6 шығарылым «Ұңғыма бұрғылау»



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#131271
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығына

қосымша


Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы


6 шығарылым

«Ұңғыма бұрғылау»,

«Мұнай мен газ өндіру» бөлімдері

Астана 2009 жыл
Кіріспе

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-ө бұйрығымен бекітілген БТБА, 5-шығарылымы негізінде әзірленді.

Шығарылым бөлімдерінде жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, еңбек мазмұнының өзгеруіне, өнім, біліктілік сапасына, жұмысшылардың біліміне, жалпы білім беретін және арнайы дайындықтарына қойылатын талаптардың өсуіне байланысты жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарылататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамалары екі бөлімнен тұрады. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиісті жұмыстардың сипаттамасын қамтиды.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші айрықшалықтарды ескере отырып, жұмысты орындау күрделілігіне сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбелерін әзірлей алады, олар тиісті разрядтағы жұмысшы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында бар.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін,; орындалатын жұмыстың (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; брак түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Осы бөлімдерге ұңғымаларды бұрғылау және мұнай мен газ өндіру жөніндегі жұмыс өндірістеріне тән, қоршаған орта мен жер қойнауын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін білуді көздейтін жұмысшылар кәсіптері қосылды. Кәсібі автомобильді, тракторды және басқа да көлікті басқаруды көздейтін жұмысшылардың тиісті құжаттары болуға тиіс.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте, көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, ерекше ескертілген жағдайлардан басқа, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде міндетті болып табылады.



Қызметкердің еңбек кітапшасын толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

«Ұңғымаларды бұрғылау»
Тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану және барлау ұңғымаларын бұрғылаушы
Жұмыс сипаттамасы. Вахта жұмысын басқару. Бұрғылау басталғанға дейін дайындық жұмыстарын атқару. Мұнайды, газды, термальдік, йодобромды сулар мен басқа да пайдалы қазбаларды терең бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау технологиялық процесін және солармен байланысты басқа да жұмыстарды геологиялық-техникалық наряд, режимдік-техникалық карта мен технологиялық регламенттер бойынша жүргізу. Бұрғылау құралын салу және құрастыру. Түсіру-көтеру операцияларын автоматты механизмдердің көмегімен орындау. Бағдарлы бұрғылау жұмыстарын орындау. Бұрғылау ерітінділерін дайындау, ауырлату және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыстарға басшылық ету. Бұрғылау ерітінділері параметрлерінің сақталуы мен бұрғылау процесінде бұрғылау ерітіндісінің тазалау жүйесінің жұмысын бақылау. Ұңғыманың сағасын шықпаға қарсы жабдықпен жабдықтау, апатты жағдайда шықпаға қарсы жабдықты қолдану. Газ, су, мұнай көрінуін тұншықтыру жөніндегі жұмысты орындау, ұңғыма сағасын герметизациялау. Газ, су, мұнай көрінуі кезінде ұңғыманы басқару. Жер бетіндегі және жер астындағы бұрғылау жабдығының техникалық жағдайын шұғыл бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматтар мен сақтандыру құрылғыларының жұмысын, шықпаға қарсы жабдықтың жай-күйін тексеру. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерге әзірлеу және оларды орындауға қатысу. Ұңғыманы бұрғылау кезіндегі күрделі жағдайлар мен апаттарды жою. Ұңғыманы сынама қабаттарды түсіруге дайындау және қабаттарды дайындау жұмыстарына қатысу. Керн іріктеу снарядтарының барлық түрлерімен берілген режиммен керн іріктеу. Ұңғымалар мен жабдықты айналма трубаларды түсіруге дайындау. Айналма трубаларды төсеу және шаблондау жұмыстарына басшылық ету, айналма трубаларды ұңғымаға түсіру. Айналма трубаларды цементтеу, цемент көпірлерді орнату, ұстындардың герметикалылығын сынау жұмыстарына қатысу. Пайдалану ұңғымаларын игеру, барлау ұңғымаларын сынау жұмыстарын орындау. Ұңғымалардағы соңғы жұмыстарды атқару. Бұрғылау жабдығын тасымалдауға дайындау. Бригада өз станогымен жылжыған кезде бұрғылау жабдығын профилактикалық жөндеуге, монтаждауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қатысу. Бұрғылау режимі мен бұрғылау ерітіндісінің параметрлері жөніндегі алғашқы құжаттаманы жүргізу. Жүзбелі бұрғы қондырғыларынан (ЖБҚ) теңіз ұңғымаларын өткізу кезінде су астындағы шықпаға қарсы жабдығы (СШҚЖ) кешенін монтажауға және пайдалануға қатысу: СШҚЖ кешенін жіберу алдында немесе СШҚЖ ұңғыма сағасына - бас басқару пульті бар гидрокүшті қондырғыны түсіру алдындағы; бұрғылаушының басқару пультін; қашықтықтан басқару пультін; көп арналы шланг барабандарын басқару щиттерін; көмекші шланг барабандарын басқару щиттерін; штуцерлік манифольді басқару пультін; дроссельді қашықтықтан басқару пультін; превенторларды акустикалық апаттық басқару жүйесінің кеме блогін; сағалық қосу блогін; теңіз стоягын тарту жүйесінің ОП 540 х 210, ОП 350 x 700 шықпаға қарсы жабдығын; бағыттаушы канаттарды басқару жүйесін; диверторды дайындау. ППВО сынама тубмбаларында болған кезде, ол шахта тесігі жаппаларынан өткен кездегі құрамдас бөліктерінің герметикалылылғын сынауға; ППВО стендіде жұмыс қысымына пресстеу кезінде функционалдық тексеруге қатысу: I кезең – бұрғылаушы пультінен басқарудың екі жүйесі бойынша барлық функцияларының жұмыс істеуін тексеру, II кезең – бұрғылаушы шебердің посты орынжайындағы көмекші пульттен, III кезең – превентатор блогындағы іске қосылатын функциялардың сәйкестігін көп арналы шлангі барабандарының басқару пултьінен тексере отырып; IV кезең – акустикалық жүйені кемелік басқару блогынан және жылжымалы датчиктен превенторды басқарудың апаттық акустиіалық жүйесінің барлық функцияларын тексеру. ППВО ұңғыма сағасына түсіру. Айналма ұсынды цементтегеннен кейін, превентор ұстын ұшымен түйіскеннен соң ППВО гидравликалық сынауға қатысу. Штуцерлік манифольдінің және реттемелі штуцерлдердің жаппаларының, дроссельді қашықтықтан басқару пультінің жай-күйін ай сайынғы тексеру, сондай-ақ, бұрғылаушының ППВО басқару пультінде тұйықтау және дроссельдеу линиялары жаппаларының, превенторларды тексеру, аккумулятор зарядкаларының қысымын, ауаның қысымын, пилоттық қысым мен плашкалы және универсал превенторлардың қысымын, телескопиялық компенсатор тығыздамалары мен дыбыс дабылдатқышты басқару қысымын бақылау. Төтенше жағдайларда (гидрометеорологиялық, техникалық) ұңғыма сағасынан ажырату: оқпанның ашық бөлігін ұзақ тұруға (консервацияға) дайындау; ұңғыма сағасын бұрғылау трубаларынан босату; теңіз стоягын тарту жүйесін ұңғыма сағасынан ажыратуға дайындау; девенторды, теңіз стоягының телескопиялық компенсаторын бөлшектеу. "Апаттық ажырату" дабылы бойынша ұңғыма сағасынан ажырату. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерге дайындау және оларды орындауға қатысу. ПБУ ұңғыма сағасы үстіндегі жай-күйі мен динамикалық позициондау қызметімен байланысты бақылау. Жобалық құжаттамаға қатысты проводка технологиясын, "Выброс" дабылы бойынша вахта мүшелерінің әрекеттерін, вахта мүшелерінің мұнай, газ,су көрінуін жою кезіндегі нұсқамаларды орындауын, ППВО мен тиісті айлабұйымдардың ұдайы дайындықта ұсталуын бақылау. Геологиялық-техникалық бақылау қызметінің (ГТК) ұңғыманы тұйықтау есебіне қажетті технологиялық параметрлерді түсіру жөніндегі талаптарын орындау және ГНВП анықталған әрі геологиялық-техникалық бақылау қызметі хабарлаған кезде ұңғыма сағасын герметизациялау шараларын қабылдау. Бұрғы кемесі әрбір штормды тоқтап тұрғаннан кейін бұрғы мұнарасын кейін профилактикалық қарауға қатысу. Таль канатының жұмысталуын бақылау.

Білуге тиіс: технология, техника және өндірісті ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарды; кен орындарының геологиясы мен мұнай, газ, термальдік және йод бромды суларды, және т.б. пайдалы қазбаларды өндіру технологиясы жөніндегі негізгі деректерді; геологиялық-техникалық нарядты және режимдік-технологиялық картаны; бұрғыланатын аумақтың геологиялық разрезін, ұңғыма құрылымы туралы деректерді; теңіз жағдайына бұрғылау жұмысын жүргізудің режимін; бұрғылау және күшті жабдықтардың, ППВО, автоматты механизмдердің, сақтандыру құрылғыларының нысаны мен құрылымын, техникалық сипаттамасын; электр бұрғы мен турбобұрғы құрылымын; электр бұрғы мен турбобұрғының, ток жеткізгіштің ықтимал ақауларын жою тәсілдерін; қолданылатын құралдар мен айлабұйымдардың құрылымы мен нысанын, ұңғымаларды еңістік-бағытты және жазық бұрғылау кезінде ауытқышты трубаларды, электр бұрғы мен турбобұрғыларды түсіру және бағдарлау әдістерін; қолданылатын шағын механизация айлабұйымдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының, бұрғы ерітіндісін тазарту жүйесінің құрылымын; бұрғы ерітінділері мен бұрғы ерітінділерін дайындауға және өңдеуге арналған химиялық реагенттердің физикалық-химиялық қасиеттерін, оны дайындау, қалпына келтіру және қайталап пайдалану әдістерін; ауырлатқыштар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылау және олардың жұмсалуын төмендету жолдарын; қолданылатын долоттардың типомөлшерлерін және ұтымды пайдалану принциптерін; ұңғыманы бұрғылау кезіндегі авариялар мен қиындықтардың себептерін, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды; қолданылатын жабдыққа арналған шекті жүктемені; ұстағыш құралдарың құрылымын, нысаны мен оны қолдану тәсілдерін; сызба үлгісін, мөлшерін, таңбасын, айналма, бұрғылау және насос-комперссор трубаларының беріктік сипаттамасын; ұңғыманы айналма трубаны түсіруге және цементтеуге дайындауға қойылатын талаптарды; бұрғылау және ұстындарды цементтеу кезінде өнімдік көкжиекті ластанудан қорғаудың әдістерімен құралдарын; ұңғымаларды цементтеу технологиясын және айналма ұстындарды цементтеудің сапасы мен герметикалылығын қамтамасыз ету шарттарын; қолданылатын материалдардың шығыс нормаларын; қабаттарды, түрлі конструкциядағы пакер сынаушылардың нысанын, құрылымын; ұңғымаларды қабаттарды сынауыштарды түсіруге және геофизикалық зерттеулер жүргізуге дайындауға қойылатын техникалық талаптарды; герметикаландыратын құрылғылардың байламдары мен құрылымының сызбасын; пайдаланылатын ұңғымаларды игеру және барлау ұңғымаларын сынау жөніндегі жұмыстарды жүргізу технологиясы мен әдістерін; фонтан және насос бұрғыларының жердегі жабдығы құрылымын және оларды пайдалануды; акваторийдегі жұмыс жағдайында штормдар басталған кезде қолданылатын су бетіндегі және су астындағы жабдықтарды, шараларды; жұмыс құралын, қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен сақтандыру аспаптарын бракқа шығару ережесін; күкіртті сутегі бар кен орындарындағы жұмыс кезіндегі арнаулы қауіпсіздік ережесін; ұңғыманы бұрғылау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бұйрықтарды, өкімдерді және басқа да құжаттарды; теңіз кемелерінде қызмет ету жарғысын.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Тереңдігі 1500 м қоса алған ұңғыманы бұрғылау кезінде - 5-разряд;

тереңдігі 1500 м қоса алған ұңғыманы бұрғылау кезінде, сондай-ақ, тереңдігі 1500 м және 4000 м дейінгі ұңғымаларды еңістік-бағытты ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 6-разряд;

бұрғылау процесінде шаю ерітіндісінің сіңіп кетуінің, кен құламасының, ұңғыма оқпанының тарылуының, газ, мұнай, су көрінуінің алдын алу техникалық іс-шаралары қолданылатын, тереңдігі 4000 м жоғары және 5000 м дейінгі ұңғымаларды, тереңдігі 2000 м дейінгі жазық ұңғымаларды, тереңдігі 1500 м жоғары, геологиялық күрделі жағдайдағы еңістік-бағытты ұңғымаларды, тығыздығы 1,6 г/см3 және одан жоғары ауырлатылған бұрғы ерітіндісі қолданылған жағдайда - 7-разряд;



тереңдігі 5000 м жоғары ұңғымаларды, тереңдігі 2000 м жоғары жазық ұңғымаларды немесе ПБУ бар ұңғымаларды бұрғылау кезінде - 8-разряд.
2. Мұнара монтаждаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғысы блоктарын, қазандық қондырғыларын, су насос қондырғыларын, отын-май қондырғыларын, электр бұрғымен бұрғылау жабдығын, металдан жасалған өтпе алаңдарды, күштік, насос, энергетикалық, мұнара-шығыр блоктары мен бұрғы ерітіндісін тазарту жүйелеріндегі траптар мен қоршауларды монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау. Бұрғы қондырғысының астына бетон жабын, қосалқы сыйымдылықтар мен балшық араластырғыштарға негіздеме мен алаңдар, механизмдердің жылжымалы бөліктеріне арналған қоршауларды құру. Мұнаралар мен мұнара жанындағы құрылғыларды құрастыру және бөлшектеу кезінде топырақ, бетон, слесарлық, ұсталық және тиеу-түсіру жұмыстарын орындау. Мұнараны бекітуге және орталандыруға арналған зәкірлерді орнату. Бұрғы жабдығы мен мұнара жанындағы құрылғылардың негіздеме іргетасының орналасатын жерін біліктілігі анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушының басшылығымен белгілеу. Бу және су желілерін салу және орамалау. Бұрғы мен технологиялық жабдықтарды майлау. Көмекші жабдықты тасымалдауға дайындау. Барлық үлгідегі және конструкциялардағы мұнарасы бар, геологиялық-барлауға арналған бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу.

Білуге тиіс: бұрғы қондырғыларының, қолданылатын механизмдер мен жабдықтың нысанын; мұнара бөлшектері мен негіздемелердің, іргетастар мен мұнара жанындағы құрылғылардың нысанын; амбарларға, жұмыс алаңдарына арналған қоршаулардың көлемін; бұрғы қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау әдістерін; бұрғылау жабдығы мен коммуникациялардың орналасу сызбасын; мұнара салуда қолданылатын механизмдердің техникалық сипаттамаларын; бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруды; слесарлық және ұста құралдарын пайдалану ережесін; көлемі шағын жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру ережесін; кран машинистерінің шартты дабылдарын.
3. Мұнара монтаждаушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы мұнараларын, мұнара жанындағы құрылғыларды, мұнараларды көтеру және түсіру механизмдерін, бұрғы ерітіндісін циркуляциялық тазарту жүйесі жабдықтарын, қосалқы сыйымдылық блоктарын, энергоблок пен механикаландыру және автоматтандыру құралдарын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау. Бұрғы жабдығы мен мұнара жанындағы құрылғылардың негіздеме іргетасының орналасатын жерін белгілеу. Дизельге арналған коллекторларды салу және орамалау, біліктілігі анағұрлым жоғары мұнара монтаждаушының басшылығымен серпігіш желілер мен манифольдарды құрастыруға және престемелеуге қатысу. Бұрғы мұнарасын, бұрғылық, күштік жабдықты және бұрғы қондырғысының жекелеген блоктарын орталандыру. Геологиялық-барлау жабдығында қолданылатын барлық үлгідегі және конструкциялардағы мұнарасы бар, геологиялық-барлауға арналған бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

Білуге тиіс: бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу әдістері мен ережесін, механикаландыру және автоматтандыру кешенінің құрылымын; түсіру-көтеру операциялары механизмдерінің, циркуляциялық желі механизмдерінің, сумен, бумен жабдықтау коммуникацияларының, электрмен жабдықтау, пневмо жүйе мен жұмыс орныдарын жылыту кешенінің нысаны мен техникалық сипаттамасын; жүк көтеру механизмдері қолданылатын ілмектеу, такелаж өндірісі ережесін.
4. Мұнара монтаждаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Негізгі технологиялық жабдықты, бұрғылау процесін басқару пультін, бұрма крандарды,бұрғы қондырғысы блоктарын жабуға арналған металл каркастарды, бұрғы құралын түсіру және көтеру автоматтарын, автоматтандыру құралдарын, шиноневматикалық муфталарды, А-үлгілік мұнаралар мен биіктігі 45 м. дейінгі башня үлгісіндегі мұнараларды монтаждау және бөлшектеу. Бұрғы қондырғысының, бұрғылық, күштік жабдықтың жекелеген блоктарын іргетасқа көтеру және орнату. Көтеру-тьасымалдау құралдарын қолдана отырып блоктарды түйістіру. Серпігіш желілер мен қысымы 15 МПа (150 кгс/см2) дейінгі манифольдарды құрастыру және престемелеу. Күштік өткізгіштерді орталандыру. Бұрғы жабдығы мен бұрғы мұнараларын қайта қосу және сынау. Номинальдік жүк көтергіштігі 100 т. дейінгі бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

Білуге тиіс: барлық үлгідегі бұрғы қондырғыларын құрудың индустриялдық әдістерін; бұрғы қондырғыларының, бұрғы жабдығының, оларды монтаждау және бөлшектеу кезінде қолданылатын механизмдердің құрылымын; жоғары және төмен қысымды труба құбырлары коммуникацияларының, отын жүйесінің, бақылау-өлшеу аспаптары мен аппараттарының сызбаларын; шинопневматикалық муфталарды монтаждау және бөлшектеу тәсілдерін; қолданылатын жабдық пен бұрғы мұнарасын орталандыру және сынау әдістерін; электрмен пісіру, электромонтаж, ілмектеу және такелаж жұмыстары өндірісінің негізгі ережелерін; гидроциклондық және дегазациондық қондырғылардың нысанын; ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының түрлерін.
5. Мұнара монтаждаушы

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру. А-үлгілік мұнаралар мен башня үлгісіндегі мұнараларды монтаждау және бөлшектеу. Серпігіш желілер мен қысымы 15 МПа-дан 30 МПа (150 кгс/см2 жоғары және 300 кгс/см2 дейінгі) дейінгі манифольдарды құрастыру және престемелеу. Бұрғы қондырғысының жабдығын орналастырудың үлгілік сызбасын жергілікті жағдайларға байланыстыру. Бұрғы қондырғысының блоктарын тасымалдау трассасын таңдау. Бұрғы қондырғысын, көтеру-тасымалдау құралдары мен материалдарын сызба бойынша орналастыру. Тальдік жүйені жабдықтау. Бұрғы қондырғысының бақылама қосу. Бұрғы қондырғысының тиісті құжаттасын ресімдеу. Жүк көтергіштігі 200 т.-дан 250 т. дейінгі бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

Білуге тиіс: бұрғы қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсырудың тәртібін; бұрғы қондырғысы жабдығын орналастыру, құрылыс монтаж жабдығын құрылыс алаңыңда ұтымды орналастыру сызбасын; бұрғы қондырғыларының гидравликалық жүйесін; жер жағдайлары мен жергілікті рельефтің трасса таңдауға әсерін және бұрғы мұнарасын жылжыту тәсілдерін; жұмыс орындарын ұйымдастырудың үлгілік жобалары мен бұрғы қондырғысын құру кезіндегі желілік жоспарлауды; ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының нысанын, құрылымы мен түрлерін.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.
6. Мұнара монтаждаушы

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсыру. А-үлгілік мұнаралар мен башня үлгісіндегі және биіктігі 45 м. жоғары күрделі конструкциялы мұнараларды монтаждау және бөлшектеу. Серпігіш желілер мен қысымы 30 МПа (3000 кгс/см2 дейінгі) жоғары манифольдарды құрастыру және престемелеу. Бұрғы қондырғысының жабдығын орналастырудың үлгілік сызбасын жергілікті жағдайларға байланыстыру. Бұрғы қондырғысының блоктарын тасымалдау трассасын таңдау. Бұрғы қондырғысын, көтеру-тасымалдау құралдары мен материалдарын сызба бойынша орналастыру. Тальдік жүйені жабдықтау. Бұрғы қондырғысының бақылама қосу. Бұрғы қондырғысының тиісті құжаттасын ресімдеу. Жүк көтергіштігі 200 т.-дан 250 т. дейінгі бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде мұнара монтаждау бригадасын басқару.

Білуге тиіс: бұрғы қондырғысын монтаждауға қабылдау және монтаждаудан кейін пайдалануға тапсырудың тәртібін; бұрғы қондырғысы жабдығын орналастыру, құрылыс монтаж жабдығын құрылыс алаңыңда ұтымды орналастыру сызбасын; бұрғы қондырғыларының гидравликалық жүйесін; жер жағдайлары мен жергілікті рельефтің трасса таңдауға әсерін және бұрғы мұнарасын жылжыту тәсілдерін; жұмыс орындарын ұйымдастырудың үлгілік жобалары мен бұрғы қондырғысын құру кезіндегі желілік жоспарлауды; көлік пен материалдарды пайдалану жөніндегі есепті жүргізді және есептемені жасауды; ірі блоктарды тасымалдауға арналған тасымалдау құралдарының нысанын, құрылымы мен пайдалану ережесін.

Номинальдік жүк көтергіштігі 250 т. жоғары бұрғы қондырғыларын құрастыру, орнын ауыстыру және бөлшектеу кезінде - 8-разряд.



Орта кәсіптік білім талап етіледі.
7. Мұнара монтаждаушы-пісіруші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы және күштік жабдықтарды, өтпелі алаңдарды, бұрғы қондырғысының метал төсемдерін, науа жүйелерін, қаптаманы, ауа құбырлары прокладкаларының кронштейндерін, май құбырларын және труба құбырларын монтаждау және бөлшектеу кезіндегі электрмен және газбен пісіру жұмыстары. Профильдік және сұрыптық металдан төбенің, рамалардың, сыйымдылықтардың, қақпақ бүйірлерінің және т.б. газбен кесу. Басқару пульттерінің каркастары мен айналма бөлігінің қаптауларын пісірмелеу. Суға, сеппелі материалдар реагенттеріне арналған қысымсыз труба құбырларын төсеу. Электрмен, газбен пісіру аппараттарына қызмет көрсету. Бұрғы қондырғыларын монтаждау, бөлшектеу және тасымалдау.

Білуге тиіс: металдың негізгі қасиеттерін; электрмен, газбен пісіру жұмыстарын жүргізу ережесін; қолданылатын электрмен, газбен пісіру аппараттарының типтері мен құрылымын, олардың жұмыс принципін, пайдалану ережесін; пісіру кезінде қолданылатын айлабұйымдар мен материалдарды; бұрғылау және күштік жабдықтың орналасу сызбасын; қолданылатын бұрғы жабдығы мен қондырғысының нысанын және техникалық сипаттамасын; электротехника негіздерін; бұрғы қондырғысын монтаждау және бөлшектеу әдістерін; көлемі шағын жүктерді ілмектеу, көтеру және орнын ауыстыру ережесін.
8. Мұнара монтаждаушы-пісіруші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұрғы және күштік жабдықтарды, өтпелі алаңдарды, бұрғы қондырғысының метал төсемдерін, науа жүйелерін, қаптаманы, ауа құбырлары прокладкаларының кронштейндерін, май құбырларын және труба құбырларын монтаждау және бөлшектеу кезіндегі электрмен және газбен пісіру жұмыстары. Болаттың әртүрлі маркаларынан жасалған бұрғы қондырғыларын, сыйымдылықтар мен труба құбырларын монтаждау және бөлшектеу кезінде пісірме жіктің барлық кеңістік жағдайларында электрмен және газбен пісіру жұмыстары. Дизельдерге арналған коллекторларды, труба құбырларының, тасымалдау арбаларының газбен жабдықтау және жылу беру сыртқы және ішкі желілеріне арналған бекітпелері мен тіреулерін пісіру. Шойын рамалар мен бұйымдарды газбен кесу. Профильдік прокаттан жасалған бұрғы мұнараларын пісіру. Шойын рамалар мен тақталардағы раковиналар мен жарықтарды пісіру. Бұрғы қондырғысын алғашқы монтаждау кезінде күрделі пісірме металл конструкциялардың сызбаларын оқу. Бұрғы қондырғысын құру, қосалқы сыйымдылық блоктарын мұнараны көтеру және түсіру механизмдерін монтаждау кезінде және басқа да ұқсас жұмыстарда монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет