66-шығарылым Арнайы өндіріс бұйымдарын



бет14/17
Дата11.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#127812
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жұмыс үлгілері

1. Соққы екпіні – шығуды шаблон бойынша келтіру.

2. Ауа өткізгіштер, ЭРГБ көтергіш Галля тізбегі – жөндеу.

3. Қылталар, тығындар, кронштейндер, жүріс бекіткіштері, аппараттарды айналдыру шектеулері, сапты және ауыспалы роликтер, май құбырлары, штормды бекіткіштер, 37у и 38у бұйымның біріктіргіш жәшіктері, 31 у бұйымның тверздері – құрастыру және орнату.

4. Автоматтар мен пистолет-пулеметтердің бекітпелері – шашкалар бойынша іріктеу және келтіру.

5. Шүріппелі іліністер, тереңдікті белгілейтін аспаптар, ұрыс клапандары, блок-қораптар, кескіштер, қайта жіберу және шығару клапандары – түсіру, бөлшектеу.

6. ДП, РП-46 және РПД пулеметтердің оқпанды қораптарының тысы – түзету.

7. Оқпан қораптары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

8. СГ және СГН пулеметтерінің кронштейндері – құрастыру.

9. Көтергіш механизмдердің кронштейндері – түзету.

10. Артқы қақпақтар және торпедалық аппараттардың қылталары – резеңкесін ауыстыру.

11. Артиллериялық жарақтың люлькалары – бөлшектеу және құрастыру.

12. ДТ және ДТМ магазиндері - құрастыру.

13. Айналма және көтергіш механизмдер – бөлшектеу және құрастыру.

14. Қосқыш механизмдер – жөндеу, құрастыру.

15. Екпінді механизмдер - құрастыру.

16. M-160, М-240 минометтер – толық құрастыру.

17. Қарауылдар – негіздерін тойтару.

18. 37-мм АЗП, С-80 серіппелі дөңгелеткіштер – жөндеу, құрастыру, реттеу.

19. КС-19, КСМ-65 дөңгелеткіштер – сұйықтықтың мөлшерін тексеру.

20. ППШ қораптары бекітпелері жұтқыншақтарының күшейткіш жапсырмалары – калибрлер бойынша келтіріп өңдеу.

21.Жер үстіндегі, зенитті, дөңгелетілмеген жарақ – тораптарды бөлшектеу.

22. ППШ және ППС типтік пистолет-пулеметтер – оқпан қорабын бекітпе қорапқа келтіріп құрастыру және оқпанды салу.

23. Құбырлардың пакеті, люлька, БМ-21бұйымның погоны – бөлшектеу.

24. Минометрмен ататын құрылғылар – бөлшектержі келтіріп құрастыру.

25. АСП-5Н, ОПБ типтің нысаналар – түсіру, бөлшектеу.

26. Жерүсті және зенитті артиллерия нысандары – бөлшектеу.

27. Дөңгелету серіппелері бар дөңгелетуге қарсы аспаптар – жөндеу және құрастыру.

28. ДТ және ДТМ типтік пулеметтер – оқпанның тұйықтағышын іріктеу және оқпанның қырлы әрі шеңберден ауытқуын жою және поршеньді реттегіштің келтек құбырына салу.

29. ДШК и КПТВ типтік пулеметтер – станоктың тораптарын жөндеу.

30. Пулеметтер – машиналарда реттеу.

31. HP-30, АМ-23 типтік зеңбіректер, АКС-5, АКС-3М, СШ-45 типтік фото бақылағыш аппаратура, УК-6 типтік электронды күшейткіштер, АСП-3П, АСП-3НМ нысаналы атқыштар, кассеталық ұстағыштар – бөлшектеу, демонтаждау.

32. Бөліп-таратқыштар және майлағыштар, артқы қақпақты ашатын механизмдер, катаринта банктері, золотниктерді, буферлерді ауыстырып қосқыштар – түсіру, жөндеу және орнату.

33. ДШК пулеметтердің басқыштары – реттеу.

34. Әуе құбырлары – келтіріп монтаждау.

35. Артиллериялық (автоматты емес) қондырғылар – B-11, 70-К байқау механизмдерін көтеру, реттеу, жөндеу.

36. Пулеметтердің шар қондырғылары және электр қосқыштары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, орнату және реттеу.

37. Фотокинопулеметтер C-13 - монтаждау.


145. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артиллериялық қару-жарақты және шағын калибрлі қондырғыларды, ірі калибрлі пулеметтерді, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыштарды құрастыру. Ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық жарақтардың тораптары мен агрегаттарына бөлшектеу. Қару-жарақтың күрделі және негізгі тораптарын, агрегаттар мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Әмбебап аспаптарды қолданып, 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру. Қысымы 20 кг/см2 артық тораптар мен агрегаттарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Арнайы теңгерім станоктарында күрделі конфигурациялы қарыдың негізгі бөлшектері мен тораптарын статикалық және динамикалық теңгеру. Құрастыру және сынау кезінде анықталған ақауларды жою. Жөнделетін бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды орталықтау.

Білуге тиіс: артиллерия жарақтары мен қондырғыларының, торпеда аппараттары мен бомба тастағыш қондырғылардың құрылғысы мен жұмыс істеу принципі; оларды жөндеуге қойылатын техникалық шарттар; ірі калибрлі, станокты және қол пулеметтері бөліктері мен механизмдерінің, автоматтық қондырғылардың құрылғысы және өзара іс-қимылы және оларды жөндеуге, құрастыруға және реттеуге қойылатын техникалық шарттар; баллистика, механика негіздері, металл технологиясы және радиотехниканың негізгі заңдары; жөнделетін тораптар мен механизмдер кінәраттарының пайда болу себептері және оларды алдын алу шаралары; жер үстіндегі, зенитті жарақ және қондырғылар нысаналарының құрылғысы.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматтар – оптикалық аспап бойынша автоматтың нысаналы желілерін салыстырып тексеру, төмен түсіргіш механизмдерді құрастыру.

2. ЭК-48, КВСБ типтік агрегаттар – коллиматорлы нысаналар – реттеу.

3. Станцияның есептеуіштері, басқару қораптары, нысаналы – монтаждау.

4.1931 жылғы үлгідегі калибрі 203 мм гаубица – бөлшектеу.

5. 2М-3, 2М-6, 2М-8 типтік қондырғыларға арналған гидрожетектер – стендте сынау.

6. Қосымша жібергіштер – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру.

7. Шүріппелі іліністер, тереңдікті белгілейтін аспаптар – құрастыру, реттеу және орнату.

8. "АК" бұйымдары – шашкалар бойынша жапқыштарды орнату.

9. Оқпан арналары, домалатуға қарсы құрылғылардың цилиндрлері – жұлдызшамен өлшеу.

10. Әуе домалатқыштардың клапандары – жөндеу және реттеу.

11. Артжүей жапқыштарының сынасы – құрастыру.

12. ТА комингстер – балқыту, плита бойынша тексеріп жону.

13. Гидравликалық қораптар – құрастыру және гидросынау.

14. Стовл кораптары – келтіру.

15. Іске қосқыш қондырғы жебелерінің механизмдері – жөндеу, реттеу және сынау.

16. Барлық калибрдегі артжүйелердің көлденең және тік бағыттағыш механизмдер – құрастыру және реттеу.

17. Іске қосқыш қондырғылардың электрмен ажыратқыш, қауіпті аймақтарды шектеу механизмдері – реттеу және сынау.

18. Теңестіретін механизмдер – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу.

19. Д-44 типтік жүйесінің көтергіш механизмдері – реттеу.

20. 142T жетектері, бекіткіштердің автоматтары, алдыңғы бекіткіштер, УРС қайтарма механизмдеріне бергіштер – түсіру, жөндеу, орнату.

21. Механикалық нысаналар – орнату және салыстырып тексеру.

22. Пулемет қондырғыларының нысаналары – жөндеу, келісу және реттеу.

23. Пулеметтердің нысаналары – тік және көлденең қозғалтқыштарды реттеу.

24. Станокты пулеметтер – бағыттағыш механизмдерді келтіріп станокқа орнату.

25. ДШК, СГ, СГМ типтік пулеметтер – барлық механизмдерді құрастыру және баптау, шашкалар бойынша жапқыштарды келтіру.

26. Буланған пулемет – орнату және салыстырып тексеру.

27. HP-30, AM-23 типтік зеңбірек, фотобақылау аппаратурасы, таратқыш блоктары, турелді қондырғылар, АСП-3п, АСП-3 типтік атқыш нысаналары, кассета ұстағыштары – құрастыру және ұшақта монтаждау.

28. Төмен түсіргіш рамалар – оқпанды қораптар бойынша келтіру. Ірі калибрлі, станокты және қол пулеметтердің оқпандары – оқпанды қораптар бойынша түзету, келтіру.

29. Жарақтардың оқпандары – казенникті ауыстырып құрастыру, ауыстыру. Домалатқыш тежегіші – беріктікке және герметикалыққа гидравликалық сынау.

30. Алдыңғы қақпақтарды ашатын тартымдар, редукторлар, бұрамдық бергіштер, клапандар, көздеу механизмдері, 31-у типтік бұйым оқпандарының дестелері – жөндеу, құрастыру және орнату.

31. Нысаналардың нөлдік гироскоптардың күшейткіштері, АСП-5Н нысаналардың релелік қораптары – монтаждау.

32. ЗПУ-2, ЗПУ-4, 2M-1, 2М-7 типтік пулеметті қондырғылар – салыстырып тексеру, қондырғылардың оқпан осьтері мен параллелограммаларын, оқпан арналарының осьтерін коллиматорлардың оптикалық нысана осьтерімен келістіру.

33. B-11, 70-К, 90-К, 92-К, Б-34, С-60, М-30, Д-1 типтік артиллерия қондырғылары – бөлшектеу, құрастыру және реттеу. Ірі калибрлі артиллериялық жарақтардың құрылғысы – бөлшектеу.

34. Калибрі 76, 85 және 100 мм артиллериялық жүйелердің домалатуға қарсы құрылғылар – құрастыру, реттеу және сынау.

35. Винтовкалар мен карабиндердің нысана қамыттары – орны бойынша келтіру.

36. Қадақтар – түтіктерді ауыстырып келтіру.
146. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Артиллериялық жарақтар мен қондырғылардың, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың ерекше күрделі және жауапты тораптары мен агрегаттарын құрастыру, реттеу және сынау. Арнайы аппаратураның көмегімен бөліктер мен механизмдердің өзара іс-қимылдарына сынақ жүргізе отырып, ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық жарақтарды құрастыру. 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық құрастыру және жетілдіру. Ерекше күрделі конфигурациялы бөлшектер мен тораптарды статикалық және динамикалық теңгеру. ТББ және тапсырыс берушінің өкіліне құрастырылған қаруды тапсыру.

Білуге тиіс: артиллериялық жарақтар мен қондырғылардың, торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың ерекше күрделі және жауапты тораптары мен агрегаттарының конструкциясы, құрылғысы және жұмыс істеу принципі; ірі калибрлі және үлкен қуатты артиллериялық жарақтардың, сондай-ақ орташа калибрлі артиллериялық автоматтық қондырғылардың конструкциясы, құрылғысы және жұмыс істеу принципі және оларды жөндеуге қойылатын техникалық шарт; артиллериялық және қосқыш қондырғылармен тікелей байланысты басқару аспаптары және оларды пайдалану ережелері.

Жұмыс үлгілері

1. Арт жүйе жапқышының автоматикасы – орнату, келтіру және реттеу.

2. Ерекше күрделі атқыш және бомба тастағыш нысаналардың және есептеуіш қондырғылардың блоктары, гироскоптық есептеуіш блоктар – монтаждау.

3. Гидрожетектер, сервожетектер, УРСалар - құрастыру, сынау.

4. АСП-5Н нысананың нөлдік гироскоптары, электрондық релесі бар есептеуіштер, нөлдік гироскоптардың күшейткіштері – құрастыру және реттеу.

5. Дифференциалдар, 32 у типтік бұйымдардың тік бағыттағыш шарнирі бар секторлар, түбегейлі, көлденең және тік бағыттағыш редукторлар – құрастыру және орнату.

6. Шүріппелі іліністер – шаблондар бойынша салу.

7. Артжүйе казеннигі – төлкемен, оқпанмен және қаппен құрастыру.

8. Қосымша жеткізгіштердің компенсаторлары – құрастыру.

9. Орташа калибрлі артиллериялық қондырғылардың лейнері –тексеру және ауыстыру.

10. КС-19, B-13, Б-2-ЛМ типтік артиллериялық қондырғылардың лотоктары – құрастыру және реттеу.

11. Нысана желілері – салыстырып тексеру.

12. Зеңбірек жарақтарын бағыттаушы механизмдер – реттеу.

13. Электр магнитті муфтасы бар көтергіш механизм – құрастыру.

14. КС-19, СМ-20-ЗИФ, ЗИФ-31Б, ЗИФ-21, ЗИФ-71, ЗИФ-75 типтік қосқыш артиллериялық қондырғылардың механизмдері – жөндеу және құрастыру.

15. Торпедалық аппараттар мен бомба тастағыш қондырғылардың тісті және бұрамдық механизмдері мен агрегаттарының бергіштері – орталықтау.

16. Барлық калибрлі механикалық және зенитті жарақтардың нысаналары – стендте салыстырып тексеріп жөндеу.

17. Зенитті және танкты артиллериялық жүйелерге арналған нысаналар – құрастыру, салыстырып тексеру және реттеу.

18. ОПБ-115 нысаналар – құрастыру, реттеу.

19. HP-30, АМ-23 типтік зеңбіректер, электрлік күшейткіштер, ПУ-2, ПУС-36-Д қосқыш құрылғылар, АСП-3п, АСП-3нм нысаналар – тексеру, реттеу.

20. Автоматты, әуе, зенитті, теңіз зеңбіректері – бу және сол жағына беру үшін қоректендіргішті баптау жалпы құрастыру.

21. Ірі калибрлі жарақтардың секторы – жону және бояу бойынша домалату.

22. Катапульттелетін орындықтар – тексеру.

23. Калибрі 100 мм және одан жоғары артиллериялық жүйелер – мұнарада монтаждау, цапфтарда теңгеру.

24. Артиллериялық жүйелер – нысаналар мен аспаптарды электрмен төмен түсіретін және электрмен жарықтандыратын механизмдердің жұмысын құрастыру, реттеу және келісу.

25. СН-4 тұрақтандырғыштар – реттеу.

26. М-46 и М-47 типтік жүйелердің төменгі стакандары және станиналары – құрастыру.

27. Б-13 типтік артиллериялық жүйелердің қосымша жеткізушілерінің механизмдері бар оқпандар – құрастыру және реттеу.

28. Калибрі 122 мм артық артиллериялық жарақтардың тежегіштері – құрастыру.

29. Торпеда аппараттарының құбырлары – ысылатын сақиналарды тексеріп калибрлеу.

30. Алдыңғы қақпақтарды ашатын тартымдар, редукторлар, бұрамдық бергіштер, клапандар, көздеу механизмдері, 31-у типтік бұйым оқпандарының дестелері – салыстырып тексеру және реттеу.

31. СМ-63, СМ-90 типтік қосқыш қондырғылар – құрастыру, реттеу механизмдердің жұмысын келісу, ТББ тапсыру.

32. Орташа калибрлі артиллериялық жүйелердің құрылғылары – келтіру.

33. Ірі калибрлі зенитті, өзі жүретін, жер үстіндегі және кемелі артиллерияның құрылғысы – құрастыру және реттеу.

34. Тізбекті элеваторлар – электр бөлігімен келісу және реттеу.
147. Қару-жарақтарды жөндеу жөніндегі слесарь

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Орташа және ірі калибрлі автоматты, жартылай автоматты зенитті жарақтардың, торпеда аппараттары мен бомба ұстағыш қондырғылардың ерекше күрделі агрегаттары мен механизмдерін құрастыру, реттеу және сынау. Техникалық шарттарға сәйкес тексеру карталарын жасап және пайдалану сипаттамаларын түсіріп стендтер мен бұйымдарда қаруларды кешенді реттеу және баптау және ТББ тапсыру. Сызбалар бойынша толық құрастыру және жекелеген тораптарды ауыстырып, зеңбіректердің тәжірибелі және эксперименталды үлгілерін баптау. Жалпы ерекше күрделі әрі негізгі тораптар мен агрегаттарды динамикалық теңгеру. Қаруларды кешенді тексеру кезінде анықталған ақауларды жою. Әмбебап бақылау-өлшеу құралдарды, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланып оқпан арналарын өлшеу.

Білуге тиіс: механикалық көздеуіші бар, автоматты, жартылай автоматты орташа және ірі калибрлі зенитті жарақтардың және барлық калибрлі артиллериялық жарақтардың конструкциясы, міндеті және жұмыс істеу принципі; барлық калибрлі және үлгідегі артиллериялық жарақтарды техникалық пайдалану ережесі және жөндеуге әрі тексеруге қойылатын техникалық шарттар; ірі калибрлі артиллериялық жарақтардағы кінәраттарды айқындау және жою тәсілдері; оқпан арналарын өлшеу ережелері және лейнерлерді ауыстыру тәсілдері; кешенді тексеру кезінде артиллериялық жарақтардың ПУС, ДУ жүйелерімен және оптикалық аспаптармен өзара іс-қимылы; құжаттарды рәсімдеу және бұйымдарды ТББ тапсыру тәртібі.

Жұмыс үлгілері

1. К-12-61, К-4-51 типтік КЗА агрегаттары – тексеру және реттеу.

2. Торпеда аппараттары – индикатормен ату.

3. Гироскопиялық және есептеуіш блоктар – монтаждаудан кейін стандтер мен ұшақтарда реттеу.

4. КС-19, КС-30 типтік жарақтардың гидрожетектері – реттеу және стендте сынау.

5. Ұрыс клапандардың золотниктері, БТС режимді терең реттегіштер (төмен түсу жағдайында), атқыш қораптары – реттеу және пайдалануға тапсыру.

6. Индикаторлар – атысқа дайындау, іріктеу және атыстан кейін ТА дұрыстығын тексеру.

7. Ірі калибрлі артиллериялық қондырғылардың лейнерлері – тексеру жән ауыстыру.

8. Әскери машиналарының бағыттағыштары – баптап және реттеп ауыстыру.

9. Автоматтық зенитті жарақтар – кешенді реттеу.

10. МК-5, МБ-2-180 типтік артиллериялық қондырғылардың атыс саңылаулары – реттеу.

11. ГРР БТС аспаптары - реттеу (арқандап байлау).

12. Тұрақтандырғыш жүйелер, инфрақызыл техника аспаптары – монтаждау, реттеу және параметрлерін түсіріп сынау.

13. Аралық басқарылатын ЗИФ-67 жүйесі – оқтізерден артжүйеге бағыттайтын элеватор жетектерін орнату және реттеу, бергіш және қайта зарядтау гидрожетектері.

14. Мұнара жарақтарының оқпандары – параллелдігін тексеру.

15. CM-5-16. СМ-2, К-19, Б-2-ЛМ, СМ-59, Б-160, Б-161 типтік артиллериялық және қосқыш қондырғылар – реттеу, кешенді тексеру ПУС және ДУ жүйесімен сынау.

16. Автоматтық жарғыштарды (АУВ) және КС-19 және КС-30 жарақтарының қабылдағыш жарғыш жетектерін орнатушылар – құрастыру, реттеу.
148. Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маякты-ацетиледі аппаратураның қарапайым тораптарын бөлшектеу. Сыртқы және ішкі бетін аралау, бөлшектердегі қабыршақтарды тазалау. Металды қолмен шабу. Шыбықтан, табақтан және құбырлардан жасалған дайындамаларды қайшымен немесе қол арамен кесу. Бұйымдарды пісіруге дайындау және пісіруден кейін тазалау. Жоғары білікті слесарьдің басшылығымен аппаратураның қарапайым тораптарын жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жөнделетін бөлшектер мен тораптардың атауы мен міндеті; құрылғыларды, кондукторлар мен шаблондарды, қарапайым слесарлық және бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережесі және міндеті; металдар мен қорытпалардың механикалық қасиеті туралы қарапайым мәліметтер және оларды таңбалау.

Жұмыс үлгілері

1. Жалтыр аппараттарға арналған газ өткізгіш қарапайым құбырлар – жасау.

2. Фильтрлер - орау.

3. Фонарлар – газ аккумуляторларға қосу.


149. Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделілігі орташа электр маяк аппаратураларының қарапайым тораптарын жөндеу. Күрделі емес маякты-ацетиленді және электр маяк аппаратураларын жөндеу. Бөлшектерді 12 - 14-му квалитет (5-7 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Ниппельдерді газ өткіш құбырларға арнайы дәнекерлермен дәнекерлеу. Бұрандаларды қолмен белгілеп және плашкалармен кесу. Қарапайым кескіш құралды толтыру және қайрау.

Білуге тиіс: жөнделетін электр маяк және маякты-ацетиленді аппаратуралардың құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; маякты-ацетиленді аппаратураның жекелеген тораптарын сынау тәсілдері; өңделетін материалдардың механикалық қасиеті; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының класы) туралы негізгі мәліметтер; орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен металл технологиясының негіздері; қарапайым толық және құрама сызбалар.

Жұмыс үлгілері

1. Контакт – жөндеу.

2. Жабу крандары – жөндеу, құрастыру және герметикалығын тексеру.

3. Фонарлар мен ацетиленді аппараттарға арналған газ өткізгіш құбырлар – жасау және дәнекерлеу.

4. Ацетиленді фонарлар – жөндеу.
150. Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр маяк және маякты-ацетиленді аппаратуралар мен күрделілігі орташа жекелеген тораптарды жөндеу, құрастыру және сынау. Күрделі бірікпелерін түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және т.б.) дәнекерлеу. Бөлшектер мен тораптарды 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. От сипаттамасын тексеру және реттеу. Жоғары және төмен қысымды газ өткізгіш жүйелердің, ацетиленді баллондардың желдеткішін ауыстырып қосатын және жабатын жүйелердің газ өткізгіштігін тексеру.

Білуге тиіс: жөнделетін аппаратуралар мен маяктардың аспаптардың құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі; жөндеуден кейін тораптар мен механизмдерді сынауға, реттеуге және қабылдауға қойылатын техникалық шарттар; электр маяктардың желдеткіш құрылғылары және электрлік схемасы; шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының класы); орындалатын жұмыс көлемінде тұрақты және ауыспалы токтардың электр техникасы; күрделілігі орташа сызбалар мен электр схемалар.

Жұмыс үлгілері

1. Ацетиленді аппараттар – жөндеу.

2. Қысымды реттейтін жалтыр аппараттар – жөндеу.

3. Жалтыр механизмдердегі түрлі сыйымдылықтағы конденсаторлар – ауыстыру.

4. Лампа ауыстырғыш – жөндеу.

5. Ацетиленді құбырлар – аппараттарға, фонарлар мен теңіз буйларына орнату.

6. Түзегіш және тасымалдағыш құрылғылар – жөндеу.

7. Жалтыр және электр маяк фонары – жөндеу.


151. Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маяк жабдықтарының күрделі аппаратурасы мен тораптарын жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және тапсыру. Тораптар мен бөлшектерді 7-10 квалитет (2 - 3-му класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Оттың белгілі сипаттамасына арналған газ запасын есептеуді құрастыру. Жарық көзін линзаларда, рефлекторларда, шағылыстырғыштар мен ауыспалы фонарларда фокустау және тексеру.

Білуге тиіс: маяк аппараттарын сынау және тексеру тәсілдері; прожекторлардың жарық бергіш және оптикалық құрылғылары; ацетиленді қауіпсіз пайдалану ережесі; айналма платформалардың, тік және көлденең рельстердің құрылғысы және міндеті; оптикалық аппараттардың айналуы кезінде ату кезеңіндегі жалтыр сипаттамасы; іске қосуға дайындау, электр маяктарды қосу және тоқтату ережесі; күрделі сызбалар мен схемалар.

Жұмыс үлгілері

1. Автоматты лампа ауыстырғыштар – жөндеу.

2. Оптикалық аппараттардың айналу механизмі – жөндеу.

3. Жалтыр электр маякты аспаптардың механизмдері – жөндеу.

4. Жалтыр аппараттардың коды бар механизмдері – ауыстыру.
152. Маяк жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Маяк жабдықтарының ерекше күрделі аппаратуралары мен аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау және түзеу, тораптар мен бөлшектерді 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және келтіру. Құрастыру және сынау кезінде анықталған аппаратура жұмысындағы ақауларды жою. Тапсыру құжаттамасын рәсімдеу.

Білуге тиіс: маяктардың жөнделетін ерекше күрделі және тура аппаратурасының конструктивтік ерекшеліктері және оны реттеу әрі түзеу тәсілдері; маяктардың ерекше күрделі аппаратурасын жөндеуге, құрастыруға, сынауға әрі реттеуге қойылатын техникалық шарттар; қажетті дәлдікті алуға кепілдік беретін өңдеу кезінде базисті бетті таңдау ережесі; аппаратура мен аспаптардың жұмысында ақаулардың пайда болу себептері, олардың алдын алу және жою шаралары; жарық бергіш оптикалық аппараттардың типтері, олардың сипаттамасы және класты оптикалық жүйелер; күрделілігі әр түрлі электрлік монтаждау схемалары.

Жұмыс үлгілері

1. Синхронды жалтыр ацетиленді аппараттар (бергіштер және қайталағыштар) – жөндеу, құрастыру, реттеу.

2. Класс маяктарындағы оптикалық және айналма механизмдердің аппараттары – жөндеу.

3. МЭПА-75, СПУ-200 типтік жалтыр аппаратура – жөндеу, құрастыру, реттеу.

4. Дыбыс таратқыш, дыбыс аппараттары, пневматикалық сиреналар – жөндеу, құрастыру, реттеу.

5. Электр маяк аппараттардың оптикалық жүйелеріндегі жарық көздері –фокустау.

6. Күн клапандары – жөндеу, реттеу.

7. Күрделі реле – жөндеу, құрастыру, реттеу, сынау.


153. Слесарь-стендовик

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Салмағы 1 т дейін және күрделі салыстырып тексеруді қажет етпейтін стенд агрегаттары мен стенд жабдықтарын құрастыру және бөлшектеу, орнату. Сынаудан кейін стенд агрегаттардың бөлшектерін тазалау, стенд алаңын және стенд агрегаттардың бөлшектерін әрі құрылғыларды жартылай бейтараптандыру. Қыздырғыш қондырғыларды демонтаждау. Сынаудан кейін заряд қалдықтарын және сынықтарды жинау. Қозғалтқышты діріл стендтен, соқпа стендтен түсіру. Жоғары білікті слесаря-стендовиктің басшылығымен күрделі емес тораптарды құрастыру және сынау.

Білуге тиіс: стенд агрегаттары мен құрылғыларын бөлшектеудің негізгі ережелері, сынақ кезінде бөлінетін улы заттарды бейтараптандыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі; қорғаныш құралдарды пайдалану ережесі; діріл-соқпа стендтердің принциптік құрылғысы; діріл-соқпа стендте кронштейнді және қосқыш қондырғыны бекіту ережесі; қарапайым слесарлық және өлшегіш құралдың атауы және міндеті және оны пайдалану; діріл-соқпа стендте орнатылған қосқыш қондырғыға қозғалтқышты орнату ережесі; заряд қалдықтарын жинау кезіндегі қауіпсіздік және оны жою орнына тасымалдау үшін тараларға буып-түю.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет