7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §38.Хақназар хан
Сабақтың мақсаты:
Хақназар ханның тұсындағы қазақ хандығының жағдайы туралы, Хақназар ханның басқа елдермен қарым-қатынасы туралы оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Хақназар ханның мемлекетті нығайтудағы жетістіктеріне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қасым ханның тұсында қазан хандығы нығайды деп айтуға негіз бар ма?
«Қасым ханның қасқа жолын» енгізудің қандай маңызы болды?
Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары болды?
Қазақ хандығында халық санының бір миллионға жетуіне қандай жағдайлар себеп болды?
Қазақ хандығында халық санының бір миллионға жетуіне қандай жаңдайлар себеп болды?
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қанша халық бар?
Қасым тұсында хандықтың астанасы қай қала болды?
Жер көлемінің үлкендігі, халық санының көптігі мемлекеттің дамуына ықпал ете ме?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қахназар ханның ел басқарудағы жағымды қасиеттері
Қазақ хандығының моғолстанмен қарым-қатынасы
Ноғай ордасының кейбір бөліктерінің қазақ хандығының құрамына кіруі
Қазақ-өзбек хандықтарының қарым-қатынастары.
Орыс өкіметімен қарым-қатынастың басталуы.
Сабақты бекіту:
Хақназар ханның тұсында хандықтың жаңдайы қандай болды?
Хақназар ханды неліктен «қазақ-қырғыз ханы» деп атайды?
Жоңғарлар деп кімдерді атады?
«Ант беріскен шарттың» мазмұны қалай аталды?
Хақназар хан орыс патшасымен қандай қатынаста болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: 38-параграфты оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |