6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының



бет4/6
Дата07.07.2016
өлшемі380 Kb.
#182768
1   2   3   4   5   6

Сұрақтары: Тұлға мәселесіне қатысты басқа теориялармен айырмашылығын көрсету К.Роджерс бойынша тұлғалыққа ортақталған терапия және консультация беру. Психолог позициясының өзгешелігі.

Қазіргі таңдағы психологиядағы актуалды және маңызды мәселелердің бірі, тұлғалық өсу мәселесі. Кеңестік және шетелдік әдебиеттерді психологияның осы аспектісіне көп назар аударылады. Алғаш рет тұлғалық өсу феноменің К. Роджерс пен А. Маслоудын гуманистік концепциясының тұрғысынан қарастырылған болатын. Маслоу (1967) адамның табиғи ішкі тұлғасын өзіндік жетілдіру арқылы қарастырды: келесі байланыс арқылы: «денсаулыққа, өсу импульсіне активті ерік немесе адамди потенциалдын актулизациясы». Бұл контексте өзіндік жетілдіру- биологиялық жағынан қарастырылды. «Өсу» іштен жүреді. Сонымен қоса, айта кететін маңызды мәселе оңдай өсуге әлеуметтік орта кедергі жасамауы. Егер адам жағымды ортада өссе және тұлғалық жетілуге ішкі табиғатын бағыттаса, оның креативті күштері айқын байқалады. Тұлғалық өсуге екі шарт маңызды: өзін өзіндік «меннен» жоғары бір нәрсеге арнау және қойылған мәселені сәтті орындау. Өзіндік жетірдіруге бағытталған адамдарға тән мінез қырларлы- креативтілік, бір беттілік, батылдылық пен талмай жұмыс жасау.



  1. Шынайлықты жақсы қабылдау;

  2. Қорғашан ортаны, басқаларды және өзін жақсы қабылдау;

  3. Спонтанды әрекеттердің көбеюі;

  4. Мәселеге шоғырлана алу;

  5. Эмоционалды тәуелсіздік;

  6. Бай ішкі өмір;

  7. Автономия және әлеуметтік қысымға қарсыласу қабілеті;

  8. Сезімдердің кемелденуі;

  9. Трансперсоналды күйзелу тәжірибесі;

  10. Адамды адам ретінде жақсы түсіну(әлеуметтік клишеден тыс);

  11. Тұлғааралық қатынастардың жақсаруы;

  12. Өзінің мінезіндегі демократиялық қасиеттер;

  13. Креативтіліктін көбеюі;

  14. Бағалаудын объективті жүйесі.

К. Роджерс тұлғалық өсуді қарастыруда жетілдіру мен өзіндік жетілдіруді бөліп қарастырады, біріншісінің таңдалмалығын көрсете отыра. «Өзіндік жетілдіру» тенденциясы кез-келген тірі организмге тән. Өзіндік жетілдіру –тірі организмнің өзінің мүмкіндіктерін қолдана отыра тұлғалық өсуе, дамуға, тәуелсіздікке және дербес әрекеттерге ұмтылуы (Rogers, 1961, р 35). Өсу организмнің басты мақсаты деген тұжырым, Роджерс концепциясының басты ойы.

Сонымен, өзіндік жетірдірудегі тұлға- өзіндік жетілу дәрежесіне шыққан индивид. Адам ренжу, қызғану, ашулану және т.б. сол сияқты майда кемшіліктерден және депрессия, писсимизм, эгоизмнен тыс өмір сүреді. Ол жоғары өзіндік бағалаумен ерекшеленеді, басқаларды қабылдай алады, әрекеттерінде тәуелсіз, қарапайым және демократиялық болады, әзілдей алады.

Өзіндік жетілу түсінігі ,К.Гольдшейн (1939) бойынша, негізгі мотивтер. «Әр түрлі драйвтар сияқты көрінетін- аштық, жыныстық қатынас, билік, жетістік, қызығушылықтардын бәрі- өмірдің басты күшінің көріністері, яғни өзіндік жетілдірудін. Адамның қарны аш кезінде ол тамақ арқылы өзіндік жетіледі; егер ол адам билікке ұмтылса, ол соған жету арқылы жетіледі. Өзіндік жетілу-адам табиғатының шығармашылық тенденциясы. Ол организмді-дамыту мен жақсартуға бағытталған».

Шетелік психологиялық әдебиеттерді талдау тұлғалық өсуге бағыттылық теоретикалық және терминологиялық бағдар арқылы ғана емес, сонымен қоса, зерттеу мақсаты мен психологиялық басқару арқылы жүретіні анықталды. Тұлғалық өсу процессінің құрылымында жиерек келесілері көрсетіледі:



  • Тұлғалық өсуге әсер ететін қарым-қатынастын психологиялық белгілері (Роджерс К.; Сатир В.);

  • Әрекеттену мен өзіндік санада көрінетін тұлғалық өсу эффектілері (Роджер К.; Маслоу А.);

  • Тұлғалық өзгеріске алып келетін топтық және диалогтық процедуралар (Рудестам К.);

  • Тұлғаға тиімсіз дағдылардан айыруға арналған қадамданған психотехнологиялар (Бэндлер Р.; Гринндер Д.);

  • Психологиялық мектептерді талдау кезіңде тұлғалық өсу процессінің құрылымы бір-екеуінде табылды (Фейдимен Дж.; Фрейгер Р.).

Тұлғалық өсу мәселесімен Альфред Адлер (1870-1937) айналасқан. Ол өзіндік келісім бар және біріккен тұлғалық жүйеге кемшілік комплексінен айырылу арқылы келуге болады деген. Тұлғалық өсу мен кемшілік комплексінен айырылу үшін қажет:

  1. Адам өмірінің спецификалық стилін түсіну;

  2. Адамға өзін түсінуге көмектесу;

  3. Әлеуметтік қызығушылықты арттыру.

Р.Ассаджолидің көз-қарасы бойынша тұлғалық өсу рухани кризистармен бірге жүреду:

  1. Рухани оянуға әкелетін кризис;

  2. Рухани оянумен келетін кризис;

  3. Рухани оянудан кейін келетін реакция;

  4. Өзгеру процессінің фазалары.

Өзін өзгертуге бағытталған ішкі жұмыс, адамның тұлғалық өсуіне жаңа мүмкіндіктер береді. Рухани кризистер сол өсу жолында интегратор рөлі атқарады.

Шетел психологтарының Э.Берн, Дж. Бьюджентал, М. Джеймс және Д.Джонгвард, Л. Камерон-Бэндлер, Д. Гордон және М.Лебо, Г. Лецщ, Дж. Райенуотер, Ф.Перлз, К.Руестам, В.Франкпа, И.Ялома және т.б. жұмыстарында «тұлғалық өсу» мәселесі қарастырылады.

Кеңес психологтарының (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштей, Б.Г.Ананьев) жұмыстарында тұлғалық өсу термины жеке түсінік ретінде қолданбаса да, осы мәселенің дамуына олардың үлесін атап кету қажет. Көптеген авторлар «тұлғалық өсу» терминінің орнына «өзіндік жетірдіру» терминің қолданады. (Е.В. Андриенко, К.А. Абульханова-Славская, Е.И. Горячева, И.И. Осадчева и др.), «самореализация» (ЛАКоростылева, Д.А.Леонтьев, Р.К.Мамеркулова, О.Ш. Тустови және т.б.), «самосовершенствование» (Н.М. Гаджиева, Л.Ш. Гримак, Ю.М. Орлов), «өзіндік даму» (Г.А. Цукерман, Б.М. Мастеров және т.б.), «самоосуществление» (А.Г. Асмолов), «тұлға жұмысы» (М.Ш. Магомед-Эминов). Бұл терминдер жұмыстарында синоним ретінде қолданылады.

Кеңестік психотехникалық практика Н.Р. Битанованың, В.Ю. Большакованың, Ф.Е. Василюканың, И.В. Вачкованың, Н.М. Гаджиеваның, О.В. Немфинскованың, А.С. Пругченкованың, О.К. Романенконың, С.С. Харинаның, Г.А. Цукерманның, Б.М. Мастерованың және т.б. авторлардын жұмыстарында көрінеді. Е.Василюканың жұмыстарында кризистік жағдайдардың ерекше типологиясы беріледі. Автордың айтуынша сыртқы әсерлер адам өмірінде қандай тікелей және біркелкі салдарға алып кететінің көрсете алмайды. Бір жағдай әр адамға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Біреуі үшін оңдай сыртқы әсер терең кризис болса, басқасы үшін ол жеке конфликт түрі немесе шақырылған фрустрация болуы мүмкін.

«Өзіндік жетілуге, өзіндік дамуға, өзін-өзі кемелдіндіруге қажеттілік өздігінен адам үшін бағалы болып саналады. Олар тұлғалық жетілудін және оның жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қоса, өзіндік даму адамның ұзақ өмір сүруіне ықпал етеді» - деп жазады Д.Б.Эльконин (1989).

С.Л. Братченко, М.Р. Миронова тұлғалық дамудын мағынасын- «босаңсу, жеке өмірлік жолдағы өзіндік жетілдіру мен маңызды тұлғалық атрибуттарды қабылдау. Толық тұлғалық даму интраперсональдылық интерперсональдылықты баспаған жағдайда ғана мүмкін».

Тұлғалық өсудін интраперсональдылық критерийіне келсі шарттар кіреді:


  1. Өзін қабылдау;

  2. Ішкі күйзеліс тәжірибесіне ашықтық;

  3. Өзін түсіну;

  4. Жауапкершілік бостаңдық;

  5. Біркейлік;

  6. Динамикалық;

Интерперсаналдылық критерийлеріне:

  1. Басқаларды қабылдау;

  2. Басқаларды түсіну;

  3. Әлеуметтілік;

  4. Шығармашылық адаптациялану.

Тұлғалық өсу қосындысы: өзін-өзі тану, өзіндік даму, өзіндік жетілу және өзіндік кемелдену.

7 Когнитивтік бағдарлардағы тұлға теориялары



Сұрақтары

Адамгершiлiк потенциалдың дамуы. Тұлға құрылымы мен дамуы. Мен-бейнесі

Жалпылай түрде тұлға - өзіне басқа адамдарды қоса отырып, сыртқы әлеммен және ішкі әлемімен өзінің әрекеттестікте болатын өз өмірінің субьектісі ретіндегі адам. Тұлға тулғананнан биологиялық алғышартар мен өмір сүру барысында пайда болатын әлеуметтік тәжірибені және заттық іс-әрекетті иемдене отырып қалыптасады. Тұлға тұрақты болып табылады, бірақ, бір мезгілде, ол ылғи өзгеріп отыратын ортаға бейімделудің нәтижесіне байланысты өзгереді. Сондықтан биологиялық алғышарттар және индивидуалды тәжірибелер қайталанбайды, сонымен бiрге әр тұлға дара және бiртума болып табылады. Ол адамдағы бүкіл психологиялық қасиеттерді біріктіретін әмбебап құрылымды иемденеді. Әйтседе тұлғаны өзгертуге, түсінуге және зерттеуге болатын жалпы заңдылықтарды иемденеді.

Тұлға құрылымыда оның жетілегендігін куәландыратын үш құраманы бөліп көрсетсек болады:



1. Танымдық құрамалар - адамның өзі, басқа және әлем туралы ойларын қосады; Жетілген, сау тұлға былай ерекшеленеді:

  1. Тiршiлiк әрекетiнiң белсендi субъектiсi сияқты өзiн бағалайды, еркін таңдау жасай алады және оған өз жауапкершілігін ала алады.

  2. Басқа адамдарды тiршiлiк әрекетi процесінің әмбебап және тең қатысушылары ретінде қабылдай алады.

  3. Әлемді үнемі өзгеруші ретінде қабылдайды, яғни, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін ол әрқашан жаңа және қызықты кеңістік болып табылады.

2. Тұлғаның эмоционалды саулығына:

  1. өзінің түйсінулеріне сену және оларды мінез-құлықтың негізі ретінде қарау қабілеттілігі, яғни, бұл дегеніміз әлем қалай елестетесің сондай және адамның дұрыс шешімді қабылдай алуы мен оны жүзеге асыра алатындығына деген сенімділігі болып табылады.

  2. өзін және өзгені қабылдау, басқа адамдарға деген шынайы қызығушылық.

  3. әлемнің жағымды жағын қабылдауға деген қызығушылық.

  4. нақты болған жағдайға сәйкес, күшті оң және тері эмоцияларды уайымдауға қабілеттілік.

3. Мінез-құлық құраушылары өзіне, басқа адамдарға және әлемге деген қатынас әрекеттерінен тұрады. Жетілген сау тұлғада:

  1. әрекет өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, жүзеге асыруға бағытталған.

  2. басқаларға деген қатынас мінез-құлқы тiлектестiк және олардың тұлғасын құрметтеуге негізделген.

  3. Әлемге қатысты мінез-құлық көпшілдікке бағытталған, кейде оның ресурстарын қалпына келтіру және өзінің шығармашылық әрекеті нәтижесінде жүзеге асыру, сондай-ақ өзінде барға ұқыптылықпен қарау.

Тұлға құрылымында төрт деңгейді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгей биологиялық негізді құрайды, яғни, оған психиканың жасерекшелік, жыныстық қасиеті, жүйке жүйесінің тума қасиеті және темперамент кіреді. Бұл деңгей саналы өзін-өзі жетілдіруге және жаттықтыруға көнбейді.

Екінші деңгей тұлғаның ұйымдасуына адамның психологиялық процестерінің индивидуалды ерекшеліктерін қосады, яғни, естің, қабылдаудың, түйсіктің, ойлаудың, эмоцияның, қабілеттің индивидуалды пайда болуын қамтиды. Бұл деңгей туа біткен факторларға тәуелді бола отырып, сонымен қатар, индивидуалды тәжірибеден, жаттығудан, дамудан және осы сапалардың жүзеге асунынан тәуелді болады.

Үшінші деңгей адамның өмір сүру барысында иемденетін білімдері, дағдылары, әдеттері мен білулері негізінде тұлғаның индивидуалды әлеуметтік тәжірибесін құрайды. Олар әлеуметтік сипатқа ие, оқыту, бірлескен іс-әрекет процесінде қалыптасады және осыған сәйкес мақсатқа бағытталған жаттығудың көмегімен өзгере алады.

Төртінші тұлғаның жоғарғы деңгейі, iшкi өзек (стержень), оның құндылық бағыттарын құрайды. Құндылық бағдардың ең қарапайым анықтамасы - жақсы туралы мінсіз ойлар. Құндылық бағдар адамның өзіне және әлемге деген жалпы бағытын анықтайды, оған мағына береді. Құндылық бағдарлар адамның тұрақты елігу жүйелеріне , идеалдарына және көзқарастарына, сонымен қатар сенімдеріне, дүниетанымына, өзін-өзі бағалауына, мінез ерекшеліктеріне әсер етеді. Құндылық бағдарлар адамның барлық өмір тәжірибесі негізінде қалыптасады.

Адамның қоғамдағы мінез-құлы стихиялы түрде болмайды, ол белгілі бір әлеуметтік рөлдер негізінде болады. Рөлдер - басқа адамдармен қатынас кжүйесіндегі тұрақты орын болып табылады ( мысалы: студент, оқытушы, әйел, сатып алушы және т.б.). Мысалы, дәрігер өзінің бөлмесінде пациентті өзі туралы айтуға, шешінуге шақыра алады және т.б. Бірақ ол осының негізінде ақ халат киіп, өзін дәрігер қызметкеріне лайықты түзу ұстау керек. Одан пациентке деген назар аудару күтіледі және жеткілікті дәрежеде кәсібибілім деңгейінің жоғары болуы талап етіледі. Дәл осы адам жұмыстан кейін дүкенге кіріп сатып алушының рөлінде болып, мүлде басқа құқықтарды иемдене алады. Тұлға бітістері индивидумның әрекетін құрайды. Тұлғаның әр бітісі басқаларға қатысты тәуелсіз болады. Бір және сол адам әртүрлі жағдайларда пайда болатын оқиғаларға айланысты қарама-қарсы бітісті иемденуі мүмкін. Мысалы, адам жақындарына қайырымды, жұмсақ болып, ал басқа адамдарға қатал әрі дөрекі болуы мүмкін. Сонымен қатар осылармен байланысты адамның мінезі қалыптасады. Мінез іс-әрекеттің әртүрлілігінде пайда болады, адамның бүкіл өмір бойымен анықталады және қалыптасады.

Ересек адамның мінезі әбден орнықты. Оны тренингтің көмегімен айтарлықтай өзгерту қиын. Бірақ адамды үйретуге болады, біріншіден - өз мінез бітісін сезіну, екіншіден - жағдайды талдау және көрсету немесе оның белгілі бітісін сақтау, яғни, мінез-құлықты бейделген ретінде жасау.

МЕН - бейнесі.

Бақылау мен тестілеу тұлға туралы обьективті көзқарас қалыптастырады. Адам үшін өзінің өзіне деген көзқарасы маңызды болып табылады, әсіресе, ол өзінің бітісін нашар ажырататын жас адам болатын болса. Өзін-өзі саналау - адамның өзін, өзінің қызығушылықтарын, құндылықтары мен мінез-құлық мотивтерін тұлға ретінде бағалауы. Өзін-өзі саналаудың дамуы - бұл тұлғалық өсу тренингінің міндеттерінің бірі болып табылады. Өзін-өзі саналаудың негізінде адамда "Мен - бейнесі" қалыптасады (Мен - концепция) - яғни, индивид өзін қалай көреді және қалай көргісі келеді. "Мен - бейне" негізінде адам өзін сырқы әлемнен және басқа адамдардан ажырата алады. Сонымен қатар, "Мен - бейнеге"өзінің мімкіндіктері мен өзін тұлға ретінде бағалауы кіреді. "Мен - бейне" адекватты болуы мүмкін (шынайылыққа сәйкес келетін) немесе бұрмаланған, яғни, ол адамды анықтау қиынға соғатын. Қандайма жағдай болмасын адам өзінің "Мен - бейнесінің" тұрақтылығына ұмтылады. Адам егер өзі туралы айтылғандарды оның қиялындағы " Мен бейнесіне" сәйкес келмесе оны жалған ақпарат деп есептеп, мән бермеуге тырысады. "Мен бейнесінің" адам өмірінде маңызды орын алуы себебі, ол оның ішкі әлемінің орталығы болып табылады, өзінің мінез-құлқын жоспарлайтын, барлық қоршаған әлемді бағалайтын және қабылдайтын адамның "бастапқы нүктесі" болып табылады. Мысалы, жақсы белгілі нәрсе, бір адам үшін ылғы бір түс "ашық және көңілді" болуы мүмкін, ал басқа біреу үшін ол "iш пыстыратын - бұлыңғыр"; сүйікті музыканың дыбысы сіз үшін тыныш болуы мүмкін, ал ол музыканы ұнатпайтын адам үшін оның дыбысы өте қатты болуы мумкін; бір немесе басқа оқиға жақсы немесе жаман деп бағалануы мумкін, өйткенің оның бағалануы ададарға пайдалы немесе зиянды болуынан болып табылады және т.б.

"Обьективті пікір" әдеттегідей миф және адасу болып табылады. Адамның кез келген пікірі оның " Мен - концепциясы" арқылы ұйғарылады.

"Мен - бейне" тұтастай өзіне үш негізгі өлшемді қосады: нақты «Мен» (дәл қазіргі сәтте адам өзін қалай көреді), қалау "Мен" ( өзін қалай көргісі келеді), ұсынылатын «Мен» ( өзін басқаларға қалай көрсетеді). Осы үш өлшемде тұлғада болады және оның тұтастылығы мен дамуын қамтиды.

"Мен бейненің" жеткілікті тұрақтылығана қарамастан, өмір ағысы бойынша ол тұрақты болып қалмайды. Оның қалыптасуы, дамуы және өзгерісі оның ішкі себептерімен байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ әлеуметтік ортаның сыртқы әсерінен де. Ішкі фактор - адамның өзін-өзі дамытуға ұмтылуы. Өзін-өзі дамыту - өзін тұлға ретінде жүзеге асыруға тырысатын аданың саналы іс-әрекеті. Ол анық өмірлік саналы мақсаттарды, идеалдарды және тұлғалық бағдарларды жорамалдайды.

"Мағыналы басқалар" ретінде ата-аналары, жетекшілер, бала ойынына кейбір қатысушылар, және, мүмкін, атақты тұлғалар. Сондықтан, "мағыналы басқалар" арқылы әлеуметтену процесі жүреді.


8 Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу

Р. Ассаджиолидің психосинтез концепциясы

Психосинтез концепциясын итальяндық психиатр Р.Ассаджиоли жасап шығарған және ол қолданбалы болып табылады. Ол басқа мектептердің (бейсаналық, гуманисттік және трансперсоналды психология) методологиясына сүйене отырып жасалған болатын.

Бұл жүйе адам әрдайым өсу үстінде, өзінің байқалмайтын потенциалдарын актуализациялау үстінде болады деген болжамға сүйенеді. Ассаджиоли бойынша тұлға құрылымы күрделі және жеті динамикалық құрамалардан тұрады.

Төменгі бейсаналық негізгі психологиялық белсенділікті, ең қарапайым примитивті инстинктивті қажеттіліктер мен эмоционалды кешендерді басқарады. Орта бейсаналық тәжірибені санаға жеткенше ассимиляциялайды, жалпы сипаттамасы бойынша З.Фрейдтің бейсаналығына сәйкес келеді. Сана үсті сферасы – жоғарғы сезімдер мен қабілеттердің орналасқан жері. Мысалы, интуиция және шабыт сияқты. Сана өрісіне талданатын сезімдер, ойлар, итермелеуіш күштер кіреді. Анық саналатын нүктесі ретінде саналы өзінділік сезімін айтуға болады, ал жоғарғы өзінділік – бұл санадан, ақылдан және денеден тыс болатын индивидуалдылық аспектісі. Бұл элементтердің барлығы ұжымдық бейсаналыққа кіреді.


  1. Төменгі бейсаналық – басылып тасталған тілектер, комплекстер, инстинкты, баяғыда ұмытылған естеліктер.

  2. Орта бейсаналық – бұл біздің барлық психологиялық нышандарымыз және күйлеріміз, олар ырықты түрде сана өрісіне ауыса алады.

  3. Жоғарғы бейсаналық немесе жоғарғы сана – эволюциялық адамның келешегі, даму процессі барысында адамның қол жеткізе алатын барлық нәрселері; жоғарғы парапсихологиялық қабілеттіліктер, интуиция, шығармашылық шабыт, экстаз, руханилық махаббатқа, әділеттілікке, әдемілікке, жанашырлыққа, гормонияға құмарту.

  4. Сана өрісі – саналы талдауға болатын түйсіктер, елестер, ойлар, сезімдер, қалаулардың үзілмейтін ағымы.

  5. Саналы жеке Мен – сананың, тұлғаның орталығы, бірақ адам ұйыктағанда, наркоз қабылдағанда ол жоғалып кетеді.

  6. Тұлға үстінде тұратын шынайы Мен (немесе Өзіндік) ойлар ағымынан және дене қалпынан жоғары тұратын, сонымен қатар олардың әсеріне түспейтін бөлігі. Жоғарғы Мен – адамилық дамудың мүмкіндіктерінің жиынтығы, жеке саналы Мен тек жоғарғының бөлшектерінің бейнесі, оның тұлға өрісіндегі проекциясы ғана болса, бұл жалпы индивидуалды процесстердің арасында байланыстырушы, Әлеммен бірегей бөлігі.

  7. Ұжымдық бейсаналық (Юнг бойынша «ұжымдық бейсаналық – теңіз әр толқынның нышаны сияқты, әр индивидуалды психиканың нышандары»). Әр адамның басқа адаммен арасында әрдайым «психикалық ену» процессі жүріп жатады.

  8. Ерік, оның көмегімен Мен өзінің психикалық функцияларын басқара алады.

  9. Түйсік.

  10. Эмоциялар-сезімдер.

  11. Импульсер-қалаулар.

  12. Елес.

  13. Ойлау.

  14. Интуиция.

  15. Субтұлғалар (Жалпы тұлғалық кеңістікте болатын, тірі жандарға ұқсас психологиялық құрылымдар). Әр субтұлғаның өзіндік өмір стилін жүргізеді, өзіндік қозғаушы тілектер, мотивтер, ойлар, сезімдер, әрекеттер, әлем моделі бар.

Психосинтездегі маңызды элемент динамикалық, энергиялық мәнді кіші құрылымдар – субтұлғалар болып табылады, олар салыстырмалы түрде тауелсіз өмір сүреді.

Субтұлға – бұл адам санасында тұтас айырылатын формасына ие болатын ұстанымдар, жүріс-тұрыстық стереотиптер, құмартулар, пікірлер жиынтығы.

Олардың әрқайсысында энергиясы бар, яғни бұл тек мағыналық құрылым емес, сонымен қатар энергиялық құрылым. Оның өзіндік өмір стилі, өзіндік итермелеуші мотивтері, қалаулары, ойлары, сезімдері, жүріс-тұрыс формалары бар. Ең көп кездесетін субтұлғалар – олар өмірде ойнайтын рөлдермен байланысты, мысалы, әке, сүйікті, дәрігер, мұғалім немесе қызметкер. Әрқайсысы тұтас тұлға қалауының негізінде құралады, белгілі бір өмірлік маңызды ұмтылыстар мен адамның мақсаттарын көрсетеді.

Әр адамның бойында басқа адамдардан ерекшелеп тұратын субтұлғалардың кішкене жинағы бар.Оларды ерекшелеп, талдап және олардың барлығына «өзіндік есім» берсе болады. Олардың кейбіреулеріне Авантюрист, Есті, Қорғансыз жан, Білгір, Жалғыз жүрек, «Басқа адамдар не ойлайды», Сыншыл және т.б. есімдері келеді. Осы субтұлғалар ойнайтын ойынды, адамның ішкі дауысы егер оларды түйсінбегенде немесе өзінің ішіндегі конфликтілі жақтарды сабасына келтіру үшін ешнарсе жасамаса деструктивті бола бастайды. Субтұлғалар адамды басқара бастағанда оның кесірі тие бастайды.

Өзін-өзі бақылаудың бір мақсаты – өзіндік Мен-нің мәнін, орталығын түсініп, ол субтұлғалар арасындағы конфликтіні шеше алатындай қабілетке ие болатындай етіп оны күшейту. Ол оларды елемей немесе қумайтындығына көз жеткізіңіз. Өйткені олар біртұтас тұлғаны бейнелейді, әр субтұлға – бұл сіздің бір бөлшегіңіз және сізге маңызды функция атқарады.

Біз өмірді және өз-өзімізді қабылдаған кезде біз өзімізді белгілі бір субтұлғамен теңестіреміз. Олар өте көп және олар бір-бірінің орнын басып отыруы мүмкін. Солайша кінәлаушы оңайлықпен кінәліге немесе керісінше ауысып кетуі мүмкін. Калайша адам олардың дауыстарын түсінуді уйренеді, солайша ол шынымен өзін тани бастайды, өзінің Менінің құрылымын біле бастайды. «Өзіңді білмей және түсінбей, өзіңді басқара алмайсың», - деп Ассаджиоли ерекшелеп көрсетеді.

Шынайы, жоғарғы Менді түсіну үшін, психосинтездің терапевтикалық процессін жүзеге асыру керек. Оның төрт кезеңі бар:


  1. Өзіңнің тұлғаңды терең тану;

  2. Әр түрлі тұлғалық элементтерді басқара білуге жету;

  3. Өзіңнің шынайы Меніңді түсіну, тұлғалықтан жоғарғы Менге көтерілу нәтижесінде біріктіруші орталықты табу немесе жасау;

  4. Психосинтез, жаңа орталықтың айналасында тұлғаның қалыптасуы немесе қайта құрастырылуы.

Бірінші кезеңінде адам өзінің тұлғасын құрайтын құрамаларды, субтұлғаларды түсінеді. Оның ең мықтыларын түсінудің ең оңай жолы – 20 рет «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру. Кейбіреулері түсінуге оңай болуы мүмкін, ал кейбіреулері – түсінілуі қиындау, төменгі бейсаналық маңайында орналасқан болуы мүмкін, кейбіреулері сана үстінде, ал көпшілігі – орта бейсаналықта орналасады.

Өзіңнің субтұлғаңды кінәлауға болмайды, ол Жалқау немесе Қорқақ болса да. Өйткені біз оның одан ары қарай жаман болуына мүмкіндік жасаймыз. Әр субтұлғаның адамның өмірінде керекті негізгі құнды қасиеттерін анықтау маңызды. Тіпті «қиындарда» да сау ядро, оның басты қасиеті бар. Мысалы, Жалқау субтұлғасы о бастан сақтау қасиеті, өз иесінің денсаулығы мен күшін сақтау деген жағымды қасиетке ие. Субтұлғаның осындай қасиетін анықтап, оны өз өміріңде интеграциялауға, басқа бөліктерімен біріктіруге болады.

Әр субтұлғаның жоюға болмайтын, тек өңдеуге ғана келетін энергиясы болады.

Келесі нәрселерді бөліп көрсетейік:



  • Адам тек өз тұлғасының әртүрлі жақстарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар өзінің барлық бөліктерін бейсаналыққа ығыстырмай, мойындайды, қабылдайды.

  • Субтұлғалардың басқарып түарытн құзыреттілігінен құтылады, өзінің ішкі интеграциясының деңгейін көтереді, субтұлғалардың қарсы тұрушылықтарын шешеді;

  • Озінің шынайы Менін анықтауға біртіндеп жақындап, өзінің субтұлғасының ашылу мүмкіндігінің ең жоғаршы баспалдағына шығаруына болады.

Келесі қадам өзінділікке ие болып оны басқара алуға қол жеткізу болып табылады. Әртүрлі субтұлғаларды басқаруға жетудің тиімді әдісі болып дербестікке ие болу саналады. Олар келесі психологиялық принципке сүйенеді: «Біз өзімізді неге тәуелді етеміз, сол нәрсе бізді басқарады. Біз оларды басқара аламыз». Мысалы, адам «Мен шаршадым», «Мен ашулымын», «Менің көңіл-күйім жоқ» дегенде, ол өзін шаршауға, ашуға, көңілсіздікке тәуелді етеді. (Мен = шаршау, Мен = ашу) бұндай жағдайда ол өзінің негативті субтұлғасымен күресе алмайды.

Ал егерде өзіңізді көрсетілген субтұлғадан бөліп алатын болсаңыз, мысалы: «Мені көңілсіздік толқыны, шаршау немесе ашу жұтып қояйын деп жатыр», «Мені ашу басайын деп жатыр» десек, онда Мен ешқандай олардың ішке енуін бастан кешірмейді.

Адам мынаны түсіну керек: ол эмоция, ойлау, дене, сезім емес, ол таза сананың және таза еріктің орталығы және сондықтан эмоцияны, ойларды, денені және субтұлғаларды басқара алады.

Нақты психосинтез кезеңдеріне мыналар кіреді:



  • Адам қандай тұлға болғысы келетіндігін анықтау;

  • Барлық бойда бар энергияның барлығын қолдану, жетіспейтін қасиеттерді немесе тұлға жақтарын өзін-өзі сендіру арқылы және шақыру арқылы, дамымаған психикалық функцияларды жаттықтыру арқылы дамыту;

  • Субтұлғалар арасындағы байланысты және келісімді орнату, біртұтас тұлға болуға қол жеткізу;

  • Әртүрлі психикалыө функциялардың келісімі мен бір-біріне тәуелділігін, тұлғаның тұрақты құрылымын жасау.

9 Тұлғалық өсуде қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік

Сұрақтары Э.Берннің психологиялық теориялары. Трансактілі талдау. Трансакция



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет