7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §37. Қасым хан
Сабақтың мақсаты:
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен, Қасым ханның заңдарымен оқушыларды жан-жақты таныстыру;
Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын баяндай отырып, Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы іс-әрекетіне оқушылардың назарын аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін қрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
көрнекілік:карта, сурет.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Хандықты басқару ісі кімдерге тиесілі болды?
Қазақ хандары Сыр бойындағы қалаларға неге құштар болды?
Қазақ хандыры мен Шайбани ханның шайқастары қай жерлерде өтті?
Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының тарихи маңызын атап көрсетіңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
Қасым хан тұсындағы Қазақ мемлекетінің дамуы.
Қасым ханның заңдары
Қасым ханның ішкі саясаты
Қасым ханның сыртқы саясаты
Қасым хандығының жер аумағының кеңеюі және халық санының ұлғаюы.
Қасым тұсындағы аса маңызды тарихи оқиғалар кестесін толтырыңдар
-
Сабақты бекіту:
Қасым ханның тұсында қазан хандығы нығайды деп айтуға негіз бар ма?
«Қасым ханның қасқа жолын» енгізудің қандай маңызы болды?
Қасым ханның басқа елдермен дипломатиялық қатынас орнатуының қандай тиімді жақтары болды?
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қанша халық бар?
Қасым тұсында хандықтың астанасы қай қала болды?
Жер көлемінің үлкендігі, халық санының көптігі мемлекеттің дамуына ықпал ете ме?
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 37-параграфты оқу. Сұрақтарға жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |