7 Экономикалық бөлім



бет6/6
Дата13.10.2022
өлшемі319 Kb.
#462623
1   2   3   4   5   6
Башенов Р.

Жобаның тәуекелділігін (сезімталдылығын) талдау

Сатып алушылардың төлеуге қабілетсіздігі тәуекелі – бұл өнім сапасына, сатып алушылар орналасқан аймаққа, өнімнің бағасына, жобаның сипатына, бәсекелестердің санына және сапасына байланысты болады. Мұндай тәуекел кез-келген жаңа жобаны енгізген кезде болады, бұл жағдайдан қашып кету қиын, алайда оны тез арада максимал бағалау қажет. Егер баға мен сатып алушылардың төлеуге қабілеттілігінің арасындағы теңдікті тапқан жағдайда, тәуекелден құтылуға болады. Станция жұмысын пайдаланушылардың ішіндегі ірі мекемелердің бірі Шымкент зауыты болып табылады. Қазіргі нарықтағы жағдайлар металға деген сұранысты кемітіп отыр. Әлемдегі ірі автомобиль зауыттары кризиске байланысты тоқырауға ұшырауда. Осыған сәйкес зауыттың өндіретін Шымкентына да сұраныс төмендеген. Бұл зауыттың қазіргі кезде станция жұмысын пайдалануы үшін қарыздары көбейіп отыр.


Күшті бәсекелестік тәуекелі – егер барлық ірі және ұсақ бәсекелестердің жұмысын дұрыс бағалай білсе, бұл нарықтың болу ықтималыдғы да минимал болады. Бәсекелестерді толық бағаламай қоюға болмайды. Біз көп бәсекелестер арасында стандарттық параметрлер кезінде сапасы жоғары қызмет көрсетумен ерекшеленуге немесе тұтынушыларды нақты қызықтыратын стандарт қызмет түрінен басқа жаңалықтармен бөлініп тұруға үйренуіміз керек.
Кездейсоқ жағдайлармен байланысты алдын-ала көрінбейтін мүмкін шығындарды кеміту үшін кәсіпорын мүлкін сақтандыруымыз қажет. Бұл белгілі бір шығындармен байланысты болады, алайда жаман жағдайларда кәсіпорынның тарауынан құтқарады. Құнсыздану көрсеткіштерінің өзгеруі де жобаның жүзеге асырылуына әсерін тигізеді.
Әлеуметтік аспектілер

Қазақстан халық санының дамуының жаңа кезеңі еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуелсіздік алуынан басталады. Республиканың тәуелсіздігі аясында Қазақстан халқының тарихи және заманауи дамуын толыққанды талдау мүмкін болып отыр. Осының негізінде ел халқының әрі қарай сандық тұрғыдан өсуінің және сапалық тұрғыдан дамуының ғылыми негізделген жолдары мен тәсілдері анықталуы мүмкін.


Шымкент станциясы қаламыздағы өндірістік аймақта орналасқандықтан мұнда жұмыс орындарын көптеп ашуға, қаладағы жұмыссыздық деігейін төмендетуге септігін тигізе алады. «Қазақстан темір жолы» ҰК еліміздегі ірі монополист компаниялардың бірі болғандықтан, еліміздің салық кірісіне де қомақты қаржы құяды. Станция жұмысын жетілдіру іс-шаралары жүзеге асқаннан кейін вагон айналымы артып, өндіріс орындарының темір жол тасымалына сұранысы тиісті деңгейде қанағаттандырылады. Нәтижесінде аймақтағы өндіріс орындарының жұмыс өнімділігі де артып, халықтың әлеуметтік жағдайының артуына да өз әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет