6-сыныпқа матматикалық сауаттылық тапсырмалары



Дата30.04.2024
өлшемі29.08 Kb.
#500153
түріСабақ
6-сынып мат сауаттылық


6-сыныпқа матматикалық сауаттылық тапсырмалары

1. Азат бір сан ойлады , сосын ол санға 4,5 санын қосты шыққан саннан 8,7 –ті санын азайтқанда 1,4 саны щықты . Азат қандай сан ойлады?


А) 2,8
В)7,3
С )-1,9
Д) 5,6
2. Үш дос Әуез, Ернар және Мырза бір сыныпта оқиды. Олардың біреуі мектептен үйіне автобуспен, біреуі машинамен және біреуі троллейбуспен қатынайды. Бір күні сабақтан соң Әуезді досы аялдамасына дейін шығарып салды. Қастарынан троллейбус өтіп бара жатқанда, үшінші досы терезеден «Ернар, сен дәптеріңді ұмытып кетіпсің» - деп айқайлайды. Кім үйіне немен барады?
А) Әуез –автобус ,Ернар –машина , Мырза- троллейбус
В) Әуез –машина ,Ернар – автобус , Мырза- троллейбус
С) Әуез –троллейбус ,Ернар –машина , Мырза- автобус
А) Әуез –автобус ,Ернар –троллейбус , Мырза- машина
3. Сырдария өзені Нарыннан басталып, Арал теңізіне құяды. Сырдария өзенінің ұзындығы 2220км, оның 1:7500000 масштабымен сызылған картадағы ұзындығын табыңдар.
А) 12,3см
В) 25,7см
С) 29,6см
Д) 30см
4. 10:1 масштаб бойынша ұзындық қалай өзгереді?
А) 10 рет ұлғаяды
В) 10 рет кішірейеді
С) 10 см қосылады
Д) Өзгеріссіз қалады
5. Суреттегі №1 квадраттың периметрі 32 см, №2 квадраттың периметрі 24 см, №3 квадраттың ауданы 25 см2. №5 тіктөртбұрышының ауданы 76 см2 . №4 квадраттың ауданын табыңыз.



А) 64 см2
В) 81 см2
С) 100 см2
Д) 121 см2
6. a+b мәнін есептеңіз:
А) 84
В) 96
С) 120
Д) 128
7. Дана өзіне келген қонақтарға бірдей тарту әзірлемекші боды. Ол тарту салған пакеттерге барлығы 30 сары өрік, 24 қара өрік, 18 шабдалыны үлестіріп салды. Данаға қанша қонақ келген?
А) 6
В) 8
С) 9
D) 12
8. Иттер мен мысықтардан тұратын барлығы 10 жануарды жемдеуге 56 бөлке жем кетті. Әр итке 6 бөлке, әр мысыққа 5 бөлкеден берілсе, иттер нешеу болған?
А) 3
В) 4
С) 5
D) 6
9. Сұрау белгісінің орынындағы санды табыңыз. 19; 26; 34; 43; 53; ?
А) 59
В) 64
С) 66
D) 68
10. Завод бір ауысымда 60 бұйым өндірді. Осы бұйымдарды қораптарға, әр қорапқа бірдей санды бұйым келетіндей етіп, салудың неше әртүрлі мүмкіндігі болады?
А) 3
В) 6
С) 12
D) 15
11. Сатып алушы килограмы 520 теңге тұратын қаймақ майынан 450 г сатып алуға қанша ақша төлейді?
А) 222 тг
В) 234 тг
С) 250 тг
D) 260 тг
12. Егер Расул 11 дәптер сатып алса, өзінде 50 теңге қалады. Ал 15 дәптер сатып алуға 70 теңгесі жетпей қалады. Расулдың қанша теңге ақшасы болған?
А) 330
В) 350
С) 380
D) 450
13. Теңдеулердің түбірлерінің қосындысын табыңыз:
және
А) 29
В) 31
С) 35
D) 36
14. Электропоезд 6 сағатта 330 км жүрді. Егер ол осы жылдамдықпен жүр берсе, электропоезд 495 километрді қандай уақытта жүріп өтеді?
А) 4 сағатта
В) 6 сағатта
С) 9 сағатта
Д) 12 сағатта
15.Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Катер өзен ағысымен 3 сағатта 57 км жол жүрді. Катердің меншікті жылдамдығын тап.
А) 17 км/сағ
В) 19 км/сағ
С) 21 км/сағ
Д) 23 км /сағ
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfxU7rqfEshnRD3gaV4OJXyrMga-p2Q2VozO9XCxsvamyP3Ew/viewform?usp=sf_link

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет