7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



бет6/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Амирова Ляззат Базархановна

-құзырлылық - адамның лидер ретінде көрінетін саласына байланысты меңгерген білімі;
-белсенділік - адамның қажымай қарқынды әрекет ете білуі;
-бастама жасау - адамның шығармашылық белсенділік көрсетуі, идея (жаңа ой) және ұсыныстар жасауға дайындығы;
-жатырқамау – адамның басқа адамдармен ашық қарым - қатынас жасауға бейімділігі;
-табандылық – адамның еркіндік күшінің айқындығы, бастаған істі соңына дейін жеткізе білуі;
-өзін ұстай білуі - адамның қиын жағдайларда сезімі мен әрекетін басқара білуі;
-жұмысқа қабілеттілігі – адамның шиеленіскен істерді алып жүруде шыдамды болуы;
-байқампаздық - адамның бөлшектерді байқау, көре білуі;
-дербестік - адамның өзіне жауапкершілік ала білуі, пікірлерге тәуелсіздігі;
-ұйымдастырушылық – адамның өз әрекетін жоспарлап, адамдарды жанына жинай білуі, жинақылығы жатады.
Арнайы қабілеттерге:
-ұйымдастырудағы зеректік басқа адамды түсіне білуі; әрқайсысына жеке қабілеті мен ерекшелігіне байланысты жол таба білуі;
-психологиялық әсер етудегі белсенділігі - үдерісте туындаған жағдаятқа байланысты адамның жеке қабілетін ескере отырып, әртүрлі жолмен оған әсер ете білуді игеруі;
-ұйымдастырушылық жұмысқа икемділігі - өзіне жауапкершілік алу қажеттілігі, лидерлік ұстанымы жатады [97, с. 56].
Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде лидерліктің тиімді қасиеттерін айқындауда барлық жағдайда жеке сапаларын қателіксіз айқындайтын сапаларды бөліп көрсету мүмкін еместігін және қазіргі таңда лидерлердің жеке мінездемелер сапалары жайында нақты тұжырымдамалардың жеткіліксіздігін байқадық. Бұл жайында пікірталастар осы кезеңге дейін жалғасын тауып келеді. Жоғары мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылу, шынайылық пен өзіне деген сенімділік лидерлердің заманауи қоғамдағы мәнін ерекшелейтін сипаты болып табылады. Сонымен қатар, жетекшінің кәсіби білімділігі мен
шығармашылық әлеуеті, сезімталдығы мен қоғам талабына сай бейімділігі және оқытуға қабілеттілігі оқытушының басшылық сапасын арттырады.
Нарықтық заманда қарқынды жағдайдағы болжаусыз жағдаяттар басшыдан шұғыл іс - әрекетке көшуді қажет етеді. Лидерлікке қай кезде болсын белсенділік қажет және ол қажеттілік болғанда туындайды. Үнемі басқа адамдармен қарым – қатынас барысында агрессивтік қатынас орнату лидер үшін маңызды болмауы керек. Сондықтан кей жағдайлардан бас тартуы қажет болады (Мысалы:топқа қысым жасау, пікірталасқа араласпау). Ал кей жағдайларда топ алдында шешім қабылдап,бағдар ұсынуы қажет болып табылады.
1900 бен 1957 жылдар аралығында жүргізілген Р.Ман зерттеулері:
«лидерлер - қатардағы топ мүшелеріне қарағанда өмірге бейімделген, басымдыққа бейім, жоғары дәрежеде экстравертивті, аз көлемде консервативті, қарым –қатынас аймағында сезімтал адам»,- деп көрсетуі дәлел бола алады [79]. Бұл тұжырымға тоқтала отырып, адамның бойындағы қарым-қатынастағы еркіндік, бастамашылдық, белсенділік қабілеттерінің қалыптасуы адамның топ ішінде лидер болуына мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Әдебиеттерде кеңес әлеуметтік психологиясындағы лидерлік түсінігінің мәні екі ұғымда қарастырылады: лидерлік және басшылық. Лидерлік психологиялық қатынас құрамында топта пайда болатын басымдық таныту (доминирование) мен бағыну тұрғысында қарастырылады. Ал «басшылық» ұғымы (руководство) топ пен ұйым қызметін басқару үдерісіне қатысты айтылады.
Белгілі болғандай, лидерлік пен басшылық әр салалы ғылым салаларының жұмыстарының зерттеу пәні болды. Ғалым Б.Д.Парыгин лидерлік пен басшылық ұғымдарының айырмашылығын анықтап (кесте 2), ашып көрсетеді [4, с. 59].
Жалпы айтқанда, Б.Д.Парыгин зерттеуі басшылық пен лидерліктің айырмашылығын түсінуге мол мүмкіндік береді.
Ресей ғалымдары Л.И. Уманский, А.С.Чернышев, Н.С.Жеребова, Р.Л.Кричевский топтағы және ұйымдардағы лидерлік ерекшеліктерін зерттеді және бұлар балалық топқа қатысты лидерлік феномені ұғымына қатысты ғылыми жұмыс болды [25,с. 87; 5, с. 69; 6, с. 24; 7, с. 96].
Сонымен, лидерлік дегеніміз шағын топтағы тұлғааралық байланыста, топ ішіндегі белсенділік пен табиғи жағдайда көрінетін үдеріс екендігін атап өту қажет. Кеңес әлеуметтік психологиясы батыс зерттеушілерінің тұжырымдарын жоққа шығармайды. Б.Д.Парыгин лидерлікті үйлесімді мерзім мен үйлесімді нәтижеде шағын әлеуметтік топқа және ұйымға жетекшілік жасау арқылы топтың мақсатына жетуін көздейтін үдеріс деп пайымдайды. Лидерлік феномені объективті және субьективті екі фактордың бір уақытта өзара әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болуын қарастырады [4, с. 60]. А.С. Чернышев лидер - қажетті ұйымдастыру қабілеті бар, тұлғааралық қатынас құрылымында орталық жағдайда тұратын топ мақсатына жетуде жоғары нәтижені көздейтін топ мүшесі десе [5, с. 71], Н.С.Жеребова, лидер - топ
мүшелерінің өзара әрекетінен туындайтын ортақ мақсатқа жету үшін топтың нормалары мен бағдарының үйлесімділігі негізінде ұйымдастыруды қамтамасыз ететін топ мүшесі екендігін айтады [6, с. 78].
А.Н.Леонтьев лидерлік мәселесінің шешімін іздеу негізінде қай лидерлік стиль тиімді болатындығын айқындайтын үйлесімді әрекет жолын әзірледі және бұл ғалымның басты мақсаты мен міндеті болды. Бір жағынан, А.Н.Леонтьев тұжырымы (деятельностный подход) лидерлікті қалыптастыратын институт аралық байланысты қамтамасыз етуді көздеді. Екіншіден, А.Н.Леонтьев тұжырымы мақсат, міндет, құрамы ретінде топтың ішкі құрылымына назар аудартты [26, с. 89]. Сонымен жоғарыдағы пікірлерді қорытындыласақ, лидер - топта орталық назарда болатын, әрқашан бастамашыл, белсенділік, табандылық қабілетімен ерекшеленетін адам.

Кесте 2 - Лидерлік пен басшылық ұғымдарының айырмашылығы ( Б.Д.Парыгин бойынша)





Лидерлік

Басшылық

Тұлға лидер ретінде топтағы тұлға аралық қатынасты реттеуді жүзеге
асырушы

Тұлға басшы ретінде әлеуметтік ұйымдар тәрізді ұйымға ресми қатынасты жүзеге асырушы

Лидерлікті микроорта жағдайына
шоғырландыруға болады

Басшылық барлық қоғамдық қатынастармен
байланысты макроорта элементі болып саналады

Лидерлік жай, жүре пайда болады

басшылық әлеуметтік құрылым-дардың әртүрлі тексеруімен мақсатты, ресми түрде әлеуметтік
топтарға сайланады немесе сайлайды

Лидерлік тұрақты, лидер ұстанымы топтағы психологиялық көңілге байланысты тәуелді

Басшы ұстанымы тұрақтылау, ресми көрініске ие; лидерге қарағанда ресми басшылық әртүрлі санкциялар (лат.ауд.қатаң талап, не қаулы) жүйесін меңгереді. Басшылық үдерісінде шешім қабылдау белгілі бір жағдайларға байланысты қиын болып жатса, кей жағдайда лидер тәрізді бастама көтеріп
шешім қабылдап жатады

Лидерліктің қызмет шеңбері – лидер болып тұрған топтың шеңберінде
жүреді

Басшының қызмет шеңбері - кең, шағын топтың шеңберінде және әлеуметтік ортасы кеңірек ортада
да жүреді

Біздің зерттеу мәселеміздің аясында негізгі ұғымымызды қарастырсақ, психологиялық тесттер энциклопедиясында лидер «әлеуметтік топтың авторитетті мүшесі ретінде, оның тұлғалық әсері әлеуметтік үдерістерде анықтаушы болатын, формалды емес лидер, оның беделі стихиялы түрде қалыптасады» деп анықталған [95, с. 47]. Дамыған әлеуметтік топтарда лидер ретінде ресми басшы белгіленген. Кіші топтарда, лидер рөлі қатысушыларды біріктіру мен олардың іс-әрекетін бағыттау болса, бірнеше лидер болады. Лидер ынталандырушы немесе орындаушы (іс-әрекет мазмұнына қарай), әмбебап немесе белгілі жағдайға қатысты (іс-әрекет сипатына қарай), іскерлік немесе эмоционалды (іс-әрекет бағытына қарай) болып бөлінеді. Барлық жағдайда лидер өз соңынан ерген адамдар ұжымынан әлеуметтік, психологиялық және


эмоционалды демеуге ие. Көптеген зерттеушілер пікіріне қарай, лидер – әлеуметтік контекст қызметі болып табылатын және өз пайдасын іздестіру арқылы қоғам дамуына әсер етуші деп түйіндеуге болады.
Лидерлік – бұл басымдылық таныту мен бағынудың қатынасы, топтағы тұлғааралық қатынастар жүйесіне әсер ету және ілесу. Фрэнк Карделл айтуынша, «... біз барлығымыз лидерміз – отбасында, ұжымда, мектепте, жұмыс орнында және әлемде». Лидерліктің түрлері көп, олардың әрқайсысы белгілі бір қажеттілікке сәйкес (жеке, кәсіби, әлеуметтік аяда). Лидерді өзіңнен іздестіру мен анықтау, Ф.Карделл пайымдауынша толық жауапкершілікті қажет етеді. «Бұл біз аяқтауды қажет ететін жол, дайындықты керек етуші инициация, содан соң онда толық қатысуы керек» [98].
Отандық зерттеушілердің еңбектеріне назар аударсақ, С.А.Наконечныйдың зерттеуінде, әскери ұжымда болашақ офицерлердің тиімді лидерлік іс-әрекетке даярлығы – бұл интегративті кәсіби – тұлғалық білім беру, басқару және басшылық аясында педагогикалық және психологиялық – әлеуметтік білімі, біліктілігінің болуымен, әскери ұжымда лидерлікке саналы ұмтылысымен, оған қажетті тұлғалық қасиеттер мен сапалар қалыптасқандығымен, әлеуметтік байланыстардың дамуымен сипатталады, олар өз кезегінде әскери ұжым жалпы топқа бірегей мақсат – міндеттерімен жеке әскери қызметкерлердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін сәйкестендіре алуы және қызметкерлердің кәсіби – тұлғалық дамуы, -деп анықтаған[35, с. 49].
Баймуханбетов Б.М. «Лидер белгілі бір топты жарқын болашаққа, игі істерге жетелеу және тәуекелге бел буу мен батыл әрекет жасауға әзір болу іскерлігіне ие топ мүшесі», ал «Лидерлік –топ мүшелеріне мәнді ықпал ететін, басшылықты қолына ала алатын, тұлғалық бағалауға, өзгеріс жасауға бейімді әлеуметтік психологиялық құбылыс» деп анықтады [36, с. 64].
Психолог Намазбаева Ж.Ы. Лидер топ мүшелерінің мақсаттарын қамтитын және топтық іс-әрекеттің сипаты мен бағытын айқындайтын, жауапты шешімдерді қабылдауға құқықты екенін топтың қалған барлық мүшелері мойындаған тұлға. Сонымен, неғұрлым беделді тұлға бола отырып, лидер бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда және топтағы арақатынастарды реттеуде шынайы басты рөлді атқарады. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады [38, с. 97]-деп түйіндейді.
Ресейлік ғалым Шигапова Л.П. мынадай тұжырымға келеді: лидер сапалары ЖОО-ның оқу – тәрбиелік кеңістігінде саналы түрде студенттердің өзін – өзі басқарудың түрлі іс-әрекетіне енуінің негізінде қалыптасады[99] десе, Тайкова Л.В. өз зерттеуінде, мектепке дейінгі педагогтарды дайындау барысында мынадай маңызды ерекшелірге назар аударады: студенттер бойында құндылықтардың (адами, рухани, тәжірибелік) қалыптасуы, бала тұлғасына сыйластық, болашақ кәсіби іс-әрекетіндегі өзіндік даму және өзіндік орнын табу (адами фактор маңыздылығының өсуі, бала және мектепке дейінгі білім беру педагогының тұлғасына зейінінің күшеюі, олардың әлеуметтік – рухани дамуының қажеттілігі); бағдарламалар әр түрлілігі және болашақ мектепке
дейінгі педагогтарды даярлауды ұйымдастырудың әр нұсқалылығы (мектепке дейінгі мекемелермен ЖОО –ның тікелей байланысы, оқыту формаларын таңдауда және мазмұнын іріктеуде қоғамдық – эксперттік кеңестердің іс- әрекетінің әсері); оқытушылар мен студенттердің әлеуметтік және кәсіби белсенділігін ынтыландыру, ЖОО – ның мансапты білім беру ортасын қалыптастыру (студент тұлғасын, дербестігін дамыту және болашақ мектепке дейінгі педагог кәсіби өсу мансабын жобалау мақсатымен оқудан тыс және оқу іс-әрекетіне жұмыс берушілерді, оқытушыларды және студенттерді ендіру[100].
Төменде лидер, лидерлік ұғымдарның ғалымдардың еңбектерінде зерттелінуін қарастырамыз (кесте 3).

Кесте 3 – Ғалымдардың еңбектеріндегі «лидер», «лидерлік» ұғымдарының контент –талдауы (1907-2015ж.)





Ғалымдар

Еңбектері

Лидерліктің мәні

1

2

3

Попов М.

Орыс тіліне
қолданысқа енген шет тілдері сөздерінің толық сөздігі – Попов М., 1907ж, 158б.

бұл тиімді басқарудың маңызды компоненті. Ол адамдардың тұрақты бірлестігі бар жерлердің барлығында да кездеседі. «Лидер» сөзі «көсем»,
«жүргізуші» деген мағынаны береді. Бұл түсінік қарапайым болып көрінгенімен, қазіргі ғылымда түрлі ғалымдардың бастапқы позициясы ортақ
болса, лидерлік біркелкі емес сипатталады.

Павленков Ф.

Орыс тілінің құрамына енген шет тілдері сөзерінің сөздігі. – Павленков Ф., 1907ж,
207 б.

белгілі жағдай үшін түрлі билік көздерінің тиімді үйлесуіне негізделген және адамдарды ортақ мақсатқа жетуге талаптандыруға бағытталған жетекші мен оған ерушілердің өзара
басқарушылық қарым-қатынасы.

А.А.Ершов

«Автоматты бағдарламалау, заманауи ахуал, негізгі проблемалар» , Баку 1958

Лидер ретінде қажетті ұйымдастырушылық қабілеттерге ие,тұлғаралық құрылымда орталық орынды алатын және өзінің үлгісі, топты ұйымдастыруы мен басқаруы арқылы топтық мақсаттарды ең озық түрде қол жеткізуге
көмектесетін топ мүшесі түсініледі

С.М.
Вишнякова

Кәсіби білім беру. Сөздік. Кілтті сөздер, түсініктер, терминдер, өзекті лексика. – М.:
1999ж, 119 б.

бұл әлеуметтік ұйымдастыру және басқару үрдісі.

Н.С.
Жеребов

«Дағдарыстық психологияның өзекті проблемалары» мақаласы
Мәскеу 1999. – 22 – 27
б.

Лидер – өзінің нормалары мен құндылық бағдарларының топтыкі мен сәйкес келген жағдайда топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде алға шығатын немесе оларды өзінің айналасында ұйымдастыратын және топтық мақсаттарға қол жеткізуде осы топты
ұйымдастыру мен басқаруға көмектесетін топ мүшесі.

3 – кестенің жалғасы



1

2

3

Д.Н. Ушаков

Түсіндірме сөздік Д.Н. Ушакова. Мәскеу, 2007ж, б. 319-320

Белгілі қоғамдастықтың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған ортақ істе біріктіру мақсатында басқаларға ықпал ете
алатын тұлға.

С.А.
Багрецов

«Заманауи әдебиеттанудағы жанр проблемалары» мақаласы.
Қорған, 2008. –
3-7 б.

Лидер-топ мүшесі, оның топтың барлық қалған мүшелері бүкіл топтың мүдделерін қозғайтын және оның қызметінің бағыттылығын анықтайтын неғурлым жауапты шешімдер қабылдау құқығы бар екенін мойындайды

Павлова А.Н.

«Ұйымдық мәдениет және көшбасшылық»
/Астрахан мемлекеттік техникалық университеті хабаршысы,№ 4 / 2008

Лидер ұжымдық құндылықтардың негізгі иелері және кәсіпорын стратегиясын әзірлеушілер.

Зубанова Л.Б.

«Зияткерлік лидерлік: пайғамбардан сарапшыға» /
«Челябинск мемлекеттік университетінің хабаршысы» № 29
/ 2009

Лидер –ең әлсіз және бой ұсынғыш, «бас июші» батыр, ал оның жетістігінің шыңы әлемді бар болып, қатысуымен хабардар ететін ішкі ерлікті жүзеге асыру болады

Инякина И.В.

«Лидерді тәрбиелеу: проблеманы қою» /
«Н.А. Некрасов атындағы Кострома мемлекеттік университетінің хабаршысы» 4 / том 15 / 2009

Лидер – бірлескен жұмысты ұйымдастыруда және топтағы өзара қарым-қатынасты реттеуде шын мәнінде орталық рөлді ойнайтын беделді тұлға.

Шаркова А.А.

«Ұйымдық лидерді заманауи зерттеулер: әдістеме мен құралдар»
«ЖОО хабаршысы»№ 1 / 2010

Лидерлік екі түрге бөлінеді: этикалық және деспоттық. Егер бұл стильдерді «лидердің идеалды қасиеттерімен» салыстыратын болсақ,
этикалық стиль демократиялыққа, ал деспоттық авторитарлыққа жақын екені сөзсіз.

Гусева Н.А.

«Лидерлікті жаһандану жағдайындағы заманауи моделі» / Иркутск мемлекеттік экономикалық акамедиясының
хабаршысы, № 4 / 2011

Мультимәдениеттік ұжымдағы лидерліктің жаңа моделі, ол бір жағынан лидер мен ізбасарлары қатынастарының ерекшеліктерін, екінші жағынан түрлі мәдениет өкілдерінің экономикалық мінез- құлықтарының өзіндік ерекшелігін сипаттайтын мәдени параметрлерді есепке алуға негізделген.

3 – кестенің жалғасы

1

2

3

Д.М.Сафина

«Лидердіктің ұйымдық мәдениетті қалыптастыруға әсері»
/«Экономика мен құқықтың өзекті проблемалары»
№ 4 (20) / 2011

Лидер – жоғары жеке мәртебеге ие, оны қоршайтын адамдар, қандай да бір бірлестік, ұйым мүшелерінің пікірі мен мінез-құлықтарына қатты әсер ететін және функциялар кешенін орындайтын ұйым мүшесі.

Спивак В.А.

«лидерлік: компетенттілік тәсілдеме және көшбасшының табыстылығы факторының тұжырымдамасы» /
«Санкт- Петербург экономика және қаржы университетінің хабаршысы,№ 3 / 2012

Кез-келген топ өнімді командаға айнала алмайды, бірақ, бұл үдерістегі лидердің рөлі шешуші.

Чамкаева Е.П.



«Жас қауымдастықтарды тәрбиелеу потенциалы» түсінігінің неміс педагогикасындағы мәні / Е. П. Чамкаева // Жас ғалым. 2012. №5.
б. 536-539.

Лидерлік негізінен адамдарды ортақ күшке жұмылдыра алу, бұл міндетті ұзақ уақыт бойы ортақ мақсатқа бағыныңқы тапсырмаларды шеше отырып жүзеге асыру.

Ф.Н.
Жакыпова

«Қазақстанныың жоғары мектебі», Алматы, 2013ж. – 24-
26. Мақ. «Жоғары білім берудегі заманауи
тенденциялар»

мақсатқа жетуге бағытталған командалық жұмыстың ажырамас компоненті, адами қарым- қатынастың ең тиімді түрі.

Клейменова А.Е.

«Лидерлік феноменін зерттеудің тарихи дамуы»
/«Мәдениеттануды талдау» журналы
№ 29 / 2014

Жалпы лидерлік қарым-қатынастарды басқалардан ерекшелейтіні лидер ізбасарлары ұйымның құрамдас бөлігі ретінде тек ол өзінің біліктілігі мен құндылығын дәлелдеген кезде ғана мойындайтындығында.

З. Ж.
Оразалиев.

«Жаңа мектеп» 2014ж.- б.16-19.
«Оқушылармен рухани-адамгершілік
жұмыс проблемалары мен әдістері».

бұл мақсатқа жету жолында жұмыс істеуге түрткі болу үшін жеке адамдар мен адамдар тобына әсер ете алу қабілеті.

3 – кестенің жалғасы

1

2

3

Ж. Е.
Ермухамедо ва

«Бастауыш мектеп» , 2014ж., б. 154., «Қазақ тілі, Қазақстан тарихы және орыс әдебиетінің
біріктірілген сабағы».

Лидерлік белгілі бір әлеуметтік жағдайда адамдар арасында болатын байланыс, және бір жағдайда лидер болған адам басқа жағдайларда да лидер болуы міндетті емес.

Э. Хартли

Эксперименталдық білім берудің халықаралық журналы.
– 2015 ж., б. 729-729.
«Өріс теориясы элементтері.
Векторлық анализ».

Лидер болып көбінесе оған ұмтылатын, соған сәйкес ынтасы бар адамдар тағайындалады.

Сонымен, жоғарыдағы кестені қорыта келе, лидер және лидерлік ұғымдарына ең негізгі ұйымдастырушылық және басқарушылық тән екенін байқадық. Осы ұғымдар жоғары мақсаттар қойып, оған жетуге ұмтылу, шынайылық пен өзіне деген сенімділік лидерлердің заманауи қоғамдағы мәнін ерекшелейтін сипаты болып табылады [101].


Біз лидерлікті - қойылған ортақ мақсатқа жетуге ынталы және ортақ мақсатқа бағытталған адамдарға ықпал етуші үдерісі деп түсінеміз [102].
Лидерлікті өзара әрекеттестік саласы ретінде қарастыруға болады. Лидерлік тұлғалықтан гөрі тұлғааралық феномен. Лидердің маңызды міндеті басқа адамдармен берік жұмыс қатынастарын орнату болып табылады. Лидер лидердің формалды емес ықпалынан құрылған. Лидер артынан ерушілерге ықпалға ие, бірақ бұл ықпал ресурсы көрнекті жеке бас компонентіне ие (тек формалды, лауазымдық қана емес). Жай тиімді немесе тиімсіз лидер туралы айту мағынасыздық, сонымен қатар, бір жағдайда тиімді, бір жағдайда тиімді емес лидер туралы да айту керек. Ұйымдық және топтық тиімділікті арттыру үшін лидерді неғұрлым тиімді етіп дайындауды ғана емес, оған қоса, лидер жақсы жұмыс істей алатын ұйымдық ортаны да жасауды үйрену қажет (Фидлер теориясы) [6, с. 210].
Бұл айқындамадан С.Кучмарски мен Т. Кучмарскилердің лидерліктің құндылықты теориясы да қызықты. Авторлар лидерлік үдерісін белгілі бір адамға ғана емес, топтың (ұйым) барлық мүшелері үшін өзінің лидерлік әлеуетін танытуға мүмкіндікпен байланыстырады және өздерінің құндылықты модельдерін екі базалық ережелер негізінде құрады [103].
Бірінші негізгі ереже лидер (жекелей алынған индивид ретінде) жекелеген мүшелердің және жалпы ұйымның құндылықтары мен нормаларының дамуына елеулі әсер ететіндігін көрсетеді. Лидердің барлық істеген, айтқан, уағыздағандарын ұйымдық-лидерлік үдеріс субъектілері қызығушылықпен бақылайды, талқылайды және түсінеді.
Екінші ереже құндылықтарға негізделген лидерлікті қызмет үдерісінде үйренуге болады, тіпті, қажет етілетіндігін көрсетеді. Лидер болу кенеттен орын алмайды. Лидерлік тәжірибе жинау нәтижесінде дамиды, оған қоса, лидерлікті зерделеу және оны оқып үйрену үдерісі тоқтаусыз болып табылады. Авторлар лидерлікті меңгерудің ең тиімді жолы қызмет пен индивидтердің бір- бірімен өзара әрекеттестігі тәжірибесі арқылы жүреді дейді. Бірақ, бұл үшін тұлғааралық қатынастар жеткілікті түрде дамыған болуы, ұйымдық орта ашық және тұлға үшін әлеуметтік дамуына және лидерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беруі қажет [4,с.44-46].
Лидерлік- ұйымның мақсаттарына жетуге барлығының күшін бағыттай алатын, жекелеген тұлғаға да, топқа да әсер ете алуы. Лидерлік – топта орын алатын табиғи әлеуметтік-психологиялық үдеріс; ол беделді тұлғаның топ мүшелеріне ықпал етуімен байланысты.
Ықпал ету деп басқа адамның әрекеттері, қатынастары мен сезімдерінде өзгерістерге әкелетін адам әрекеті. Ықпал идеялар, ауызекі және жазбаша сөз, сендіру, нандыру, эмоционалдық жұқтыру, мәжбүрлеу, жеке бедел мен үлгі арқылы жасалады.
Елеулі мәселені шешіп жатқан топ бар уақытта лидерді таңдайды. Онсыз бірде-бір топ өмір сүре алмайды.
Сонымен қатар, қарастырылған мәселелерді қорыта келе, лидерді қандай да бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіруге қабілетті тұлға деп анықтау қажет. Сәйкесінше, бұл түсінік басқамен – «мақсатпен» байланысты. Шын мәнінде, мақсаты жоқ лидер қисынсыз болып көрінеді. Тек мақсаттың ғана болуы және оған жалғыз жетуге ұмтылу лидер атануға айқын түрде жеткіліксіз. Лидерліктің ажырамас белгісі – ең болмағанда бір ізбасардың болуы. Адамдарды артыңнан ерту, олардың арасында ортақ мақсатқа қол жеткізу бойынша нақты міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жүйелі байланыстың болуын қамтамасыз ету қабілеті болуы маңызды.
Лидерлік - әрдайым беделді тұлғаның жеке қасиеттерінің ол ықпал етуге тырысатындардың қасиеттерімен және осы топта орын алған жағдаймен ара қатынасына тәуелді болатын ықпал ету күші.
1.2 ЖОО студенттерінің көшбасшылық әлеуетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Аталмыш бөлімде педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың психологиялық ерекшеліктерін қарастыруды жөн көрдік.
Ең алдымен негізгі субъектіміз студент болғандықтан біз оның сипаттамасына және дамуының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдік.
Тұлға, топ, ұжым, қоғам – адамзат дамуы логикасымен өзара байланысты құбылыстар. Сондықтан, адам тұлғасын ол мүше болып табылатын әлеуметтік контекст, органикалық кіші жүйеден тыс қарастыруға болмайды. Мұнда әлеуметтік орта барлық қоғамдық жүйеде теңдей рөл ойнамайтын, адамға ықпал ету күші мен сипаты бойынша айтарлықтай алуан түрлі элементтерден тұрады. Қоғамда кіші де, үлкен де әлеуметтік топтар бар. Адам екеуінің де ықпалына түседі. Микроорта, кіші топтардың әлеуметтік факторларының тікелей ықпалы үлкен мәнге ие, өйткені, макродеңгей факторларының әрекеттерін өз призмасы арқылы сынуымен жанамалайды.
«Студент» термині латыннан шыққан, қазақ тіліне аударғанда ынтамен жұмыс істейтін, яғни, білімді меңгеріп алушы деген мағына береді.
Егер студентті тұлға ретінде зерттейтін болсақ, 18-20 жас – адамгершілік пен эстетикалық сезімдерінің неғұрлым белсенді дамуының, мінездің қалануы мен тұрақтануы және ерекше маңыздысы ересек адамның әлеуметтік рөлдерінің (азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б.) толық кешенін меңгеру кезеңі. Бұл кезеңмен адамның дербес еңбек қызметіне қосылуы мен өз отбасын құруы түсінілетін «экономикалық белсенділіктің» басталуы байланысты.
Бір жағынан ынтаның, құндылықтың, бағдар жүйесінің барлығының түрленуі, екінші жағынан кәсібиленуге байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы бұл жасты мінез мен интеллекттің қалыптасуының орталық кезеңі ретінде бөліп көрсетеді. Бұл спорттық рекорд, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктердің басталу уақыты.
Студенттік жастың өзіне тән ерекшелігі бұл кезеңде интеллекутуалдық және физикалық күш дамуының көптеген оптимумдарға қол жеткізіледі. Дегенмен, бұл мүмкіндіктер мен оларды шын мәнінде жүзеге асыру арасында қарама-қайшылықтардың да бір мезгілде көрініс табуы да сирек емес.
ЖОО оқу кезеңі жастық шақтың екінші кезеңімен немесе кемелденіп есеюдің бірінші кезеңімен сәйкес келеді, бұлар тұлғалық сипаттың қалыптасуының күрделілігімен ерекшеленеді, бұл үдеріс Б.Г.Ананьев [104,c. 89], И.С.Кон [113], В.Т.Лисовский [114] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде талданған. Бұл жастағы адамгершілікті дамудың өзіне тән сипаты мінез- құлықтың саналы уәждерінің күшеюі болып табылады. Жоғары сыныптарда толықтай жетіспеген қасиеттер – мақсатқа талпынушылық, батылдық, табандылық, дербестік, бастамашылық, өзін ұстай білу елеулі түрде нығаяды. Моральдық мәселелерге (мақсат, өмір салты, борыш, махаббат, адалдық және т.б.) қызығушылық артады.
Жастық шақ – өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бағалау уақыты. Өзін бағалау мінсіз «менді» нақтымен салыстыру жолымен жүзеге асырылады. Бірақ, мінсіз
«мен» әлі де салыстырылып тексерілмеген және кездейсоқ болуы мүмкін, ал нақты «мен» тұлғаның өзімен әлі де жан-жақты бағаланбаған. Бұл жас адам тұлғасының дамуындағы объективті қарама-қайшылық, оның өзіне деген ішкі сенімсіздігін тудыруы мүмкін және кейде сыртқы агрессивтілікпен, әдепсіздік немесе түсінбестік сезімімен ілесіп жүреді.
Эриксон бойынша жастық шақ әлеуметтік және жеке-тұлғалық таңдаулар, сәйкестендіру және өз тағдырын таңдау топтамаларынан тұратын сәйкестілік дағдарысы шеңберінде құрылады. Егер жасөспірім бұл міндеттерді шеше алмаса, онда ақылға қонымсыз сәйкестілік қалыптасады, оның дамуы төрт негізгі бағыттар бойынша жүруі мүмкін [115]:

  1. психологиялық сырластықтан алыстау, жақын тұлғааралық қатынастардан қашу;

  2. уақыт сезімінің бұзылуы,өмірлік жоспарларды құруға қабілетсіздік, есею мен өзгерістерден қорқу;

  3. өнімділікті, шығармашылық қабілеттердің шайылуы, өзінің ішкі ресурстарын жұмылдыруға және қандай да бір қызметке жинақталуға қабілетсіздік;

  4. «жағымсыз сәйкестіліктің» қалыптасуы, өз тағдырын таңдаудан бас тарту және еліктеу, үлгі тұтуға жағымсыз кейіптерді таңдау.

Өзін-өзі сыйлауы төмен жас олардың өзін-өзі бағалауына қандай да бір тиіп кететін барлық дүниеге әсіре сезімтал және жаралы келеді. Олар басқаларға қарағанда сын,күлкі, жазғыру жаны ауырып қабыл алады. Оларды қоршаған ортаның өздері туралы жаман пікірі қаттырақ мазалайды. Олар жұмыста бірнәрсе қолдан келмей жатса немесе өздерінен қандай да бір кемшілікті байқаса жаны ауырып қабыл алады. Осының салдарынан олардың көбі ұялшақтық, психологиялық оқшаулануға, шынайы өмірден арман әлеміне кетуге, бейімділік тән, оның үстіне, бұлай кету өз еркімен бола бермейді.
Тұлғаның өзін-өзі сыйлау деңгейі төмен болған сайын оның жалғыздықтан зардап шегетіндігі ықтималдырақ.
ЖОО түсу жас тұлғаның өзінің күші мен қабілетіне деген сенімін арттырады, толыққанды және қызықты өмірге деген үмітті тудырады. Сонымен қатар, ІІ және ІІІ курстарда ЖОО, мамандық, кәсіпті таңдау дұрыстығы туралы сұрақтар жиі туындайды. ІІІ курс аяғына қарай кәсіптік өзіндік анықталу туралы сұрақ түбегейлі шешіледі. Дегенмен, бұл уақытта болашақта мамандық бойынша жұмыстан қашу шешімі қабылдануы да орын алады.
Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болуы мен шешілуінің, сыртқының ішкіге өтуінің, өзіндік қозғалыстың, өзін дамыту бойынша белсенді жұмыстың диалектикалық үдерісі.
Б.Г.Ананьев тұлғаның дамуының ауқымы мен деңгейі бойынша артатын бірігу – кіші құрылымдар мен олардың күрделенетін синтезінің туындауы ретінде көрсетті. Екінші жағынан психикалық функциялардың артатын дифференциациясының параллельді үдерісі (психикалық үдерістердің, күйлер мен қасиеттердің дамуы, күрделенуі, «тармақтануы») жүреді [104,c. 56].
Талдаудың бастапқы нүктесі ретінде практикалық қызметті ала отырып, В. Т.Лисовский [114,c.78] пікірі бойынша студенттің неғұрлым толық сипаттайтын 4 топ таңдалды, олар нақты келесілерге бағдарланды:

  1. оқу, ғылым, кәсіп;

  2. қоғамдық-саяси қызмет (белсенді өмірлік ұстаным);

  3. мәдениет (жоғары руханият);

  4. ұжым (ұжымдағы қатынас).

Студенттікті «жоғары білім институтымен ұйымдаса біріккен адамдардың ерекше қауымдасуы, ерекше әлеуметтік санаты» ретінде қарастыра отырып, И.А.Зимняя оларды халықтың басқа топтарынан ерекшелейтін негізгі сипаттары жоғары білімділік деңгейі, танып білудің жоғары ынтасы, неғұрлым жоғары әлеуметтік белсенділік және зияткерлік пен әлеуметтік кемелдіктің жеткілікті үйлесімі деп бөліп көрсетті. Студенттіктің жалпы психикалық дамуы тұрғысында адамның қарқынды әлеуметтенуі, жоғары психикалық функциялардың дамуы, зияткерлік жүйенің барлығының және жалпы тұлғаның қалыптасуы кезеңі болып табылады. Егер студенттікті тек биологиялық жасты есепке алып қарастыратын болсақ, оны балалық пен есею арасындағы өтпелі саты ретінде жастық кезеңге жатқызу қажет. Сондықтан, шетелдік психологияда бұл кезеңді есею үдерісімен байланыстырады [116].
Жастық кезең бұрыннан адамның ересек өмірге дайындық кезеңі ретінде қарастырылды, әйтсе де, түрлі тарихи дәуірлерде оған түрлі әлеуметтік мәртебе берілді. Жастық кезеңнің жастық шекаралары айқын болмай, жастық шақтың психологиялық, ішкі критерийлері туралы түсінік аңғырт және әрдайым бірізділікті болмағанына қарамастан жастық мәселесі философтар мен ғалымдарды бұрыннан ойландыратын.
Жастық физикалық, жыныстық жетілудің аяқталуы мен әлеуметтік кемелдікке жету сатысы ретінде бағаланды және есеюмен байланыстырылды,
әйтсе де бұл кезең туралы түсінік уақыт өте дамыды және түрлі тарихи қоғамдарда ол түрлі жастық шекаралармен белгіленді.
И.С. Кон «жастық санаттар көптеген, тіпті барлық тілдерде болуы мүмкін бастапқыда хронологиялықтан гөрі әлеуметтік мәртебе, қоғамдағы орынды білдірді» дейді [113,c.78]. Жастық санаттардың әлеуметтік мәртебемен байланысы қазір де сақталуда, мұнда осы хронологиялық жастағы индивидтің болжамды даму деңгейі оның қоғамдағы орнын, қызметінің сипатын, әлеуметтік рөлін анықтайды. Жас өзіне әлеуметтік жүйенің ықпалын сезінеді, екінші жағынан индивидтің өзі әлеуметтену үдерісінде жаңаны меңгеріп, қабылдайды және ескі әлеуметтік рөлді қалдырады. К.А. Абульханова- Славская ересек жастағы әлеуметтік шарттылыққа меңзей отырып, тұлғаның өмірлік жолының кезеңге бөлінуі жастықтан бастап жаспен сәйкес келуді қойып, тұлғалық болып кетеді деп есептеді [117].
Жастықтың психологиялық мазмұны өзіндік сана-сезімінің, кәсіптік таңдау жасау міндеттерін шешудің дамуымен және ересек өмірге аяқ басумен байланысты. Ерте жастық шақта танымдық және кәсіптік қызығушылықтар, еңбек етуге қажеттілік, өмірлік жоспарды құру қабілеті, қоғамдық белсенділік қалыптасады, тұлғаның дербестігі, өмірлік жол таңдауы бекітіледі. Жастық шақта адам өзін таңдаған істе бекітеді, кәсіптік шеберлікке ие болады және нақты осы жастық шақта кәсіптік дайындық, тиісінше, студенттік кезең аяқталады [13,с. 46].
А.В.Толстых жастық шақта адам максималды жұмысқа қабілетті, ең үлкен физикалық және психикалық жүктемелерге төзе алады, зияткерлік қызметтің күрделі тәсілдерін игеруге неғұрлым қабілетті дейді. Таңдап алынған кәсіпке қажет барлық білім, дағдылар мен қабілеттер игеріледі, талап етілетін тұлғалық және функционалды қасиеттер (ұйымдастырушылық қабілеттер, бастамашылық, ерлік, тапқырлық, бірқатар кәсіпте қажетті нақтылық пен мұқияттылық, реакция жылдамдығы және т.б.) дамиды [118].
Студенттік жас адам өмірінің ерекше кезеңі. Бұл жетістіктер, білімнің қарқынды жинақталатын, адамгершіліктің қалыптасуы, жаңа әлеуметтік позицияға ие болу кезеңі. Студенттің тұлғасына аса зор қалыптастырушы ықпалды тұлғааралық, эмоционалдық және іскерлік өзара қатынастардың құрылымдалуы, қалыптасуы мен өзгеруі, топтық рөлдерді бөлу мен лидердің ұсынылып шығуы үдерістері жүретін студенттік орта, студенттік топ ерекшеліктері көрсетеді. Осы барлық топтық үдерістер студенттің тұлғасына, оның оқуының табысты болуы мен кәсіптік қалыптасуына қатты ықпал етеді. Студенттердің тұлғааралық қатынастары біріншіден, аталған әлеуметтік топтың жастық ерекшеліктерімен, екіншіден, оның қызметіне тән ерекшеліктермен шартталады.
Отандық психолог Намазбаева Ж.И.: Әр студент – болашақ мұғалім өз тұлғасын зерттей алуы қажет. Өз психикалық күйін, өзіндік зияткерлік және эмоционалды – еріктік үдерістерін басқара алуы қажет-деп анықтаған[38,86б].
Ерментаева А.Р.тұлғаның объект немесе субъект ретіндегі позициясына байланысты оның өзара әрекеттестік пен өзара қатынас тәсілдері әрқалай болады. Өзін субъект ретінде сезінетін тұлға қарым-қатынастың бастамашысы, ұйтқысы бола алады. Ал өзіне объект тұрғысынан қарайтындар әрқашан қарапайым орындаушы ретінде танылады-деп тұжырым жасап, субъектілік тұлғаның белсенділігін жетілдіру әлеуеті екенін көрсетеді [42,с. 114].
Жоғарыдағы ойын дамыта келе, Ерментаева А.Р. осыған байланысты
«өзіндік даму», «өзіндік жетілу», «дербестік», «белсенділік» сияқты тұлғаның субъектілігін сипаттайтын ұғымдардың маңыздылығын ашады.
Лидердің тұлғасы көп жағдайда жеке тұлға немесе жалпы топтың тағдырын шешеді және адамның әлеуметтенуіне әсер етеді. Адамдар мен топтар қалай әр түрлі болып келсе, дәл солай лидерлер мен олардың іс- әрекеттері де әр түрлі болып келеді. Лидерліктің белгілерін кез - келген топтан байқауға болады.
Зерттеуші Ю.Н.Емельянов барлық лидерлік жағдайларында кездесетін заңдылықтарды: «лидер ретінде ұсынылған адам, оның лидерлік ету стилін, басқаратын топ мәнін, сонымен қатар, лидер мен оның ізбасарларының тұлғалық ерекшеліктерін бейнелейді» - деп көрсетеді [119]. Алайда, лидерлік феноменінің айқындылығына қарамастан, топтағы лидерді анықтау қиындық туғызатын жағдайлар да болады. Топтағы лидерді анықтаудың екі негізгі әдісі бар:

  1. топ мүшелерінің пікірін сұрау арқылы олардың топтың бағытын таңдаудағы ең ықпалды тұлға ретінде кімге артықшылық беретінін анықтау (сауалнама);

  2. сырт бақылаушылардың (немесе арнайы шақырылған кеңесшілердің) басқаларға ықпалы жоғары топ мүшелерін атауды сұрау арқылы анықтауға болады.

Лидерді анықтаудың осы екі әдісінің ортақ белгісі тұлғаның басқа топ мүшелеріне әсер ету факторы болып табылады. Демек, алдымен, лидерлерді топ қызметіне әсер етуші адам ретінде анықтауға болады. Ю.Н.Емельянов бұл анықтаманың алдамшылығын көрсетеді [119,с. 56]. Оның ойынша, әдетте лидерлік мәселесін зерттегенде назар аударылмайтын, мұндай тұжырымдаманың маңызды үш салдары болады.
Біріншіден, лидерлік белгілі бір қасиеттің бар болуы немесе жоқ болуы емес, сандық көрсеткіш екендігін есте сақтау қажет. Яғни, студенттік топ мүшелерін «лидерлер» мен олардың «ізбасарлары» деп бөлмей, олардың бойында қабілеттіліктің бар болуына ғана емес, сонымен қатар олардың көлеміне мән берген дұрыс. Сондықтан, топ қызметіне айтарлықтай әсер ететін топ мүшелерін лидерге жатқызуға болады.
Екінші салдар, лидерліктің көрінуі тұлғалар арасындағы қарым-қатынас әрекеті: ізбасарға лидер ғана әсер етіп қоймай, ізбасар да лидерге әсер етеді. Лидерлердің іс-әрекеті айтарлықтай деңгейде топ мүшелерінің құндылықтарымен шарттасқан.
Студенттік топ – күрделі және әр қилы әлеуметтік құбылыс, ол объективті қолданыстағы заңдар, қарым-қатынас заңдары бойынша дамиды. Студенттік топтар формалды және формалды емес лидерлер жүйесі арқылы өзін-өзі басқару негізінде де, оқытушы тарапынан басқарушылық ықпал ету негізінде де қызмет етеді.
Топтарда қалғандарына қатысты неғұрлым маңызды рөлдер болады. Мұндайға лидердің рөлін жатқызуға болады. Лидерлік өз алдына индивидтің лидер рөліне сәйкес келетін өз қабілеттерін, мінез-құлықтағы тұлғалық қасиеттерін таныту. Индивидтің лидер рөлін атқаруы оның топтың басқа мүшелерімен салыстырғанда көрнекті жеке қасиеттерді танытуы арқасында немесе оның жоғары формалды мәртебеге ие болуының арқасында болуы мүмкін. Барлық жағдайларда лидерлікке ұсынылып шығу түпкі есепте топ мүшесінің топтық міндеттерді шешуше қосатын үлесінің тиімділігімен шартталады. Басқаша айтқанда, лидер топ мүшелері қандай да бір индивидтің қызметін неғұрлым маңызды, ал оның топтың қызметіне үлесі неғұрлым бағалы деп танитын болған жағдайда пайда болады.
Топтағы лидер оның көрнекті қасиеті мен қабілеттерін мойындайтын топ мүшелерінің қолдауынсыз пайда болып, қызмет ете алмайлы. Көшбасшы әлеуметтік субъект ретінде топтың мүдделері, оның бүтіндігінің тұлғалық- рөлдік нақтылы түрдегі көрінісі мен бейнесі. Лидердің функциясы – топтың міндеттері мен мүдделерін біртұтас ретінде тұрақты түрде жүзеге асыру және қадағалау. Ол топтың беделі, ұйымшылдығы, бірігуі үшін тікелей жауапты. Оның қызметі, құзіреті, құқығы мен міндеттері бірінші кезекте дәл осы топтық ортақ міндеттер, функцияларды білдіреді. Адамның лидер болу қабілеті көбіне оның ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттеріне байланысты болады. Лидер келесі мінез-құлықтық белгілерге ие болу керек: ерік-жігер, психикалық тұрақтылық, сыншылдық, төзімділік, оптимистілік, табандылық, бейімділік, өзіне және басқаларға талап қоюшылық, жаңа дүниені қабыл алғыштық, батылдық, бастамашылдық, тәуелсіздік, өзіне сын көзбен қараушылық, сенімділік, сабырлылық [120].
Зерттеулер көрсеткендей, теңдікке бет алған топтарда лидер демократиялық қағидаларды ұстанады, керісінше, күшті билікке мән берілетін топтарда лидер бір өзі билеп-төстеуші диктаторға айналуы мүмкін. Яғни, лидер ретінде танылған студент белгілі бір білім ордасының бөлімшелерінде жұмыс жасайтын адамдардың алдында беделді көрінуді мақсат тұтып, топ мүшелеріне бұйрық беруді ұстанатын болса, бұл диктаторлықтың айқын көрінісі. Аталған жағдайда студенттің тек өзінің қажеттілігін ғана қанағаттандыруды көздеуі мүмкін. Үшіншіден, біз маңызды әсері бар лидер ретіндегі адам мен кейде әсері әлсіздеу ресми басшының арасындағы айырмашылықты есепке алуымыз керек. Басқаша айтқанда, ресми басшылардың, яғни арнайы сайланған студенттік топтардың басшыларының бәрін лидер деп айта алмаймыз. Лидерліктің пайда болуы мен оның топтағы қызметі топтың құрылымымен, жағдайымен және мақсат-міндеттерімен анықталады. Өздерінің басшылық жағдайларының арқасында топтық мақсаттар мен көзқарастарды құруда, сонымен қатар, топ мүшелерінің ортақ әрекетін ұйымдастыруда лидер маңызды роль атқарады. Көбінесе топ ішіндегі ықпал ету мүмкіндігі бір немесе бірнеше адамдардың қолына шоғырланады, бірақ топтың барлық мүшелерінің арасында тең таралмайды.
Ю.Н.Емельянов лидерліктің топ ішінде шоғырлану үрдісінің келесі айырмашылықтарын көрсетеді.
Лидерлер және топтың дәрежелік иерархиясы сандық өсу, топтық мақсаттардың нақтылануы мен қызметтерінің өсуі үрдісінде топ мүшелерінің арасында әсер ету деңгейі иерархиясы дамиды. Иерархияның жоғары сатысында бірінші дәрежелі лидер болады, ортасында екінші және үшінші дәрежелі лидерлер орналасады, және төменгі сатыда ізбасарлар орналасады. Кіші топтарда, тәртіп бойынша, аралық лидерлер да, ізбасарлар да өз деңгейлерінен жоғары лидердің негізгі ерекшеліктерін көрсетеді [119,с.94].
Бұл лидерлікті педагогикалық тұрғыдан қарастырар болсақ, топтың белсенді мүшесі лидер ретінде танылып, оның деңгейі жоғары болуы мүмкін. Бірақ топтың басқа мүшелерін дәрежесі төмен деп танудың қажеттігі жоқ. Мұндай жағдайда дәрежелік бөлінуді болдырмас үшін оқу – тәрбие үдерісіндегі қарым –қатынас объективті болуын қамтамасыз ету керек. Ал, қиын жағдайларға байланысты лидердің топ ішінде қалыптасуы лидерге мұқтаждық, топтық мақсатқа жету жолында қандай да бір қиындық-кедергілер пайда болған жағдайларда немесе топ ішінен қатер туындағанда, яғни қиын жағдайларда сезіледі.
Мұндай жағдайларда әрдайым қауіп-қатерге тойтарыс беріп, мақсатқа жету үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы топ мүшелері арасында келісілген түсінік жетіспеушілігі байқалады. Егер осындай жағдайда қандай да бір индивид өзінің жеке қасиеттерінің арқасында (батылдық, ептілік, білім т.б.) мақсатқа жетуі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, онда сол адам топ лидер болуы ықтимал. Топ душар болған қауіп пен қиындық деңгейі лидерліктің пайда болуын ғана емес, сонымен қатар, оның көлемі мен түрін анықтайды. Аса қиын жағдайларда лидерлік бір адам қолына топтасады.
Егер топтың мәселелері мен қиындықтар көлемі бойынша күрделі болса, лидерлік қызметі бірнеше адамдар арасында бөлінеді. Кей жағдайда лидердің пайда болуы тек сыртқы қатерден ғана емес, топішілік қақтығыстар салдарынан да пайда болады. Қақтығысқан кіші топтар жоғары лидерге қатысты күштердің теңдігіне жетеді, егер топ ыдырап кетпесе, жоғарғы лидер кіші топтардың лидерлерін ығыстыруы мүмкін [119,с.56]. Сонымен қатар, лидер сырт ортада топ өкілі қызметін орындай алмаса, онда топ жаңа лидер ұсынатындығы дәлелденген.
Лидер қызметінің ерекшелігі топ стильдері өзара байланысты болады.
«Демократиялық» топтар мен «авторитарлық» стиліндегі топтардың қызметтері әртүрлі болып келеді. Аталған стиль түрлеріне байланысты Ю.Н.Емельянов лидердің келесі қызметтерді атқаратындығын анықтаған [119,с.56]:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет