Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;
Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар».
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?
3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?
4.Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолын көшті?
5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?
6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.
7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
Саяси жағдайы.
Шаруашылығы
Кәсібі мен қолөнері.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.Әрбір тақырпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.
Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.
Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.