7 Дәріс Сәндік қолданбалы өнер технологиясы Аппликация туралы түсінік және олардың орындалу


Аппликацияның үш түрі болады: заттық, сюжеттік, декоративтік



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата04.03.2023
өлшемі215.73 Kb.
#470372
1   2   3   4
Дәріс 7

Аппликацияның үш түрі болады: заттық, сюжеттік, декоративтік.
Заттық аппликация жеке бір заттың бейнесін бейнелеу (жапырақ, ағаш, саңырауқұлақ, гүл, құс, үй, адам,
т.б.)


Мүсіндеу
Жоспары:
1. Мүсіндеуге арналған материалдар мен құрал-жабдықтар
2. Ермексазбен және сазбалшықпен жұмыс істеудің әдістері
3. Мүсіндеудің әдістері
Оқушылар қағазбен жұмыс істеген кезде көбінесе (қарындаш, өшіргіш, қайшы, сызғыш, т.б.) жұмыс істеу әдістерін
үйренеді, ал мүсіндеу барысында олар құралдарды аз қолданып саусақтарының жәрдемімен жұмыс істейді, бұл
балалардың саусақ бұлшық еттерінің жетілуіне әсер етеді. Олардың шығармашылық қабілеттері дамып, ой өрісі
кеңейеді.
Мүсіндеу бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеу арқылы заттың көлемі , шамаластығы, түсі, бұйым бөлшектерінің
пішіндері және қиыстырма т.б. туралы түсініктер, мағлұматтар алуға
да болады. Ал мүсіндеу өнеріне қажетті
материалдар мен құралдар мыналар: ермексаз, сазбалшық, мүсіндеуге арналған тұғыр тақтайша (40Х40см) пышық
және сазбалшықтың түрлері.


• Бірақ әдетте мамандар ақ және сұр түсті сазбалшықты қолданады,
ал мектеп жағдайында оқушыларға барлық түрдегі сазбалшықтар
жарай береді (сары қызыл т.б.)
• Мұндай сазбалшықтар барлық жерде кездеседі. Сазбалшықты
сабаққа дайындауға оныңбұрынғыдан келе жатқан халықтық әдісі
пайдаланылады. Жаңбырдан кейін кейбір жерлерге шалшық су
тұрып қалады, сол жерден ылайы -сазбалшық болып табылады.
Оны шелекке күрекпен салып үстіне толтырып су құямыз да біраз
араластырамыз. Содан кейін сазбалшықтың үстіндегі суды төгеміз.
Шелектегі сазбалшықтың түп жағынан шамамен 3-4 сантиметрдей
алып тастаймыз. Міне осындағы ортасындағы сазбалшықты сақтау
үшін шелектің түбіне аздап су құйып, оның үстін кеуіп кетпеу үшін
целлофанмен жауып қоямыз.


• Ермексаз -өте лас материал, ол партаға немесе еденге жағылса кетіру өте
қиын. Ал киімге жұқса, мүлде тазармайды, сондықтан ермексазбен жұмыс
істегенде партаның үстіне кленка немесе газет төсеу керек. Ермексаздың
тағы бір нашар қасиеті суық жерде қатып, жылы жерде жұмсарып кетеді.
Оқушылар қыс кезінде ермексазбен жұмыс істей алмайды, себебі оны илеп
жұмсарту үшін күш жұмсалады. Оны жылы жерге қойып жұмсртады. Ал
терезе алдындағы қойылған мүсіндерге күн түссе, олар жұмсарып, құлап
қалады. Ермексаз мүсіндеу кезінде оқушылардың тырнақтарының арасына
кіріп, жабысып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет