7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет35/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ІІ бөлім мен ІІІ тоқсанды қайталау.
Сабақтың мақсаты:

  • Өткен сабақтарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін орнықтыру;

  • Оқушылардың тест сұрақтарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды үзбей білім алуға, талмай ізденуге , дұрыс тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: жинақтап-қайталау.
Көрнекілік:
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Екінші бөлім қай ғасырлар аралығын қамтиды?

  • Қарахан хандығында халықтан салық жинау құқы қалай аталды?

  • Ж.Баласағұн, М. Қашқари, А.Йасауи қай мемлекетте өмір сүрген?

  • Қарақытайлар қай тілде сөйледі?

  • Наймандар мен Керейлер қай дінге сенген?

  • «Қыпшақ» ел аты алғаш рет қай жерде кездескен?

  • Дешті-Қыпшақ аймағына қай аймақ кірмеген?

  • Ұлы Жібек жолы қай кезден бастап мәмілегерлік және сауда қызметін атқара бастады?

  • Қазақстан бойынша Жібек жолы қызметі қашан тоқталды?

  • Ежелгі Отырар қай жерде орналасқан?

  • Монғол-татар шапқыншылығы кезінде Оңтүстік Қазақстанда билік кімнің қолында болды?

  • Шыңғысханның билік құрған жылдарын атаңыз?

  • Қашан Шыңғысхан әскері Жетісуға басып кірді?

  • «Отырар» апаты қашан болды?

  • Қай ұлысқа Қазақстан аймағы кірген жоқ?

  • Монғолдардың заңы қалай аталды?

  • 1237 жылы Бату қай жерлерді бағындыруға аттанды?

  • Алтын Орда қашан құрылды?

  • Алтын Орда қашан ыдырады, Қазақстанда қандай мемлекеттер құрылды?

  • Моғолстан мемлекеті қай жерде құрылды?

  • Салықтың қандай түрлері бар?

  • Ақ Орданың астанасы?

  • Әмір Темір қай мемлекетті басқарды?

  • Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының негізгі шаруашылығы қандай?

  • Алтын Орданың мемлекеттік тілін атаңдар?

  • «Қазақ» атауы қандай мағынаны білдіреді?

  • Сопылық деген не?

  • Қожа Ахмет Йасауи қай ғасырда салынған?

  • ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы қандай мәдениет мұраларын білесіңдер?

  • Атақты ғұламалардан кімдерді білесіңдер?

  • Рухани мәдениетке не жатады?

  • Материалдық мәдениет дегеніміз не?

  • «Вакф» деген не?

  • Егін шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерінде дамыды?

  • Қандай қалалар қоғамның дамуында маңызды рөл атқарды?

  • «92 баулы өзбектер» шежіресінде қазақтар туралы не айтылды?

  • Өлкеде ислам діні қалай тарады?

Сабақты бекіту:

      1. «Иә-Жоқ»

      2. «Топтастыру»

      3. «Кубизм»

      4. «ККК»

      5. «Мұны әркім білуі тиіс»

Бағалау:
Үйге тапсырма: Қайталау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет