Шаруашылық
Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері
Абылай қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды.Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады.Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне шек қойды.Жергілікті билердің бытыраңқылыққа бағытталған іс-әрекеттерін тежеу үшін аймақтарды басқаратын сұлтандарды өзі тағайындады. Және олардың өзіне бағынуын талап етті.Егін шаруашылығын дамытуды қолдады. Қазақ халқының дәстүрін,мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.
Абылай ханның сыртқы саясатының ерекшеліктері
Абылай патша үкіметімен де, Цинь империясымен де бейбіт қатынастарды сақтауға күш салды.
Іс жүзінде олардың екеуіне де бағына қоймаған ол , өзінің бодандықты мойындайтынын мәлімдеумен болды. Бұл қазақ халқын күшті жаулардан қорғау үшін Абылайдың қолданған айлакер саясаты еді.Осылайша ол патша үкіметімен қақтығыста Қытайдан қолдау тапса , ал Қытаймен қарым-қатынас ауырлап кеткенде Ресейдің қолдауына сүйеніп отырды.Қытайлықтардың сеніміне кіру үшін тіптен өзінің ұлы Еділді Қытай билеушісіне аманат етіп жіберді. Қытаймен арадағы кикілжіңді келіссөзбен шешуге тырысты.
«Жылдар сөйлейді »
1711-1781 жылдар – Абылайдың өмір сүрген жылдары
1731 жыл - жоңғарларға қарсы соғыста жеңіске жетті.
1740 жыл- Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге бодан болуға келісім беруі
1743 жыл- Абылайдың жоңғарлардың тұтқынына түсуі
1762 жыл-II Екатерина патшайымға өзінің бағынышты болатынын мәлімдеп ант беруі.
1757-1760 жылдар –Қытайдың билігін мойындауы
1770 жыл –қырғыздарға соққы беруі
1771 жыл- Абылайдың үш жүздің ханы болып сайлануы
1778 жылы-Ресей патшасының Абылайды орта жүздің ханы етіп бекітуі
Сәйкестендіру тесті
|
|
Абылайдың шын аты
|
Уәли
|
Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жырау
|
Қалдан Серен
|
Абылай түйесін баққан би
|
Әбілмәмбет
|
Абылайдың әкесі
|
Әбілмансұр
|
Абылай кімнің тұтқынына түсіп қалды?
|
Төле
|
Абылай кімнің орнына хан болып сайланды?
|
Бұхар
|
Абылай өлтірген батыр
|
Шырыш
|
Достарыңызбен бөлісу: |