7 Дәріс Сәндік қолданбалы өнер технологиясы Аппликация туралы түсінік және олардың орындалу



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата04.03.2023
өлшемі215.73 Kb.
#470372
1   2   3   4
Дәріс 7

Сазбалшық -ермексазға қарағанда таза қолдануға ыңғайлы материал.
Парта үстіне жұққан сазбалшықты ылғал шүберекпен, ал киімге тисе, оны
әбден кептіріп үгу арқылы оңай кетіруге болады. Саздан жасалып, кепкен
бұйымдарды бояп, әшекелейді және жылы немесе суық жерлерге қойған
кезде олардың көлемі өзгермейді. Сондықтан оқушыларды сазбалшықпен
жұмыс істеуге дағдыландырған дұрыс. Қанық түсті ермексаз оқушыларды
қызықтырады, мұны да жөнімен қолдана білу керек.


• Сазбалшықтан домалақ және білеу тәрізді пішіндер жасап, оны саусақпен басу,
созу, үшкір таяқшамен әр түрлі өрнектер салып жаттығу, жасалған мүсіннің бетін бас
бармақпен тегістеу, кепкен мүсінді қылқаламмен бояп, өрнектеу т.б. әдеттегі дағдыға
айналуы тиіс.

Әрбір жасалатын жұмыстың астына тақтайша (40Х40) тақтайша қолданылады.
Ермексазбен және сазбалшықтан жасалған мүсінді әдеміболу үшін жан-жағын
тегістейді.

Оқушылар сарамандық жұмыс барысында тек мұғалімнің көрсетуі бойынша ғана
емес, өз бетімен де сапалы бұйым жасап үйренеді. Олар нәрсеге қарап мүсіндеу,
өздері ойлап мүсіндеу әдістеріне машықтанады. Өздері ойлап мүсіндеу оқушыларға
сапалы жұмыс жасап үйренуге бағыт береді. Бастауыш сынып оқушыларына өз
беттерімен ойлап мүсіндеу қиындау, себебі, біріншіден олардың айналадағы
құбылыстарды қабылдау қабілеттері жеткіліксіз, екіншіден, мүсіндеу техникасын әлі
жете білмейді. Сондықтан сабақта оларды қызықтырып, ойлауға бағыт беріп,
өмірден әртүрлі мысадар келтірген жөн.

Мұғалім оқушыларға түрлі мүсіндеудің техникалық әдістеріне бірте-бірте
үйретеді. Сабақтың соңында жасалынған мүсіндерден көрме ұйымдастырылады,
сөйтіп мұғалім олардың жақсы жақтарымен кемшіліктерін ескертіп, ендігі сабақта
ондай кемшіліктерді жібермеуге тәрбиелейді. Сондай-ақ мүсіндеу сабақтарында
тазалық-гигиеналық ережелерін оқушылар бұлжытпай орындау қажет.

Document Outline

  • Slide 1
  • Slide 2
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8
  • Slide 9
  • Slide 10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет