8 Дәріс: Антиденелер. Иммунды глобулиндердің сыныптары. Антиген (АГ) – антидене (АД) реакциялары. Серологиялық зерттеу әдістері


Антигендер (АГ) организмге енгенде оған қарсы иммунды жауап әр түрлі болуы мүмкін



бет3/9
Дата03.10.2022
өлшемі1.3 Mb.
#461828
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Антигендер (АГ) организмге енгенде оған қарсы иммунды жауап әр түрлі болуы мүмкін:

  • АД синтезделуі.
  • Иммунды фагоцитоз.
  • ЖЖТ (ГНТ) және ЖСБТ (ГЗТ) – аллергия.
  • Иммунологиялық жад (память).
  • Иммунологиялық толеранттылық.

Жұқпалы ауруларға қарсы тұруда спецификалық иммунитеттің, яғни спецификалық иммунитет факторы – антиденелер пайда болудың маңызы күшті.

  • Жұқпалы ауруларға қарсы тұруда спецификалық иммунитеттің, яғни спецификалық иммунитет факторы – антиденелер пайда болудың маңызы күшті.
  • Антиденелер – антигендердің әсерінен организмде пайда болатын және онымен өзара әрекеттесетін спецификалық гамма-глобулиндер (иммундыглобулиндер).

Антиденелердің құрамы және құрылысы.

  • Иммунды глобулиндердің құрылымын зерттеп анықтаған ғалымдар – Р.Портер, Д.Эдельман.
  • АД-ің химиялық құрамы: өзара дисульфидті (~S-S) көпіршемен байланысқан полипептидті тізбекшеден тұратын гликопротеидтер. Бірдей екі жеңіл (L) және бірдей екі ауыр (H) тізбекшесі болады. FaB-фрагменті – антигенмен байланысады. Fc (кристалданушы) фрагменті – макроорганизм жасушасының мембранасындағы рецепторлармен және кейбір микробтардың суперантигенімен жабысуға жауапты. Бір ауыр және бір жеңіл тізбекшелердің шетінде АД-нің белсенді орталығы (активный центр) болады. Бұл орталық тиісті АГ-дің детерминантты тобына сәйкес келеді.

Антидененің құрылымы

  • Екі тізбекшеден тұрады:
  • - 2 ауыр
  • - 2 жеңіл
  • Әрбір тізбектің 2 бөлігі болады:
  • - тұрақты
  • - вариабелді

АД классификациясы

  • Толықты (полные) - екі одан да көп белсенді орталығы болады.
  • Толықсыз (неполные) - бір активті орталығы болады.
  • Табиғи (қалыпты) - дені сау адамдардың сарысуында болады.
  • Қандай объектіге қарсы әсер етуіне байланысты: антитоксиндік, антивирустық, антибактериялық т.б.
  • Серологиялық реакцияларға қатысуына қарай: агглютининдер, преципитиндер, комплемент байланыстырушы т.б. АД-ің барлығы иммунды глобулиндер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет