7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы



бет31/49
Дата04.04.2024
өлшемі0.72 Mb.
#497580
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49
Қазақстан тарихы пәнінен 7-сыныпқа арналған Күнтізбелік жоспар

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Сабақтың мақсаты:

  • XIV-ХУ ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы туралы толық түciнiкті қалыптастыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи құрылымдарды талдап, салыстырып, қоры­тынды жасау қабiлеттерiн дамыту;

  • Шаруашылықтың, қоленердiң дамуы, оның қыры мен сыры туралы түсiндiре отырып, оқушыларды еңбексуйгiштікке, дұрыс тәлiм-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. XIV –Х V ғасырлардaғы Қазақстанның жер ayмaғындағы мемлекеттердiң әлеуметтiк

және әкiмшiлiк құрылы­сы туралы не бiлдiңдер?
2. Жерге меншiктiң түрлерiн атаңдар.
3. Салықтың қандай түрлерi болды?
4. Басқару жүйесiнде қандай лауазымдар болды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Мал шаруашылығының дамуы.
2. Егiншiлiктiң дамуы.
3. Қалалар.
4. Қолөнер мен зергерлiк өнердiң дамуы.
Өзiндiк жұ.мыс. Жаңа сабақ бойынша оқушы­ларға мәтінмен тереңiрек танысып оқып шығуды тапсыра­ды.
Әpi қарай өзiндiк жұмыстарды орындау үшiн сыныпты 4 топқа бөлiп, әрқайсысына тапсырмалар берiледi. Әрбiр тақырыпшаның мазмұнын ашу үшiн картамен жұмыс жа­сау, кесте толтыру, сөйлемдердi толықтыру ұсынылады.
1-шi топ «Мал шаруашылығы» бойынша кecтeнi тол­тыруы тиiс.
2-шi топқа «Егiншiлiк» бойынша сұрақтар мен оның жауаптарын дайындау тапсырылады
Егiншiлiк Қазақстанның қай өңiрiнде, атап айтқанда қай жерлерде жақсы дамыды?
Оңтүстiк және оңтүстiк-шығыc өңipдe Жетiсу, Йасы, Сауран,Отырар, Сайрам, Созақ, Сығанақ,Тараз, Талхирда дамыды.
- Егiншiлiк қандай өзен-көлдердiң бойында дамыды?
-Сырдария, Арыс, Талас, Шу, Iле, Балдаш, Төменарық, Бозғыларық т.т. бойында.
-Қандай eгiн өнiмдерi өсiрiлдi?
-Бидай, арпа, тары, күрiш, бау-бақша өнiмдерi.
3-шi топда XIV - ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның эко­номикалық өмiрiнде маңызды орын алған қалаларды кар­тадан көрсету және әңгiмелеу тапсырылады.
4-шi топқа кecтeнi толтыру тапсырылады (үлгiсi дидактикалық .м.атериалда берiлге)

Қолөнер салалары

Жасалған бұйымдар

Табылған жерлері










Өз бетінше жұмыс жасаудың нәтижесі - оқушының жаңадан алған бiлiмiн шығармашылықпен игеру қабiлетiн, алынған материалды өңдеу және зерттеушiлiк әдебiнiң дағдыларын дамыту болып табылады.
ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Жартылай отырықшы мал шаруашылығының көшпелi мал шаруашылығынан

қандай айырмашылықтары бар?

  • Eгiн шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерiнде басым болды?

  • Қалалар қандай маңызға ие болды?

  • Қолөнердiң дамуының алдынғы ғасырларға қарағанда ерекшелiктерi болды ма?

Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма: 30-параграфты оқу. Aқ Орда, Моғолстан, Әбiлқaйыр xaндығы, Ноғай Ордасы тақыpыптарын қaйталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет