7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §20. Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Орта ғасырда ғылымның дамуы мен оған үлес қосқан ғылымдардың еңбектерімен оқушыларды жан-жақты таныстыра отырып, шығармалардың тарихи маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Оқушылардың тарихи-ғвлвми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ халықына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім-тағлым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Лекция
Әдісі:сұрақ-жауап, әңгіме
Көрнекілігі:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың негізгі ұғымдары:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын талдау барысында оқушылардың түсінбеген сұрақтарына тоқталып, шолу жасау.Оқушылар өткен сабақтың негізгі мәселелерін еске сақтай отырып, жаңа сабақты қабылдауға дайын болады. Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай сұрақтарға назар аударылады.Қазақ халқында исламға дейін қандай наным сенімдердің элементтері сақталған? Ислам діні туралы не білесіңдер? Ғылымның, жаңа технологиялардың дамыған заманында адамдардың дінге сенуін қалай түсіндіресіңбер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Әбу Насыр әл-Фараби еңбектері.
Әбу Райхан әл-Бируни еңбектері.
Махмуд Қашғари- «Түрік тілдерінің сөздігі».
Жүсіп Баласағұни- «Құт негізі білік».
Ахмет Иүгнеки- «Ақиқат сыйы».
Қожа Ахмет Йасауи- «Даналық кітабы».
Сүлеймен Бақырғани шығармалары
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушылардың ынтасын, ойын сабаққа бейімдеу мақсатында сұрақтар қоямын.
1.Ғылым дегеніміз не?
2.Ғылымның қандай түрлерін білесіңде?
3.Ғылым, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Оқу-білім азығы,
Білім-ырыс қазығы»,
«Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ» деген мақалдарды мысалға келтіре отырып, шәкірттерді үнемі білім,ғылымға ұмтылуға шақыру Оқушылардың назарын Шығыстың ортағасырлық аса көрнекті ғұламаларының еңбектеріне аударып, төмендегі кесте бойынша түсндіремін
Достарыңызбен бөлісу: |