдері мен әдістерін, ұңғымаларды игеруге арналған блоктаушы және ашпалаушы көп компонентті ерітінділерді дайындау тәсілдерін; пайдалану ұстыны мен ұстынаралық ағындардың герметикасыздығын жою технологиясын, сондай-ақ бұл жерде қолданылатын жабдықтың жұмыс принципін; пайдалану пакерлерінің құрылымын, олардың типтері мен алу әдістерін; су ағындарын жою кезінде жабдықты пайдалану мен механикалық қоспаны шығару әдістерін;балшықты ерітіндіні, тампондаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындау, ұңғымадағы құмды және тұзды тығындарды тазалау және бұрғылау тәсілдерін; бұрғы ерітіндісінің тығыздығы мен су қайтарымдылығын анықтау әдістерін; ұңғыманы тұйықтау кезіндегі сұйықтың параметрлерін іріктеуді; штангалы және ортадан тепкіш насостардың типтерін, құрылымын; күрделі жөндеу кезінде қолданылатын ұңғыманың, трубалардың, жабдықтың негізгі мөлшерін, шекті тозуы мен беріктік коэффициентін; ұңғыманың жаңа оқпанын кесудің, еңісті-бағытты бұрғылаудың және бұрғы жабдығы мен итергіні түсіру технологиясын; құрал мен итергінің забойға орналастыруды анықтау әдістерін;ұңғыма забойын қышқылды және термиялық өңдеу ережесін; қолданылатын резьба қосындыларының стандарттарын; печаттің таңбасы бойынша ұстының және ұңғымадағы басқа да заттардың жай-күйін айқындау тәсілдерін; гидроүзік пен гидроқұмды ағынды перфорациялау технологиялық сызбасы кезінде жабдық пен ұңғыма сағасын байламдау сызбасын; айдалатын сұйықтар мен құм жеткізгіштердің құрамын және дайындау тәсілдерін, сұйық пен құмның қажетті көлемі есебін; гидроүзік кезінде қолданылатын жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық сипаттамасын; ұңғыманы игеру әдістерін; бұрғы жабдығын байламдау сызбасын.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Күрделілігі I санаттағы және қоса алғандағы тереңдігі 1500м дейінгі ұңғымада жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

күрделілігі I санаттағы және қоса алғандағы тереңдігі 1500м-ден 4000 м дейінгі ұңғымада жұмыс істеу кезінде - 6-разряд;

тереңдігі 4000 м-ден 6000 м дейінгі, сондай-ақ тереңдігі 1500м жоғары еңісті-бағытты және жазық ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде - 7-разряд;



тереңдігі 6000 м жоғары ұңғымаларда жұмыс істеу кезінде - 8-разряд.
2. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегатының бұрғышысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңіздегі бұрғы қондырғыларының негіздеме діңгегінің астындағы шурфтарды бұрғылау. Бұрғы құралын, құю трубалары арматураны түсіру және көтеру. Шурфтар мен діңгектерге цемент ерітіндісін құю. Бұрғы құралын тексеру және долоттардың тозу дәрежесін анықтау. Долот жұмысы бойынша өтпелі жыныстардың қасиеттерін анықтау. Теңіз түбінің топырақ сипатына қарай бұрғылаудың оңтайлы режимін іріктеу. Ұстап қалу жұмыстарын жүргізу. Цемент ерітіндісін дайындау. Бұрғы құралы мен бұрғы агрегатын ұсақ жөндеу. Бұрғы вахтасының жұмысына басшылық ету және орындалған жұмыстың есебін жүргізу.

Білуге тиіс: теңізде тік шурфтарды роторлық тәсілмен бұрғылаудың технологиялық процесі мен ережесін; жылжымалы жүзбелі бұрғылау агрегатының, теңіз бұрғы қондырғысына арналған ірі блокты негіздеменің құрылымын, техникалық сипаттамасын; фунт жынысының геологиялық сипаттамасына қарай бұрғылаудың оңтайлы режимін іріктеу әдісін; берілген бағдар мен параметрлер бойынша бұрғылау нүктесін анықтау ережесін; арматура дайындау үшін қолданылатын трубалардың сортаментін; қолданылатын болат тростардың, канаттардың типтері мен оларды пайдалану ережесін; қолданылатын жабдықты, құралды, құрылғыларды қауіпсіз ілмектеу әдістерін.
3. Теңіздегі жүзбелі бұрғылау агрегатының дизельшісі

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Теңіздегі жылжымалы бұрғылау агрегаты қозғағышына қызмет көрсету және оның жұмысын басқару. Қозғағыш жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою. Аккумуляторларды зарядтау. Теңіз бұрғы қондырғылары мен эстакадаларының негіздемелерін жөндеумен байланысты жұмысты орындауға қатысу. Қозғағыш жұмысының журналын және жанар-жағармай шығысының есебін жүргізу. Қозғағышты техникалық қарау және жөндеу.

Білуге тиіс: теңізде тік шурфтарды роторлық тәсілмен бұрғылаудың технологиялық процесі мен ережесін; жылжымалы жүзбелі бұрғылау агрегатында орнатылған іштен жану қозғағышының құрылымын, жұмыс принципін; қозғағыштарды қоректендіру жүйесін; оларды майлау, қосу, тоқтату және суыту ережесін; қолданылатын жабдықтың жетегі мен қосу және қайта қосу механизмінің құрылымын; аккумуляторлардың құрылымын және оларды зарядтау ережесін; іштен жану қозғағышына қолданылатын жанар-жағармай материалдарының құрамы мен қасиеттерін; қозғағышқа қызмет көрсету және оны жөндеу кезінде қолданылатын құралдар мен аспаптарды және оларды қолдану ережесін; слесарь ісін, орындалатын жұмыс көлемінде.
4. Ұңғыма дебиттерін өлшеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өлшеуіштердегі, сепараторлардағы, траптардағы мұнай мен суды өлшеу. Ұңғымалар мен сыйымдылықтардың шықпа желілерінен сұйық сынамасын алу. Дебитті өлшегеннен кейін мерниктен (сыйымдылықтан) мұнайды айдап шығару.

Білуге тиіс: мұнай өндіру және мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін; мұнай мен газды кәсіпшілік ішінде жинау сызбасын; жеке және топтық өлшеу қондырғыларының, траптардың, дебитомерлер мен бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын, техникалық сипаттамасын, құрылымын; сұйықтардың физикалық қасиеттері туралы негізгі деректерді.
5. Ұңғыма дебиттерін өлшеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндірілетін газды өлшеу, газ факторын анықтау. Автоматты топтық өлшеу қондырғысындағы ұңғыма дебитін бақылау өлешуді жүзеге асыру. Өлшеу кезінде топтық өлшеу қондырғысының жұмысын, қадағалау, оны қашықтықтан қолмен басқаруға көшіру. Ұңғымаларды топтық қондырғылардың тарағына қайта қосу. Топтық өлшеу қондырғысындағы сынаманы іріктеу. Өлшеу журналын жүргізу.

Білуге тиіс: мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін, топтық өлшеу қондырғысының құрылымы мен техникалық сипаттамасын; мұнай мен газды кәсіпшілік ішінде жинау сызбасын; су мен мұнайдың мазмұнын, мұнайдың үлес салмағын анықтау тәсілдерін; дебитомерлердің, қолданылатын автоматика және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен жұмыс принципін.
6. Мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегаттардың машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жүк көтергіштігі 5 т дейінгі автомобиль шассиіне немесе қозғағышының қоса алғандағы қуаты 73,5 кВт (100 а.к.) дейінгі трактор базасында жабдықталған мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа қызмет көрсету, агрегатта жабдықталған барлық механизмдер мен жабдықтарға қызмет көрсету, және жердегі мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығын жөндеу. Тығыздау және май құю желілерін, жоғары қысым пистолетін, ауыстырғыштар мен олардың насос шықпасына қоспаларын, солидол тығыздауышты монтаждау және демонтажтау. Муфта қоспаларының сенімді бекітілуін тексеру. Агрегаттың электр жабдығын кәсіпшілік электр желісіне қосу және ажырату, агрегат электр жабдығының контактілері мен жерге қосудың сенімділігін тексеру. Редукторды жұмысталған майдан механикаландырылған босату жөніндегі жабдыққа қызмет көрсету, картер редукторын жуу, редукторға жаңа машина майын құю және подшипник тораптарына контактілік май құю. Компрессорлық қондырғының және солидол тығыздауыштың жұмысын қадағалау. Агрегаттың барлық тораптары мен механизмдерін жұмыс қалпында ұстау. Автомобильді, тракторды басқару. Автомобильді, тракторды және агрегат механизмдеріне ағымдық жөндеу жүргізу.

Білуге тиіс: автомобильдің, трактордың, жүк көтеру механизмдерінің, сұйық және консистенциялық майлауға арналған механикаландырылған жабдығының, электр жабдығына және мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа жабдықталған газбен кесу және пісіру жабдығының құрылымы мен пайдалану ережесін; жуудың технологиялық процесін; қолданылатын майлау материалдарын; автомобильді, тракторды техникалық пайдалану ережесін; автомобильдің, трактордың және соларда орнатылған арнаулы жабдық пен механизмдер ақауларының белгілерін, себептерін және оларды анықтау мен жою тәсілдерін; слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.

Жүк көтергіштігі 5 т жоғары автомобиль шассиіне немесе қозғағышының қоса алғандағы қуаты 73,5 кВт (100 а.к.) жоғары трактор базасында жабдықталған мұнай-газ кәсіпшілігі жабдығына қызмет көрсететін агрегатқа қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
7. Жұмысшы агентті қабатқа сіңіретін насос стансасының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Мынадай технологиялық жабдықтарға: тораптық насос стансаларына, блокты тораптық насос стансалары мен тұщы, жоғары минералды ағын суларды айдау жөніндегі ортадан тепкіш тиеу қондырғыларына; суды таратып бөлу құрылғыларына, суды жинау және дайындау қондырғысына; май жүйесін ауамен суыту аппараттарына; желдеткіш қондырғыларының автоматты жұмыс жүйелеріне қызмет көрсету. Насостар мен электр қозғағыштардың үздіксіз жұмысын қадағалау және ақауларды жою жөнінде қажетті шараларды қабылдау. Әр ұңғыма бойынша суды қабатқа сіңірудің берілген режимін ұстау. Жабдықты монтаждауға және демонтаждауға қатысу. Мұнай жуу және мұнай шығару қасиеттерін арттыру немесе коррозиялық белсенділікті төмендету мақсатымен технологиялық сұйықты немесе суды реагенттермен өңдеу. Бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықты ағымдық жөндеу. Ұңғымалар бойынша суды сіңіру журналын, қызмет көрсететін жабдықтың жұмысы мен электр энергиясының шығыс журналын жүргізу.

Білуге тиіс насостардың, ауамен суыту және автоматты желдеткіш қондырғыларының, электр қозғағыштардың, насос стансасы жабдығының, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты құралдардың нысанын, пайдалану және қызмет көрсету ережесін; әр ұңғыма бойынша суды қабатқа сіңірудің технологиялық режимін; ұңғыманы қысымды айдау трубаларына қосу сызбасын; қызмет көрсететін насос стансасы мен труба құбырлары байламының сызбасын; қолданылатын реагенттердің, жоғары минералды тұщы ағын сулардың негізгі химиялық қасиеттерін; ағын суларды жинау және дайындау жүйелеріне қызмет көрсету жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережесін; жеке қорғану құралдарының құрылымын және оларды пайдалану ережесін.

Жұмыс істейтін агрегаттардың саны 4-кем немесе тәулігіне су айдау көлемі 2,7 мың м3/ дейінгі насос стансаларына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

жұмыс істейтін агрегаттардың саны 4-тен 6-ға дейінгі немесе тәулігіне су айдау көлемі 2,71 мың.м3/-ден 7,2 мың.м3/ дейінгі насос стансаларына қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;

жұмыс істейтін агрегаттардың саны 6-дан жоғары немесе тәулігіне су айдау көлемі 2,71 мың.м3/-ден 7,2 мың.м3/ жоғары насос стансаларына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.


8. Жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысының машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысын, агрегатты объектідегі жұмысқа дайындау. Мұнай ұңғымаларын, шықпа желілерді, мұнай жинау қондырғыларын, су арнасын жылытуды және басқа да кәсіпшілік технологиялық объектілерді бумен депарафинизациялау. Агрегаттарды, ұңғымалармен, кәсіпшілік технологиялық қондырғыларымен байламдау. Бумен немесе ыстық мұнаймен депарафинизациялау немесе жылыту желілерін тарту. Қазанның немесе мұнай жылытқыштың, қозғағыштың, бақылау-өлшеу аспаптары мен қызмет көрсететін агрегаттың барлық қосалқы механизмдерінің, жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысының жұмыс параметрлерін қадағалау, жабдықты, аппаратураны және бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау және демонтаждау, жабдықты ағымдық және алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау, жабдықтың жұмыс есебі журналын жүргізу. Автомобиль басқару.

Білуге тиіс: мұнай мен газ өндірудің технологиялық процесін; мұнайдың, бу мен парафиннің физикалық-химиялық қасиеттерін; мұнай ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін; ұңғыма сасын байламдау сызбасын; қондырғының, қызмет көрсететін жабдықтың, негізгі және қосалқы жабдықтың, аппаратураның, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, автомобильдің құрылымы мен пайдалану ережесін; мұнай ұңғымаларын бумен немесе ыстық мұнаймен депарафинизациялаудың технологиялық режимі мен жұмыс процесін; слесарь ісін орындалатын жұмыс шегінде.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысы машинисінің басшылығымен қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

автомобиль шассиіне орнатылған, будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд;

будың жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары жылжымалы депарафинизациялық бу қондырғысына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
9. Мұнай қабаттарына бу жіберу бугенератор қондырғысының машинисі

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Буды генерациялау және оны қабаттарға сіңірудің технологиялық процесін бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жүргізу, сондай-ақ автоматты реттеу және қорғау жүйесінің жұмысын бақылауды жүзеге асыру. Мұнай қабаттарына бу жіберу бугенератор қондырғысына қызмет көрсету. Қондырғыны стационарлық жағдайдан динамикалық жағдайға ауыстыруға, ұңғымаларға бу құбырларын тарту, сағалық арматура мен ұңғыма ішіндегі жабдықты монтаждау жұмыстарына басшылық жасау. Мұнай құбырының отын жүйесіне және қоректендіру құбырының химия су тазарту блогына дұрыс жалғануын тексеру. Отын жүйесінің жұмысына: химия су тазарту, суды деаэраторға беру, бустерлік және бас қоректендіру насостарын қосу. Отынның жануын, химиялық су тазарту мен ауыз суды термиялық деаэрациялауды бақылау және реттеу. Мұнай қабаттарына бу сіңіру жөніндегі бугенератор қондырғысын алдын ала жөндеу жұмыстарын орындау, қондырғы жабдығын орташа жөндеуге қатысу. Қондырғы жұмысының есебі журналын жүргізу.

Білуге тиіс: мұнай қабаттарына бу сіңіру жөніндегі бугенератор қондырғысының жылу сызбасын, барлық жабдықты автоматты реттеу және қорғау жүйесін; бугенератордың, деаэратордың, отын жүйесінің, насостардың қоректендіру және бустер насостарының, химия су тазарту және жабдықтың басқа да тораптарының құрылымын; бугенераторын қосу, пайдалану және тоқтату ережесін; сағалық арматура мен ұңғыма ішіндегі жабдықтың құрылымын, оларды орнату және пайдалану ережесін; слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде; мұнай кен орны туралы және оны пайдалану туралы негізгі деректерді; мұнайдың физикалық қасиеттерін, мұнайды өндірудің қайтала әдістерін; мұнай ұңғымаларының өнімділігін арттыру, ұңғымаларды жер астында жөндеу тәсілдерін; кәсіпшілік шаруашылығын; кәсіпшілікте мұнай мен газды тасымалдау түрлерін.

Біліктілігі анағұрлым жоғары мұнай қабаттарына бу жіберу бугенератор қондырғысы машинисінің басшылығымен жұмыс істеу кезінде - 4-разряд.


10. Жылжымалы компрессор машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Жылжымалы компрессор қондырғысына қызмет көрсету, компрессорды, дизельді қосу және тоқтату. Коммуникацияларды тарту, оларды компрессор қондырғысына және ұңғыма сағасына қосу. Забойда депрессия жасау жолымен ұңғымадан сұйықтың ағуын күшейту жұмыстарын жүргізу, сұйықтың (мұнайдың) ағуын қадағалау. Ұңғыманың забой жаны аумағын термиялық өңдеу кезінде ауаның берілуін реттеу. Өнімді қабаттарды газ үлгілік агенттерді қолдана отырып ашу және бұрғылаудағы қиындықтарды жою жұмыстарына қатысу. Компрессор қондырғысы мен дизельдің жұмыс режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу. Жылжымалы компрессор қондырғысының барлық механизмдері мен жүйелерінің жұмысын қадағалау, ұңғымаларды бұрғылауға және сынауға арналған технологиялық регламентке сәйкес орнатудың негізгі параметрлерін белгілеу. Компрессор мен дизельдің жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, апаттан қорғау жүйесін қоса, компрессор қондырғысының барлық жүйелеріне ағымдық жөндеу жүргізу, жұмыс өндірісі құжаттарын ресімдеу және қондырғы жұмысының есебі журналын жүргізу. Автомобильді басқару.

Білуге тиіс: мұнай, газ және тығыздау ұңғымаларын пайдалану тәсілдерін; түрлі жүйедегі компрессорлардың, күштік жабдықтың, автомобильдің, бақылау-өлшеу аспаптары мен компрессор қондырғысы автоматты қорғану жүйесінің нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін; отынның, майлаудың, суытудың түрлерін; жылжымалы компрессор қондырғысы жұмысындағы ақауларды анықтау және жою тәсілдерін; коммуникацияларды компрессор қондырғысынан ұңғымаға қосу сызбасын; сығымдалған ауаны дайындауға арналған пайдалану материалдарының шығыс нормасын; жылу техникасы, электротехника, бұрғылау және пайдалану жабдығы, бұрғылау технологиясы, мұнай, газ ұңғымаларын сынау (игеру) және күрделі жөндеу туралы негізгі деректерді; слесарь ісін орындалатын жұмыс көлемінде.

Біліктілігі анағұрлым жылжымалы компрессор машинисінің басшылығымен, ерекше жағдайларда (еркін күкірт қышқылын бөлетін ұңғымаларда, сағалық қысымы жоғары ұңғымаларда және т.б.) тіркемелі және өздігінен жүретін жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде - 3-разряд;

жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі тіркемелі жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде - 4-разряд;

жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2)-ден жоғары 20 МПа (100-200 кгс/см2) дейінгі тіркемелі жылжымалы компрессорда немесе жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) дейінгі өздігінен жүретін жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде - 5-разряд;

жұмыс қысымы 20 МПа (100-200 кгс/см2) жоғары тіркемелі жылжымалы компрессорда немесе жұмыс қысымы 10 МПа (100 кгс/см2) жоғары өздігінен жүретін жылжымалы компрессорда жұмыс істеу кезінде - 6-разряд.
11. Көтергіш машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Ұңғымаларды күрделі, ағымдық жөндеу және сынау жөніндегі жұмыс процесінде көтергішке (агрегатқа) қызмет көрсету. Көтергішке (агрегатқа) жұмыс процесінде қызмет көрсету. Көтергішті (агрегатты) жұмысқа дайындау. Дайындау-қортынды жұмыстарға, көтергішті монтаждауға және демонтаждауға, таль жүйесін жарақтандыруға, ұңғымаларды күрделі жөндеу кезінде қолданылатын қосалқы құралдарды (насос блогын, машина және гидравликалық кілттерді, қондырғы гидрожүйесінің превенторы мен басқа да жабдығының гидро сымдарын монтаждауға және қызмет көрсетуге қатысу. Барлық көтеру-түсіру операциялары кезінде шығырды басқару. Көтергіште (агрегатта) орнатылған күштік электр генераторды басқару. Ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу жұмыстарына, ұңғыма сағасын сынау және жабдықтау жұмыстарына қатысу. Көтергіш (агрегат) регистраторы мен механизмдерінің ақаусыз жұмыс істеуін қадағалау. Көтергіш (агрегат) жұмысының журналын жүргізу. Автомобильді немесе тракторды басқару, оларға май құю. Көтергішті (агрегатты), автомобильді немесе тракторды ағымдық жөндеу. Қуаты 100 кВт дейінгі жылжымалы электр стансаларына қызмет көрсету.

Білуге тиіс: мұнай мен газ, басқа да пайдалы қазбаларды өндірудің технологиялық процесін; ұңғымалардың құрылымын; ұңғыманы сынау жөніндегі жұмыстың түрлері мен технологиялық процесін; көтергіш трактордың, жылжымалы агрегаттың, қолданылатын механизмдердің, айлабұйымдардың, таль жүйелерінің техникалық сипаттамасы мен пайдалану ережесін; күрделі, ағымдық жөндеулердің технологиялық процесі мен түрлерін, әдістерін; жанар-жағармай материалдарының сұрыптары мен түрлерін; электротехника мен слесарь ісі негіздерін орындалатын жұмыс көлемінде; қозғағышты, көтеру шығырларының трансмиссиялары мен қозғалыс бөліктерін жөндеу тәсілдерін.

І санаттағы ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу және қоса алғандағы тереңдігі 1500 м дейінгі ұңғымаларды сынау кезінде - 5-разряд;

ІІ санаттағы ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу және қоса алғандағы тереңдігі 1500 м жоғары, еңісті-бағытты ұңғымаларды олардың тереңдігіне қарамастан, геологиялық жағдайы күрделі ұңғымаларды сынау кезінде - 6-разряд;

жүк көтергіштігі 80 т және одан жоғары көтеру қондырғыларынан жүргізілетін жерасты және күрделі жөндеу кезінде - 7-разряд.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет