8 Дәріс: Антиденелер. Иммунды глобулиндердің сыныптары. Антиген (АГ) – антидене (АД) реакциялары. Серологиялық зерттеу әдістері


Иммунды глобулиндер (Ig) класы. Жалпы сипаттамасы



бет4/9
Дата03.10.2022
өлшемі1.3 Mb.
#461828
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Иммунды глобулиндер (Ig) класы. Жалпы сипаттамасы.

  • Ig-дің класқа, класшаға, типтерге бөлінуі олардың L және H тізбекшелерінің антигендік спецификалығына негізделген. Бес класқа (сыныптарға) бөлінеді:
  • Ig A, Ig M, Ig G, Ig E, Ig D
  • Ig G – молекулалық массасы-160000 (дальтон); белсенді орталығы-2; сарысулық Ig-дің -70%; плацента арқылы өтеді; жартылай ыдырау кезеңі -3 апта; негізгі қорғаушы АД.
  • Ig M – молекулалық салмағы-900000; активті орталығы-5; сарысулық Ig-ің - 7-8%; жартылай ыдырау кезеңі -5 күн; АГ-ге қарсы ең алғашқы пайда болатын АД; күшті агглютининдер және комплементті белсендіретіндер.

Ig А – молекулалық салмағы-170000-350000; активті орталығы-2-6; сарысулық Ig-дің 15%, секреторлық – 80%; жартылай ыдырауы-6 күн; шырышты қабаттарда жергілікті қорғау қызметін атқарады.

  • Ig А – молекулалық салмағы-170000-350000; активті орталығы-2-6; сарысулық Ig-дің 15%, секреторлық – 80%; жартылай ыдырауы-6 күн; шырышты қабаттарда жергілікті қорғау қызметін атқарады.
  • Ig E – молекулалық салмағы-200000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің 0,02%; жартылай ыдырау кезеңі -2 күн; ЖСЖТ (ГНТ-аллергия) дамытуға қатысады; өте жоғары цитофилдік қабылеті бар (Ig E-нің Fc фрагменті рецепторлары бар семіз жасушаларға, базофилдерге жабысу).
  • Ig D – молекулалық салмағы-180000; активті орталығы-2; сарысулық Ig-дің – 0,2%; жартылай ыдырау кезеңі -3 күн;аутоиммунды процестерге қатысады; лимфоциттердің рецепторлары.

АД-ің даму фазалары. Біріншілік және екіншілік иммундық жауап.

  • АГ енгеннен кейін АД бірден пайда болмайды. АД түзілуінің екі фазасы болады: индуктивті және өнімді (продуктивті), олар бірнеше кезеңнен турады:
  • Латентті кезең
  • Log-фаза
  • Плато (бір қалыпқа келу)
  • Азаю (төмендеу) фазасы

Біріншілік иммундық жауап – АГ-мен бірінші рет кездескенде пайда болады, бірнеше этаптан тұрады:

  • Латентті кезең (АГ-мен жанасқаннан алғашқы иммундық реакция басталғанға дейінгі уақыт).
  • Алғашқы күндерде Ig M өндіріле бастайды.
  • Екінші аптаның соңында Ig G, кейінірек Ig A синтезделеді.
  • В-лимфоциттердің бір бөлігі есте сақтау (память) жасушалары болып қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет