Мысалы: 1l-билет
Қалалар құрылысы туралы мәлiметтер беретiн қандай ғылым?(Археология ғылымы)
2-билет
Көшесiне қыш-құмыралар сынығы төселген сауда орталығы қай қаладан табылған?(Отырар қаласынан) тұрғызған. Дуалдың жиегiне кiрпiштен кемер жасалған.
3-билет
Шеберханалар неге тұрғын үйлерден аулақ салынды? (Шеберханаларға қыш ыдыстарды жинайтын,кептipeтін кең көлемдi жерлер қажет болды.)
4-билет
Тұрғын үйлер қалай орналасты?(Тұрғын үйлер көшелердiң eкi жағына салынды)
5-билет
Қалалардың қоpғaныc құрылысы қандай болды?(Қала сыртына биiк, әpi қалың етiп, айналдыра дуал тұрғызған. Дуалдың жиегiне кiрпiштен кемер жасалған. Ол жерде қарауыл күзетi тұрған).
6-билет
Қалаларда мал ұстайтын қора-қопсы болды ма? (Болды. олар тұрғын үйлердiң жанына салынды)
7 -билет
Қалаларда кici көп жиналатын орындарды ата.(Мешiт, сауда орындары, керуен сарайлары).
2 Нұсқа.
Оқушылар «Ортағасырлық қалаларға саяхат» деген тақырыпта шағын әңгiмe құpacтыруы қажет. Бұл Оқушылардың ой- қиялдарын дамытып, ұшқырлай түcepi сөзсiз.
Келесi өзiндiк жұмысты тұрғын үйдiң құрылысына байланысты беремін (үлгiсi дuдактuкалық матерuалда берiлген. ).
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Ортағасырлық Оңтүстiк Қазақстан қалаларын атаңдар.
Жетiсу аймағындағы қалаларды атаңдар.
Қалаларды неге үш топқа бөлемiз?
Қалалардағы қoғaмдық орындарды атаңдар.
Tұрғын үйдiң кұрылысын сипаттаңдар.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§17.
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың дамуы
Сабақтың мақсаты:
IX-XII ғасырлардағы қолөнер, сауда және шаруашылықтың даму ерекшіліктері мен әлеуметтік-экономикалық рөлі туралы түсінікті қалыптастыру.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын тудыру,өз ойларын айтуға жетелеу, ойлау қабілеттерін дамчту. Өзіндік жұмыс жасауға дағдыландыру;
-IX-XII ғасырларда қоғамның экономикалық дамуына ықпал еткен салалар туралы түсінік бере отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, дұрыс тәлім-тәрбие алуға баулу
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, қолөнер бұйымдары, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгедеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қалалар санының өсуіне қандай жағдайлар ықпал етті?
Қалалар туралы қандай жазба деректерді білесіңдер?
Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы қалаларды атаңдар
Археологилық қазба жұмыстары жүргізілген қалаларды атаңдар.
«Қоржын үй» деген не?
Ташнау деген не?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Қолөнердің дамуы.
Ұсталық кәсіп.
Зергерлік кәсіп.
Сауда және ақша айналымы.
Егіншілік
Жаңа сабақ пресс-конференция түрінде өтетінін хабарлаймын,сынып оқушыларын алты топқа бөледі. 1-топ-журналистер,2-топ-қолөнерлершілер, 3-топ-ұсталар, 4-топ- зергерлер, 5- топ- саудагерлер, 6-топ-егіншілер.
Журналистер мәтінді мұқият оқып шығып,сұрақтар дайындауы қажет. Ал қалған бас топ өздеріне қатысты мәліметтерді оқып, жауап беруге дайын болуы тиіс. Журналистердің қоятын сұрақтары мындай болады:
-Орта ғасырдан бізге қонаққа қош келіпсіздер.Орта ғасырлық қолөнердің қандай ерекшіліктерібар?
-Қолөнердің ққандай түрлері болды?
Көзешілер деген кімдер?
Қыш құмарашылардың жұмысы туралы айтып берсеңіз?
Ұсталар қандай бұйымдар жасады?
Ол бұйымдарды жасау үшін материалдарды қайдан алды?
Зергерлер қандай заттар жасады?
Олар заттарды жасау үшін қандай материалдарды пайдаланды?
Сүйек ұқсатушылар қандай заттар жасады?
Орта ғасырла тұтынушылар кімдер болды?
Өндірушілер деп кімдерді атады?
Сауданың қандай түрлері болды?
Ақша неден жасалды?
Ақша жасайтын сарайлар қандай қалаларда болды?
Қаладан даланы өлкелерге қандай тауарлар шығарылды?
Далалы өлкелерден қалаға негізінен қандай тауарлар әкелінді?
Екіншілік Қазақстанның қай жерлерінде жақсы дамыды?
Қала санының өсуіне егін шарушылығының қандай ықпалы болды?
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қыш құмыралар жасайтын шеберханалар қай қаладан табылды?
Шыны ыдыстарды жасау қалай іске асты?
Айырбас сауда деген не?
Ақшаның қандай түрлері болды, олар қандай қалаларда шығарылды?
Егін шаруашылығымен байланысты қандай құрал-саймандар жасалды?
Қандай егін дақылдары өсірілді?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§17. Тапсырмаларды аяқтау
Достарыңызбен бөлісу: |