6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Гомонидтер – адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған түрі.  Государственная дума



Pdf көрінісі
бет259/308
Дата04.04.2023
өлшемі3.22 Mb.
#471670
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   308
Жұбанышев

Гомонидтер – адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған түрі. 
Государственная дума – заң шығарушы жоғары өкілетті орган. 
Губерния – облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ 
ГУЛАГ – лагерьлердің Бас басқармасы. 
Гуньмо – ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет билеушісінің лауазымы. 
Гурхан – Қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы. 
Ғазнауи әулеті – Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет. 
Ғаныш – бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Ол қалау жұмысына және сылаққа 
қолданылған. 
Ғибадатхана – жалбарыну, сиыну, Құдайға құлшылық ететін орын. 
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. 
Даруғ, даруға – ханның қаладағы әкімі, салық жинайтын т.б жұмыстар атқаратын өкілі. 
Дастан – Орта және Таяу Шығыс халықтарының жазба және ауызша әдебиетіндегі көлемді батырлық немесе 
махаббат поэмасы. 
Дәнүккіш – ұн жасау мақсатында бидайды үгітуге қолданылған тас құрал 
Дәстүр (лат. tradition – беру) – ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып
ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері. 


Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар. 
Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен 
халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме. 
Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы 
декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде 
қабылданды). 
Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі. 
Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   308




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет