7 Экономикалық бөлім



бет4/6
Дата13.10.2022
өлшемі319 Kb.
#462623
1   2   3   4   5   6
Башенов Р.

Маркетинг жоспары

Қазіргі кездегі тұрғындар санының өсуіне байланысты жүк тасымалдауға деген қажеттілік, жүк қоймаларына деген қажеттілік, жүк вагондарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бизнесі де қарқынды түрде өсуде.


Шымкент станциясы өндірістік аймақат орналасқандықтан темір жолда тасымалдаумен айналысатын басқа станцияларға қарағанда бәсекелесуге қабілетті. Нарықтағы негізгі бәсекелесі ретінде Қорғасын станциясын, Қазығұрт станциясын, Қызылсай станциясын айтуға болады. Көп жағдайларда жүк тасымалдаушылар станция қызметін таңдағанда, бағасы арзан, бардық жағдайы жаслалған, тиеу-түсіру орындары ыңғайлы станциялар таңдауға тырысады. Жүк иесі тасымалдау әдісін, жұмыстың орындалуын толық білмегендіктен, орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері мен әдістері туралы толық ақпарат беру қажет.
Халықаралық көлiк қызметтерi рыногын талдау - контейнерлiк тасымалдарды дамытудын, жалпы әлемдiк беталыстарының қатарына мыналарды жатқызу керектiгiн көрсетедi:

  • жүктердi контейнерлеудiң және контейнерлiк тасымалдар
    рыногы технологияларының басымды дамуы. Қазiргi кезде әлем-
    дегi жүктердi контейнерлендiру 55%-ке жеттi. Сарапшылардың
    болжамына сәйкес осы көрсеткiш 2010 жылы 70%-тi құрайды,
    бұл көлiктiк, экспедиторлық компаниялардың, жүкжөнелтушi-
    лердiң халықаралық тасымалдар технологиясын жетiлдiру сала-
    сында елеулi жұмыс атқарғанын куәландырады. Сондай-ақ, эм-
    пирикалық жолмен, контейнерлеудiң өсу қарқыны әлемдiк сауда-
    ның өсу қарқынынан шамамен 2-3%-ке жоғары екендiгiн, ал оның,
    өз кезегiнде, тистi елдердiң ұлттық IЖӨ өсiмiнен жылына тура
    осы 2-3%-ке озып отыратыны анықталды;

  • Контейнерлiк тасымалдар рыногындағы күшейiп келе жатқан бәсеке, бұл жайында бiрнеше әлемдiк орталықтарда контейнер-
    лердi өңдеу бойынша қызмет көрсетулердiң шоғырлануының жо-
    ғары деңгейi куәландырады. Мәселен, контейнерлердi өңдеу
    жөнiндегi 2003 жылғы мәлiметтер 280 млн. ТЕU контейнерлерiнiң
    үш басты орталықтарда - Солтүстiк Америкада (16,6%), Азияда (47,7%), Еуропада (25,5%) өңделгенiн көрсетедi. Контейнерлердi қайтара өндеу бойынша басшы - 18 порттардың қатарына 7 Қиыр-Шығыстағы Азия порттары, сондай-ақ, Гонконг порты өңдеген көлеммен бiрдей ТЕU контейнерлерi санын бiрлесе отырып өңдеген Еуропаның 4 ең iрi солтүстiк-батыс порттары жатады. Қызу бәсекелестiк туралы, сондай-ақ, фрахтылық мөлшерлемелердiң тасымалдардың өзiндiк қүнынан, мысалы, Еуропа - қиыр Шығыс бағытында - кейбiр кезде төменiрек түскенi жөнiндегi факт куәландырады;

 контейнерлiк тасымалдар рыногының бiрiгуiнен, кеме қатынасы компанияларының қосылуынан, көлiктiк-логистикалық топтарды немесе қызмет көрсетулердiң үлкен көлемiн ұсынатын және көлiктiк қызметтен де басқа қосымша табыстарды алатын контейнерлiк терминалдардан меншiктiк үлесiн сатып алатын контейнерлердi тасымалдаушы компаниялардың құрылуынан көрiнiсiн табатын стратегиялық альянстар мен ассоциацияларды қалыптастыру. Көрсетiлген беталыс көлiктiк-логистикалық топтардын, болашақта ғаламдық операторларға бiртiндеп айналуына саятын контейнерлiк тасымалдар рыногының басты агенттерiн дамытудағы ерекше өтпелi кезең туралы сөз қозғауға мүмкiндiк бередi.
 арнайыландырылған контейнерлер мен жылжымалы құрамдардың құрылысын ұлғайту. 2000-шы жылдың ортасына таман қолданыстағы контейнерлер паркi 1990 жылғыға қарағанда екi есе өстi. 2005-шi жылға қарай ол тағы 47%-ке өсуi тиiс. Назар аударатын бiр факт - әлемдегi өндiрiлетiн 1,6 млн. ТЕL контейнерлерiнiң 1,3 миллионы қытайда өндiрiледi. Бұл ретте, көңiл аударарлығы ол, арнайыландырылған жылжымалы құрам құрылысының елеулi ұлғаюы, атап айтқанда, өздерiнiң басты ерекшелiгi - арттырылған жұккөтергiштiгi және нәтижесiнде жалпы параметрлерi ұлғайған арнайыландырылған контейнерлiк кемелердiң салынуы болып табылады, бұл, өз кезегiнде, көлiктiк инфрақұрылымға жаңа сапалық талаптар қояды.
Өніміңіздің бағасы коммунальдық төлемдер мен салық мөлшеріне, жұмысшылар қажеттілігі арқылы анықталады, ол «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ бойынша бекітілген жалпы тарифтерге сүйенеді.
STEP-анализ:
Саясаттағы үрдістер (тенденциялар) бойынша темір жол көлігін дамыту бойынша елімізде тепловоздар, вагондар құрастыру зауыттары ашылып, шет елдерден жолаушы тасымалдайтын жылжымалы құрам сатып алынуда. Экономикалық үрдістер бойынша темір жол саласы үнемі ұлғаюда. Біліктілігі жоғары жұмысшыларға нарықта үнемі сұраныс болатындықтан, біздің темір жол станциясында да мұндай қызметкерлерге әрқашан жұмыс табылады. Технологиялық үрдістер бойынша біздің бизнесімізге елімізде жүргізіліп отырған өндіріске жаңа өндірістік технологияларды енгізу айтарлықтай әсер етеді.
8.2-кесте
SWOT-талдау



КҮШТІ ЖАҚТАР:
- басқа бәсекелестердің болмауы;
- станцияда жүк тасымалдау операцияларына барлық жағдайлардың жасалуы;
қатынысты дұрыс жүргізу

ӘЛСІЗ ЖАҚТАР:

  • Құрал-жабдықтардың ескіруі;

  • қызметкерлер біліктілігінің әлі де төмен болуы

МҮМКІНДІКТЕР:
- әртүрлі вагондардан тұратын поездарды қалыптастыруға мүмкіндігі,;
- вагондарды қалыптастыру кезіндегі жұмыс технологиясының жетілдірілгені

ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР:
«Шымкент» зауытының жабылуы және көшірілуі

Өнімнің сипаттамасы


Шымкент станциясында келесі операциялар орындалады:
- транзиттік поездарды өткізу;
- құрастыру оездарына вагондарды тіркеу және ажырату;
- жолаушы, қала сыртындағы, жүк поездары мен вагондар құрамын қабылдау, жіберу және өткізу;
- жалпы және жеке пайдалынылатын жақындау жолдарына вагондар беру және алып кету;
- беру нүктелері бойынша жергілікті вагондарды таңдау;
-келген және жіберілетін жүктерге құжаттар дайындау.
Станцияға келуші поездар туралы алдын – ала алынған мәліметтерді ескере отырып, жүк тиеу станцияларынан шыққан вагондар туралы ақпараттарды және үздіксіз есепке алу мәліметтерін, сұрыптау паркінің жолдарында тұрған вагондардың орналасуын есепке ала отырып, поездарды жөнелту жоспары негізінде, маневрлік диспетчер барлық жұмыстарға басшылық жасайды, төбешік кезекшісі арқылы поезд құрастырушылардың және станциялық технологиялық орталық жұмысшылардың поездарды өңдеу кезектілігі жөніндегі жұмыстарын үйлестіреді.
Поездың құрамын тарату бойынша сұрыптау төбешігінің жұмыс технологиясы келесі операциялардан құралады:

  • төбешік локомотивінің, қабылдау жөнелту паркіне поезд құрамын алып кету үшін кіруі;

  • поезд құрамын созу жолына тарту;

  • поезд құрамын босату;

  • вагондарды сұрыптау паркінің жолдарына орналастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет