7 Дәріс Сәндік қолданбалы өнер технологиясы Аппликация туралы түсінік және олардың орындалу



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата04.03.2023
өлшемі215.73 Kb.
#470372
1   2   3   4
Дәріс 7

космогониялық, яғни, ғарыштық белгілер мен фигуралар элементтері кіреді.
Ою белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш), кесу (ағаш, сүйек), тілу (былғары,
тері) , қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген,
тігілген, қиылған оюды екінші затқа кіріктіріп, жымдастырып, жапсырып,
желімдеп, әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
• Қазақ ою-өрнектерінде жан-жануарлар өрнегі, ғарыштық өрнек, өсімдіктер
өрнегі және геометриялық өрнектер айқын көрініп тұрады. Бұл өрнектер бір –
бірімен қиысып, жарасымды үйлесіп жатады. Мысалы, өрмекші өрнегінің
элементтері геометриялық өрнекке ұқсайды.
• Жануарлар өнергі де қазақ ою-өрнектері арасында кең тараған. Бұл дөңгелек
шеңбер сызықтар емес, жалғыз мүйізгі ұқсас қошқармүйіз атымен аталған ою-
өрнектерді құрайтын мүйіз, қос мүйіз сынық мүйіз, сонымен қатар
жануарлардың әрбәр мүшелерін: табан, түйе, мойын, құсқанат мойын, қаз
мойын және т.б. ою-өрнек атауларын атауға болады.


Аппликация туралы түсінік және олардың орындалу әдістемесі
Жоспар:
1. Аппликация туралы түсінік
2. Қағазбен жасалатын аппликациялар
3. Табиғи материалдардан жасалатын аппликациялар
Аппликация (латынның applicatio- салу) дегеніміз кез келген материалдан кесіліп алынған әртүрлі
формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем
бейне жасау әдісі. Аппликацияға неше түрлі материалдар пайдаланады: былғары, киіз, ағаштың қабығы,
тері, мата, ши, қағаз, дәнді дақылдар, моншақтар т.б.
Біздің көп ұлтты еліміздің әртүрлі халықтары аппликацияны ұлттық костюмдерді, тұрмыс және үй
заттарын безендіруге қолданады.
Қағаздан аппликация жасау ХУІ –ғасырда пайда болды да, келесі жүз жылдықта бұл өнер одан әрмен
қарай дами түсті, ХУІІ-ғасырдың басында Францияда қағаздан жасалған силуэт модаға айналды да, аз
уақыттың ішінде ол Европаның барлық елдеріне және Россияға кеңінен жайылды. Үй қабырғалары
шағын силуэттік порттертермен, тұрмыстық көріністермен безендіріле бастады. Силуэт деген сөз ХУІІ
ғасырдағы Француз чиновнигі Этьен Силуэттің фамилиясынан келіп шыққан. Ол модаға еліктей отырып,
қағаздан өрнек оюмен айналысқан еді. Ол туралы неше түрлі оқиғалар айтылып та жүрді, бір күні тіпті
бір суретші оған көлеңке тәріздендіріп карикатура салды. Бұл бейнелеу әдісі силуэт деп аталып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет