Өндірістік жоспар
Жүктерді тиеу-түсіру жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру орындалатын жұмыс сапасына, бағасына және тапсырыс берушілердің сұранысына әсер етеді. Жүктерді тиеу-түсру кезінде қолданылатын құрал жабдықтарды дұрыс таңдау мен олардың өнімділігін арттырудың маңызы зор. Жүк тиеу жұмыстары ұйымдастырудың технологиялық карталарын дайындадық.
Ұйымдастыру жоспары
Жүк тиеу-түсіру алаңшасының бiр тәулiкке арналған шұғыл жоспарын контейнер алаңша меңгерушiсi жасайды. Онда келесi көрсеткiштер келтiрiледi:
тәулiк басындағы алаңшадағы жүктелген және бос контейнерлер қалдығы;
б) күтiлетiн контейнерлi вагондар;
в) кiргiзуге рұқсат берiлген ( жүкқағаздары бойынша куәландырылған)
контейнер саны;
г) контейнерлердi тиеу және түсiру тапсырысы;
д) автоколiкпен шығару жоспарланған контейнерлер саны;
е) контейнерлердi реттеу тапсырмалары бойынша тиеу;
ж) ақаулы контейнерлердi жөндеуге жiберу;
з) контейнерлердi кiргiзiп-шығаруға қажеттi автомобильдер саны.
Оны жүк тиеу-түсіру алаңшасы меңгерушiсi түзiп, қабылдап тапсырушы жұмысқа кiрер алдында, оған орындауға тапсырады.
Күнтізбелік жоспарда жобаны енгізу мен олардың мақсатының жүзеге асуы бойынша басты жұмыстардың уақыты көрсетілген (8.3-кесте).
8.3-кесте
Жұмыстардың аталуы
|
Мерзімі
|
Механикаландыру құралдарына жеткізу, монтаждау
|
01.12.2016ж.
|
Көмекші құрылғыларды орнату (кранасты жолы, эстакада)
|
01.02.2017ж.
|
Қойма құрылымын тұрғызу
|
01.09.2017ж.
|
Теміржолды салу(тұрғызу)
|
01.12.2017ж.
|
Автоподъезд жолын салу
|
01.05.2018ж.
|
Электр торабын құру
|
01.09.2018ж.
|
Су құбыры - канализациялық коммуникациясын құру
|
01.01.2018ж.
|
Қаржылық жоспар
Шымкент станциясындағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін екі түрлі механикаландырылған әдісті ұсынып, тиімдісін таңдаймыз. Бірінші әдіс – жүктерді тиеу-түсіру кезінде аспалы кран көмегін қолдануға, екінші әдіс – жылжымалы-бұрылмалы кранды қолдануға негізделген.
Кранасты жолдарының үзындығы, кранастылық эстакадалар үзындығы секілді жүк тиеу-түсіру фронтына сәйкес бекітілген қойма ұзындығына теңестіріліп алынады.
Механикаландыру құралдарын жеткізу, монтаждау құнын қоса алғанда жұмсалған қаржыны есептеген кезде, тиеу-түсіру машиналарының саны 1 дана деп алынды. Сәйкесінше жұмсалған қаржы 4032000 теңгені құрады. Бірінші варианттағы жабдық екінші варианттағы жабдықтан артықшылығы өнімділігі жоғарылайды. Сол себептен бірінші вариант бойынша жабдықтың бірінші данасын аламыз. Тиеу-түсіру машиналарының саны 1 дана деп алынғанда, жұмсалған қаржы 12948000 теңгені құрады.
Қабылданған жабдықтың тиімділігі мен механикаландыру нұсқаларын техника-экономикалық сараптаудан өткізу үшін еңбекті механикаландыру деңгейін, оның өнімділігін, капиталдық шығындар тиімділігін, өндіріс шығынын, негізгі қорларды пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі қабылданады. Механикаландыру нұсқаларын салыстыруға, сонымен қатар, жобалық нысанды тұрғызу немесе пайдалануға беру мерзімі, құрылымның энергия – және металсыйымдылығы секілді көрсеткіштер де пайдаланылады.
Біз бұл күрделі салымды (30508100) 4 жыл мерзімге Тұран-Әлем банкінен несиеге жылына 19 пайызбен алуды жоспарлаймыз. Сонда біз банкке 36304639 теңге қайтарамыз. Алынатын сома көп болғандықтан, біздің осы банктегі есеп шоттарымызды кепілдікке қоюға болады. Сонымен бірге кәсіпорын ғимараты мен жылжымалы құрамды да кепілдікке алуға бұл банкте бағдарламалар жасалған.
Жоспарлау мен құрастырудың басталуы 2017 жылдың 1-қыркүйегіне белгіленіп отыр. 01.09.2017 жылдан бастап сатып алынған құрал-жабдықтар тиісті жұмыс бекетінде орнатылып, жұмысқа кіріседі.
Достарыңызбен бөлісу: |