7-апта тапсырмасы Берікова Перизат


«Мектептерде экологиялық практикумды ұйымдастыру»



бет2/3
Дата07.12.2023
өлшемі38.49 Kb.
#485842
түріПрактикум
1   2   3
БериковаПеризат 7 Апта тапсырмасы (2)

«Мектептерде экологиялық практикумды ұйымдастыру» пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.
Экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы
Экология (лат. Оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің –популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым екені белгілі.
Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады (1866).
Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).
Эрнст Геккель
20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал «экологияның алтын ғасыры» аталған 20–40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.
А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді.
Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60–70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетаным жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.
Экология ғылымдарының қалыптасуын төмендегідей кезеңдермен қарастыруға болады.
Биологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мыс: Ж.Б.Ламарк (1744-1825), Л.И.Лепехин (1770-1802), Р.Ф. Рульс (1814-1858), И.А.Северцов (1827-1885), Ч.Дарвин (1807-1882), В.В.Докучаев (1846-1903) т.б. табиғат зерттеушілер, биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер жүргізіп экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық көрген Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы», Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» т.б.еңбектері экология ғылымының негізін қалаған еді
Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің ғаламы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б. В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы ілімі» т.б.ғылыми еңбектері экология ғылымының негізін қалаған болатын.
Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология - бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қарайтын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа саласы бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілді.

2) Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.
Алысқа бармай-ақ Астананың өзін алып қарайық. Ол ылғал­дылығы жөнінен тәуекелді аймақ саналатын Сарыарқа төсінде орналасқан. Астананы ауызсумен қамтитын қаладан 51 ша­қырым оң­түстік-батыста орналасқан Астаналық (Вячеслав) су қоймасы екендігі белгілі. 2002-2003 жылдары бұл су қоймасына Ертіс-Қарағанды каналынан су жеткізу мәселесінің шешілуі Астананы сумен қамтуға жағымды ықпал етті. Оның үстіне соңғы жылдары өңірге қар мен жауын-шашынның көп түсуі де жағдайды жақсарта түсті. Өкінішке қарай көктемде қардың еруінен туындайтын үлкен су көзі елді мекендерді басып қалып, халықты әуре-сарсаңға салып, босқа ағып кетіп жатыр. Ал Астана халқының саны жылдан-жылға қарқынды өсуде. Демек алдағы уақытта көбейген халықты сумен қамту мәселесін сенімді түрде шешіп, жазда суға шомылып, күнге қыздырынатын демалысын ұйымдастыру үшін қала маңайынан көлшіктер мен бөгендер, шағын су қоймаларын салудың маңызы зор. Мұндай орындар әзірге Астана маңайында өте тапшы.

Алдағы уақытта Астана халқының саны еселеп өсетіндігі белгілі болуда. Өйткені оның тар­тым­дылығы жылдан жылға ар­тып келеді. Міне, осындай жағдайда қалың нөпір халықты құрғақшылық өңірде орналасқан қалада сумен қамту мүмкін бе? Мәселен, БҰҰ сарапшыларының белгілеген нормасы бойынша қалаға 1 адам қосылса, ондағы судың жылдық қоры 1700 текше метрге артуы тиіс. Сонда енді бір 500 мың адам қосылса, не болады? Бұл қазірден бастап ойланатын мәселе.


Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.

Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар - бериллий, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл заттардың әрқайсысының шекті конңентраңиясы да әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 мг/л, селен - 0,001 мг/л. бериллий - 0,0002 мг/литр. Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында, оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі 10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға - айына 100 рет, 100 мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап отырады.


Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-87 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Игерілетін жер көлемінің артуымен, халық санының өсуімен суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-80 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды. 1960-65 жылдары Арал теңізіне жылына 44 мың м³ су құйылса, 1990 жылдары бұл екі есеге азайды. Нәтижесінде теңіз деңгейі кей жерлерде тіпті 23 метрге дейін төмендеп, су айдыны 30-200 км-ге қысқарды. Судың тұздылығы 40%-ға артып, екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын болмаған дәрежеге жетті. Тыңайтқыштарды пайдалану 10-15 есеге өсті. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын қоршаған ортаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарайды.
Арал теңізінің апатқа ұшырауына себеп болған факторларға:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануда жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі себептері жатады.
3) Қазақстанның экологиялық проблемалары Ауа, су, жер – бізді қоршаған орта. Бүгінде олардың жағдайы апатты деп бағаланады, планета экологиялық дағдарысты бастан кешуде. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары қандай: Қазақстандағы ауаның ластануы Келесі себептер бойынша: Пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеудің (қорғасын, мырыш, фосфор, хром өндірісі) өсуі. 20 миллиард тонна қалдық жиналған, олардың үштен бір бөлігі күнделікті ауаны токсиндермен уландырады. Кәсіпорындар ескі тиімді емес тазарту жүйелерін пайдаланады, нәтижесінде атмосфераға мыңдаған зиянды зат шығарылады. Мұнай мен газ өндіру кезінде ілеспе газды жағу. Бұл атмосфераға күлдің шығарылуымен бірге іске асады. Атмосфераға көміртек пен қорғасын тотығын шығаратын автокөліктер санының көбеюі. Оларды пайдалану кезінде сапасы төмен жанармайлар құйылып, көбінесе пайдаланылған газдарды тазартуға арналған сүзгілер қолданылмайды. Осы факторлардың әсерінен республикамыздың 15 ірі қаласында ауаның ластануының шекті деңгейінен асып түсті. Ең лас атмосфера Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​және Павлодар облыстарында тіркелді. Осының барлығы Қазақстанда бүгінде ауаның ластануына байланысты экологиялық мәселелердің туындауына әкеп соқтырды. Қазіргі таңда: 1. Елдегі қалалардың басым көпшілігі ауаның шамадан тыс ластануынан зардап шегеді: кейбір елдімекендерде ауаның ластану көрсеткіші қалыпты нормадан 8–10 есеге артық. 2. Таза ауа тек Ақтау мен Петропавлда ғана сақталған. 3. Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Балқаш және Жезқазған қалаларында соңғы бес жылда ауаның тұрақты түрде ластанып келе жатқандығы байқалады. 4. Өндірістік кәсіпорындардың зиянды қалдықтары 85%-дан астам көрсеткішті құрайды. 5. Қазақстан ауа ластануының ең төменгі индексі көрсеткіші бойынша рейтинге 64-ші орынды алады. Қазақстанда ауаның ластануы мәселесін қалай шешуге болады? Ол үшін: Өндірістік кәсіпорын қалдықтары көлемін азайту. Атмосфераны ластайтын зиянды заттардың деңгейін азайтатын заманауи тазарту жүйесін орнату. ІТД бар көлік санын қысқарту және сапалы фильтрлер арқылы пайдаланылған газды тазарту мәселесін жолға қою. Ішкі тұтану двигательдері бар көліктерді атмосфераға көп зияны жоқ электр көліктеріне алмастыру. 2025 жылы 10 қалада ауа ластану көрсеткішін жоғары көрсеткіштен орташаға дейін төмендетуді көздейтін "жол картасын" жүзеге асыру жоспарлануда. Алдағы жылдары ауаның ластануын ғана емес, сондай-ақ су асты қоймаларының да ластану жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар кешенді шара қолға алынады деп күтілуде.
Қазақстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекет, бірақ сумен қамтамасыз ету тұрғысынан ол ең қиын жағдайда тұр. Бүгінде Қазақстанда 33 су нысаны пайдалануға жарамсыз. Еліміздегі экологиялық ахуалы ең төмен теңіз-көлдердің арасында – Арал теңізі, Балқаш көлі мен Каспий теңізі бар. Елдегі су ресурстарының экологиялық жағдайының нашарлауына келесі факторлар әсер етті: Ол кезде республикада 10 миллион гектар суару үшін су қоры жеткілікті болар еді, іс жүзінде ол 50-60 миллионға жетті. Сондықтан кейбір табиғи су қоймаларында апатты жағдай орын алды. Кеңес дәуірінде мақта алқаптарын суару үшін өзендердің немқұрайлы қолданылуы. Бұл жағдай тек бізде ғана емес, көрші республикаларда да кездеседі. Суару арналары күшейтілмегендіктен, өзендерден судың көп бөлігі құмға құйылды. Арал теңізі жойылып кетудің алдында тұр. Бұрындары әлемдегі төртінші көл болатын. Теңіздің қазір көлемі бойынша төрттен бір және көлемі жағынан оннан бір бөлігі қалды. Қазір бұл – екі таяз су қоймасы. Себебі, оны толтырған Сырдария мен Әмудариядан суды егін суаруға жұмсалды. Арал теңізінің экологиялық проблемасының көптеген салдары бар. Судағы тұз концентрациясы 14 есеге ұлғайды. Теңіздің бұрынғы түбінде үлкен тұзды батпақтар бар еді, олардың үстіндегі тұз жүздеген шақырымға созылып, осы жерден алыс орналасқан жерлердің эрозиясын тудырады. Суда шоғырлану тек тұздың ғана емес, сонымен қатар ұрықтандырылған ауылшаруашылық жерлерінен өзендерге ағып кететін улы заттардың да жоғарылауына әкеп соқтырды. Бұл көлдегі кәсіптік балық аулаудың кесірінен жойылды. 1980 жылдардан бастап ол тоқтатылды. Бұрын сан алуан балықтардың 32 түрі болған. Бұрын көлде балықтың сирек кездесетін түрлері – қарапайым сазан мен көксеркені аулауға болатын, ал Одақтың кезіндегі болған қарапайым сазан балықтарының жартысына жуығы осы теңізден ауланған. Таязданудың себебі өзендерден су аз келеді. Өзендерге су электр станциялары үшін бөгеттер салып, арналарды жауып тастады. Құрып кету алдында тұрған Арал теңізінің суының тартылуы елде төмендегідей жағдайлардың өршуіне себеп болды: лай көшкіндерінің жиі болуы; жалпы биологиялық өнімділіктің өзгеруі; балықтардың көбеюі үшін қолайсыз жағдайлардың туындауы; жағалаудың шөгуі және бұзылуы; топырақтың ластануы; тұз концентрациясының 14 есеге артуы; теңіздің жалпы аумағы мен көлемінің азаюы; су кеңістіктерінің улы заттарға толуы; жер асты суы деңгейінің төмендеуі, салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналуда; жасыл оазистердің жойылуы, құстар мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылып кетуіне не себеп болды. Балқаш көлінің жағдайын алаңдауға болады. Арал теңізінің тағдыры қайталануы мүмкін. Бұл ерекше су айдыны, себебінің оның бір бөлігі ащы сумен, бір бөлігі тұщы сумен толтырылған. 1960 жылдардан бастап Балқаш көлінің экологиялық проблемалары басталды: таяздана басталды, су деңгейі екі метрге төмендеді. Ауданы екі мың шаршы шақырымға қысқарды. Мұнда тұзды батпақтар да пайда болады. Өнеркәсіптік қоқыс қалдықтары мен көл маңында орналасқан қалалардан аққан ағын суларды Балқашты ақырындап жойып жатыр. Балқаш мыс балқыту зауыты көлдің жанына жүздеген мың тонна қалдықтарды тастайды. Олардың ішінде күкірт диоксиді және қауіпті ауыр металдардың онға жуық түрі бар. Өндірістен жыл сайын мыңдаған тонна улы шаңдар көлге тасталады. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға да зардабын тигізуі мүмкін. Теңіз суларында қауіпті тенденция байқалады - ол өзін-өзі тазарту мүмкіндігін жоғалтып барады. Себеп бірдей – адамның іс-әрекеті. Мұндағы оның ерекшелігі – теңіз жағалауында және теңізге дейінгі платформаларда мұнай өндіру.
Жер ресурстарының жағдайы атмосфера мен судағы экологиялық жағдайға тікелей байланысты. Әдетте жер ресурстарының экологиялық жағдайын өндірістік қалдықтар, демалыс орындарының қоқысқа толуы және радиоактивті зала келу сынды жайттар ушықтырады. Әсіресе соңғы мәселе Семей полигонында ядролық сынақтардың өтуіне тікелей байланысты болып отыр. Семей полигонын 1947 жылдан бастап сала бастаған, ал ең алғашқы сынақ 1949 жылдың 29-шы тамызында жасалған. Өңірде 1989 жылға дейін 468 ядролық сынақ жасалды. Семей ядролық полигонында 40 жыл атом қаруы сынақтан өтті. 300 шаршы шақырым жер ұзақ уақыт бойы барлық тіршілік иелері үшін қауіпті болып қала береді. Мұның салдары әлі де толық анықталмаған. Полигон тек 1991 жылы ресми түрде жабылды. Семей полигонынан бөлек Қазақстан аумағында 5 ірі уран өндіретін және көлемі жөнінен орташа көптеген аймақ бар, олардың барлығы жер қыртысындағы радиоактивтілік деңгейін көбейтіні сөзсіз. Қазақстанның жер ресурстарының ластану мәселесін қалай шешуге болады? Өзекті мәселені тек жер қыртысын қайта қалпына келтіру және сауықтыруды, заң бойынша тыйым салынған жерлерге қоқыс қалдықтарын тастаған заңды тұлғаларға айыппұл көлемін арттыруды көздейтін кешенді бағдарламалар ғана шеше алады. Ол үшін қоқысты утилизациялау және оны қай өңдеу шараларын қолға алған жөн. Яғни қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын салу – мәселені шешуді біршама жеңілдететін еді. Мысалы: Демалыс және спортпен айналысу орындарын, турбазаларды салу. Жер учаскелерін көшет ағаштарын отырғызу және ауыл шаруашылығына қажет тыңайтқыштарды өндіруге дайындау. Пайдалануға жарамайтын учаскелерде санитарлық-гигиеналық шараларды қолға алу. Қазақстан Үкіметі БҰҰ-на Семей өңірін қайта қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеуге өтінім берді. Оған ядролық қару сынақтарының зардабын зерттеу және радиоактивті аймақ маңында тұратын тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету бойынша кешенді шаралар кіреді. БҰҰ Ассамблеясы Семей өңірін қалпына келтіру жөніндегі резолюцияны қабылдады. Жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары әскери полигон, Байқоңыр космодромы мен іске қосу алаңдарына қатысты болып отыр. Зымырандарды іске қосылатын орындарда отынның барлық түрлерінен қалған қалдықтар мен құрылыс қоқыстары мөлшерінің шамадан тыс көп екендігі байқалады. Сонымен бірге өндірістік кәсіпорындар, мұнай өңдеу зауыттары мен автомобиль жолдары жанындағы аумақтарды да ұмытпаған абзал. Бұл жерлерде химиялық және өндірістік қоқыспен ластану байқалады. Сонымен бірге бірқатар демалыс аймақтары да ластанған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет