7 зертханалық жұмыс Тақырып : Өркен және бүршік Жұмыстың мақсаты және міндеті



бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі486.51 Kb.
#481276
түріСабақ
1   2   3
зертханалық жұмыс-7

Қажетті құралдар мен жабдықтар: бөлме өсімдіктері, түрлі сүректі өсімдіктердің өркендері мен бұтақтары, астық тұқымдас өсімдіктердің кеппешөбі, пиязшық.


Жұмысты орындау реттілігі:
1. Бөлме өсімдіктерінің, қолдағы бар өсімдіктер өркендері мен бұтақтарының сыртқы кұрылыстарындағы ерекшеліктерін зерттеу.
2. Сүректі өсімдіктер бұтақтарынан, бөлме өсімдіктерінен, өсімдіктердің кеппешөп даналарынан өркеннің бұтақтану түрлерін анықтап, суреттерін салу.
3. Ағаш бұтақтарын, астық тұқымдас өсімдіктердің өркендерінің сыртқы құрылыстарындағы және көлденең кесінділеріндегі ерекшеліктерді лупа арқылы қарап, зерттеу.
4. Ағаш бұтақтарындағы бүршіктерді және пиязшықты ортасынан жарып, лупа арқылы қарай отырып, бүршіктің ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтап, суреттерін салу,
5. Сүректі өсімдіктер бұтақтарынан және өсімдіктердің кеппешөп даналарынан өркендердегі бүршіктердің орналасуын қарап, суреттерін салу.
6. Өсімдіктердің өркен, бүршік морфологиясымен, бұтақтану түрлерімен және өркендердің жер асты, үсті түрленген түрлерімен танысу үшін университет жанындағы, гүл-жайға, жылыжайға экскурсияға бару.
7. Қайталау сұрактарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.


Бақылау сұрақтары:
1. Өркен дегеніміз не?
2. Өркеннен қандай құрамдарды көруге болады?
3. Сабақ өсімдік тіршілігінде қандай қызмет атқарады?
4. Бүршік дегеніміз не? Қандай бүршік түрлері бар?
5. Қандай бүршіктерде қабыршақ болмайды?
6. Гүлді өсімдіктерде қандай бүршіктер болады?
7. Бүршіктер сабақта қандай ретпен орналасады?
8. Қолтық бүршіктер орналасуына қарай қалай бөлінеді?
9. Өркеннің апексі дегеніміз не?
10. Өркеннің бұтақтануының қандай түрлері бар, олардың қандай ерекшеліктері бар?
11. Қысқарған және ұзарған буынаралықты өркендер қандай өсімдіктерде кездеседі және олардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
12. Өркеннің қандай метаморфозданған түрлері бар?





Ұзарған және қысқарған өркендер:
1 — көктеректің бір жылдық ұзарған өркені;
2 — көктеректіқ төрт жылдық қысқарған өркені;
3 — алма ағашының бір жылдық ұзарған өркені;
4 — алма ағаштың көп жылдық қысқарған өркені;
қ.б,— қолтық буршік;
ж. і.— жапырақ ізі;
ж.д.— жапырақ дағы;
т. 6.— төбе бүршік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет