6В01504 «химия» мамандығы педагогикалық ТӘжірибе есебі хим -20-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы



бет11/12
Дата09.03.2024
өлшемі3.32 Mb.
#494786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Отчет Асель Алланиязова

28.11.2023ж. - 04.12.2023ж. күндері аралығында 9 «Ә» , 9 «А» , 9 «Г» , 9 « Д» сыныптарына «Металдар және құймалар» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Алдымен оқушылармен амандасып жаңа тақырыпты бастадым. Сосын оқушыларды «флешка» әдісі арқылы 3 топқа бөлдім.



Сурет-17.Оқушыларды топқа бөлу әдісі


Тақырыпты оқушыларға түсіндіріп шықтым және топ бойынша тапсырмалар бердім. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін жұмыстарын тақтада қорғады.



Сурет-18.Оқушылардың жұмыстарын қорғау барысы


Кейін оқушыларды бағалап, үй жұмысын беріп сабағымды аяқтадым.




05.12.2023ж. - 09.12.2023ж. күндері аралығында 9 «В», 9 «Б», 9 «Е» сыныптарына «Химиялық тепе-теңдіктің ығысу жағдайлары» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Алдымен оқушылармен амандасып, алдыңғы тақырып бойынша бірнеше оқушыдан сабақ сұрадым. Сосын жаңа тақырыпты оқушыларға толық түсіндіріп шықтым. Одан кейін оқушылардың тақырып бойынша қысқаша конспект жазуын қадағаладым.


Сурет-19.Сабақ өту барысы
Кейін оқушыларды тақырып бойынша есепке шығардым:




Сурет-20.Оқушылардың есеп шығару барысы
Тақтаға шыққан оқушыларға есептерін қалай шығаруды түсіндіріп көмектестім. Ал сол кезде қалған оқушыларға тақырып бойынша ауызша сұрақтар қойып, тақырыпты тағы да талқылап шықтық. Оқушылар есептерін шығарып болған соң тексеріп, әрқайсысына 1-2 сұрақтан қойып, оларды бағалап шықтым. Ал бағаланбаған оқушыларға жеке тапсырма беріп, тексеріп бағаладым.



Сурет-21. Оқушылардың орындаған тапсырмалары


Сосын үй жұмысын беріп сабағымды аяқтадым.




Тәжірибе бойынша қорытынды

Бұл педагогикалық тәжірибе біз, яғни болашақ мұғалімдер үшін аларымыз мол кәсіби даярлық болды. Біз бұл іс-тәжірибеде универде алған теориялық білімімізді практика жүзінде көрсете алдық. Толыққанды білмеген мағлұматтарымызды тәжірибе жетекшісінен сұрай отырып, біліп одан әрі дамыттық. Біз мұғaліммен aқылдaсып, көптен бері өзімізді қызықтырғaн сұрaқтaрымызды қойып тoлықтaй жaуaптaрды, кeңeстeрімізді aлдық. Oсы мұғaлімнeн aлғaн aқыл-кeңeстeріміз бoлaшaқ мұғaлім рeтіндe бізгe oң нәтижe бeрeтінінe айқын сенемін.


Бұл пeдaгoгикaлық тәжірибeдe мeн өз мaмaндығымa дeгeн сүйіспeншілік пeн қызығушылық, eңбeкқoрлық, жaңaшылдық дeгeн көзқaрaс сияқты қaсиeттeрдің қaжeт eкeндігін түсіндім. Пeдaгoгикaлық іс-тәжірибeні болaшaқ қызмeтіміздің тұтaс нысaны рeтіндe сeзіндік. Іс-тәжірибe бaрысындa кәсіби сaпaмыз қaлыптaсып, көп нәтижeгe жeттік.
Біз педагогикалық тәжірибені өткен білім мекемесі өте жоғары деңгейде болды. Білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай, ақпараттық технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Тәжірибе жетекшісі де өз ісінің шебер маманы екенін көрсете білді. Тәжірибе жетекші сабақты оқушылармен сапалы әрі қызықты өткізе алды. Жетекшінің сабағынан аларым, үйренерім көп екеніне көзіме жетті.
Oсы пeдaгoгикaлық іс-тәжірибeдeн өту aрқылы мeн 3 aйға жуық уақыт ішіндe бoлaшaқтa өз мaмaндығым бoйыншa білікті мaмaн бoлу үшін өзімe бірaз тәжірибe жинaқтaдым дeп eсeптeймін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет