Темір жол транспортының барлық құрылымдарын нарықтық экономика жолына аудару процесі өнім өндіруші мен тұтынушылардың тасмалдауға деген сұранысын өз мезгілінде қамтамассыз етудің нақты кепілі болып табылады. Бұл өз кезінде жүк вагондарының айналымы кезіндегі бос тұрудың 70% құрайтын темір жол тораптары мен олардың құрамына кіретін барлық бекеттердің жұмысын жетілдірумен байланысты.
Тасымалдау процесінің сапасы торап жүйесін құрайтын сұрыптау және жүк бекетінің техникалық орнықтылығына тікелей байланысты. Темір жол тораптарында транзиттік вагон ағындарын өңдеу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен оларды жөндеу бойынша барлық операциялар топтастырылған, бұл жерде өнеркәсіп орындарына қызмет көрсету мен қаланың қажеттіліктерін қамтамассыз ету, сонымен қатар жолаушылар мен жолаушылар поездарына қызмет көрсету бойынша жергілікті және беріліс жұмыстарының үлкен көлемі орындалады.
Қазақстан Республикасының жол жүйесінде оннан астам аса ірі темір жол тораптары бар және оларды сұрыптау мен жүк бекеттері орналасып, олардың арасында беріліс және шығару қозғалыстары атқарылады. Сондықтанда беріліс қозғалыстарын ұйымдастыру мәселелері, беріліс поездары мен локомативтерінің тиімді санын анықтау және беріліс поезының ең тиімді құрамын белгілеу мәселелері аса маңызды болып табылып, әрқашан ғылыми және практикалық қызығушылық туғызады.
Ұсынылатын бизнес-жоспардың негізгі мақсаты мен міндеттері – тасымалдаушылар пайдаланатын жүк тасымалы саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыра отырып, тиеу-түсіру учаскесінің жұмысын ұйымдастыру.
Бұл жобаны іске асыру үшін 30508100 теңге қаржы қажет. Бұл қаржыны Халық банкінен несие алу жолы да қарастырылған.
Кәсіпорынның, саланың қысқаша сипаттамасы
«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Республикалық Мемлекеттік кәсіпорны (РМК)» Акционерлік қоғамының «Шымкент жол бөлімшесі» филиалы жұмыс сипатына, тасымалдау көлеміне және қозғалыс мөлшеріне байланысты темір жол кәсіпорындарының бірінші санатына жатқызылады және бөлінген территориялық шекарада темір жол көлігімен тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізеді. Шымкент жол бөлімшесіне кіретін негізгі станциялардың бірі – Шымкент станциясы болып табылады.
Шымкент стансасы жұмыс сипаты бойынша жүк стансасы болып табылады және тасымал көлемі бойынша 4 санатқа жатқызылған.
Станса кілтті бағыттамалармен сигналдарға негізделген маршрутты-бақылау құрылғылар төмендегі алып-қашпа жолдармен жанасады:
– Шымкент-Темір-бір жолды, электржезлді жүйемен жабдықталған.
8.1-кесте
Уақыт мерзімі
|
Жүк айналымы,
мың т/км.нетто
|
Табыс, мың теңге
|
2013
|
4562,2,0
|
4875,0
|
2014
|
4654,2,0
|
5020,0
|
2015
|
4971,0
|
5550,0
|
Темір жол саласындағы бизнестің даму тенденциялары мен мүмкін өзгерістері ретінде жаңа автоматтандыру жүйелерін енгізе отырып, вагон айналымын реттеу арқылы тасымал көлемін арттыру, жеке кәсіпкерлерге темір жол тұйықтарын салу арқылы қосымша тұтынушыларды көбейтуді атап өтуге болады.
Біздің бизнесіңіздің күшті жақтары - басқа бәсекелестердің болмауында және әлсіз жақтары темір жолдар мен құрылғыларының ескіруі, жылжымалы құрамның ескіруімен байланысты.
Менеджмент
1. Бизнесте жұмыс істейтін қызметкерлер туралы мәлімет:
Қызметкердің аты-жөні: Башенов Р.
жасы 22
мекен-жайы Шымкент қаласы
телефон 8-701-377-65-56
Оның бизнестегі орны қазіргі уақытта және болашақта: сәйкес білімі бар, бизнесте темір жол саласын меңгерген маман ретінде орны бар, болашақта ҰК аясында жүк тасымалдау терминалдарын көптеп құру арқылы бәсекелесткті нығайту.
Жалақысы: қазір 150000,0 теңге, болашақта 300000,0 теңге
Жұмыс істеу тәжірибесі: жас маман
2. Басқарушылық персонал үшін жоспарланып отырған қосымша жағдайлар (жеңілдіктер, қосымша ақы, жолдамалар және т.б.): жұмыс нәтижесі бойынша тоқсан сайын қосымша сый ақы, темір жолмен жолаушылар көлігінде жеңілдіктер, темір жол қызметкерлеріне арналған демалоыс орындарына жылына 1 рет жолдама
3. Коллективті басқарудағы әлсіз топтар (мүмкін болатын және қазір бар және олармен қалай жұмыс істейсіз) біліктілігі төмен жұмысшылар мен қызметкерлерді станция ішіндегі құрылатын курстарда оқыту, Республика деңгейіндег ұйымдастырылатын біліктілікті арттыру курстарында оқыту, әлсіз топтар өздерінен төмен сатыларға жұмысқа ауыстыру арқылы оларды қайта жұмысын толық меңгеруге дайындау
4. Қызметкерлердің саны қалай өзгереді: бизнестің дамуы жағдайында міндетті түрде олардың саны да артады, жаңа жұмыс орындары ашылады
Достарыңызбен бөлісу: |