6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы



Pdf көрінісі
бет260/308
Дата04.04.2023
өлшемі3.22 Mb.
#471670
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   308
Жұбанышев

Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына 
көшіру. 
Демография – халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы. 
Демократияландыру – қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) 
негіздерде ұйымдастыру. 
Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар 
халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
Депутат – қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі. 
Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемі. 
Дефицит – тапшылық, жетімсіздік. 
Дешті қыпшақ – Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым. 
Диаспора – этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс 
жерлерге қоныстанған адамдар. 
Диверсификация – өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі. 
Динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі. 
Дискриминация – адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау. 
Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз 
шығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер қуғынға 
ұшыратылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті.
Дистанция – Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік 
бірлік. 
Диуан – 1) Моғол мемлекетіндегі атқарушылық билікті жүзеге асыратын орган; 2)Ресей империясындағы 
округтік орган. 
Диуан – мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мемлекеттер. 
Доктрина – ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым. Шешуші теориялық немесе саяси қағида. 
Дромос – оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті 
жабық өткел. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   308




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет