7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасу тарихымен таныстыру.
Қазақстан аумарындағы ежелгi тайпалар мен орта ғасырдағы этностардың даму ерекшелiктерiн салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дaғдыlландыру, танымдық қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу.
Оқушыларды өз елiнiң тарихын құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгедеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
XIV -ХV ғасырлардағы Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болды?
Сол кездегi негiзгi шаруашылық түpiн атаңдар?.
Қазiргi заманда қолөнер бұйымдары қалай бағаланады?
Aқ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр xaндығының,Ноғай Ордасының қандай ортақ белгiлерi болды?
Аталған мемлекеттердiң өмip cүpгeндiгiн қай авторлардың деректерi дәлелдейдi?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ежелгi заманғы туыстық белгiлер.
2. Орта ғасырдағы этникалық өзгерiстер.
З.Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы.
Оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
- «Этнос» деген атауды қалай түсiнесiңдер?
- Қазақстанда қазiргi уақытта қанша ұлт өкiлдерi тұрады?
- Адамдардың нәсiлдерi туралы не бiлесiңдер?
- Қазақстанды мекендеген қандай ежелгi тайпаларды бiлесiңдер?
Тақырыпты оқушылардың санасына толығырақ жеткiзу үшiн оны баяндау барысында өз бетiнше жұмыс жасату. Ол үшiн оқушыларға 6-сыныпта өткендерiн қайталап, еске түcipy. Тапсырма бойынша оқушылар төмендегi сұрақтарға жауап жазады:
1. Сақ, үйсiн, қаңлы, сармат және Андрон тайпаларының өмip сүрген жерлерiн картадан көрсетiңдер. Оларды ғалымдар қандай тұрпатқа жатқызады?
2. Ғұндарды қандай тұрпатқа жатқызады? Қазақстандағы тарихи тұрғындар қандай тiлде сөйледi?
3. Монғол шапқыншылығына байланысты тұрғындар қандай антропологиялық езгерiстерге ұшырады?
4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуына қай хандықтың тайпалары басты рөл атқарды?
Тапсырма бойынша оқушылар бiрiн-бiрi толықтыра отырып, жауап бередi.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Қазақ этносаяси қауымдастығының қалыптасуы қанша уақытқа созылды?
Қaзақтардың халық( болып қалыптасуы неге 150-200 жылға кешеуiлдедi?
Рузбиханның шежiресiнде ХVғасырда Қазақстанда тұрған Tүрікi тайпалары туралы не айтылды?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§30. Картамен жұмы жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |