7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



бет1/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Амирова Ляззат Базархановна


ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

Амирова Ляззат Базархановна


Әлеуметтік – мәдени іс-шаралар арқылы университет студенттерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыту


7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған


МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Ғылыми жетекші: к.пс.н. Джумажанова Г.К.
Кафедра меңгерушісі: Султанова Н.К

Семей қаласы 2022 жыл







Мазмұны




Нормативтік сілтемелер







Анықтамалар







Белгілеулер мен қысқартулар







Кіріспе

6-8

1

Әлеуметтік – мәдени іс-шаралар арқылы ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың теориялық негіздері




1.1

Педагогика және психология ғылымындағы көшбасшылық мәселесінің тарихи алғы шарты




1.2

1.3


ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың моделі




2

Әлеуметтік – мәдени іс-шаралар арқылы ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудағы эксперименталдық жұмыс




2.1

ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың әдістемесі




2.2

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесін талдау







Қорытынды







Пайдаланған әдебиеттер тізімі






















НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР


Бұл диссертациялық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:


Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Астана, 16.11.2009ж. ҚРБжғМ №521 бұйрығы
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, Астана.14.12.2012ж.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 07.12.2010 ж., ҚР Президентінің № 1118 Жарлығы, Астана
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана. 27 қаңтар 2012 ж.
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен бекітілген 23 тамыз 2012 жыл № 1080

АНЫҚТАМАЛАР


Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:


Әлеует (Потенциал; лат. potentia — күш) — қолда бар және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу, қандайда бір тапсырмаларды орындау үшін жұмылдырылуы мүмкін құралдар, көздер, қорлар.
Кемеңгер – лат. «genius» («рух») – адамдардың өмірі мен тағдырларына ықпал ететін адам сенгісіз күші бар қамқоршы, ақылшы, мұғалім, бұрынғы дәуірлерде құдай мен адамдар арасындағы дәнекер деп атаған.
Креативтілік (жасампаздық) – жеке адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттілігі, ол белгілі бір заттарды, іс-әрекет пен белсенділік өнімдерін жасаумен байланысты іс-әрекеттің сан қилы үлгілері мен түрлерінде көрініс табады.
Қабілеттілік – тұлғаның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері, қасиеттері, олар белгілі бір іс-әрекеттің сәтті орындалуына жағдай жасайды. Қабілеттілік іс-әрекеттің нақты бір түрінде дамиды.
Мотивация (түрткі) – баланың уәждемелік-жеке тұлғалық ерекшеліктері, олар белгілі бір пән саласындағы міндетке жоғары танымдық қажеттілік пен ішкі тұрақтылықтың (әуесқойлық) болуы арқылы көрінеді.
Нышандар – биологиялық (генетикалық) мұра болған факторлар, адам ағзасы қабілеттіліктерінің дамуының іргетасы, алғышарты болып табылатын жеке дара анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері (жоғары жүйке жүйесінің, бөлек ми аймақтарының дамуының т.б. ерекшеліктері).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет