7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет өнері
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіштері туралы, оларды салуға қолданған материалдар туарлы түсінік беру;
Қазақстан аумағындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін салыстыра отырып, оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту,
Оқушылардың өз елінің тарихын ескерткіштер мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге,Отанын сүюге, ұлтжандылық құндылықтарын құрметтеу және тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын тудыру;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Мәдениет деген не?
Оның қандай түрлері бар?
Материалды игіліктерді өндіру тікелей мал өсірумен байланысты болғандығын дәлелдейді?
Ауыз әдебиетінің түрлерін атаңдар?,олардың қандай тәрбиелік мәні бар?
Қазақстанда ислам діні неге баяу таралды?
«Шамандық» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Сәулет өнері Х-ХIIғ Қарахан мемлекет-ң кезінде өркендей бастаган еді.
Тараз- Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері
Арыстан баб кесенесі көне Отырар қаласының батыс жағында,ҮІІ-ҮІІІғғ.
Қожа Ахмет Йасауидің кесенесін ХІҮ-ХҮғғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.
1397ж. 35 бөлме, 1399ж- үлкен тайқазан. Кітапхана.
Көккесене-Ақ Орданың орталығы болған Сығанақ қаласының маңында,
Алаша хан кесенесі-ХІҮ-ХҮғғ. Ұлытау ауданыңдағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі-ХҮғ. екінші жарт. салынған.
Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектіңқызы,1485ж.қаза болған.
ХІҮ-ХҮғғ. Отырар моншасы,Түркістан,Тараз
Қолданбалы өнер-сәулеттік құрылыс жүйелерінің ажырамас бір бөлігі.
Кесенелердің қазақ жерінде салыну себебі неде?
Кесенелердің күмбезі болуы нені аңғартады?
Ғимараттардағы ою-өрнектер бояуының ғасырлар бойы сақталуының сыры неде деп ойлайсыңдар?
Түркістан қаласының мұсылман қауымы үшін «екінші Мекке» атануы неге байланысты? т.б.
Өзіндік жұмыс. Оқушыларға оқулықты, картаны пайдалана отырып, ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет ғимараттары, олардың салынған кезеңі мен орналасқан жері, құрылысы мен ғимараттардың халықтардың тұрмыс-тіршілігіндегі рөлі жайлы кестені толтырту.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Сәулет өнері деген не?
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы кейбір сәулет ғимараттарының осы уақытқа дейін сақталуына не себеп болған?
Сол кездегі кесенелердің салынуына қатысты қандай аңыз-деректерді білесіңдер?
Қолданбалы өнер деген не?
Еліміздегі мәдени мұраларды қорғау бойынша сендер қандай іс-шара өткіздіңдер?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:33-параграфты оқу. Көне ескерткіштерді табуда археология ғылымының рөліне мысалдар келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: |