7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §35. Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;
Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті «ККК»,
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?
Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?
Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?
Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?
Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.
Алғашқы қазақ хандығының аумағы
Халқының этникалық құрамы
Көрші елдермен қарым-қатынасы.
«ККК» әдісі бойынша 4 тақырыпты 4 топқа бөліп беремін.
Сабақ соңында өзім сараптама жасаймын.
Сабақты бекіту:
Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?
Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?
Қазақ хандығы қашан құрылды?
Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?
Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §35.
Достарыңызбен бөлісу: |