7М01101 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



бет5/16
Дата12.06.2022
өлшемі0.86 Mb.
#459164
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Амирова Ляззат Базархановна

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

  • студенттердің лидерлік әлеуеті - кәсіби және тұлғалық сапалар жиынтығымен сипатталатын, басқару саласындағы білім, біліктер жүйесі мен әмбебап құралдарын меңгерген, ізбасарларының өзін-өзі бекітуі мен командалық жұмысқа барынша дайындық деңгейін қамтамасыз ететін іргетасы;

  • педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамытудың моделі;

  • педагогикалық жоғары оқу орындары студенттердің лидерлік әлеуетін дамытудың әдістемесі: «Лидерлік» элективті курс бағдарламасы,

«Көшбасшылар» клубының бағдарламасы, Абай атындағы ҚазҰПУ сайтындағы
«Көшбасшылар» клубының электронды парақшасы.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Педагогика және психология ғылымындағы көшбасшылық мәселесінің тарихи алғы шарты

Бұл бөлімде зерттеу тақырыбымызға байланысты лидерлік мәселесінің дамуын қарастыруды жөн көрдік. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге жасалған талдаулар негізінде лидер болуға деген қызығушылық ерте заманнан бастау алған ұғым екендігін анықтадық. Дегенмен қазіргі қоғам жағдайына дейін лидерлік мәселесі аз зерттелгендіктен лидерлік мәселесі жайындағы көптеген еңбектер, ғылыми жұмыстар батыс ғалымдарына тән.


Қоғам өмірінің негізі – материалдық өндіріс. Оның даму дәрежесі белгілі бір тарихи кезеңге қатысты анықталады. Ендеше біздің нарықтық экономикаға негізделген дәуіріміз жаһандану, адам ресурстарын арттыру және шығармашылық әрекет тұрғысынан талдану керек. Олай болса, еңбек құралдарының жетілуіне байланысты адам әлеуеттері де кемелденіп, оның іс- әрекеті белсенді әрі жасампаздық сипатқа ие болып келеді.
Қоғамның дамуы прогрестің жоғарлауына байланысты, ал прогресті жаңа сатыға көтеруде бұқараның әлеуметтік белсенділігі мен жеке адамдардың жоғары саналылығы, дарындылығы ерекше рөл атқарады. Психологиялық теория тұрғысынан адам тұлға болып туылмайды, оның тұлғалық қасиеті әрекет негізінде дамытылады.
Зерттеу жұмысы көрсеткендей, лидерлік ұғымы әрі соған байланысты түрлі тұжырымдар мен пікірлер батыс теориясында шағын топ базасында қарастырылған. Дегенмен лидерлік ұғымының құрылымы мен пайда болу себептерін айқындау барысында туындаған әртүрлі пайымдаулар оның эволюциялық дамуына айрықша ықпал етті.
Сонымен қатар, түркі және қазақ ғалымдарының еңбектерінде де лидер ұғымына жақын мағынада басшы терминімен байланыста қарастырылғанын да көре аламыз.
Атап айтар болсақ, Әл-Фараби ел басшысы түсінігіне тоқтала келіп, басшы да мұғалім сияқты жұрттың әрі ұстазы, әрі тәрбиешісі. Ізгі қала басшысында мына сипаттар, атап айтқанда: жаратылысын өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін..., өзі түсінген, көрген, естігенін және аңғарғанын жадында сақтайтын..., алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдай анық айтып бере алатын, өнер білімге құштарлық тәрізді бойына он екі қасиетті ұштастыра алатын адам ғана халықтың басшысы бола алады» деген ой пікірін білдірген [75].
Жүсіп Баласағұн «Құдатғу білік» еңбегінде басшылардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері, адамның жақсы – жаман қасиеттері, ғылым мен білімнің маңызы туралы айтылған пікірлер педагогикалық психологиялық тұрғыдан оқырман назарын өзіне аудартты. Ол басшы атаулыға тиянақты білім, мол тәжірибе қажет дейді. Басшы табанды да, қайсар, ерік – жігері күшті
адам болғаны абзал (« Ол қабандай қайсар, сауысқандай сақ, қарлығаштай қырағы болсын») деп өз ойын тұжырымдайды [76].
Осы іспеттес тұжырымға ғасырдан кейін Мұхаммед Хайдар Дулати да тоқталғандығы жайлы айтылған. Басшы адам өзгенің көре алмағанын көре алады. Онда өзін елге беделді ететін небір қадір –қасиеті мол. Ол өзінің жайсаң мінезділігімен, батылдығымен ерекшеленеді, халықтың ортақ мақсатына жету жолында бұлтартпай шешім қабылдап отырады. Осындай қасиеттері бар адамның іс- әрекеті қылыш пен садақтың оғынан әлдеқайда асып түседі деп айтқан [77].
Ұлы ақын Абай Құнанбаев 39 қара сөзінде ата- баба мінездері жайлы айта келіп: «...ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен....Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе халық та оны сынамақ... жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен....Екінші мінез намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ....жанын салысады екен. Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді екен»,- деп қазақтың бойына сіңген топ басының екі жақсы мінезінің ерекшелігіне тоқталады [78]. Бұл жерден біз топ басы, яғни лидердің ортақ мақсатта әрекет етіп, өз ортасында табандылық пен арлы мінезін көрсете білуінің маңызды екендігіне көз жеткізе аламыз.
Жалпы алғанда, лидерлік феноменін ғылыми зерттеу ХІХ ғасырдың аяғынан бастау алады. Ізбасарлардан ерекшелейтін лидерлердің тұлға сапасын іздеу логикалық тұрғыдан қажет еді.
Философия, психология, педагогикалық әдебиеттердегі көптеген жалпылай мақұлданған және таралған теориялар мыналар: тұлғалық сипаттамалар теориясы, лидерліктің жағдайлық теориялары, тұлғалық – жағдайлық теориялар болды.
Тұлғалық сипаттамалар теориясы ағылшын психологы, антрополог Ф.Гальтон зерттеулерінде лидерлік мәселесі мұрагерліктің негізі ретінде дәлелдеу бағытында қызмет атқарған. Осы бағытта патшалық әулеттердің түрлі ұлтқа, билеушілер арасындағы некелесуге талдаулар жасап, зерттеулер жүргізу қолға алынған еді [79]. Бұл идеяның бастапқы көздейтін мақсаты лидерді оның ізбасарларынан ерекшелейтін, топтан бөліп көрсетуге болатын тұқым қуалайтын қасиет екендігіне сендіру болатын. Бірақ бұл идеяны дәлелдеу сәтті болмады.
В.И.Зацепин [80] 1940 жылы американ психологы К.Бердтің еңбектері жайлы философиялық энциклопедияда басқа зерттеушілердің лидерлік қабілет ретінде танылған қабілеттердің 79 тізімін құрғандығын айта келіп, олардың зерттеулерінің ішінде инициатива (бастама), жатырқамаушылық, қалжыңдау сезімі, екпінділік, сенімділік, достық қатынас сияқты атаулар да жиі кездескен деседі. Бұл атаулардың 65 пайызы тек 1 рет қана айтылған, 16-20 пайызы 2 рет, 4-5 пайызы 3 рет, тек 5 пайызы ғана 4 рет аталған. Мұндай талдауды американ психологтары субьективистік, яғни лидерлікке тән сапалардан гөрі зерттеушілердің өздерінің бойында бар сапаларды көрсеткен атаулар деп түсіндірді [81]. Бұл теория ғылыми тәуелсіздігіне қарамастан, лидер кейбір
негізгі қабілеттерді меңгеруі қажеттігін және америкалық аяси мәдениетке осындай сапалардың бірінші кезекте шыншылдық, өз кезегінде басқа да моральдық сапалар, көптеген сенімге шақыратын қабілеттердің болуы маңызды екендігін көрсетеді.
Сонымен, «Лидердің тұлғалық сипаттамалар теориясы» адам лидер болып туылады деп тұжырымдайды. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше: индивидтің туыла берілген қасиеті (жүйке үдерістерінің күші мен қозғалғыштығы, экстровертті, сезінуге қабілеті - жаны ашу, интеллектуалды және эвристикалық қабілетін ашық білдіруі) кез келген жағдайда өзіне жетекші рольге ие болуына мүмкіндік береді деп тұжырымдаған.
Көптеген ғалымдар лидер мен ізбасарлардың мақсаты мен қажеттілігіне байланысты ортақ мақсатқа жету жолында, лидер феноменін өзара қарқынды әрекет ретінде қарастырады. Аталған мәселені шешуге бағытталған басқа мектеп теориялары да бар. Мысалы: күту – өзара әрекет (ожидание – взаимодействие) теориясын атауға болады.
Бұл теория өкілдері Дж.Хоманс [82], Дж.Хемфилл [83], С.Эванс[84], Ф.Фидлер [19, с. 68], Р.Стогдилл [18, с. 47]. Америкалық психолог Р.Стогдилл, Ф.Фидлер еңбектеріне талдау жасай келе, лидердің ықпал етуі және жағдаяттардан шешім табуы (лидер мен ізбасарларының арасындағы қатынас, лидердің билік дәрежесі, мақсаттың мәнділігі жағдайындағы) «тиімді лидерлік модель мүмкіндігін» ұсынғандығын анықтаған. Сонымен қатар, практикалық барлық жағдайда лидерлік топтық үдерістегі фокус ретінде, немесе келісімге шақыру өнері ретінде, немесе билік ұстанымы тұрғысынан рольдік әрекет ретінде көрініс беретіндігін анықтаған. 1948ж. Ральф Стогдилл лидердің жеке қасиетін анықтауға бағытталған 50 зерттеу жұмыстарды салыстырып, ортақ модель шығаруға бағытталған жұмысын жүргізді. Ақыр аяғында бұл мұндай модель құру мүмкін емес деген пікірге келеді. Бірақ «trait theory» жойылмады, керісінше дами түсті. Бұған сан алуан лидерлікке арналған әртүрлі мінездеме тізімдері ұсынылған кітаптардың көптеген түрлері дәлел бола алады [18, с. 93].
Зерттеулерге сүйенсек, тұлғалық сипаттамалар теориясын кейіннен лидерліктің жағдайлық теориялары алмастырды. Бұл теориялардың үйлесімділігі лидерліктің қалыптасуында орын, уақыт, жағдайдың орны ерекше екендігін айқындайды. Топ құрамының әртүрлі нақты жағдаяттарда белгілі бір қабілеттің басқалардан артықшылығы жеке тұлғаны айқындайды, бірақ дәл осы қабілет кей жағдайда қажетсіз болып жатады. Дегенмен жағдаяттан шыға білу қабілетіне ие болу адамның лидер болып қалыптасуына жол ашады.
Осы мағынада А.И.Давлетова [85] өз еңбегінде келтірген америкалық зерттеуші Дж.Шнейдердің пікірі қызықты «Бір кездері Англиядағы әскери лидерлердің дау-дамайға үйлесімді шек қоюы мемлекетті қиын жағдайдан азат етті. Бұл сол немесе басқа кезеңдегі елдегі саяси әлеуметтік жағдайдағы лидерлердің жол таба білуі, жағдаяттық фактордың лидерлікке жол ашар пайдалы ықпал етуші қабілет екендігін көрсетеді. Лидерліктің жағдаяттық теориясы лидерлікке тән салыстырмалы сипатын айқындайды және әртүрлі сапалы жағдайлар мен сапалы қабілетке ие лидерлерді талап етуі мүмкін деп
болжайды. Сонымен қатар, А.И.Давлетова лидерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыра отырып, Э.Хартлидің лидерлік жайында ұсынған моделіне тоқталады. Америкалық ғалым Э.Хартли лидер тұлғасының неліктен белгілі бір адамдар лидер болады, неліктен оларды белгілі бір жағдаяттар ғана анықтайды деген сауалдарға байланысты туындаған теорияның төрт «моделін» ұсынды. Біріншіден, егер адам алғашқы жағдайда лидерлік танытса, келесі екінші жағдайда да лидерлік танытуы мүмкін. Екіншіден, «жалпы лидер» лидерлердің бір жағдайды стереотипті қабылдауы нәтижесінде лидерлік қабілет топта көрінуі мүмкін. Үшіншіден, кейде белгілі жағдайда лидер болып, екінші жолы да ол адам лидер ретінде таңдауына мүмкіндік беретін өзіндік беделге ие болуы мүмкін. Төртіншіден, көбінесе лидер ретінде мақсатқа жетуге деген мотивациясы басым адамды таңдайды [85, с. 94].
Осылайша әдебиеттерге талдау жасай отырып, лидер үшін кез –келген жағдаяттан дұрыс шешім тауып, шыға алу қабілетінің қалыптасуы маңызды екендігін және бұл аталған қабілет лидер болуға жол ашатындығын анықтай отырып, лидерлікке тән қабілеттің түрінің сандық жағынан көп екендігіне, лидердің топта танылуы әр түрлі көрініске ие екендігіне көз жеткіздік.
1950 жылдан кейін 30 жыл бойы лидерлік теориялары бихевиоризм ұстанымының қарқынды дамуына байланысты екінші жолға ысырылып қалды. Зерттеушілер лидер әрекетін және оның ізбасарларымен қарым –қатынасын зерттеуге көп көңіл бөле бастады. Бұл теорияның тұжырымдары бір жақтылығы азды көпті үшінші теорияларға, нақты айтқанда тұлғалық – жағдайлық теорияларға жол берді.
Әдебиеттерге жасалған талдаулардың мәліметтеріне сүйенсек, А.Н.Омаркожаева [86] еңбегінде тұлғалық-жағдайлық теориялар нұсқасын 1952 жылы Г.Герт және С.Милз ұсынғандығы жайлы айтылған. Олар лидерлік феноменін төмендегі төрт факторда қарастырған [87]:
1.Лидердің адам ретіндегі сипаттамаларын; 2.Оның мотивтерін;

  1. Лидердің әлеуметтік рөліндегі тұлғалық сипаттамаларын;

  2. Лидер және мотивтер бейнелерін (лидердің артынан еретін адамдардың бейнесі), лидердің атқарып жатқан жұмысы және өзі мен оның ізбасарларының қызығушылығына бағытталған институционалды контекст, ресми және құқықтық параметрлерін ескеру қажет деп көрсетеді.

Гуманистік бағыт өкілдері лидерлік теориясына басқаша көзқараспен қарайды. Олардың пікірінше адам табиғаты - қиын мотивацияланған организм, ал ұйым әрқашан басқару қағидасына сүйенеді. Сондықтан лидер ұйымда қажеттілігі мен өзіндік мақсатын еркін жүзеге асыруға бағытталған және ұйым мақсатына жетуге ұмтылуда ынтымақтастықта өз үлесін қосатындай болуы тиіс.
Лидерлікті түсіну жалпы қоғам менталитетін анықтайды, сонымен қатар, заңдылықтарының өзгеруі мен адамдардың өзара қабылдауын айқындайтын теорияларды алты топқа бөліп қарастыруға болады. Көптеген бұрын қалыптасқан идеялар осы кезеңге дейін қолданысын жоймаған (кесте 1).
Кесте 1 –Лидерлік теориясының эволюциясы (А.Н.Омаркожаева бойынша)



Теориялар
атауы

Анықтама

Ұлы пайымдаулар

ХІХ ғ.аяғы мен ХХ ғ.басындағы лидерлік теориясы. Алғашқы зерттеулерде, лидерге (ер адамға) туыла берілген «батылдық» мінезі адамдарға ықпал етуіне мүмкіндік береді деп есептелді. Бұл адам өзіне бағындыра алатын, әлеуметтік, саяси діни қозғалыстарда, билікте, әскерде
«ұлы адам» деп саналатын адам туа берілген қасиеттері арқасында лидер болып есептеледі.

Тұлғалық сипаттамалар теориясы

Зерттеулер лидер қалыптастыратын жеке қабілеттерге назар аудара бастады. Ғалымдар лидердің бойында өзгелерден ерекшелейтін әлдебір (мысалы,жоғары интеллект немесе ерекше алғырлық (энергичность)) қабілеттер болатындығын анықтауға тырысты. «Айрықша» қабілетті бөліп көрсету болашақта лидер қалыптастыруға, лидерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп жорамалдады. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі күнге дейін қызығушылық туғызып отыр.

Тәртіптік пайымдаулар

Әмбебап, әрсалалы қабілеттерді анықтаудағы сәтсіздік 1950 жылы ғалымдарды лидерлердің әрекетіне назар аудартты. Бір кездердегі зерттеу бағыты ұйымдардағы лидерлер әрекетінен: олар қандай орын алады, өздеріне қандай жауапкершілік алады, менеджменттің қандай қызметтерді қолданатындығын бақылаған. Бұл зерттеулер барысынан лидердің тиімді және тиімсіз тәртіптерін, өзара қатынастарын анықтауға тырысты. Қарым – қатынас жасау стильдері және топпен қатынас орнату әрекеттері тәртіптік
жағдайда қарастырылды.

Лидерліктің жағдайлық теориялары

Бұл кезеңде лидерлікке ықпал ететін жағдаяттық және контекстілік өзгерістер қарастырыла бастады. Мұндағы негізгі идея лидерлер жағдаятты бағалап, өз әрекетін жағдайға сай бейімдей алады дегенді білдіреді. Басты жағдайлық өзгерістер қоршаған адамдар мінезі мен қоғамдық орта және жұмыс тапсырмаларына қатынасынан көрінеді деп саналады. Бұл теория бойынша лидерлікті топ мінезінің және жағдаяттың үзіндісінен түсіну
мүмкін емес деп саналды.

Ықпал ету Пайымдау
ы

Бұл теория лидерлердің топқа немесе топтың лидерге ықпалын зерттейді. Зерттеу орталығы ерекше қабілеті бар харизматикалық лидер болып табылады. Лауазымды жағдайы немесе жеке қабілеті қаншалықты басым болса, соншалықты ықпал етуі басым болады деп саналады. Бұл теория шеңберінде өзгеріске әкелуге негізделген құзырлылық құрылымы
(болашақ бейнесі) мәселелері аздап қарастырылып, дамытыла бастады.

Жағдайлы қ- тұлғалық теориялар

Бұл теория бойынша лидерлікті қарым- қатынас, топ пен лидер қатынасы, олардың өзара ықпал ету мәселелері төңірегінде қарастырылды. Бұл теория лидер қызметі емес, ортақ мақсатқа жетуге үлес қосуға бағытталған топ құрамындағы мүшелерінің өзара қарым –қатынасын қарастырады. Тұлғааралық қатынас лидерліктің басты факторы ретінде
қарастырылады.

Бұл теориялардың ерекшелігі лидерге қажетті тұлғааралық қатынас орнатуға мүмкіндік беретін, лидердің тұлғалық қабілеттерін қарастыруда маңызды болып саналады. Бұл қабілеттерге интеллектінің эмоционалды аймағы, ақыл, шыншылдық, жоғары моральдық құндылық, батылдық және лидерлердің адамдармен қарым –қатынасын ынталандыра отырып, оларға билік


құруға мүмкіндік беріп, әр түрлі жолдармен топтарға қолдау көрсетіп, жетілдіруге болады десе, соңғы кезде ғалымдар назарын эмоционалдық интеллект аймағына аударуда.
Д.Гоулмен «Эмоциональное лидерство» еңбегінде Питер Салоуэй және Дж.Майер эмоционалды интеллектіні: «Зияткерлік үдеріс негізінде эмоциямен басқару, эмоция көрсету, жеке тұлғаны қабылдай және түсіне білу қабілеті» - деп көрсеткендігін айтады [88]. Басқаша айтқанда, эмоционалды интеллектте ғалымдар төрт сапаны біріктіреді:

  • адамдармен қарым – қатынаста қабылдау және сезіне білу қабілеті (дәл өзінікі тәрізді, басқа адамды қабылдауы);

  • ақылға сүйеніп эмоцияны бағыттай білу қабілеттілігі;

  • адамдарды түсініп, эмоцияны дұрыс көрсете білу қабілеттілігі;

  • өз эмоциясын басқара білу қабілеттілігі;

Гарвард университетінің психологы Дэвид Макклелланд «эмоционалды интеллектіде» дамыған лидер қандай да бір сапаларсыз - ақ басқаруға қабілетті болып келеді деп атап көрсетеді [89].
Лидерлік мәселесін зерттеушілер санының көп болуына қарамастан, түрлі теориялардың, амалдардың және тұжырымдамалардың болуы (Э.Х.Шейн лидерлік рөлдер теориясы, сипаттамалар теориясы, лидерліктің харизматикалық тұжырымдамасы, жағдайлық теориялар [90]), лидер ретінде субъект тұлғасын дамытудың психологиялық негіздері жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Тәрбие мен білім беруге қатысты лидерлік тұжырымдамалары тек ХХ ғ. құрылды, ол қоғамдық тәрбие мен жалпы білім беруге қатысты болды. Ертеректе лидерлік туралы ой – пікірлер сирек саясат аясынан шығатын болған. Кеңес кезеңі зерттеулерінде негізгі назар кіші топ лидерін анықтауға әдістеме құруға, оның іс-әрекет стилін негіздеуге жасалған. Лидерлік феномені тек іс- әрекеттік амал позициясынан қарастырылды.
1952 жылы Г.Герт және С. Милз лидерлік феноменін қарастыруда олардың ойынша қажетті төрт факторды ерекшеледі: 1) лидердің адам ретінде мотивтері мен сипаттамалары; 2) оның соңынан ергендердің санасында ілесуге ынталандырушы, мотивтер мен лидер бейнелері; 3) лидер рөлдерінің сипаттамасы; 4) институционалды контекст, яғни лидер жұмыс жасаушы, ол және оның соңынан ергендер қатысушы құқықтық және ресми параметрлер. Психологияда лидерлік мәнін түсіну мәселелері, аталған феноменді күрделі деп интерпретациялау, субъектіге тиісті тұлғалық қасиеттер жиынтығының интегралды сипаты бар болуы соңғы онжылдықта зерттеу пәніне айналған. Аталған зерттеулердің бір нәтижесі төмендегідей қорытынды болды, өзі басым қызметтерін тиімді орындау үшін лидер белгілі бір сапалар жиынтығына ие болуы керек (өзіне жауапкершілік ала алу, мақсаттылық, табандылық, ерік – жігер, мінез күші, дербестік, сыни ойлау) олар беделін қамтамасыз етіп, субъект референттік дәрежесін анықтады.
«Лидер», «Лидерлік» ұғымына қатысты: саяси лидер, ұлт лидері, дін лидері сияқты сөз тіркестері бізге таныс. Ал әр түрлі саладағы ғылыми
әдебиеттерге жасалған талдаулар бойынша лидер, лидерлік ұғымына көптеген сан қырлы анықтамалар берілген [91].
К.В.Сельченок «Психология лидерства» оқулығында әр түрлі авторлардың анықтамаларына талдау жасай келе, төмендегідей ұйғарымдар беруге тырысады [92]:

  • көптеген авторлар лидерлік – бұл алдымен біріккен адамдар қатынасынан туындайтын, лидер адамнан және оның пікірін мақұлдайтын ізбасарлармен топ мүшелерінен құралатындығын айтады, яғни лидер бар жерде, оның ізбасарлары болуы тиіс;

  • лидер - тиімді қызметте немесе белгілі бір жағдайда жеке қабілетіне сай топ мүшелеріне ықпал жасай алу қабілетін көрсетеді;

  • лидерлік пен топ мүшелері арасындағы әрекеттестік ортақ мәселенің шешімін табуда немесе ортақ мақсатқа жету жағдайынан туындайтындығын көрсетеді;

  • кей ғалымдар лидерлік әлеуметтік өзгеріске, қоғамды дамытуға әкелетін үдеріс деп қарастырады.

Сонымен қатар, К.В.Сельченок лидерлікті бәсекелестікті қамтамасыз ететін механизм ретінде қарастырады: «Лидерство- это не руководство, как часто понимают этот термин, хотя лидер может быть и руководителем. Лидерство –это и не менеджмент. Хотя в связи с этим понятием можно даже говорить о смене век: некоторые говорят о наступлении эры TQL (Total Quality Leadership) - всеобщего лидерства на основе качества. Именно качества - ключ к конкурентноспособности. Мутация системы качества на основе TQM, о который мы говорим, может быть одна из последних, поскольку все быстрее идет процесс слияния концепции качества с общим менеджментом. Не так уж важно,что возмет верх. Ясно, что ключевым словом остается конкурентоспособность» [92, с. 56]. Яғни лидерлік тұлғаның қызметінде басшы немесе ұйымдастырушы ретінде көрініс беретін бәсекелестікке қабілетін арттыратын сапа екендігін айқындайды.
Саяси сөздіктер: «лидер ағылшын тілінен аударғанда – жетекші (ведущий), топтың беделді мүшесі деген мағынаны білдіреді. Ол белгілі бір мақсатқа жету үшін әлеуметтік топ пен жалпы қоғам мүшелерін ынталандырушы, белсенді ықпал етуші болып табылады»- деген анықтама берілсе [93], Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаевтың психологиялық энциклопе-диялық сөздігінде лидер – басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекші міндетін атқаратын бір адам. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды «лидер» деп атайды десе, келесі бір сөздікте лидер (ағылшын т.ауд.Leader- ведущий-жетекші)- топ мүшесі, жетекші өзі үшін мәнді жауапты жағдайларда шешім қабылдауға бейім, топтағы қарым
–қатынасты реттеуші және ұйымдағы орталық рөлге ие белгілі беделді тұлға деген анықтама беріліп, төмендегідей қызмет түрлерімен мағыналас екендігін көрсетеді:

  1. қызметтің мазмұнына қарай (лидер - рухтандырушы және лидер – атқарушы);

  2. қызмет мінезіне қарай ( әмбебап көсем және жағдаятты көсем);

  3. қызмет бағытына қарай (эмоциялы көсем және іскер көсем) т.б.қызметтік мәнге ие ұғым болып табылады [40, с. 18].

Лидер– ол мәнді жағдайларда жауапты шешім қабылдауға құқылы топ мүшесі, бірлескен қызмет ұйымында қарым – қатынасты реттеуші және шынайы абыройлы рольге ие тұлға. Лидер бір мезгілде топ басшысы болуы да, болмауы да мүмкін. Басшының (руководитель) лидерден айырмашылығы, басшыны кейде мақсатты түрде сайлайды, көп жағдайда тағайындайды. Басшы басқаратын ұйымның ісінің жағдайы үшін жауапты және ұйым мүшелерін бірлескен әрекетте ресми түрде көтермелеуге немесе жазалау құқығына ие. Ал, лидер жай ұсынылады, топтан тыс өкілділігі жоқ және оған ешқандай ресми міндеттер жүктелмейді Дьяченко М.И. [94], психологиялық тесттер энциклопедиясында (Кандыбович Л.А.) зерттеулері берілген [95]. Сонымен қатар, әдебиет көздерінде лидер ұғыына төмендегідей анықтамалар берілген:
Лидер – өзара әрекетке итермелеуші немесе айналасына топтың мүддесіне сай құндылығы мен белгілі бір қалпын сақтай отырып, топ құрып, сол топтың қойылған ортақ мақсатына жету жолында ұйымдастыру және басшылық жасау қабілетіне ие шағын топты ұйымдастырушы десе [12, с. 46], келесі әдебиет көзінде «Лидер –белгілі бір мақсатқа жету үшін саналы және белсенді түрде әрекет етіп, ықпал етуші адам» -деген анықтама берілген. Ал, тағы бір ғылыми әдебиетте «Лидер- бұл белгілі бір нышандары туыла берілетін қабілет. Бірақ бұл міндетті түрде лидер болады дегенді білдірмейді. Ол үшін белгілі бір мәдени құндылықтарды, белгілі бір ақпараттар деңгейін меңгеріп, бойында бар мүмкіндіктерді айқындай білетін адам болуы тиіс»- делінген [74, с. 89]. Бұл әдебиеттердегі анықтамаларға сүйене отырып, лидер басшылық жасау ұғымына ұқсас, дегенмен өзіндік ерекшелігі бар ресми сайланбаған,бастамашыл, жауапты шешім қабылдаушы қабілетіне ие адам екендігіне көз жеткізуге болады.
Э.Деминг лидерлік сапасы философиясының 14 пунктінің 7 пунктінде лидерлік құру жайлы айтады. «Лидерлік - атқарылатын жұмыстың жақсы бейнеде нәтижелі орындауда көрінетін жұмыстың қажетті әдісі ретінде қарастыруға болады. Теориядан лидерлік - команда мен топ жұмысының ажырамас компоненті екені белгілі болды» - деп есептейді [96]. Э.Деминг тұжырымдамасынан лидерлік деп лидердің атқаратын жұмысының тиімді әдісін ұсынуы мен қолдануы екендігін байқаймыз. Ал, М.Мескон авторластарымен бірге лидерлікті ұйымның ішкі факторына, анығында ішкі жүйе «адамдар» факторына жатқызады және «лидерлік» ұғымын философияда жоғары менеджмент жүйесінде орны бар, жұмыс орнында әрекет барысында қолданылатындығын айтады. Лидерлік кең мағынада жүйелі үдерістің ішінде жүретін, адамдармен бірлесе орындалатын жүйені қажет етеді [97]. Жалпылай айтқанда лидерлік барлық салада қажет көпқырлы әлеуметтік құбылыс екендігін айтуға болады. Лидерлік феномені белгілі бір мақсатқа жетуге ұмтылған азды – көпті ұйымдасқан топтарда пайда болады.
Жоғарыдағы талдау көрсеткендей, лидерлік ұғымына жалпы анықтама беру оңай емес, бұл лидерліктің кез келген жерде, кез келген уақытта топтағы
адамдардың қандай да бір мәселені шешу барысында топ мүшелерінің барлық немесе көптеген мүшелерінің қызығушылығын туғызу барысында пайда болатындығымен түсіндіріледі.Топ алдында бір күйден екінші күйге көшу міндеті тұрғанда немесе топ мүшелерінің ресурстарды бөлісумен айналысқанда лидерлік қатынасы айқын көрінеді.
Лидерлік үдерісінің негізгі элементі: ықпал ету, өз еркімен іс-әрекетке қосылу, мақсатқа жету екендігі белгілі. Сондықтан лидер белгілі бір қабілеттерге ие болуы тиіс деп есептеледі. Лидер мәселесін зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген лидерлерлікке тән жалпы және арнайы қабілеттер мыналар:
Жалпы қабілеттерге:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет