7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбiлқайыр хандығының, Ноғай Ордасының әлеуметтiк және мемлекеттiк-әкiмшiлiк құрылысы туралы түciнiктi қалыптастыру.
Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту;
Қазақстанның территориясындағы ортағасырлык. мемлекеттердiң тарихындағы ортақ ұқсастықтарды көрсете отырып, оқушылардың сабақ үстiнде тақырыпты толық. меңгерiп, тәлiм-тәрбие алуына қолайлы жағдай тудыру
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі:интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әбiлқайыр хандығын неге «Көшпелi өзбек ұлысы»деп атайды?
Әбiлқайыр хандығының жер аумағын сипатта.
Хандықтың этникалық құрамы туралы айтыңдар.
Қосымша әдебиеттерде Әбiлқайыр мен қазақ сұлтандары Жәнiбек пен Керейдiң арасындағы жағдай қалай баяндалады?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Әлеуметтiк құрылысы.
Ұлы хан,хан кеңесінің құрамы-хан ұрпақтарынан,ұлысбек-н,әмірлер,бек,билерден тұрған.Ханның кеңесшісі-уәзірлер.Құрылтайда-өкіметтің ішкі-сыртқы саяси жағдайы .қаралған
2. Жерге меншiктiк қатынастар.
Мемлекеттік жерлер тікелей ханд-ң қарамағындағы жерлер
Інжу Шыңғыс тұқымд-ң жасау жерлері
Вакфтық жердер дін иелерінің жерлері
Шаруалардың мүліктік ж-і
отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
Сойырғал,иқта ханға адал қызмет істегендерге берілетін жерлер
3. Салық түрлерi және мiндеткерлiктер.
Тағар-әскерлерді азық түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
Қалан-жер көлеміне байланысты салық
Құшыр-жан басына және мал басына салынатын салық
Зекет-мал салығы
Харадж,баж-отырықшы егінші аймақтардан
Құшыр-мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық
Соғым,сыбаға,сауын-шаруалар міндеткерлік жұмыстар атқарған.
5. Қоғамдық және әкiмшiлiк құрылысы
Ұлысбек-мұрагерлерді таққа отырғызу,әскер басқару,көрші мемлекеттермен дипломат-қ қ
Атабек-хан баласының тәрбиешісі
Көкілташ-мұрагердің бел бауыры
Наиб-хан кеңесшісі
Жасауылдар-жиын-той,мерекелерде тәртіп,салт-дәстүрді қадағалап отырған
Ішік аға басы-сарай қызметінің басшылары
Инақтар-хан кеңесшілері
Миршикар-ханның аңшылық ісін басқаратындар
Даруғалар-алым салық жинау мен тәртіпті қадағалау
ІҮ. Сабақтың бекіту:
Аталған мемлекеттерде хан болуға кiмдep құқылы болды?
Қараша халық немен айналысты?
Мемлекеттерде феодалдық қатынастардың жоғары деңгейде болғанын неден көремiз?
Мемлекет үшiн салықтардың қандай маңызы бар?
Сендер қандай әкiмшiлiк аумақта тұрасыңдар?
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:§29
Достарыңызбен бөлісу: |