7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет32/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалып­тасу тарихымен таныстыру.

  • Қазақстан аумарындағы ежелгi тайпалар мен орта ғасырдағы этностардың даму ерекшелiктерiн салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дaғдыl­ландыру, танымдық қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу.

  • Оқушыларды өз елiнiң тарихын құрметтеуге, ұлтжан­дылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгедеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • XIV -ХV ғасырлардағы Қазақстанның экономика­лық жағдайы қандай болды?

  • Сол кездегi негiзгi шаруашылық түpiн атаңдар?.

  • Қазiргi заманда қолөнер бұйымдары қалай бағала­нады?

  • Aқ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр xaндығының,Ноғай Ордасының қандай ортақ белгiлерi болды?

  • Аталған мемлекеттердiң өмip cүpгeндiгiн қай автор­лардың деректерi дәлелдейдi?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгi заманғы туыстық белгiлер.
2. Орта ғасырдағы этникалық өзгерiстер.
З.Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалып­тасуы.
Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
- «Этнос» деген атауды қалай түсiнесiңдер?
- Қазақстанда қазiргi уақытта қанша ұлт өкiлдерi тұ­рады?
- Адамдардың нәсiлдерi туралы не бiлесiңдер?
- Қазақстанды мекендеген қандай ежелгi тайпаларды бiлесiңдер?
Тақырыпты оқушылардың санасына толығырақ жеткiзу үшiн оны баяндау барысында өз бетiнше жұмыс жасату. Ол үшiн оқушыларға 6-сыныпта өткендерiн қайталап, еске түcipy. Тапсырма бойынша оқушылар төмендегi сұрақтарға жауап жазады:
1. Сақ, үйсiн, қаңлы, сармат және Андрон тайпалары­ның өмip сүрген жерлерiн картадан көрсетiңдер. Оларды ғалымдар қандай тұрпатқа жатқызады?
2. Ғұндарды қандай тұрпатқа жатқызады? Қазақстан­дағы тарихи тұрғындар қандай тiлде сөйледi?
3. Монғол шапқыншылығына байланысты тұрғындар қандай антропологиялық езгерiстерге ұшырады?
4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуы­на қай хандықтың тайпалары басты рөл атқарды?
Тапсырма бойынша оқушылар бiрiн-бiрi толықтыра отырып, жауап бередi.
ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Қазақ этносаяси қауымдастығының қалыптасуы қанша уақытқа созылды?

  • Қaзақтардың халық( болып қалыптасуы неге 150-200 жылға кешеуiлдедi?

  • Рузбиханның шежiресiнде ХVғасырда Қазақстанда тұрған Tүрікi тайпалары туралы не айтылды?

Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§30. Картамен жұмы жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет