4. Дербес іскерлік байланыстар
әдісі
Дербес iскер байланыс әдiсі тұтынушы-ұйым өкiлдерiмен және
шетелдік фирмалармен іскерлік байланыстарды қолдау үшін
қолданылады.
Бұл әдiс өнеркәсiптiк нарықты және
өндiрiстiк мақсаттағы
техникалық күрделi тауарларды зерттеу барысында маңызды рөл
атқарады (машиналар, жабдықтар және т.б.).
Өндiрушi-фирмалар мен тұтынушы-фирмалар өкiлдердiң
арасындағы дербес байланыстар әртүрлi тәсілдермен бекiтiледі
және қолдау табады:
-
фирмалардың бір-біріне келуі жолымен;
-
фирма мамандарының аймақтық, ұлттық және халықаралық
ғылыми-практикалық конференциялардағы, жәрмеңкелердегі,
көрмелердегі, сауда биржасы және т.б. кездесулерi.
Мұндай байланыстарда сатушы-фирманың
өкілі тұтынушының техникалық кеңес берушісі
ретінде көрінеді.
Ол тұтынушы-фирманы көндіру үшін
ұсынылған жабдық туралы жақсы хабардар
болуы, аталмыш жабдықтарды пайдалану
нәтижесінде тұтынушы қол
жеткізе алатын
шешімдерді
көрсетуі, ол
тұтынушы-фирманың
талаптарымен сәйкес келетінін көрсетуі қажет.