66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын



бет15/17
Дата11.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#127812
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

154. Слесарь-стендовик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ауыр ірі габаритті бұйымдарға құрастыру, бөлшектеу, тасымалдау, стендте орнату. Бұйымдарды стендтен түсіру, бөлшектеу, толық бейтараптандыру. Стендте оны бойынша өлшеп, стандартсыз жабдықтарды жасау. Жылжымайтын стапельді монтаждау және демонтаждау. Стенд жабдықтарын тиеу, тасымалдау және түсіру. Қозғалтқыштарды тығындардан алу және ложементке салу. Қозғалтқышқа технологиялық шатыр салу және оны түсіру. Қыздырғыш машинаны технологиялық шатырға орнату. Кран мен кергіштердің көмегімен тұғырықтарға рамаларды орнату және бекіту. Қозғалтқышты стапельден түсіру, жиектегіштің көмегімен оны көлденең қалыпқа ауыстыру және тасымалдағыш ложементке орнату. Жоғары білікті слесаря-стендовиктің басшылығымен күрделі тораптарды құрастыру және сынау.

Білуге тиіс: стенд жабдықтарын құрастыру, бөлшектеу және жөндеу ережесі; түрлі стапельдердің принциптік құрылғысы және олардың жұмыс істеу принциптері; қозғалтқыштарды люнеттерге орнату және оларды стапельге бекіту ережесі; қол тальдерінің құрылғысы және оларды люнеттерге орнату; агрессивті, улы және жарылу қауіпі бар сұйықтықтар мен булардың физикалық-химиялық қасиеті және оның адам ағзасына әсері; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарға қызмет көрсету ережесі; бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғылардың құрылғысы және пайдалану ережесі; отынның негізгі қасиеті.
155. Слесарь-стендовик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті бұйымдарды құрастыру, түйістіру, тасымалдау және стендтерге орнату. +-1° дәлдікпен люнеттерді тұғырықтарға орнату. Кранның көмегімен стапельді ашық стендке орнату. Түптердің қыспаларын қозғалтқыштарға орнату және бекіту. Қозғалтқышқа құрсауды орнату және бекіту, жабдықталған қозғалтқышты керіп созудың көмегімен тіреулерге ілу. Қозғалтқышты жазықтыққа перпендикуляр орнату және буссоль мен квадрантаның көмегімен қозғалтқыш осьін бақылау жазықтықпен салыстырп тексеру. Қосқыш желіні басқару пультіне қосу, қозғалтқышты басқару пультынан қосу. Қозғалтқышты тасымалдағыштың ложементіне түсіру және тальдің көмегімен қозғалтқышты орнату. Қыздырғыштарды пайдалануға қосу және жұмыс барысында оларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: жұмыс принциптері туралы негізгі мәліметтер, люнеттерді, ілмелердің, тальдердің құрылғысы, жөндеу, стендке орнату ережесі; құю-сору желдеткішінің өрт сөндіру схемасы; сыналатын бұйымдардың материалдық бөлігін; тұтандырғыштардың, пиропатрондардың, іске қосу машиналарының және басқару пульттарының құрылғысы; пирожелілер схемасы; пиропатрондар мен тұтандырғыштарды орнату және оларды пирожеліге қосу ережесі; қосу кезінде берілетін сигналдардың жүйесі; соқпа стендтің құрылғысы және жұмыс істеу принципі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, міндеті және ережесі;
156. Слесарь-стендовик

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Барлық жүйедегі және габаритті қозғалтқыштарды түйістіру, тасымалдау, стендке орнату. Стендті, монтажды, крандық жабдықтарға қызмет көрсету. Буссольдер мен квадранта бойынша тік және көлденең жазықтықта қозғалтқыштарды, берік плитаның орнату дұрыстығын салыстырып тексеру. Тік стендте сынақтар жүргізу үшін крандар мен кергіштердің көмегімен стапельдің ұяшығына қозғалтқыштарды орнату. Діріл стендте қозғалтқыштарға сынақ жүргізу.

Білуге тиіс: қозғалтқыштың конструкциясы және оның ерекшеліктері; орындалатын жұмыс көлемінде материалдар мен инертті газдардың қасиеті; тік және көлденең жазықтықта қозғалтқышты, берік плитаны салыстырып тексеру ережесі және тәртібі; діріл стендтің құрылғысы және жұмыс істеу құрылғысы және оларда сынақтар жүргізу ережесі; құрастыру технологиясы, қозғалтқышты сөндіру үшін қысылған ауа мен азотты беру схемасы; қозғалтқыштарды белгілеу, эскиздеу.
157. Слесарь-стендовик

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы техниканың және бұйымдардың ерекше тораптарының, блоктарының, агрегаттар мен аппаратурасының жаңа үлгілерін дайындау және жүргізу.

Білуге тиіс: сынау және монтаждау жұмыстарының технологиясы; технологиялық шарттар және монтаждау схемасы; аспаптарды, агрегаттарды, аппаратураларды, зымыран қозғалтқыштарының жабдықтарын сынау тәсілдері; сынау үшін қолданылатын құралдардың, аспаптардың, аппаратураларды, стендтер мен басқа да жабдықтардың түрлері, оларды баптау, реттеу және түзету.
158. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл танк, броньтасымалдағыш, арттартқыштар типті әскери және арнайы машиналардан және солардың базасында жөнделген машиналардан электр жабдықтарды түсіру. Әмбебап құрылғылар мен құралдарды пайдаланып, қарапайым тораптарды, агрегаттарды және электр жабдықтардың арматураларын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және орнату. 12-14 квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру. Электр жабдықтардың бөлшектері мен аспаптарын қысылған ауамен тазалау, ысқылау және үрлеу. Оқшаулағыш және сортты материалдардан дайындалған қарапайым бөлшектерді жасау. сымдарды дәнекерлеу (қалайылау), кабельдердің, біріктіргіш муфталар мен қораптарын шеттерін бітеу.Сызбалар мен шаблондар бойынша қажетті ұзындықта сымдар дайындау. Сымдар мен кабельдердің оқшаулау кедергілерін тексеру және өлшеу.

Білуге тиіс: әскери және арнайы машиналардың жөнделетін электр жабдықтарының міндеті, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; дәнекерлеу кезінде қолданылатын дәнекерлер мен флюстер; оқшаулағыш материалдар; тораптар мен аспаптарды біріктірудің қарапайым электр монтаждау схемалары; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының класы); орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясының негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Аккумуляторлар – түсіру және орнату.

2. Аккумулятордың қорғау блоктары – құрастыру.

3. Кабель вилкалары мен муфталары – жөндеу.

4. Байланыстырғыш құрылғылардың сөндіргіштері – бөлшектеу, құрастыру.

5. Жарықтандыру желі штепсельді ұяшықтарының сөндіргіштері – схема бойынша орнату.

6. Бөлшектер – күйіктен және коррозиядан тазарту.

7. Пресшпаннан, текстолиттен жасалған бөлшектер – жасау.

8. Сымдардың, кабельдердің жгуттары – бөлшектеу. .

9. Кронштейні бар жарық түсіргіш қораптар – құрастыру.

10. Балқымалы сақтандырғыштар – ауыстыру, жөндеу.

11. Тоқтатқыштар-бөліп-таратқыштар, шамдар – байланыстырғышта тазалау.

12. Сымдар – қалайылау, дәнекерлеу, ұштарын бітеу.

13. Ажыратқыштар, ауыстырып-қосқыштар, сақтандырғыш қораптар – бөлшектерді ауыстыру.

14. Сымдар мен кабельдерді тартуға арналған құбырлар – жасау.

15. Фарлар, габаритті фонарлар, жарық түсіргіш плафондар, дыбыс сигналдары – түсіру және орнату.

16. Щетка ұстағыштар – бөлшектеу, құрастыру.
159. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа және жеңіл танктер типті әскери машиналардан және олардың базасында жөнделген арнайы машиналардан электр жабдықтарды түсіру. Күрделі емес аспаптар мен электр агрегаттарды құрастыру, реттеу және сынау. Күрделілігі орташа электр жабдықтардың аспаптары мен агрегаттарын бөлшектеу. Бөлшектер мен тораптарды 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Электр желілер мен сымдарды құбырлар бойынша тарту және оларды сызбалар мен күрделілігі орташа схемалар бойынша топтап біріктіру. Түрлі қимада 25 данаға дейін сымдары бар біріктіру жәшіктерінің электр схемаларын байлау. Аспаптар мен аппаратураларды қоректендіру көздеріне қосу. Орамдарға сіңдіру және кептіру.

Білуге тиіс: әскери және арнайы машиналардың жөнделетін тораптары мен агрегаттарының құрылғысы, жұмыс істеу принципі және міндеті; электр жабдықтардың күрделі емес агрегаттарын жөндеуге, құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттар, күрделілігі орташа электрмен монтаждау схемалары; шектеулер мен әдіптер; квалиттер мен кедір-бұдырлық параметрлері; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника.

Жұмыс үлгілері:

1. АЗС және АЗР типті желілерді қорғау автоматтары, АС сигнал беру автоматтары, Б-3, БГ-3-26 типті қоректену блоктары – бөлшектеу.

2. Генераторларды қосу механизмдері – жөндеу, құрастыру, реттеу.

3. СУЗГА-2 типтік жарық бергіштер – жөндеу, құрастыру, реттеу.

4. Тұтандыруды таратқыш – тұтандыруды орнату, бөлшектеу.

5. Реле-реттегіштер, PCT-15A типтік реле, КРР-2, КР-6, КР-40 типтік реле қораптары – бөлшектеу.

6. ВКУ-27, ВКУ-330-1 типтік байланыстырғыш айналма құрылғылар – бөлшектеу.

7. Фарлар, габаритті фонарлар, дыбыс сигналдары, тұтандыру тұйықтандырғыштары, тарамдану қораптары – жөндеу, құрастыру, реттеу.

8. Электр аспаптардың қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары – бөлшектеу.

9. ГСР-900, ГСР-18000, ПР-600, ПО-750, ПО-4500 типтік электр агрегаттар - бөлшектеу.

10. ПМБ-55, МВ-42, МВ-67, МВП-2, МУ-431 типтік электр қозғалтқыштары – бөлшектеу.

11. Генераторлардың, стартерлердің зәкірлері - теңгеру.


160. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жеңіл танк,бронь тасымалдағыш, артиллериялық тартқыштар типті әскери машиналарына және солардың базасында жөнделген машиналарға электр жабдықтарды орнату. Күрделілігі орташа электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптарын жөндеу, құрастыру және реттеу, сынау әрі тапсыру. Электр жабдықтардың күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын бөлшектеу. Бөлшектер мен тораптарды 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. электр жабдықтардың агрегаттары мен аспаптарын орнату және сынау кезінде анықталған ақауларды жою.

Білуге тиіс: әскери және арнайы машиналардың жөнделетін күрделі және негізгі электр жабдық агрегаттары мен аспаптарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі; электр жабдықтарды жөндеуге, құрастыруға, реттеуге және орнатуға қойылатын техникалық шарттар; машина электр жабдықтарының монтаждау схемалары; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер мен кедір-бұдырлық параметрлері жүйелері; орындалатын жұмыс көлемінде электр тезника мен металл технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. АЗС, АЗР типтік желіні қорғау автоматтары, АС сигнал беру автоматтары – жөндеу, құрастыру, сынау.

2. Г-731, Г-5, Г-111, Г-261, ВГ-7500, Г-55 типтік генераторлар; СГ-10 типтік стартер-генераторлар; CT-16M, С-5, СТ-700, СТ-8Б типтік стартерлер; СП-24, СП-14, СП-106 спидометрлер – бөлшектеу.

3. ГПК-48, ГПК-59 типтік гирожартылайкомпастар – бөлшектеу.

4. Тұтандыруды таратқыш – тұтандыруды орнату, бөлшектеу.

5. Реле-реттегіштер, PCT-15A типтік реле, КРР-2, КР-6, КР-40 типтік реле қораптары – жөндеу, құрастыру, реттеу.

6. Электр машиналы күшейткіштер, ПАГ-1Ф типтік түрлендіргіштер – бөлшектеу.

7. ВКУ-27, ВКУ-330-1 типтік байланыстырғыш айналма құрылғылар – құрастыру, сынау.

8. Электр жетек қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары – бөлшектеу, жөндеу.

9. МПБ-55, МВ-42, МВ-67, МУ-431 типтік электр қозғалтқыштар – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау.

10. ЭК-48 типтік электрпневмоклапандар, электр магниттер – жөндеу, құрастыру, сынау.
161. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа және ауыр танк типті әскери машиналарына және солардың базасында жөнделген машиналарға электр жабдықтарды орнату электр жабдықтардың күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Электр жабдықтардың ерекше күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын бөлшектеу. Бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Түрлі сымдардан жасалған едәуір күрделі электр схемалар мен монтаждарды жасау.

Білуге тиіс: әскери және арнайы машина электр жабдықтарының ерекше күрделі және негізгі агрегаттарының, аспаптар мен аппаратураларының міндеті, құрылғысы және өзара әрекеті; электр жабдықтардың ерекше күрделі және негізгі агрегаттары мен аспаптарын құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттар; аспаптар мен аппаратураларды біріктірудің ерекше күрделі электр монтаждау схемалары; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника және металл технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. Б-3, БТ-6-26типтік қоректену блоктары – жөндеу, құрастыру, сынау.

2. Г-731, Г-5, Г-111, Г-261, Г-74, Г-7500, Г-55 типтік генераторлар; СГ-10 стартер-генераторлар; CT-16M, СТ-700, СТ-8Б типтік стартерлер; СП-24, СП-14, СП-106 типтік спидометрлер; ГПК-48 типтік гирожартылайкомпастар – жөндеу, құрастыру, сынау.

3. Реле-реттегіштер, PCT-15A типтік реле, КРР-2, КР-6, КР-40, КУВ типтік реле қораптары – сынау.

4. Бағыттау жүйелері – құрастыру, реттеу.

5. ПАГ-1Ф и ПТ-200И типтік электр машиналары және түрлендіргіш күшейткіштер – жөндеу, құрастыру, сынау.

6. Электржетектердің қалқандары, жүргізуші-механик қалқандары – құрастыру, сынау.
162. Әскери және арнайы машиналардың электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь-электрик

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әскери машиналардың ерекше күрделі және негізгі радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды құрастыру, реттеу және сынау, Аралық басқарылатын электр жабдықтар мен автоматтандырылған жүйені кешенді сынау.

Білуге тиіс: әскери машиналарына салынатын ерекше күрделі және негізгі радио электронды аппаратуралардың конструкциясы, міндеті және жұмыс істеу принципі; ерекше күрделі электрондық және электрлік жабдықтарды құрастыруға, реттеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар; аралық басқарылатын электр жабдықтар мен жүйелерді кешенді сынау нұсқаулығы; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен радиотехника.

Жұмыс үлгілері

1. Түнде көретін аспаптар – жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау.



2. Тұрақтандыру жүйелері, отты және жарақтандыру кешенін басқару жүйелері кешенді сынау
163. Жаттығу құралдарын жабдықтаушы

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Индикаторлы құбырларға арналған тыстары бар кассеталар дайындау. Түсті эталондар мен таңбалау жолақтарын кесу. Арнайы және газсыздандыру заттардың жаттығу құралдарына арналған нұсқаулықтағы кассеталарға жабыстыру. Қағаз жолақпен шашка корпустарына жабыстыру.

Білуге тиіс: ПХР жасау кезінде қолданылатын материалдардың, құрылғылар мен құралдардың, арнайы және газсыздандыратын заттардың атауы және міндеті; қолмен кесу және материалдарды өңдеу тәсілдері мен амалдары.
164. Жаттығу құралдарын жабдықтаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаттығу шашкаларын ыстық қоспамен жабдықтау. Техникалық шарттарға сәйкес индикаторлар құбырлар мен ампулаларды жабдықтау. Гранаталарды қатты арнайы заттармен жабдықтау. Буландырғыштарға арнайы сұйықтық заттар құю. Бракты кедергі және жабдықтау сапасы бойынша айқындау және оны жою. Арнайы және газсыздандыру заттарының сұйық және қатты боямаларын өлшеп орау.

Білуге тиіс: ыстық қоспаның негізгі қасиеттері; жабдықтауға берілетін қоспалардың көлемді және салмақты мөлшері; ыстық қоспаны дайындаудың технологиялық режимі; ыстық қоспамен жұмыс істеу амалдары және пайдалану ережесі; құбыр компоненттерінің сыртқы, сондай-ақ индикаторлы құбырлар мен ампулалармен жабдықталған түріне қойылатын талаптар; ампулаларды толтыруға арналған аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу әдісі; қатты және сұйық арнайы заттармен жабдықтау кезінде орындалатын жұмыстардың амалдары; химиялық өнімдердің адам организміне әсері; қорғаныш құралдары.
165. Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым тораптарды арнайы аппаратурамен бөлшектеу, тазалау, жөндеу және құрастыру. Монтаждау схемалары бойынша стенд жүйелерінің жекелеген тораптарында қарапайым стендті коммутациялық аппаратураны (реле, тумблер, кнопкалар, сигнал лампалары және т.б.) орнату. Күрделі емес кабельді оқпандарды жасау. 1,5-2,5 класты өлшеу аспаптарын тексеру. Электрондық аппаратураны қолданып, қарапайым өлшеу схемаларын электрлік және механикалық реттеу. Реттелетін аппаратураның, олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеріп, жекелеген тораптарын бөлшектеу. Жоғары білікті электрорадиомонтажниктің басшылығымен күрделілігі орташа өлшеу схемаларын құрастыру, тензометрлік және потенциометрлік бергіштерді, манометрлерді, дифманометрдерді және салмақты қалпақшаларын тарирлеу. Шлейфті осциллографтарға күтім көрсету. Пленкалар мен осциллограммаларды өңдеу, айқындау, кептіру. Құрастыру ақауларын және қарапайым схемаларды біріктіру дұрыстығын, сондай-ақ күрделі емес электрмен өлшеу аспаптарын қолданып реттелетін тораптардың анық емес жұмыстардың себебін тексеру және жою.

Білуге тиіс: электр техниканың негіздері; қарапайым электр және жылу өлшегіш аспаптардың принциптік және монтаждық схемалары; радио құрылғылардың (блоктардың, конденсаторлардың, түзеткіш құрылғылардың және т.б.) қарапайым тораптары мен жекелеген элементтерінің міндеті және өзара әрекеті; түрлі радио құрылғылардың қарапайым тораптары мен жекелеген элементтерін электрлік, механикалық реттеу, сондай-ақ электрлік тексеру; электрмен өлшеу аспаптарының (амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер және т.б.) міндеті және қолдану; қоректену көздерін пайдалану және схемаларға қосу ережесі; электр сымдарды тарту ережесі; компоненттерді қолдану ережесі (ВВ).
166. Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электронды аппаратураны қолданып, күрделілігі орташа өлшеу схемаларын электрлік, механикалық реттеу. Реттелетін аппаратураны, олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеріп, бөлшектеу, күрделілігі орташа өлшеу схемаларын құрастыру. Сынау кезінде осциллографирлеу. Фотопленкалар мен осциллограммдарды айқындау және бекіту үшін белгіленген рецепт бойынша ерітінді дайындау. Кабельді оқпандардың күрделі стендтерін жасау; электр автоматиканың кабельді желілерін тарту және көп талшықты (32 талшықтан артық) бақылау кабельдерін өлшеу, көпірдің көмегімен кедергілерді тексеру. Сынақ кезінде қажетті барлық талаптарды орындап, күрделі емес борт аспаптарын монтаждау. Күрделі емес аспаптарды жөндеу және тарирлеу. Тораптар мен бөлшектерді барлық дәнекерлермен дәнекерлеу. Шлейфті осциллографтарды және түрлі бергіштерді сынаққа дайындау және жоғары білікті электр радиомонтаждаушының басшылығымен кешенді эксперименталды зерттеулер үшін күрделі өлшеу схемаларын құрастыру.

Білуге тиіс: электр радиотехника негіздері; электр автоматиканың қызмет көрсететін стендті схемаларын дайындау, эксперименталды бұйымдарды немесе агрегаттарды сынауға өлшеу процесі және бағдарламасы; қызмет көрсететін стенд жүйелерінің монтаждау схемалары; электр радио аппаратураларды реттеу және пайдалану ережесі; бастапқы құжаттар мен өлшеу бағдарламаларының міндеті, сынақтар жүргізу кезінде өлшеу аппаратуралары мен бергіштерді дайындау және орнату тәртібі; аппаратура мен аспаптар кінәраттарының негізгі түрлері және оларды жою әдістері; электрмен оқшаулау материалдарының диэлектрикалық қасиеті; сымдардың, кабельдердің маркалары және оларды тарту ережесі мен тәсілдері; радио аппаратураның қоректену кернеулерін тұрақтандыру тәсілдері және тұрақтандырғыш құрылғылардың жұмыс істеу принципі.
167. Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тіркейтін және өлшегіш аппаратураны (көп шлейфті осциллографтар, электронды және өлшегіш аппаратура, электронды өзі жазатын аспаптар, радиотелеметрлік станциялар және т.б.) баптау. Объектіні тензоөлшеуге дайындау, тензобергіштерді жабыстыру, тензометрлік схемаларды құрастыру. Электр вакуумды және жартылай жетекті аспаптардың жұмыс істеу режимін әрі параметрлерін тексеру. Түрлі типтегі бергіштерді тарирлеу. Жоғары жиілікті қысымды өлшегіштерді дайындау. Кабельдерді тексеру және клемм қораптарын дәнекерлеу. Тензометрлік өлшегіштерді тарирлеу және параметрлерді осциллографтарға жазу. Екі осциллографтардың немесе параметрлерді тіркеу станцияларының көмегімен сынақтар жүргізу. Қызмет көрсетілетін өлшеу жүйелеріндегі ақауларды жою. Күрделілігі орташа электр пульт жасау және монтаждау. Күрделі бортты аспаптарды монтаждау және технологиялық жүйелікті таңдап, оларды монтаждау және принциптік схемалар бойынша коммуникациялау, сымдарды дұрыс орналастырып монтаждау. Прициптік схемалар бойынша күрделі коммутациялық аспаптарды монтаждау. Тректе сынау жүргізу кезінде жүрдек және тежегіш кареткаларда қосқыш электр жүйелерді монтаждау. Жоғары білікті электр радиомонтаждаушының басшылығымен қозғалтқыштарды қосу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жүйелерді монтаждау схемалары; күрделілігі орташа қызмет көрсететін аспаптардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі және оларды реттеу және жөндеу ережесі; күрделілігі орташа телевизиялық және басқа да радио құрылғыларды электрлік және механикалық реттеу әдістері мен тәсілдері; өлшеу кезінде қолданылатын барлық сезімтал элементтердің (бергіштердің) құрылғысы және жұмыс істеу принципі; жалпы схемада жөнделген блоктар мен аспаптарды, қысымды тіркеу станцияларын, тензостанциялар мен осциллографтарды топтап біріктіруді монтаждау және сынау әдістері және оларды пайдалану ережесі; қоректендірудің зертханалық көздері және олардың сипаттамалары; схемаларды монтаждау кезінде қолданылатын сымдар мен кабельдердің айрықшалығы; жоғары қысымды және вакуумды өлшеу үшін қолданылатын зертханалық аспаптар; сынақ жүргізу әдіснамасы мен нұсқаулығы; өлшеу пункттерінің біріктіру желілерінің коммутация схемасы; фотография негіздері; фотопленка мен осциллографты қағазды өңдеу технологиясы; жарылғыш заттар, тұтанғыш заттар туралы қысқаша мәлімет және оларды қолдану ережесі.
168. Сынақтарға қызмет көрсететін электр радиомонтаждаушы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр автоматика және өлшеу жүйелерін таратқыш қалқандарға біріктіру. Аспапқа қойылатын конструкциялар мен талаптарды ескере отырып, монтаждық схемаларды өңдеп,принциптік схемалар бойынша блоктардың негізгі үлгілерін, бортты аспаптарын монтаждау, реттеу, сынау және тапсыру. Объекті күрделі тензоөлшегіштер мен телөлшегіштерге дайындау. Кедергі бергіштерін жабыстыру, қысым, температура бергіштерді орнату. Радио схемаларды электро радиомонтаждау және дәнекерлеу. Қысымды тіркейтін станцияларды, тензостанцияларды, барлық типтегі осциллографтарды сынауға дайындау, тексеру, теңшеу және қызмет көрсету, стенд жүйелері аспаптарын теңшеу. Радиотелеметриялық аппаратураларды баптау. Мегометрлердің, дыбыс генераторы мен осциллографтардың көмегімен аспаптардың өлшеу желілері мен кіру құрылғыларын тексеру. Электр автоматика және өлшеу жүйелерің қалыпты емес жұмыстарының себептерін анықтау және жою. Принциптік схемалар бойынша электр автоматика мен өлшеудің күрделі монтаждау схемаларын құрастыру; күрделі электр пульттарды жасау, монтаждау және баптау. Басқару және өлшеудің күрделі жүйелерінің электр тізбекті коммутациясы. Таблицалар мен кестелер жасау. Осциллограммаларда динамикалық өлшеудің барлық түрлерін тексеру. Динамикалық сипаттама кестесін жасау. Күрделі аспаптардың алдын алу, реттеу және тарирлеу. Осциллограммаларды өңдеуге тапсыру үшін рәсімдеу. Осциллограммаларды ашу және өңдеу, электр схемаларды тексеру және алынған деректерді ТШ салыстыру.

Білуге тиіс: механика мен оптика бойынша негізгі мәліметтер; электр автоматика және өлшеудің стендті жүйелерінің монтаждау схемалары және арнайы өлшеулердің принциптік схемалары; тіркейтін және күшейткіш аппаратуралардың (шлейфті осциллографтар, потенциометрлер), тензометрлік станциялардың, электронды хронометрлердің және т.б. құрылғысы, жұмыс істеу принципі, конструкциясы; қолданылатын аппаратураның монтаждық схемасына қосылатын станциялардың бортты аспаптарының ерекше күрделі топтық бірікпелерін сынау әдісі; басқару тораптары мен жекелеген аспаптардың құрылғысы, ақаулар және олардың алдын алу және жою тәсілдері; бұйымның материалдық бөлігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет