жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қызу нәтижесінде басқаларына
уақытша басымдық танытып,
үстемдік көрсетуі.
Бата беру – жақсы тілек білдіру
Бек – феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.
Беклер бегі – ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери
қызметкер.
«Бесеудің хаты» - қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік
комитетінің бірінші хатшысы
Ф.И.Голощекинге жолдаған хаты (1932 жыл 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге
арнап жазылған хат қазақ
зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі саналады.
Бесжылдық, бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік –
экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші
бесжылдық жоспары
1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды.
Бескіл – түрік тілдес тайпа
Би – әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.
Бифас – екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал.
Боғдыхан – қытай императорының монғол тіліндегі атауы.
Болос – кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған
кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған.
Достарыңызбен бөлісу: