6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының


Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік



бет3/6
Дата07.07.2016
өлшемі380 Kb.
#182768
1   2   3   4   5   6

Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік.


«Тұлға» термині латын тілінің «пенсона» сөзінен аударғанда «маска» деген ұғымды білдіреді. Тұлға түсінігіне, бұл саланың теоретиктері әртүрлі бағыттан қарады. М.К.Роджерс тұлғаны «сомость» терминімен түсіндірді, яғни ұйымдастырушы, ұзақ уақытты біздің барлық переживаниямызды субьективтік қабылдайтын сущность ретінде түсіндірді. Г. Олпорт индивидуум адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін детермин ациялайтын сипат,, ішкі «нечто» ретінде анықтаған. Ал Э. Эриксон бойынша индивидуум бүкіл өмір барысында психосоциалды кристерден өтеді, оның тұлғасы крисизтық нәтиже функциясы ретінде қалыптасады. ЖД. Келли тұлғаны кез келген индивидуумға тән өмірлік тәжірибені тану қабілеттілігімен ерекшелігі арқылы сипаттаған. Р. Кеттел бойынша тұлға құрылымы 16 (жағымды және жағымсыз) қырлардан құралады. Бұл қырларды ол фактор деп атайды. А. Бандура тұлғаны индивидуум мінез-құлық және ситуацияның бір-бірімен өзара тығыз байланысының өзара әсер етуі түрінде қарастырады. Фрейд бойынша, тұлға үш деңгейден тұрады: ид, эго, Супер эго. Ид-психиканың санасыз бөлігі, биологиялық, табиғи, туа біткен инстинкті құмарлықтар көзі. Санасыздық жыныстық және агрессивті құмарлығын тудырады. Жыныстық энергия және жыныстық құмарлық либидо д.а. Ид санасыз деңгей бойынша қанағаттану принципіне тәуелді, ол либидо арқылы жүзеге асады. Фрейд бойынша екі инстинкті бар: танотос-өмірге деген талпыныс, эрос-өлімге деген талпыныс. Сублимация – қоғамға пайдалы әрекеттер арқылы негативті энергияны шығару. Агрессивті тұрғыда либидо энергияны шығару. Катарсис – эмоциясының кенеттен шығарылуы, ыза болғанда айғайлап, бір нәрсені лақтырып т.б.

Эго – қорғаныс деңгейін атқарады. адамның индивидтік өмір тәжірбиесінің өнімділігі болып табылады. Эго геоместаз, яғни ішкі тепе-теңдікті сақтау принципіне тәуелді. Инстинкт-құмарлықтар түрінде бейнеленетін қажеттіліктің психикалық бейнесі. Эго адам психикасының саналы деңгейі. Қоршаған ортаны қабылау мен қарым-қатынас қызметін атқарады.

Суперэго-моралді ережелердің тасушысы, ұят, сын, жектеу басқару ролін атқарады. Фрейд бойынша суперэго туа қалыптаспайды, баланың суперэгосы адаммен, ересектермен қарым-қатынаста қалыптасады. бала жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыра бастағанда пайда болады. Супер эго екі деңгейде: ұят және Эго идеал деп бөлінеді. Ұят ата-ананың жазалау нәтижесінде пайда болады. Өзін сын арқылы бағалауды моралді шектеулерді және кінәлілік сезімі қалыптасады. Эго идеал-ата-ананың мақтауы, марапаттауы негізінде қалыптасады. Егер мақсатына жетсе, бұл өзін өзі бағалау, құрметтеу сезімін тудырады. Фрейд бойынша тұлға дамуы жыныстық дамудан басталып және ол жыныстық даму кезеңіне бөлінеді: Оральді туғаннан 1,5 жас; анальді саты 1,5-3 жас; Фалидтік саты 3-6 жас; латентті саты 6-12 жас; генетальді саты 12-15-16 жас;

Юнг бойынша тұлға психикасы үш деңгейден тұрады.



  1. терең деңгей (коллективті санасыздық деңгейі)

  2. индивидуалды санасыздық

  3. сана деңгейі

Юнг «архетип» деген түсінік енгізді. Топтық санасыздық арқылы берілетін адамның шығармашылық салт-дәстүрде, әрекетінде фальколорда қалыптасқан көзқарасында орын алатын ой пікірлер.

Шетелдік және отандық психологиядағы тұлға дамуының қозғаушы күштері мәселесі. Дамудың қозғаушы күштері-қоршаған ортамен тепе-теңдікті орнатуға талпыныс (Фрейд, Левин). Дамудың қозғаушы күштері ортамен тепе-теңдікті жеңуге бағытталған талпыныс (Маслоу, Нюттен). Дамудың қозғаушы күштері-қажетіліктер бұл адам қандайда бір әрекетті, ойын жүзеге асыру кезінде туатын динамикалық қалып, белсенділік. Құмарлық- дамудың қозғаушы күштері ретінде Фрейд-құмарлық тітіркенуге қарама-қайшы. Тітіркену сыртқы ортадан әсер етеді. Өзіне жауап ретінде рефлекторлы әрекеттерді тудырады. Бұл рефлекторлы әрекеттің мәні-тітіркендіргіштің әсерінен организмді босату. Тітіркендіру қашу рефлекторды тудырады. Мақсатты әрекеттер арқылы тітіркендіруден қашып құтылуға болады. Құмарлық организмінің ішкі күші, ішінен шығады. олар субьектінің өзіне тән үнемі орын алатын күш болып табылады. Құмарлықты қанағаттандыруға байланысты, одан қашып кетуге болмайды. Егер сыртқы орта әсерлері құмарлықтан құтылу талабын қоятын болса, онда құмарлық субьектінің белсенділігін арттырады. Субьектіден құмарлықты қанағатандыру мақсатында, сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған күрделі іс-әрекеттерді талап етеді. Сондықтан тітіркендіргіштер емес, құмарлық жеке адамның дамуының қозғаушы күші болып табылады ( мен құмарлығы, жыныстық құмарлықтар). Салливен-нәрестелік кезеңде баланың ортамен қарым-қатынасы негізін «ауыз аймағы» құрайды. Өйткені осы жастағы құмарлықтар «ауыз аймағымен» байланысты. Тамақтану балаға ең алғашқы интерперсоналды тәжірибе болады. Бұнын маңызы-өмір бойы сақталады.


Адлер-ерте балалық шақта қалыптасатын күштілікке талпынумен өзін-өзі кем санау сезімі арасындағы қатынас - жеке адамның негізгі формуласы бойынша анықталады. Ол адам өмірі барысында өзгеріссіз қала отырып, адамның басқалармен қарым-қатынасына, ерекшеліктеріне және оның мінезінің ерекшеліктерін тудырады.

А. Адлер – «толымсыздық» - ерте балалық шақта «ұятты» талпыныстармен тілектерін санадан ығыстырып шығарумен байланысты пайда болады: ойлар, сезімдер,күйзелістер. Адамның өмірлік жолы – адамның ішкі дүниесінде орын тепкен балалық – шақтағы толымсыздықтың өмір жағдайларымен әрекеттестік дамуы.

Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары мәдени және төменгі табиғи, - деп бөлімнен ұсынады. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның өзегі оның бағыттылығы, деп атады.

Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым – қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Тұлға – бұл қоғамдық – тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс - әрекеті – бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуын адамның мінездемесі үшін маңызды орын алуы, яғни оның мінез – құлық пен іс - әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым – қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез – келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар, тұлғаның дамуында негізгі болып нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.

Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объективті өмірді бейнелеу үрдісінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы сана сезімімен бірлестікте іске енетін тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп дәріптелді. Тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, яғни индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуы да көрсетілген. Сонымен қатар, Б.Г. Ананьев тұлға құрылымының жан – жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдарымен қажеттіліктері кіретін мінез – құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтогенезін индивид ретінде, адамның дамуын тұлға ретінде қарастырады.

А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға – бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр – түрлі іс - әрекеттің бірлесе бағынуы, онтогенезде тұлғаның қалыптасуына негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс - әрекеттерінің саласын кеңейтілумен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп – қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленуі, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас, және т.б. жүйелермен бейнеленеді.

Қатынастар психологиясы В.Н. Масищевтің тұлға концепциясы болып табылады. Ол тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен қасиетттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізеді. В.Н. Масищевтің пікірі бойынша тұлға, тек адамға тән толық психикалық құрылымының жоғары шартталған қоғамдық – тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Сонымен қатар, тұлғаның өзегін өз-өзіне және сыртқы әлемге байланысты қатынас жүйесі [30] құрайды, - деп қарастырған.

Тұлға бағдар теориясының аумағында да зерттелінеді (Д.И. Узнадзе 1966, А.С. Прангишвили 1975 және т.б.) Авторлар түрлі илизиоларды (елестеді) эксперименталды тұрғыда зерттеп, олардың пайда болуындағы маңыздылығын барлық иллюзиялар үшін ортақ нәрсеге тиесілі екендігін анықтайды. Осы ортақ нәрсе арқылы зерттеушілер бағдар ұғымын анықтады. Д.И. Узнадзенің теориясына сәйкес ішкі бағдар адам үшін ерекшеленген теориялық қажеттіліктің әсерінен пайда болып, адамның алдына оны қанағаттандыру міндеттерін табыс етуі. Осы ғылымдардың пікірі бойынша ішкі нұсқау адамды таңдамалы белсенді іс әрекетке бағдарлайтындықтан, ол тұлға психологиясының негізгі ұғымы болып табылады.

Божович балалар тұлғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді.

И.П. Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс - әрекетерімен тығыз байланысты мотивтер зерттеледі. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс - әрекетінен шығатын әлеуметік мотивтердің және мотивтердің әртүрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.

Л.И. Божович теориялық талдаудың негізінде, тұлғаның толық құрылымы оның бағыттылығымен анықталады, - деген болжам ұсынды. Тұлға бағыттылығының негізінде адам өмірі мен тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын тұрақты түрдегі басымды мотив жүйелері жатады, ал олардың негізінде жетекші мотивтер басқаларын өздеріне бағындыра адамның мотивациялық сфераларының құрылымын сипаттайды. Мұндай мотивтер жүйелерінің иерархиялық тұрғыдан пайда болуы тұлғаның жоғары тұрақтылығын қамтамассыз етеді.

Тұлға мен қоғам, тұлға мен іскерліктің ортаққа рым – қатынасының анализі көрсеткендей тұлға келесі қызметтерді іске асыруы керек.



  1. Адамның тіршілік ету қажеттіліктері мен адамзат қоғамының даму тенденцияларын өзіндік және қоғамдық қажеттіліктерімен байланыстыру.

  2. Өзіндік құндылықтарды жалпы адамзат құндылықтарымен байланыстыру.

  3. Өзіндікті социум мақсатымен байланыстыру.

  4. Іскерлік жағдайын адекватты таңдау.

  5. Іскерліктің қажетті арсеналдарынан хабардар болу керек.

  6. Процестерді бақылау және болжау.

  7. Өзінің социумен және басқа адамдармен қарым – қатынасын түзету.

  8. Өзінің іскерлігін, мотивациясын, мақсатын түзету.

Функция функционалды орган тудыратындықтан, оған мыналарды жатқызуға болады; өзіндік құндылықтар, мақсат, қажеттіліктер, іскерлік жүйексі, әлем немесе өзіндік бейнесі.

Негізінен тұлға анықтамасы оның нақты мінездемесінен және компоненттерінен көрініс беру керек. Тұлға – жоғары сезімтал әлеуметтік жиынтық.

Сонымен тұлға түсінігін төмендегідей бөлеміз.


  1. Тұлғалық өмір барысында қалыптасатын адамның функционалды жоғары сезімталды мүшесі.

  2. Тұлға жүйелік әсердің қоғам жүйесінің детерминацияланған компоненті.

  3. Тұлға өзінің компаненттерінің қызметін жүйе ретінде анықтайды.

  4. Ішкі реаллизацияның қызметін қамтамассыз ететін және адамның өмір барысында осы функциялар нәтижесінде қалыптасатын және қалыптасу керек компаненттер адамға және социумға қарым – қатынасына байланысты ішкі және сыртқы функцияларды бөледі.

  5. Көрсетілген «тұлға» түсініктері тұлға ерекшеліктерін ерекшке әлеуметтік сапа және психика дамуының жоғары деңгейі ретінде санауға мүмкіндік береді

4 Батыс елдердегі заманауи тұлға теориялары

Сұрақтары

Зигмунд Фрейд: тұлға теориясындағы психодинаминамикалық бағыт. Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы. Альфред Адлер: тұлғаның индивидуалды теориясы. Эго-психологиядағы Эриксон, Корни: тұлғалық өсу теориялары



Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады:

1. Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық зерттеулері. Бұл зерттеулер келесі әдіснамалық принциптер мен проблемаларды ашуға арналған: сана және іс-әрекет бірлігі принципі; тұлғалық принципі, тұлғаның себептілік принципі, биологиялық пен әлеуметтіктің өзара қатынасы принципі, тұлға бойындағы даралық және қоғамдық сипаттар, субъект проблемасы, жүйелілік бағытының іске асып баруы, және т.б. Тұлға психологиясындағы жалпы теориялық проблемалар: тұлға құрылымы проблемасы, тұлға типологиясы, қозғалысы (динами­касы) және дамуы, т.б. проблемалар.

2. Тұлғаның нақты құрылым бірліктерін және тұлға ерекшелік­терін, яғни тұлғаның сеп-түрткі – қажетсіну аймағын, агрессивтігін, күйзелісін, мінезін және т.б. эмпирикалық талдауға арналған зертте­улер.

3. Тұлға жөніндегі біртұтас авторлық теориялар: Фрейд, Юнг, Рубинштейн және т.б. ғылыми көзқарастары.

Тұлға жөніндегі зерттелеулердің бұл үш тобы өзара байланысты келеді. Психологиядағы тұлға зерттеулерінің жалпы бағыттарына шолу бере отырып, екі негізгі бағытты – номотетикалық және идеографиялық - ажырата атамай болмайды. Номотетикалық бағыт тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты 68әдістер – жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық өңдеу.

Идеографиялық бағыт – тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас біртұтастығын дәріптейді де негізгі зерттеу әдістері ретінде рефлек­сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін қолдана отырып, олардан алынған деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді әрі түсіндіре баяндайды.

Тұлға психологиясындағы психоаналитикалық бағдар XIX-XX ғ.ғ. тоғысында пайда болды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд.

Фрейдтің тұлға теориясының басты бөлімдері: бейсана проблемалары, психикалық ақпарат құрылымы, тұлға динамикасы, тұлғаны зерттеу әдістері, даму және невроздар.

Фрейд пікірінше, психикалық өмір ашық сана астар сана және бейсаналық деңгейде өтіп жатады. Бейсана аймағы мұзтаудың су асты бөлігі сияқты басқа сана түрлеріне қарағанда көлемді де салмақты келіп, өз ішіне адамның барша әрекет-қылығындағы инстинкттер мен табиғи қозғаушы күштерді қамтиды.

Психоаналитикалық теорияда адам инстинкттерінің екі негізгі тобы ажыралады: эротикалық (немесе өмірлік) және қиратушы (өлім) инстинктері

Өмірлік инстинкттер энергиясы «либидо» деп аталады. Бұл инстин­кттер өз ішіне аштық, шөліркеу, жыныстық қатынасты (секс) алып, тек өкілінің сақталуы мен тіршілігін қамтамасыз етеді.

Өлім инстинкттері – қиратқыш күштер тек өкілінің ішкі жан дүниесіне (мазохизм не өзіне қол салу), сондай-ақ сырттай болмысына (өшпенділік және агрессия) бағдарланады.

Көп жылғы клиникалық зерттеулері негізінде В. Фрейд өзінің инс­тинкттер жөніндегі тұжырымдамаларын ұсынды. Осыған байланысты ол адам тұлғасы құрылымының үш деңгейлі бірліктерін анықтады:

«ОЛ»(Ид-ОНО), «МЕН»(ЭГО-Я),» ЖОҒАРЫ МЕН»(СУПЕР ЭГО- сверх Я).

«ОЛ» (Ид-Оно) – Абай өз философиясында бұл түсінікті «Менікі» терминімен береді - психиканың бейсаналық бөлігі, биологиялық тума инстинктті құмарлықтардың (агрессивті және сексуалды) бұрқанысты ошағы. «ОЛ» «либидо» деп аталатын сексуалды энергиямен қаныққан. Адам – тұйықталған энергетикалық жүйе, әр адам бойындағы күш-қуат – тұрақты шама. Бейсаналылығынан әрі ақыл өлшеміне келмейтіндігінен (иррационал) «ОЛ» қанағат алу (рахаттану) принципіне бағынады, яғни адам өмірінің басты мұраты – рахат және бақыт осы инстинкттен.69

«МЕН»(Эго-Я) – инстинкті «Ол» талаптарын үздіксіз шынайылылық (реальность) принципі негізінде орындап баруға ұмтылады. «МЕН» адам бойында бейсана және ашық сана күйінде бірдей орын иелейді. «МЕН» деңгейі инстинктті «ОЛ» - мен ұдайы тайталаста болып, адамның сексуалды құмарлықтарын басып отырады. «МЕН» үш ықпал әсеріне: «ОЛ», «ЖОҒАРЫ МЕН» және өз талаптарына бағындыруды көздеген қоғамға – тәуелді келеді. «МЕН» аталғандар арасында үйлесімділік орнатуға ат салысады, бірақ рахаттану принципін басты мақсат тұтпай, болмыс шындығымен жүргенді қалайды.

«ЖОҒАРЫ МЕН» (Супер – эго, сверх - я) – ата-аналар және қоғамдық мораль ықпалдарының иесі. Бұл құрылым бала өмірінің ба­рысында қалыптасып, сол бала жынысына тектес ересек туысқан бол­мысына ұқсап дамиды. Ұқсау не сәйкестену (идентификация) желісінде ер балаларда «Эдип комплексі», ал қыз балаларда «Электра комплексі» қалыптасады. Бұл комплекс түрлері баланың сәйкестену нысанына (әке не ананың біреуіне) болған екі ұшты, бірі-біріне қайшы толғаныс (жақсы көру мен жек көру) сезімдерінен құралады. Тұлға «Мені» сыртқы дүниені анықтайды. «Ол» (эго) және Жоғары МЕН (супер эго) көбіне өзара сиыспайтын талаптар қояды. Мұндай жағдайларда «МЕН» күшті ықпалдарға тап болып, оны «үрей» билейді. «Мен» осы үрейге қарсы ере­кше тосқауылдар – психологиялық қорғаныс тетіктерін іске қосады.

Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт – бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.

Бұл бағыт негізін қалаушы Д.Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.

Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туындысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.

Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реак­ция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан 70 олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті – жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.

Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті;

Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады.

Тұлға психологиясының гуманистік бағыты- психоанализ және бихевиоризм принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның басты ұстанымы: адам – бірегей және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті біртұтас құбылыс.
5 Тұлғалық өсу және оның механизмдері

Сұрақтары:

Интеграция және реинтеграция. Тұлғааралық қатынастар және оның тұлғаның қалыптасуындағы рөлі. Реинтеграция мен тұлғалық өсудің базалық жағдайлары – нағыздық, конгруенттілік, басқаларға маңызды позитивтік қолдану, эмпатиялық ұғыну.

Отандық психология мен педагогикада қазіргі таңда «тұлғаның өзін жетілдіруі», «өзін таныту», «тұлғалық өсу» және т.б ұғымдар көп таралған және қолданысқа кеңінен енген ұғымдар болып келеді.Бірақ, біздің ойымызша «бұл жаңа формулалар толықтай ұғынылмаған және өзінде нақты мәнге иеленбейді немесе олар метафоралық сипатта пайдаланылып, әдемі ярлыктың қызметін атқарады. Оларға ескі «киімдерді» іліп, ескі ұғымдарды өзгертеді. Соңғысында біздің ғалымдарымыз батыстың идеяларын механикалық түрде біздің психолого-педагогикалық практикамызға енгізуге тырысады. Сондықтан да өзін таныту, тұлғалық өсу және басқа да идеялар өзінен өзі туындаған жоқ, олар тереңнен алынған бағдарлар негізінде қалыптасып, адамға және оның дамуына байланысты өзіндік амалы болады.

Өз кезегінде Макс Отто былай тұжырымдаған: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы. Егер адам басқа адамдарға сенім артса, онда ол олардың көмегімен белгілі бір жетістіктерге жете алады және бұл сенім оның өмірге деген, әлемге деген қатынасын өзгертеді. Кейін олар сеніммен гармонияда болады. Ал сенімнің болмауы осыған сәйкес түсініктерді қалыптастырады» (К.Хорни бойынша цитата,1993,235 бет). Осыдан біз әрбір концепцияда міндетті түрде болатын теоретикалық пен практикалық құрылымнан басқа, оның құндылық құрамы болады. Осы аксеомалық кредо концептуалды құрылымның шынайы фундаменты болып келеді.

Егер адамның сенім-сенімсіздік критерийсін қолдансақ. Өз кезінде Макс Отто былай деп айтқан: «Адам философиясының тереңдетілген, оны қалыптастыратын және оны құнарландыратын қайнар көзі – оның сенімі немесе адамзатқа деген сезімнің болмауы (С.Б.-мен негізгі психологиялық теорияларға қосымша ретінде атап өтілген). Олар өз кезегінде бірдей мәнге ие болмайтын 2 топқа бөлінеді: адам табиғатына «сенетін» (яғни гуманисттік бағдарланған) және «сенбейтін». Бірақ, әрбір топтың ішкі құрамынан да өзгешеліктер табуға болады.

А) «Сенбейтіндердің» тобында (пессимисттердің) қатал позицияны ұстанады. Олар адам табиғатын негативті –ассоциалды және деструктивті болады және адам оны шеше алмайды. Бірақ одан қарағанда жұмсақ форма да болады. Ол нейтралды объект түрінде болады.

Б) «Сенетін» топтың ішінде радикалды көзқарас болады. Олар міндетті позитивті көзқарасты ұстанады, адам конструктивті, жақсы мәнге ие болады. Бұл ерекшеліктер потенциал түрінде болады және бұл потенциал жағдай өзгерген сәтте ашылады. Және адамға байланысты епті көзқарас та болады. Ондай мәнге адам бірден ие болмайды және позитивті өзін жетілдіру міндетті түрде болып жатпайды. Бірақ ол адаммен саналы, ерікті түрде таңдалады және оны шартты-позитивті деп атауға болады.

Адамның болмысы туралы мәселемен қатар, сол мәнмен не істеу керек екендігі туралы мәселе де кеңінен қарастырылады. Бұл жерде оны тәрбиелеу, дамыту және жақсарту мәселелері қарастырылады. Тәрбиелеудің мәні туралы мәселе принципиалды түрде былай шешіледі: егер адамның болмысы негативті болса, оны өзгерту керек; егер ол жоқ болса, оны құрастырып, консруктизациялап, адамға енгізу керек. Егер ол позитивті болса-оның ашылуына көмектесу керек, егер болмыс ерікті түрде жүзеге асса, оған сол шешімді қабылдауға көмектесу керек.

Әлемдегі базистік имплицидті психологиялық концепциялардың типологиясын кесте түрінде ажыратып көрсетуге болады. Бірақ бұл кесте әр түрлі әдіс-тәсілдерді дұрыс, ашып көрсете бере алмайды. Біздің ойымызша ол педагог пен психологтың кәсіби аумағындағы өзгешеліктерді ажыратып, таңдау нұсқалары мен осы таңдаудың себептерін фиксациялайды.

Кесте: Психологиялық концепциялардың базистік бағдарлары




Базистік бағдар

Адам табиғаты

Тәрбиелеу мәні

Негізгі өкілдері

Адамға деген сенімсіздік

Негативті

Өзгерту, компенсация

Классикалық фрейдизм

Нейтралды

Қалыптастыру, түзету

Бихевиоризм, отандық психологиядағы көптеген бағыттар

Адамға деген сенімдік

Міндетті позитивті

Өзін жетілдірудегі көмек

К.Роджерс,
А. Маслоу концепциялары

Шартты позитивті

Таңдаудағы көмек

В.Франкл, Дж. Бюдженталдың экзистенциалды бағыттары

Осылайша тұлғалық өсу және өзін жетілдіру концепциясы адамға деген гуманисттік көзқарастардың логикалық жалғасы екендігі анық. Және ол өз кезегінде адамға сенім артпайтын бағыттармен байланысты емес. Бұл жерде атап өтілген тұлға мен тұлғалық өсу ұғымдары «гуманисттік психологияның дамуына» үлесін қосқан лидерлердің К.Роджерстің концепциясына сүйенеді. Оның тұлғалық-орталықтанған бағыты.


6 Тұлғалық өсудің базалық жағдайлары іске асырудың психологиялық механизмдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет